Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқушының өзін жүзеге асыруға ықпал ететін педагогикалық технологиялар мен педагогикалық құралдар.

Оқушының өзін жүзеге асыруға ықпал ететін педагогикалық технологиялар мен педагогикалық құралдар.

Скачать материал

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей көп салалы колледжі

 

 

 

 

                                           

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының өзін жүзеге асыруға ықпал ететін педагогикалық технологиялар мен педагогикалық құралдар.

(Әдістемелік кеңесте оқылған баяндама)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                Дайындаған:

             Жаратылыстану пәндерінің                                                            оқытушысы: Танбаева Н.С.

 

 

 

 

Семей қаласы – 2009 жыл.

 

Оқушының өзін жүзеге асыруға ықпал ететін педагогикалық технологиялар мен педагогикалық құралдар.

 

  Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында  ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай  отырып, зерделі азамат дайындау көзделген. Демек, жастарды жас кезеңнен ақ білім алуға баурап, өмірлік белсенді ұстанымы бар шығармашыл, ізденімпаз, дербес тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Оқушылардың ойлау қызметін дамыту, өзін жүзеге асыру, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, оларды өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту маңызды және күрделі мәселелер болып табылады.

    Бүгінгі таңда  мұғалімдер алдында дайын білімді, дағдыларды  меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.  

    Педагогикалық білім беру мазмұны өте күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Білім беру мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет, тәсілдерді меңгеруі мен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы көзқарасын қалыптастыру. Қазіргі кезде мектептерде оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа модельдерін жасау, оқыту технологиялардың жекелеген элементтерін сабақта қолдану бағытында тың қадамдар жасалынуда. Мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндет – ол оқушыға тиянақты білім беру, білікті ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін мұғалімдер, әрине, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолдану керек. Жеке тұлғаны талантты, жаңалыққа жаны құмар етіп шығару үшін мұғалім оқытудың жаңаша әдістерін қолдану арқылы оқушының сабаққа деген белсенділігін, шығармашылық ізденісін, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Осы орайда оқушылардың өзін жүзеге асыруға ықпал ететін педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы өте зор. Педагогикалық технологиялардың оқу үрдісіндегі маңыздылығы студенттердің теориядан алған білімдерін, тәжірибе барысында  шығармашылықпен қолдана отырап, төмендегідей танымдық белсенділіктің көрсеткіштеріне жетуде:

-         оқушылардың өздік іс-әрекет жасауы,

-         оқушылардың жаңа іс-әрекет ойлап табуы,

-         оқушылардың бұрыннан қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерімен жинақтар өзара байланыста қолдана білуі,

-         оқушының білімге деген қызығушылығы,

-         таным үрдісіндегі белсенділік,

-         білімді тасымалдау.

Біз жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше сипаттамаларын ажыратып көрсетеміз: біріншіден, жаңа педагогикалық технология – оқу материалы мазмұнының оқу жағдаяттарында көрініс табу құралы, яғни ол пәндік білімдерді қолданудағы іс-әрекеттер моделі; екіншіден,   жаңа педагогикалық технология – бұл оқу іс-әрекетінің мазмұны яғни ол оқу жағдаяттарын шешуге  бағытталған іс-әрекеттер моделі; үшіншіден, жаңа педагогикалық технология – оқу материалын меңгеру құралы, яғни ол пәндік білімдердің оқушылардың жеке жетістігіне жету моделі болып табылады.

     Жаңа педагогикалық  технологиялары  мен педагогикалық құралдардын іріктеу мен жүйелеудің мынадай критерийлері айқындалады:

-         технологиялар мен педагогикалық құралдардың тұлғаға бағдарланған білім моделі талаптарына үндес болуы;

-          технологиялар мен педагогикалық құралдардың оқушының мүддесіне басымдылық беруге бейімділігі;

-         технологиялар мен педагогикалық құралдардың оқу сатыларының кез келгенінде де  қолдануға қолайлылығы;

-         технологиялар мен педагогикалық құралдардың білім сапасын арттыруға ықпалының айқын болуы;

-         технологиялар мен педагогикалық құралдардың оқушы білімін обьективті бағалаудағы тиімділігі;

-         технологиялар мен педагогикалық құралдардың оқушы әрекетін белсендіруге ықпалын тигізетіндігі.

Жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың мақсаты:

·        барынша оқушының өзіндік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайдалану;

·        оқушының танымдық қабілетін дамыту;

·        алдын-ала белгіленген қасиеттерді қалыптастыру емес, өзін-өзі   тануға,  анықтауға, жүзеге асыруға жағдай туғызу;

Сондай-ақ оқушылардың өзін жүзеге асыруына ықпал ететін бірнеше технологияларды атап өтуімізге болады.

Дамыта оқыту технологиясы (Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов)  оқушыларды дамыту, өз бетімен ойлауға, әрекет ете алуға үйретуді оқушылармен ынтымақтастықты іске асыра отырып, оқушылардың өз бетімен ойлауына мүмкіндік беретін әртүрлі  әрекеттерді ұйымдастырады, оқушының жұмысқа қызығушылығын арттыруға ұмтылады, оқушыларды ынталандыра отырып, тапсырманы орындауда қателесуден қорықпау үшін мүмкіндік беріліп қана қоймай,  пікірталастар, ойлау сөйлеу, қиял, есте сақтауларын дамытуға  арналған әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданады.

Түсіндіре отырып, оза оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова) оқушыларға білімді  қорытындылау кесте, карточка, иллюстрациялық суреттер, жылжымалы полотно арқылы тиянақталады. Оқушылар өз жауаптарын сызба түрінде жазып, түсініктеме беріп жұмыс істейді. Мұнда оқушылардың дамыту «ойлаймын, айтамын, жазамын» іс-әрекеті қалыптасады.

Амоношвили немесе тұлғалық гуманистік технологиясы оқушының өзіне тән жеке қасиеттеріне  сүйене отырып,  оны тұлғалыққа жеткізу, ізгілікке тәрбиелеу. Оқушыға берілетін білім-білікті ізгілікке, ізгілендіруге бағыттап қарауға негізделеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының  басты мақсаты – бір деңгейден келесі деңгейге оқушының білімін біртіндеп толықтыра отырып, дағдысы мен қабілетін жетілдіру.Деңгейлеп оқыту тапсырмалары бойынша:

-         бірінші деңгей – міндетті, оқушылық. Мұнда тапсырмалар алдыңғы сабақты  пысықтауына  мүмкіндік беретіндей,  жаңа тақырып үшін тиімді, өмірмен байланысты болуы керек.

-         екінші деңгей – алгоритмдік. Тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру үшін беріледі.Мұндай іс-әрекетке  келтіретін педагогикалқ құралдар: мәтіннен берілген кері есептер, ситуациялық есептер, логикалық есептер, ребустар, сөзжұмбақтар.

-         үшінші – алгоритмдік.  Танымдық іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, жаңа білімді меңгеріп, жаңалық ашу. Бұл тапсырма  ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

Модульдік оқыту технологиясы – оқу үрдісінде модульдік жүйені пайдалана отырып,  білімгерлерге ұсынылып жатқан көлемді материалдарды қысқартуға және жедел меңгертуге жол ашады, яғни;

            1. Білімгерлерді шығармашылық топтарға (3-4 кісі) бөлу. Олар тәуелсіз түрде оқытушы тарапынан қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз ізденеді. Білімгерлердің бұрынғы бар біліміне сүйене отырып, оқытушы олардың алдына тапсырыс қояды. Оған аудиторияның түгел назарын аударады.  Мұның мәні – қажеттілік туғызу.

            2. Әрбір топ өз көзқарасын белсенді түрде қорғайды. Оқытудың мұндай ретте келтірілуі білімгерлердің сабаққа тәуелсіз түрде дайындалуы үшін өте қажет. Бұл кезең іскерлік ойындар, дәстүрлі емес сабақтарды өткенде білімгер белсенділігін байқау үшін өте тиімді. Нәтижесінде пікір-талас сұхбат басталады. Мұндай жағдайда оқытушы орнықты дәлелдер талап етеді және білімгерлердің талқылауын дұрыс шешімге бағыттайды.

Модульдік оқыту технологиясы зерттеулер көрсеткендей, оқу үрдісін мұқият құра білген жағдайда білімгерлердің білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық білімгерлердің жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дифференциалдық оқыту технологиясын қолдану кезінде сынып оқушыларының  типологиялық ерекшеліктері ескіріліп, шартты топтарға бөлінеді. Топтарды жинақтау кезінде, оқушылардың оқуға деген жеке көзқарасы, білімділік деңгейі, пәнді оқуға қызығушылық деңгейі  ескеріледі. Тапсырманы орындау  мазмұны, көлемі, күрделілігі, әдісі мен тәсілдері  бойынша және де оқыту  нәтижелерін диагностикалау  үшін әртүрлі деңгейлестірілген бағдарламалар жасалады.

Ойын технологиясы  оқыту ұзақ дайындық жүргізгенде   ғана оң нәтиже береді. Оқу тапсырмаларында ойынның әрбір позициясы  айқын белгіленген, күрделі жағдайдан шығудың мүмкін болатын әдістемелік тәсілдерді анықталған және нәтижелерді бағалау тәсілдері жоспарланған ойын сценарийі ерекше орын алады.

Коммуникативтік оқыту технологиясы мұғалімнен оқу процесін  ұйымдастыруға  творчестволық дайындықты, эвристикалық сұхбаттың тәсілдерін игеруге, оқушылар  арасында пікірталас тудыру үшін жағдай  жасауды талап етеді. Курстың әрбір тақырыптарында  оқу тартысын ұйымдастыру  үшін проблемалар тудыруға болады. Жаңа технология бойынша оқыту құралдары да оқушылардың өзін жүзеге асыра алатындай болуы қажет. Оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, тақырып бойынша материалдың берілуі осы мақсаттың орындалуына сай келетіндей болуы керек.

Жаңа ақпараттық технология яғни компьютерлік  технология хабарды шексіз көлемде игеруге және аналитикалық өңдеуге мүмкіндік береді, қазіргі ақпарат көздері компакт дискілер мен мәтіндік ақпарат, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. Мысалы электронды оқулықты қолдана отырап оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға ,жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізігілендіруге көмектеседі. Компьютермен орқыту жағдайындағы оқушының жеке іс-әрекетін  басқару үлгісі толық жүзеге асырылады. Арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады.

  Жаратылыстану пәндерін  оқыту әдістемесінде  оқыту технологиясын  қолданудың едәуір  тәжірбиесі  жинақталған. Оның ішінде ең танымалы оқыту  технологияларының бірі – оқу жұмысы әрекеттерін қалыптастыру технологиясы. Оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясында  ережелер, үлгілер, алгоритмдер  және терминдердің  жоспары келтіріледі. Бұл технология бірқатар оқулықтарда, әдістемелік  нұсқауларда  жеткілікті  түрде орын алған және көптеген  мұғалімдердің  жұмысында  жақсы игерілген.

 Жаратылыстану пәндерін оқыту процесінде бұрыннан  бері  Шаталовтың тірек – сигналдары  технологиясы (логикалық тірек конспектілері – ЛОК ) жеткілікті түрде қолданылып келе жатыр. Жаратылыстану пәндерін  оқытудағы   логикалық  байланыстар  схемасының  ролі  туралы  Н.Н. Баранский  былай деп жазған «схемалар  басты  және  негізгіні айыруға  үйретеді, логикалық байланыстарды іздеуге, анықтауға  және сабақты  игеруге  оқушыларға  едәуір  көмек береді». Байланыс  схемаларын  мұғалімдер  үнемі пайдалануда. Жасалынған  тірек  конспектілер, оқушылардың  танымдық  әрекетін  басқаруда  мұғалімдерге көмек береді, оқушылардың  өз бетімен жұмыс істеу қабілетін  дамытады, және де  оқу жұмысы  нәтижелерін  өз бетімен  бақылауды  іске асыруда    тіреу болады. Практикум мұғалімдер бұл технология жақсы меңгерген. Мысалы өзімнің сабақта қолданатын технологиялардың бірі - оқушылардың  оқу  әрекетін  қалыптастыру  технологиясы.  Бұл технологияда   оқу әрекеті  оқушылардың  дәрістегі  белсенділігінің  ерекше бір түрі ретінде  қарастырылады. Олар оқу тапсырмаларын шешу  көмегімен білім алуға  бағытталған. Егер қалыптасқан  әдістеме  мұғалімге не істеу  керек  екенін жазса , оқу  әрекетін  қалыптастыру  технологиясы  оқушы  оқу тапсырмасын қалай шешу керек екеніндігін түсіндіреді. Сабақ алдында  сыныпқа оқу тапсырмалары таратылады, ол сабақ барысында шешіледі де сабақ соңында нәтижесіне тесттің көмегімен    диагностикалық  тексеру жүргізіледі. Оқу  әрекетін  қалыптастыру технологиясы , оқу тапсырмаларының жүйесін  мен қандайда бір курс, тарау немесе тақырып бойынша құрастырамын. Өз қызметімнің және соған байланысты оқушылар әрекетінің өзара байланысын  ұйымдастыру  жобаларын жасап және де тест тапсырмаларын дайындаймын. Оқу тапсырмалары мен тесттер жүйесін әдістемелік құралдардан (практикум, мектеп түлектерін дайындау сапасын бағалау жинақтары және т.б.) аламын. Бұл технологияны қолдану В.П. Сухов, В.Я. Ромм және В.П. Дроновтың оқулықтарында және журналдардың бірқатар мақалаларында жақсы ашылып көрсетілген.

    Бағдармалап оқыту технологиясында оқушылар бағдарламаланған оқулық, кинотренажер т.б арқылы оқу материалын игереді. Ол оқушылардың логикалық бірізділіктің дамуына әкеледі.

    Өзігінен даму технологиясы, мұнда оқушы өзін-өзі дамытады. Ең бастысы оқушы  өзін-өзі бағалайды.

 Қорыта келгенде  жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерін әлі де болса санамалап айта беруге болады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

 Негізінен ұстаз өтілетін сабағының мазмұнына сай оқушылардың өзін жүзеге асыруға ықпал ете алатындай технологияларды  пайдалана алса, сонда ғана ол оқушының шеберлігін, жаңалыққа құштарлығын көрсетеді, білім сапалы болады. Сондай-ақ қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиялары мен педагогикалық құралдарын меңгермейінше  сауатты жан-жақты педагог – маман болу мүмкін емес.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушының өзін жүзеге асыруға ықпал ететін педагогикалық технологиялар мен педагогикалық құралдар."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 033 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2015 1000
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танбаева Назгуль Сабыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танбаева Назгуль Сабыровна
    Танбаева Назгуль Сабыровна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38137
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе