Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Оқушының мәнерлі жазу дағдыларын дамыту жолдары"

"Оқушының мәнерлі жазу дағдыларын дамыту жолдары"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m4ee8379e.gif

«Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы ЖББОМ»ММ























1-сынып оқушыларын каллиграфиялық талапқа сай жазуға үйрету, оған қойылатын талаптар

C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\1066165-Black-And-White-Calligraphic-Designs.jpg



Ережепова З

Ақпан -2015



Тақырыбы:1-сынып оқушыларын каллиграфиялық талапқа сай жазуға үйрету, оған қойылатын талаптар.

І.Кіріспе

ІІ.Әдемі жазуға үйрету, оған қойылатын талаптар

ІІІ.Қорытынды

І.Қазақстан Республикасы егеменді ел , тәуелсіз мемлекет болып бүкіл әлемге танылып отырған заманда, қазіргі кезеңге сай, жан-жақты жетілген жас ұрпақты оқытуға , тәрбиелеуге бар шығармашылық мүмкіндіктерін аямайтын, педагогика мен психология ғылымдарының қыр-сырын түсінген, бар болмысы мен білімін шеберлікпен пайдалана білетін ұстаздар ғана керек. Бүгінгі мектеп мұғаліміне , қазіргі сабаққа қойылатын талаптар да түбегейлі өзгерді. Әрбір мұғалім мектеп пен шәкірт алдындағы жауапкершілігін сезініп, жаңаша жұмыс істейтін кез келді. Күн сайын 45 минуттық сабаққа шығармашылықпен әзірленгенде ғана ел болашағы-жеке тұлғаны дамытуға қол жеткізуге болады.

Қазақ халқының сыршыл ақыны, ұлы педагогі Мағжан Жұмабаев: «...ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. ...Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы-мұғалім. Оның табансыздығын сезсе , бола онымен сөйлесуден, тілін алудан қалады,»- деп мұғалімнің шәкірт жанын ескере, шеберлікпен қызмет етуіне зор мән берген.

Бастауыш сынып мұғалімінің бойында ең алдымен алдында отырған балаға деген сүйіспеншілік болуы тиіс.

Қазіргі әріптер жеделдетіп жазуға ыңғайланған. Сондықтан да мектеп табалдырығын жаңадан ашқан баламен мұғалімдер сабақ барысында көркем жазуға үйретумен қатар, жеделдете жаздыруды да үйретіп келеді. Әсем жазу да өнер. Ол тек қана мектеп қабырғасында әліппе кезеңінен бастап қалыптасады. Әсіресе көркем жазу дағдысын қалыптастыруда бастауыш сыныптардың алатын орны ерекше. Бұл жұмыс алғаш сыныптан –ақ қолға алынады. Мұғалім әр оқушының дәптеріне әріп үлгілерін көрсетіп бағыт беріп отырады. Жүйелі жүргізілген жұмыс оқушылардың каллиграфиясының жақсы және сауатты жазуына септігін тигізеді. Оқушылар алдымен әріп элементтерін дұрыс жазуды меңгерсе , сонан соң сөздердің жазылуына оның құрамына мән берген жөн.

ІІ. Жазуға үйрету, оған қойылатын талаптар.

Жазу-оқу әрекетінің кешенді түрі. Жазу бірқатар құрылымдық бірліктерден , бастауыш сынып оқушылары үшін күрделі, ұзақ, қиын үрдістірден тұратын ережелер мен біліктерден құралады. Оқушы жазуға үйрену барысында негізгі үш дағдыны білуі қажет:

  1. Техникалық-жазу құралдарын дұрыс пайдалана білу, қол қимылын басқара білу, гигиеналық ережелерді сақтау;

  2. Графикалық-әріптерді,буындарды, сөздерді дұрыс таңбалау, әріптерді дұрыс көлбеулікте, белгіленген биіктік пен ендікте жазу, оларды дұрыс байланыстыру,жұмыс жолында біркелкі орналастыру;

  3. Орфографиялық-сөздің дыбыстық және әріптік құрамын дұрыс анықтау, жазуылын талдап беру.

Осы дағдылар сауатты және әдемі жазудың негізі болып табылады. Психологтардың зерттеулері бойынша түсініксіз жазылған сөз есте қалмайды.

Баланы жазуға үйрету дайындық кезеңінен басталады.Алдымен оқушының қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдіріп, графикалық дағдыларын қалыптастыру қажет.

Жазуға үйрету тіл сабағы бағдарламасының құрамдас бөлігі. Оны жеке дара қарауға болмайды. Ол оқумен, жазбаша және ауызша тіл дамытумен, бейнелеу өнерімен, еңбекке баулумен, дене шынықтырумен тығыз байланыста.

Негізігі талап-алғашқы күннен бастап оқушыларды партада дұрыс отыруға дағдыландыру. Аяқты еденге қою, арқасы түзу, омыртқа қисаймаған, дәптер мен көз ара қашықтығы 30-35 см; басы аздап алдыға еңкейген; иықтары бірдей, бір-бірінен жоғары-төмен ұсталмауы керек; қолдары парта үстінде , шынтақтары партадан сәл ғана-2-3 см шығыңқы, оң қолы жазу жазғанда еркін қимылдауға ыңғайлы.

Жазу көлбеулігі 65 градус мөлщерінде сақталады. Ол үшін:

  • жазу кезінде дұрыс отыру;

  • дәптерді дұрыс қою;

  • қаламды дұрыс ұстай білу дағдыларын қалыптастыру қажет

  • Сонымен бірге қол шынтаққа дейін парта үстінде болу керек.

Шынтақты 1-2 см ғана партадан шығаруға болады.

Дәптер көлбеулігі 25 градус мөлшерінде. Дәптердің сол жақ төменгі бұрышы оқушының кеудесінің ортасына қарсы жатады. Дәптер беті толған сайын оқушы сол қолымен дәптерді солға жылжытып отырады.

Қалам үш саусақпен ұсталады. Қаламның екінші ұшы иыққа бағытталады. Саусақтар қалам ұшынан 2-2,5см қашықтықта болу керек. Қалам ұстауды да мұғалім мұқият үйрету керек. Оқушы көк не күлгін түспен жазады,қызыл сияны тек мұғалім қолданады.

1-сыныпта кіші әріптер 4мм, бас әріптер 8мм,2-4 сыныптарда кіші әріптер3мм, бас әріптер 7мм биіктікте жазылады.

Бастауыш сыныптарда үздіксіз жазу уақыты 8-12 минут,үздіксіз оқу уақыты 15-25 минут болғаны дұрыс.

Көркем жазу жұмысы:

1-сыныпта ІІ жарты жылдықтан бастап көркем жазуға арнайы уақыт бөлінеді. Мақсаты: Әріптер мен олардың баланысын және сөздер мен сөйлемдерді таза,дұрыс,әдемі жаза білу дағдыларын бекіту. Жазу ырғағы мен жылдамдығын сақтай білуді жетілдіру.

Ол үшін мұғалім мына жағдайларды үнемі қадағалауы тиіс:

1.Оқушының жазу кезіндегі отырысын;

2.Дәптердің партаға дұрыс қойылуын:

3.Әріптердің көлбеулігі мен биіктігінің сақталуын:

4.Сөздер мен сөйлемдердің біркелкі ара қашықтығының сақталуын.

Жазу жылдамдығын, ырғағын сақтау мақсатында әріптерді жазу алдында арнайы жаттығулар жүргізу де тиімді.

Әріп элементтерін үзбей жазуға алғашқы күннен бастап баса назар аударылады. Оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіру мақсатында әр тіл сабағында 1-2 сыныптарда 1-2 жол ,3-4 сыныптарда 3-4 жол көркем жазу жүргізіледі.

1-2 сыныптарда мұғалім дәптерге үлгі көрсетеді. 3-4 сыныптарда қажетіне қарай көрсетіп, басқалары өздері жазады. Көркем жазу тек мұғалім басшылығымен сыныпта орындалғаны дұрыс. Жазғызатын сөз, сөйлем мазмұны оқылып отырған тақырыпқа сай, тәрбиелік мәні басым болғаны тиімді.

Каллиграфиялық жаттығу жұмыстарына бөлек баға қойылмайды. Бұл үйрету-дағдыландыру мақсатын көздейтін жұмыс деп есептелінеді.

ІІІ.Қорытынды

Оқушылардың каллиграфиясын жақсартуда мектеп пен ата-ананың бірлесе жұмыс жасауы көп нәтиже береді.

Әрі таза, көркем, сауатты каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдыландыру үшін мектепте көрме, апталық, сынып сағаттарын ұйымдастырып отырған жөн.

Биылғы оқу жылында мектебімізде 12 бірінші сынып ашылды. Апталық өтіп, әр сыныптан 1 оқушыдан қатысып көркем жазу сайысы өтті. Қорытындысындаоқушылардың каллиграфиясын жақсартуға бағытталған шаралар көрсетілді. Басқа жұмыстар тәрізді оқушы каллиграфиясын жақсартуда үлкендерді де үлгі тұтып және апталықта орын алған оқушыларды басқаларға үлгі етіп, әдемі жақсы жазу да үлкен өнер деп саналатынына көз жеткізгендей болдық.

























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 16.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров482
Номер материала ДВ-068367
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх