Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу

библиотека
материалов

Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу

Қызылорда облысы

Шиелі кенті

48 Ә. Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің педагог – психологы

Күлзия Исабек Мұсабекқызы

Білімділік мақсаты: балаларға өз-өздерін тануға, сезімі- мен қабілетін түсінуге көмектесу, оларды дамытып, жетілдіруге мүмкіндік жасау; өз-өздерін бақылау арқылы өздерін бақылау арқылы өздерін танытатын адамдарға баулу. Тәрбиелік мақсаты: айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, өзара жағымды қарым-қатынас арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, жағымды сезім қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды зерттеу жасау арқылы сапалы шешім қабылдай білуге үйрету.

Сабақтың түрі:психодиагностикалық сабақ

Керекті құралдар:қағаз, қалам, жауап парағы, қағаздан қиылған гүлдер, көбелектер.

Сабақ барысы:

  1. «Көңіл-күй суреті» атты жаттығу. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйінен білінеді,көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл-күйімізді біліп алайық:тақтадағы гүлге назар аударсақ.сендер әрбір үйдің өсіп келе жатқан гүлісіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек. Мына қағаздан қиылған көбелекке өз көңіл –күйімізді жазып тақтадағы гүлге қондырамыз.

Әуен. Гүлдің бетіндегі көңіл-күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлы жылылықты,көңілдеріңнің күндей екенін көріп тұрмын.көңілді адамдардың бет-әлпеті сұлуланып, нұрлана түседі.Көңіл- күй адамға қанат бітіреді. Көбелекті бейнелеген себебіміз, әрбір ауыл-ауылдан, әріптестеріміз семинарға тәжірибе алмасуға келіп отырған қонақтарымызға өз бойларыңыздағы көңіл –күйді сыйлағандықтарыңыз. Қонақтардың жүзінде күннің шуағы төгіліп тұрғандай, бөлмемізге жарық беріп, жүрегімізді жылытқандай. Осы жақсы көңіл-күймен ары қарай сабағымызды жалғастырайық.

  1. «Болады,болмайды» жаттығуы

Барысы:Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса-онда аяқпен топылдатады.Мысалы:қасқыр орманда кезіп жүреді-алақан шапалақтайды.Қасқыр ағаш басында отыр-аяқтарын топылдатады.кастрюлде кесе қайнап жатыр.Мысық үйдің төбесінде қыдырып үр.Ит аспанда үзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып жатыр.

  1. Өзін-өзі бағалау(психодиагностика) Мен қандаймын?

Енді балалар,психология өзін тануға, бағалауға, қоғамдағы өзге адамдармен тіл табыса келе, тіршілік етуіне мүмкіндік береді.Қазіргі таңда көп білу, өзіңді жақсы сезініп жүруің үшін өзіңді тыңдап үйренуің керек.

Өзіңді біл, өзіңді дамыт дей отырып, «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап береміз. Алдарыңыздағы бланкідегі 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өз-өздеріңді қалай қабылдап бағалайтындарыңды анықтайсыңдар.

Мен қандаймын

иә

жоқ

кейде

білмеймін

1

Мен жақсымын





2

Мен қайырымдымын





3

Мен ақылдымын





4

Мен тиянақты, ұқыптымын





5

Мен тіл алғышпын





6

Мен ықыласты зейіндімін





7

Мен сыпайымын





8

Мн ақылды, қабілеттімін





9

Мен еңбекқормын





10

Мен шыншылмын






Нәтижесін бағалау;

«иә»-1 ұпай

«жоқ»-0 ұпай

«білмеймін, кейде» -0,5 ұпай

10 ұпай – өте жоғары

8-9 ұпай – жоғары

4-7 ұпай – орташа

2-3 ұпай – өте төмен


  1. «Төрт апат» ойыны


Оқушыларға «жер»-төмен қарай, «от»-дегенде жоғары қарай, «су» - дегенде алға қарай, «ауа» - дегенде жанына қарай созуы керектігі түсіндіріледі. Алдымен рет-ретімен орындап, содан-соң шатастырып айтылады.

  1. Таным процестері (психодиагностика)

  1. Енді балалар, мына суретке мұқият қарап алыңдар.естеріңе сақтап алдарыңдағы параққа жазыңдар. Көріп есте сақтау.Жазып болдыңдар ма?

  2. Жазып болсаңдар келесі тапсырмаға көшейік. Мен 12 сөз оқимын,тыңдап естеріңе сақтағандарыңды жазасыңдар.естіп есте сақтау

  3. Қиялының дамуын зерттеу.Үш сөз беріп(аю, қалам, балық),осы сөздерден бір сөйлем құрау.

  1. Релаксация

«Мен бақытты баламын». Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, гүлбағына баруды ұсынамын: -«»қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп! Әсем, әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр!Гүлдерге қарап күн күлімдейді.Гүлдер күлтелерін ашып,күнге күлімдейді.

Қараңдаршы!Бақтағы сайраған құстың даусы,сылдырап аққан судың дауысы естіледі.бетімізге самал жел лебі еседі.Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр.Осы гүлдердің арасынан өздеріңе ұнаған гүлдерді теріп алып,ең жақын, ең жақсы досыңа сыйла.

Балалар өздеріне ұнаған гүлдерді атайды және өздерінің көңіл-күйлері жөнінде әңгімелейді.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-289195

Похожие материалы