Инфоурок Физика Рабочие программы"Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мектеп ұжымының әсері" (Баяндама)

"Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мектеп ұжымының әсері" (Баяндама)

Скачать материал

Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мектеп

ұжымының ықпалы

 

 Мақсаты Оқушының қажеттілігін қалыптыстырудағы мектептің әсерін, аша білу сабақтарында оқушылардың  белсенділік, танымдық, шығармашылық  қабілеттерін арттыру.

 Міндеттері:

- практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың білім сапасын арттыру;

– практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың шығармашылықтарын дамыту.

Жалпы білім беру мазмұнын меңгеру үрдісінде әр бір оқушының қабілетін дамытуға, бейіміне назар аударуға, қызығушылықтары мен құштарлықтарын оятуға жағдай жасау барысында педагогикалық кеңістіктегі заманауи сабақтардың құрылымын және технология түрлерімен таныстыру. Жәнеде бала тұлғасының қалыптасуы.

1.Оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы негізгі  әдістері

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін  дамыту

 Бұл міндетті шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттегі туындайды.

«Технология» ұғымының мәнін өндірістік үрдістерге байланысты П. Атутов пен В. Поляков «Технология – өндірістік үрдістің негізгі бөлігі.

 Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т.б. өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік үрдістерді сипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология … » деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп айтатынын жазады.

  «Жеке тұлғаның үздіксіз  күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қабілеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,-деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы міндеттері деп қояды.

 Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін оқушылар ұжымы арқылы тәрбиелеу адам дамуының негізгі қаланатын бастауыш сатыдан басталатын процесс.

      Жеке тұлғаны дамыту мәселелері М.В.Блонскийдің, Л.С. Выгатскийдің, Л.В. Рубенштейннің, Д.Б. Элкониннің еңбектерінің негізгі арқау болып табылады.Оқушылардың жеке тұлғасы ретінде қалыптасуына ұжымның үлкен ықпалы бар.

3.Тұлғаның  шығармашылығында үш түрлі қарым -қатынас орын алады:

Ø 1.     Тұлғаның   өзіне тән қарым-қатынасы .

Ø 2.     Тұлғаның басқалармен қарым – қатынасы.

Ø 3.     Тұлғаның  айналамен  қарым – қатынасы.

Осы қатынастар арқылы адам тәрбиесі жетіледі. Қазіргі психологиялық және педагогикалық зерттеуде бастауыш сынып  оқушысына білім беру мен оны дамытудың әдістемелік принцпі оқу- танымдық әрекеті басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін меңгеруі деп дәлелденеді.   

 4.Бала тұлғасының қалыптасуы Балалар тұлғасының қалыптасуы

Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа міндеттер, құқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады. Бұл жаңа әлеуметтік жағдай мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет. Бұл жаңа қажеттіліктер баланың мотивациялық сферасын толықтырады және қиындатады. Осы жерде екі негізгі жолды атап көрсетуге болады. Біріншіден, баланың өмірдегі және оның қоршаған ортамен өзара қатынастарындағы орнын өзгерту жолы. Бұл әрбір жас кезеңіне сай келетін қажеттіліктерді тудырады. Осылайша, бастауыш мектеп жасындағы балаларда — оқушының жаңа жағдайда болуына байланысты; жеткіншектерде — құрдастар ұжымындағы орындарына байланысты; жоғары сынып оқушыларында — олардың келешектегі қоғам мүшелері ретіндегі орындарына қажеттіліктердің тұтас жүйесі пайда болады.

Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету.Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынастың жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Педагог кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Педагог тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.

Жеткіншек жастың ерекшеліктері:

– барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;

– үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;

– үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан өлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі. Осы қасиеттердің барлығы жоғарыда айтып кеткендей бала бойында белгілі бір қырсық мінездерді тудыратыны айдан анық.Оқушы мен мұғалімнің жекеше қарым-қатынасы мектепте және басқа ортада кез-келген себеп пен формада іске асады. Қатынасудың тәжірибесіндегі көп кездесетін формалары сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке кеңестер, ұнамды психологиялық жағдай жасау;  серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Мысалы,  мынадай жұмыс формаларын пайдалануға болады: Дәрісбаян-халықтық психология  мен  педагогиканың бай мұраларынан берілген жарқын ақпарат, деректер, қызықты мысалдар т.б. негіздегі дәрісбаяндар оқушылардың-ықыласын тудырып, қарым-қатынас мәдениетінің қыр-сырын  ұғынуға мүмкіндік береді.Ашық микрофон-оқушылар үшін және қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттің қалыптасу жағдайлары мен оның дамуына ықпалы туралы мәселені талқылау үшін қолданылады.Ұлы тұлғалар күні-халқымыздың батыр ұлдары мен қыздары, мақтаныштарымыз болған тұлғалар (Абай, Ыбырай, Міржақып т.б.) мерейтойларына орай өткізілген танымдық, құндылық бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара. Пікір-сайыс (мысалы: «Сіз мәдениеттісіз бе?»  «Адам-қоғам-орта» «Әдептілік» қарым-қатынасы, т.б. тақырыптарда) екі топ кезегімен ой толғаныстары мен шешімдерін ортаға салып, өзжобаларын қорғайды.  Қарсыластар сайысы-алдын-ала жинақталған пікірталас материалдары негізінде көкейтесті мәселелер жөнінде қарсы 2 топтың пікірлерін ортаға салу, сараптау, тұжырымдар жасауға арналған сөз-жарыс.   Көрсетілген тәрбиелік шараларды оқу-тәрбие үрдісінде тақырыппен сабақтастыра жүргізу  оң нәтижеге жеткізері сөзсіз деп есептейміз. Оқушы тәрбиесінің тиімділігін жоғарылату көп жағдайда жанұя және мектептің талабы мен ынтасын келістіре жұмыс істеуіне байланысты. Көзге түсерлік рольді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарым-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі, секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын, оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ. Жалпы, үнемі үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алады.

Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.

 Оқушылардың сабаққа деген қызығущылынғын арттырады, үлгерімдерін жоғарлатады, шығармашылық қабілеттерін, ынталарып арттырады.

Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.

Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Долайты орта мектебі»  коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама:

«Оқушыны жеке тұлға

ретінде қалыптастыруға

 мектеп ұжымының

ықпалы»

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндамашы физика пәні мұғалімі:Хуршидям Хавайдуллаева

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мектеп ұжымының әсері" (Баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 657 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2016 9496
    • DOCX 50.5 кбайт
    • 81 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хавайдуллаева Хуршидям Исадуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 31800
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 363 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 164 человека

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека