Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқушының мотивациясын көтерудің тиімді әдістері

Оқушының мотивациясын көтерудің тиімді әдістері

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Оқушының мотивациясын көтерудің тиімді әдістері



Қуанғалиева Армангүл Зұлхарнайқызы

Құрманғазы ауданы, Абай атындағы орта мектебі

Математика және информатика пәнінің мұғалімі


«Адамның алдында ақылға апаратын

үш жол бар: ойлау жолы, бұл ең

жақсысы; ұқсау жолы, бұл – ең

жеңілі; жеке тәжірибе жолы,

бұл – өте жауаптысы»

Конфуций

Кез келген елдің басты капиталы ол - үздік технология және қазіргі заманға сай білімді адамдар, инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғалар.
Осыған орай Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады. Жиырма бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі - өмір сүру сапасын жоғарылату, оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту болып табылады.

Мотивация отандық және шет ел психологиясындағы іргелі проблемалардың бірі болып табылады. Қазіргі күнгі психологиядағы зерттеме үшін оның маңыздылығы адамның белсенділігінің көзін, оның іс- әрекетін, мінез-құлқын қозғаушы күшін талдаумен байланысты. Адамды іс- әрекетке не итермелейді, оның түрткісі қандай, ол оны не үшін жүзеге асырады деген сұрақтарға жауап оның сәйкес түсіндірмесінің негізі болып табылады. Ең жалпы түрде түрткі -бұл адамды осы түрткімен анықталатын іс-әрекетке енген қандай да бір әрекетке итермелеуші, ынталандырушы, анықтаушы.

Оқушылардың оқу  үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы. Оқу мотивациясы – (латын тілінен “moveo” – қозғалтамын) – білім алушылардың  білім мазмұнын белсенді меңгеруге, өнімді танымдық әрекеттерді оятатын процесс. Білім игеру процесі – белсенді процесс. Ол тек әрекет арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұған қоса іс-әрекеттердің түрлері мен өзінділік дәрежесі неғұрлым көп және жоғары болса, білім игерудің тиімділігі де арта түседі. [Жұманбаева А.О]

Әдетте сабақта оқушы көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар – тыңдау мен жазу (көшіру). Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігімен түсіну, таңдау, талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз біліміңді бағалауға негізделген ойлану, талқылау, өз пікіріңді қалыптастыру, оны дәлелдей және қорғай білу, пікір алмасу мен таластыру, өзгенің пікірін тыңдап, оны қабылдау, өз пікіріңді жазу секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді әрекеттер тұлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі көкжиектерін кеңейтеді.

Оқушылардың оқу мотивациясын көтеру мәселесі бойынша ұсыныстар:

  • Тұрақты танымдық қызығушылықты қалыптастыру: қызықтырып оқыту, оқу материалының жаңалығы, жаңа және дәстүрлі емес оқыту формаларын қолдану, компьютердің көмегімен оқыту, интерактивті компьютерлік, мультимедиалық құралдарды пайдалану, өзара оқыту, эвристикалық оқыту, жарыс, проблемалық оқыту.

  • Сабақ барысында оқушының жеке ерекшелігін есепке алу - бұл әрбір оқушының қызығушылығын, сапасын, талабын, мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беруде педагогикалық әдіс, құрал, әдістемелердің барлығын пайдалану.

  • Оқушыларға жеке тапсырмалар беру: реферат, өзіндік жұмыстар, жоба жасауға дағдыландыру.

  • Оқушылардан жауапкершілікті талап ету. Сан-қилы кедергілерді өз батылдығы мен табандылығының арқасында жеңе білген кейіпкерлерді сабаққа енгізу.

  • Қарапайымнан күрделіге көшу принципін ұстану: күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындауға ынталандыру.

  • Қажетті білім көздерімен жабдықтау: компьютер, т.б. құралдармен қамтамасыз ету

  • Оқушыларды ғылыми жұмыстарға араластыру: ғылыми жобалар, олимпиадалар.

  • Логикалық ойлауын дамытып сенімдерін қалыптастыру: аргументацияға, дәлелдерге және өз көзқарасын негіздеуге үйрету.

  • Интерактивті әдістерді қолдану: Интерактивті оқытудың мәні оқыту үрдісінде мысалы: - «Өрмекшінің торы», «Аквариум», «Дебат», «Ыстық орындық», «Миға шабуыл», «Пікірталас жүргізу әдістемесі», «Рольдік пікірталас», «Уақыт шеңбері», «Алтын балыққа арналған аквариум», «Психологиялық-педогогикалық консилиум», «Мозайка», «Ақылдың алты қалпағы», топтық, жұптық және тағы басқа әдістерді қолдану арқылы оқушыларды таным үрдісіне тартып, өздері білетін және ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру.

Сонымен қорытындылай айтсақ, әртүрлі авторлардың мотивация түсінігіне берген анықтамаларына сүйене отырып, оқу мотивациясы дегеніміз - адамды білім алуға итермелейтін, жалпы бағыт - бағдар беретін, адам мінезіне энергетикалық импульстер беретін, психикалық үрдістер жиынтығы екенін анықтадық. Бүгінгі мұғалім, жаңа заман қойып отырған талаптарға, керемет қарқынмен өзгеріп жатқан заман ағымына ілесетін, мұғалімге тән барлық мүмкіндіктерді игерген ұстаз. Ол тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын, оқушының жан дүниесін түсінетін, олардың биік жетістіктерге жетуіне көмектесетін қолдаушысы, көмекшісі досы болуы керек. Ж.Аймауытов айтқандай баланың ақылы, сезімі, қайраты мұғалімнің жігерлі ықпалы арқасында жетіледі. Мұғалім балаларына салақ, селқос қараса, олардың жан қуатын кемітіп, тәрбие де бере алмайды. Сондықтан да бүгінгі күні біздер мұғалімдер оқушылардың оқуға деген мотивациясын көтеру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарды түрлендіріп өткізсек, жақсы нәтижелерге жетуге болады. Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші – бағалау. Бағалаудың белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл бағалаудың білім сапасын көтеруде мәні өте зор [Бегляров Э. 2010].

Сабағымды жоспарлауда нақты мақсат қоя отырып, күтілетін нәтижені анықтауға басты назар аударамын. Өз тәжірибеме оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері мен оқыту үшін бағалауды енгізе отырып, алдыма мынандай мақсат қойдым: Оқушыларының пәнге деген ынтасы мен қызығушылығын оқыту үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін ұйымдастыру арқылы арттыру және сабаққа деген көзқарастарын өзгерту. Осыдан «Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін оқыту үшін бағалаудың түрлері мен тәсілдерін ұйымдастыру арқылы қалай арттыра аламын?»,- деген сұрақ туындады.Осы сұрақ негізінде жұмысымның нысанын «Оқыту үшін бағалаудың әртүрлі тәсілдерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылы мен белсенділігін арттыру және сабаққа деген көзқарастарын өзгерте отырып, табысты оқуға қол жеткізуге бағыттау» деп қарастырып келемін. 8сыныпта өткізілген сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулердің түбірлерінің формуласы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Квадрат теңдеулерді шешуде формулаларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру,дискриминант арқылы квадрат теңдеулерді шешу

Дамытушылық: Алған білімдерін әр түрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру. Белсендігін көтеруге , ойлау қабілетін арттыруға , өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге ,үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту Көрнекілігі: мультимедиа, деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта, өзін-өзі бағалау бетшелері

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеп 3 топқа бөлу. ІІ. Ой қозғау І топ

ІІ-топ. «Толықтыру» тесті.

1)Квадрат теңдеуді дұрыс теңдікке айналдыратын айнымалының мәні ________________ деп аталады.

2)ах2+вх+с=0 түріндегі берілген теңдеу ___________ теңдеу деп атаймыз.

3) ________________ дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерін табу немесе түбірлері нің жоқ екенін дәлелдеу.

4)Егер толық квадрат теңдеудегі бірінші коэффициент 1-ге тең(а=1) болса,онда _________________ квадтар теңдеу бола алады.

5)ах2 =0 түріндегі ________________________ деп атаймыз.

6) ах2+вх=0 мұндағы теңдеу __________________ деп аталады.

ІІІ топ тапсырмасы

IІІ. Жаңа сабақ (Блум таксономиясы негізінде құрылған)

М-1. Білу Сабақты оқушылардың көмегімен түсіндіру. Мысалдарды талдау.


М-2. Түсіну


x2 – 6x + 2 = 0 2) 3x2 + 8x - 1 = 0
  1. 2x2 + 3x + 1 = 0 4) 3x2 + 32x + 80 = 0

  1. 4x2 + 4x + 1 = 0 6) x2 – 4x - 5 = 0

7) 9x2 – 14x + 5 = 0 8) 5x2 – 6x + 1 = 0

3. «Бәйге» (ауызша) Бұл бөлімде сыныпқа біржақты жауап беруді талап ететін сұрақтар қойылады.

1) hello_html_7af36c5c.gif 4) hello_html_5b417e2a.gif 7) hello_html_m26cc6fe5.gif 10) hello_html_m683b94a7.gif

2) hello_html_5bb27689.gif 5) hello_html_m74e8428f.gif 8) hello_html_m4b9c5773.gif 11) hello_html_m523f5227.gif

3) hello_html_m404a133c.gif 6) hello_html_74535591.gif 9) hello_html_m53f9ed63.gif 12) hello_html_m3078c1e8.gif


М-3. Қолдану Топтық жұмыс

Оқулықпен жұмыс № 475 № 476

І топ № 475 (1) № 476 (1)

ІІ топ № 475 (2) № 476 (2)

ІІІ топ № 475 (3) № 476 (3)


М-4. Анализ Жеке жұмыс

А

3x2 + 32x + 80 = 0

Коэфициенттерін дұрыс анықтады, дискриминанттың формуласын қолданып дұрыс есептеулер жасады, теңдеудің түбірлерінің формуласы бойынша дұрыс есептей алды, жауаптары дұрыс

4

В

(2у-3)*(5у+1) = 2у + 0,4

Көпмүшені көпмүшеге көбейте білу; ұқсас мүшелерді біріктіріп, толық квадрат түріне келтіре білу; дискриминантты есептеуі дұрыс, теңдеудің түбірін формула бойынша таба білу;жауаптары дұрыс

5

Жеке жұмыс үшін критериалды бағалау шкаласы ( дескрипторларымен)

Крите

рийлер

тапсырмасы

дескрипторлар

Жетістік деңгейі

А

(max 4)

Теңдеуді шешіңіз:

3x2+ 32x + 80 = 0

a=3 b=32 c=80

D=b2-4ac=322-4*3*80 = 64



hello_html_m4330769a.gif

x1=-6


x2= -4

hello_html_m4330769a.gif

Жауабы:

{-6 ; -4}

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ

0

Оқушы теңдеудің коэфициенттерін дұрыс анықтады

1

Оқушы теңдеудің коэфициенттерін дұрыс анықтады, дискриминанттың формуласын қолданып дұрыс есептеулер жасады.

2

Оқушы теңдеудің коэфициенттерін дұрыс анықтады, дискриминанттың формуласын қолданып дұрыс есептеулер жасады, теңдеудің түбірлерінің формуласы бойынша дұрыс есептей алды

3

Оқушы теңдеудің коэфициенттерін дұрыс анықтады, дискриминанттың формуласын қолданып дұрыс есептеулер жасады, теңдеудің түбірлерінің формуласы бойынша дұрыс есептей алды, тапсырма толық орындалып, бірде-бір қате жіберілмеген

4

В

(max 5)

Теңдеуді шешіңіз:

(2у-3)*(5у+1) = 2у + 0,4

10y2+2y-15y-3=2y+0,4

10y2+2y-15y-3-2y-0,4=0

10y2-15y-3,4 = 0

D = 225 + 136 = 361

y1= -0,2; y2= 1,7


Жауабы: {-0,2; 1,7}

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ

0

Оқушы көпмүшені көпмүшеге көбейте білді;

1

Оқушы көпмүшені көпмүшеге көбейте білді, ұқсас мүшелерін біріктірді

2

Оқушы көпмүшені көпмүшеге көбейте білді, ұқсас мүшелерін біріктірді, толық квадрат түріне келтіре білді

3

Оқушы көпмүшені көпмүшеге көбейте білді, ұқсас мүшелерін біріктірді, толық квадрат түріне келтіре білу, дискриминантын формула бойынша дұрыс есептеді

4

Оқушы көпмүшені көпмүшеге көбейте білді, ұқсас мүшелерін біріктірді, толық квадрат түріне келтіре білу, дискриминантын формула бойынша дұрыс есептеді, квадрат теңдеудің түбірлерін дұрыс есептеді және жауабын дұрыс жазды

5

Шығармашылық жұмыс. Квадрат теңдеудің түбірін табудың қосымша формулалары

ІV. Ой жинақтау

І топ. Квадрат теңдеудің анықтамасы. Квадрат теңдеудің түрлері

ІІ топ. Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу жолдары

ІІІ топ. Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формуласы

Рефлексия. Менің көңіл-күйім .........

Үйге тапсырма беру № 478 № 479

Мен өз сабағымда оқушыларды терең ойлатуға және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізуге көп көңіл бөлемін. Бұдан күтілетін нәтиже: Мұғалім бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқытуды өзгертеді, оқытуда заманауи әдіс- тәсілдердің мүмкіндіктердің өз тәжірибесінде қолданады, оқушылардың өзін- өзі бағалай алуына жағдай тудырады. Оқушы білімін бағалауда дескрипторларды қолдану да оқушы білімінің мотивациясын көтеруде үлкен әсер етеді. Оқушының оқуға көзқарасы, сабаққа ынтасы, қызығушылығы, белсенділігі артады және сыныптағы әр оқушы сабаққа белсене қатысады, топпен бірлесе жұмыс жасайды, бірін- бірі сыйлайды, қолдау көсетеді, тыңдап үйренеді, ұйымшыл болуға қалыптасады. Білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқылы болады. Математика сабағындағы өткізілетін бақылау жұмыстарының да оқушылар үшін маңызы зор. Өтілген тақырыптар бойынша қандай деңгейде екенін анықтау, қойылған бағаның дұрыстығына сеніммен қарауда дескриптор қолдану үлкен нәтиже береді деп ойлаймын. Өзім сабақ беріп отырған 5 «б» сыныбына бақылау жұмыстарын критериалды бағалау арқылы жүргізіп, жинақ жасап отырмын. Оқушылар қойылған бағаның дәл екеніне көз жеткізіп, алға қарай ынталану көптеп байқалады. Үлгерімі нашар оқушылар да өзінің бар мүмкіндігіне жетуге тырысады, қозғалыс пайда болады.

ТАПСЫРМАНЫҢ МАЗМҰНЫ: «Жай бөлшектеді көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша бақылау жұмысы

А деңгейі

1 Есептеңдер: а) hello_html_m5f1f11b2.gif; ә) hello_html_289c47d0.gif; б) hello_html_efd11f8.gif;

В деңгейі

2 . Бөлігі бойынша шаманы табыңдар:

а)hello_html_m2fda7c49.gif; ә) hello_html_911c833.gif 30кг; б) hello_html_19266c46.gif 40 мин;

№3. Бөлігін табыңдар:

а) 8 кг-ның hello_html_3848bf45.gif; ә) 6 сағ-тың hello_html_3cf8f6f3.gif; б) 10м-дің hello_html_529bd01c.gif;


С деңгейі

№4 Бассейнге су екі құбырдан қатарынан ақса, ол 24 минутта толады. Ал бірінші құбырдан ғана ақса, онда 60 минутта толады. Егер су екінші құбырдан ғана ақса, бассейн неше минутта толады?


Д деңгейі

5 Амадарды орындаңдар: hello_html_fbffff6.gif

ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ


Натурал санды жай бөлшекке бөлу ережесін білу;

4

С

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығара білу;

6

Д

Жай бөлшектерге амалдар қолдануда амалдардың орындалу ретін білу; Бөлшектің алымы мен бөліміндегі амалдарды жекелей орындай білу;Алымындағы нәтиже мен бөліміндегі нәтижені бөлуді білу;

10


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ ( рубрикаторы дескрипторларымен)

(max6)

0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

2

Оқушы бөлшекті натурал санға көбейтуді орындады

(бөлшектерді қысқарта білді) жауабын дұрыс жазды;

2

Оқушы бөлшекті бөлшекке көбейтуді орындады

(бөлшектерді қысқарта білді) жауабын дұрыс жазды;

2

Оқушы аралас санда бұрыс бөлшекке айналдыра білді;

Бөлшекті бөлу ережесі бойынша бірінші бөлшекті жазып, екінші бөлшекті кері санға айнадырып көбейте білді; (бөлшектерді қысқарта білді) жауабын дұрыс жазды;

В

(max4)

0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

1

Бөлігі бойынша санды табу ережесі арқылы өрнекті жаза білді;

1

Бөлігі бойынша санды табу ережесі арқылы өрнекті жаза білді; натурал санды жай бөлшекке бөлу ережесі бойынша есептеді;

1

Бөлігі бойынша санды табу ережесі арқылы өрнекті жаза білді; натурал санды жай бөлшекке бөлу ережесі бойынша есептеді, бөлшекті қысқартуды дұрыс орындады;

1

Бөлігі бойынша санды табу ережесі арқылы өрнекті жаза білді; натурал санды жай бөлшекке бөлу ережесі бойынша есептеді, бөлшекті қысқартуды орындады, көбейту нәтижесінде жауабы дұрыс табылды.

С

(max 6)

0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

2

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығаруда берілгендерді анықтай білді;

2

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығаруда берілгендерді анықтай білді, орындалатын амалды таба білді, бөлшектерді азайтуды дұрыс орындады;

2

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер шығаруда берілгендерді анықтай білді, орындалатын амалды таба білді, бөлшектерді азайтуды орындады, уақытын дұрыс тауып, жауабын дұрыс жазды;

Д

(max 10)

0

Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.

2

1-ші амалды дұрыс орындады; ( бөлшектерді көбейту)


2

2-ші амалды дұрыс орындады. (бөлшектерді бөлу)

2

3-ші амалды дұрыс орындады (бөлшектерді азайту)

2

4-ші амал бөлшектің бөліміндегі көбейтуді дұрыс орындады;

2

5-ші амалды дұрыс орындады, есептің жауабы дұрыс болды.


БАЛЛ САНЫН МЕКТЕП БАҒАСЫНА АЙНАЛДЫРУ ШКАЛАСЫ


0-50 %


51-70 %

71 - 89%

90- 100%

0-16


17-22

23-30

31-34

2

3

4

5

Осындай жұмыстар білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында түрғанынын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдерге нәтижелі болады деп ойлаймын. Сыныпта кейбір оқушылар оқыту үшін бағалау кезінде кейде өз –өздеріне сенімсіз болды. Сондықтан алдағы уақытта бағалаудың түрлерін мейілінше тиімді пайдалана отырып, бағалаудың түрлерін түсіндіру жұмыстарын жасау керектігін түсіндім.

Оқушы білімінің мотивациясын көтерудің келесі бір әдісі-кері байланыс. Жаңа тақырыпты қаншалықты игеріп, меңгергендігін анықтау үшін және сабақтың әр кезеңінде тапсырмаларды орындауда оқыту үшін бағалаудың түрі «бағдаршам» арқылы бағалауды қолданған ыңғайлы. Әр оқушының алдында бағдаршам белгілері болады. Түсіндім –жасыл, сенімді емеспін, әліде сұрақтарым бар- сары, түсінбедім- қызыл түсті белгілермен көрсетіледі. Жаңа сабақты қаншалықты түсінгенін «бүгін сабақта не үйрендің?, не білдің?, толық түсіндің бе?» деген сұрақтар қоя отырып, қол белгілері арқылы, яғни бармақпен бағалауды да қолданған оқушының сабаққа қызуғушылығын арттыратыны сөзсіз. Топтық тапсырмаларды орындауда әр топ бір –бірінің жауабын тыңдай отырып, «екі жұлдыз, бір тілек» немесе «екі жұлдыз, бір ұсыныс» айту және мадақтау, қол шапалақтау арқылы бағалаудың өзі оқушының мерейін, оқуға ынтасын арттыруда көп көмегін тигізуде. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Сабақ соңында ұсынылытын кері байланыс арқылы (рефлексия, эссе жазу) оқушының сабақта не үйренгенін, алдағы уақытта нені білгісі келетінін анықтап отыруға, келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндігі айдан анық. Әр ұстаз оқушылардың оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін бала психологиясын, баланың қоршаған ортасын жақсы білу керек деп ойлаймын. Сөзімді қорыта келе өз басым оқушылардың оқуға деген мотивациясын қалай өзгертуге болады деген ойға мектептегі қауымдастық өткізген жұмыстарға қатысып, оқығаннан кейін шын көңілмен ден қойып ойласа бастадым. Алдымен оқушыны оқуға талпындыру үшін білім алуына қолайлы жағдай жасау. Оқушылардың оқуға деген мотивациясының жоғарлауына сыныптағы көңіл күйдің жақсы болуы көп әсер ететіні айтпасада түсінікті. Біз әр балаға сабақ беру барысында жеке тұлға ретінде қарап оның ойын, пікірін ескеріп сабақ өткізсек оқушы да өзінің білім алуға деген көзқарасын өзгертері сөзсіз. Сабақта жүргізген азды-көпті жұмыстардың нәтижесінде көптеген жетістіктерге жеттім:

1) оқушылардың пәніме деген қызығушылығы артты,

2) өзара бағалау кезінде, оқушылар мұғалімнің кейпіне еніп, оған деген күмәні сейіліп, сеніммен қарады (бұрын мүлдем оқығысы келмейтін балалар «Қанша жауап берсек те, бәрібір, әділ баға қоймайды» дейтін, өздері критерий құрып, қателіктерін байқап, өздері оны түзетуге тырысты.

3) Оқуда бәсекелестік пайда болды

Сабақта қолданған әр жаңа иновациялық әдіс-тәсіл сабақ беру барысына тың жаңалық әкеліп оқушылар бойына қызығушылық пен құлшыныстың әкелетіні рас. Алдымызға мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін ұстаз болып, ата-ана болып, қоғам болып жұмыла жұмыс жүргізсек алынбайтын қамал жоқтығына кәміл сенемін.





















































































Баяндаманың бағыты: Инновациялық оқыту жағдайында педагог креативтілігін дамыту жолдары



Қатысушының сұранысы:


Қуанғалиева Армангүл Зұлхарнайқызы


Жұмыс орны, лауазымы

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы, Абай атындағы орта мектебі

Математика және информатика пәнінің мұғалімі


Ғылыми дәрежесі

-

Мақала тақырыбы

Оқушының мотивациясын көтерудегі тиімді әдістер


Телефон

8(71233)-2-15-90 87025936253


Е-mail

Armangul1976@mail.ru














Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-012174
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>