Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ - ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ МЕН ОҚУДЫ БАҒАЛАУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАҒЫЗЫ

ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ - ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ МЕН ОҚУДЫ БАҒАЛАУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАҒЫЗЫ

Скачать материал

 

БОЛАШАҚ  ҰРПАҚТЫҢ  ЗАМАНҒА САЙ БІЛІМ АЛУЫН  ЖАНДАНДЫРУДА ОҚУШЫЛАРДЫ  БАҒАЛАУДЫҢ  ЖАҢА  ӘДІСІ -  ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ МЕН  ОҚУДЫ  БАҒАЛАУДЫҢ  БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ  МҰҒАЛІМНІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ   ЖӘНЕ  ОҚУШЫНЫҢ  БІЛІМ  АЛУҒА  ДЕГЕН  ЫНТАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ  МАҢЫЗЫ.

 

         Азизова Айман Хожагалиевна

          Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы  №2 орта мектептің 

       «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

 

 Аннотация

          Елбасымыздың ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында құзыретті  мұғалімнің алдына заманауи  білім талаптарына сәйкес оқушының жан-дүниесін терең зерттеу туралы міндеттерді қойып отырғаны нақты айтылған. Осыған орай, «Өрлеу» ұлттық  орталығының деңгейлік курстарынан  алған білімімді саралай келе,  мұғалімнің кәсіби шеберлігіне қарай

7 модульдің әрқайсысы білім беруде басты модуль бола алатындығына тәжірибемде көз жеткіздім. Сол  өзімнің зерттеуге алған басты модульдердің бірі - «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».

 

 

         В государственной программе развития образования Президента РК Н.А. Назарбаева 2011-2020 годы конкретно указано, что перед современным учителем поставлена задача  глубокого изучения, исследования внутренного мира ученика, соответствующего стандарту знаний. Анализируя уровень знаний, приобретенных на курсах национального центра «Орлеу», я пришла к выводу, что каждый из 7 модулей может быть главным. Один из них - модуль  «Оценивание для обучения и оценивание обучения»,  выбран мною для дальнейшей работы.

 

 

        It was carefully indicated the developing of education in the state programme of president N.A. Nazarbayev in the Republic of Kazakhstan to 2011-2020 years that it was put the aim before the modern teacher, wide learning and searching of inside world of pupil, confirming to the knowledge standart.

      Analysing the level of knowledge studied in the courses of national centre «Orleu», I made my mind, that every 7 models of them may be main thing. One of them is model «Assessment  for  and  of  learning»

 

 

      Қазіргі заман талабы – ғылым мен техниканың  дамуына сай  әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуі болып отыр. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты – әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып саналады.  Алға қойған осы мақсаттарды жүзеге асыруда  білім беру жүйесінде оқыту  және оқу үдерістерін инновациялық бағытта  жаңарту сарапталып, білім беру саласында әлемдік зерттеулердің нәтижелері мектеп өміріне енуде. Осындай жаңа технологияларды меңгерген мұғалімдер жастардың білімінің сапасын арттыруда басты рөл атқарады. Ол үшін алған білімін іс-тәжірибеде қолдануда мұғалімнің  жан-жақтылығы мен шеберлігі өте қажет.  Осы уақытқа дейін тек қана дәстүрлі бағалаумен шектеліп келген болсақ, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру «Өрлеу» ұлттық  орталығының  үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша өткен курстан кейін, біздер, яғни ұстаздар бағалауға байланысты көптеген тың дүниелермен қанықтық. Бұл бағдарлама оқушылардың ойлауын дамыту,  бұрынғы алған білімдері мен сыныптағы түрлі жаңа дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерінен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.

         Салыстырмалы түрде дәлелдеме келтіретін  болсақ, дәстүрлі оқытудағы дайын білім оқушыда жай ғана жатталғандықтан, сабақ немесе емтихан алынғаннан соң керексіз болып қалатыны және оқушы оны өмірде пайдалана алмауы өкінішті болып жүрген болса, қазіргі білім беру саласында енгізіліп отырған жаңа тәсілдердің бірі - сындарлы оқытудың мақсаты: оқушының пәнге терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін мұғалім оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай, ал  оқушы  оқыған тақырыптары  бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре  алатындай, пікір-көзқарастарын  нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге арнап ұйымдастыра алатындай деңгейге көтерілуі керек екені көзделген.

       Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да құзыретті  мұғалімнің алдына заманауи  білім талаптарына сәйкес оқушының жан-дүниесін жақсы зерттеп білу туралы міндеттерді қойып отырғаны нақты айтылған. Осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерінің, «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру ұлттық  орталығының  үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасының мақсат, міндеттерімен үйлесімділігін саралай отырып, мұғалімнің сыныпта білім алу ортасын құра білуі  құзырлы оқытудың  ең маңызды факторы болып табылатынын және мұғалім оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруіне, түсінуіне, бағалай алуына жетекші бола білу керек екенін ұқтым. Сонымен қатар, бұл  тәсіл аталған үдеріске оқушының өте белсенді қатысуын қажет ететінін, осылайша, оқушы өз тобының оқуы үшін, әрі өзінің оқуы үшін жауапты болатынына, мұндай жауапкершілік арқылы оқушыда метасана, метатану үдерістері қалыптасып, білімдік дағдыларды меңгеруде өзі де үйретушіге айналатынын және өзінің білім деңгейіне сыни тұрғыдан қарап, өзінің шама-шарқын анықтай алуына көмектесе алатынымызға тәжірибе барысында көз жеткіздім. Осылайша метатану үдерісі оқушыда когнитивті дағдыға айналатынын сабақ барысында көруге болады.

   Мен, орта мерзімді сабақ жоспарымда  жеті модульдің барлығын  қолдануға тырыстым . Бірақ, менің түпкі мақсатым өзім қажет деп ойлаған бір-екі модульге бағытталды. Жоба бойынша білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (ББмБАЖТ), сыни тұрғыдан ойлауға үйрету(СТОҮ), білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау(ББүБжОБ), білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану(ББАКТҚ), талантты және дарынды балаларды оқыту(ТжДБО), оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту(ОЖЕСББжО), білім берудегі басқару және көшбасшылық (БББжК) модульдерінің әрқайсысы мұғалімнің таңдауы мен кәсіби шеберлігіне қарай әр тақырыпта басты модуль бола алады деп ойлаймын.

   Өзімнің зерттеуге алған ең қажетті деп көздеген  модульдің бірі, ол оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  болды. Мен де осыған дейін бағалауды тек білім нәтижесін анықтау мақсатында қойған  болсам, енді осы модуль бойынша  бағалау туралы кең мағынада білімімді жетілдірдім деп айта аламын.

        Бағдарламадағы үзіндіге сәйкес Александер (2001ж) еңбегінде: «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады»  -деп айтылған. Бұл тұжырымдамадан, бағалау тек қана оқушының игеріп алған білімдерін саралау ғана емес, оның қалай дамып келе жатқанын және оқушы өзінің оқу сатысының қай баспалдағында тұрғанын анықтай алатыны туралы айтылғанын түсінуге болады.  Cондай-ақ  бұл модульде, «бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын және тәртібін мұқият бақылау болып табылады.  Бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқа түрі сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделген-деп, жалпы сипаттамалар бағалаудың барлық түрлеріне тән екені дәлелденген.

   Мектептегі тәжірибе кезеңінде іс-тәжірибемде ерекше орын алған  өзгерістер  осы жаңаша бағалау бойынша көрінді. Оқыту үшін бағалау –бұл  білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және білім беретін  мұғалімнің сабақ барысында қолданатын мәліметтерді жан-жақты іздену мен түсіндіру үдерісі арқылы іске асады. Бұл анықтаманың маңызды элементтерінің бірі, оқушының деректерді қолдануына және мұғалім жалғыз  бағалаушы тұлға болмайтындығына басты назар аудару болып табылады. Тәжіри сабағымда оқушылар сабақта өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылды . Барлық әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануда мұғалімнің шеберлігі аса маңызды, өйткені мұғалім бағалауды белсенді жүргізсе, оқушылар да  осылай белсенді қатысатынына сабақ беру барысында көз жеткізуге болады. Сабақ барысында оқушылар өздерінің білімін арттыруға  талпынады, сондықтан оқушылардың  белсенділігін  дамыту  үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс жүргізу керек. Бұл әдіс оқушылардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді.

    III-деңгейлік білім жетілдіру курсының мектептегі тәжірибе кезеңінде оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульін, сабақтың басынан бастап, соңына дейін сол сабаққа негізделген бағалау критериін құру арқылы жүргізіп отырдым. Критерий сабақты қалай меңгергендігін, сабаққа қалай қатысып отырғанын, сұрақты дұрыс қоя білу, мағынаны аша білу сияқты оқуды меңгеру қажеттіліктеріне негізделді. Осындай тәсілдер сыныптағы барлық оқушыларды толық бағалауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауда кейбір балалар  өздерінің шынайы бағаларын қоюға тырысса, кейбірінде  өзін-өзі бағалауда асыра сілтеушілік те кездеседі. Бұл қалыпты жағдай, яғни,  психологиялық тұрғыда  адамның өзіндік ерекшелігіне сай осындай  балаларды   кездестіруге болады.

   Кері байланыс жүргізу мақсатында, СТО технологияларының ББҮ кестесі арқылы оқушылармен жұмыс жүргіздім. Кесте бойынша  балалар өздерінің не үйренгенін, нені ұқпағанын, нені білгісі келетіндерін ашып көрсетті. Сол бойынша үйге тапсырмалар берілді. Ал, өзім оқушылардың сабаққа қалай қатысып отырғанын, жұпта және  топта  қалай жұмыс жасағанын, олардың әрқайсысының іс-қимылдары мен әрекеттерін бақылаушы ретінде бағалау кестеме жазып отырдым. Сабақ соңында бағалау оқушылармен бірге талқыланып , қорытындыланды. Мен «өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беретін болғандықтан бағалауда оқушылардың  жеке ерекшеліктерін ескеруге және шығармашылық қабілетін дамытуға көп көңіл бөлдім, яғни «өздігінен даму технологиясын»  пайдаландым. Соған лайықтап, төмендегідей   12  баллдық бағалау критериін құрдым.

1.      Топтағы ереженің сақталуы  (1 ұпай)

2.      Топтағы сыйластық, қарым-қатынас мәдениеті  (1 ұпай)

3.      Жоғары деңгейдегі сұрақтың қойылуы  (5 ұпай)

4.      Оқушының белсенділігі  және көзқарасына дәлел келтіру шеберлігі (5 ұпай)

     Оқушының жинаған ұпайлары мынадай  шкала бойынша  бағаланды.

«5»  - 10-12 ұпай,

«4»  -  8-10  ұпай,

«3»  -  5-7   ұпай,

«2»  -  1-4  ұпай.

        Осы критерий бойынша оқушылар өздерінің жұмыстарын бағалауда алғашында үйреніспеді, өйткені бұл пәннің ерекшелігі (пәннің бағдарламасына сай) рухани-адамгершілік білім беретін еркін сабақ болғандықтан,  басқа пәндердегідей баға қойылмайтын . Бірақ оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульін өз пәнімде пайдалануда алға басушылық қадамдарға қол жеткіздім. Осы әдісті қолдану арқылы оқушылардың өзін-өзі тануына құлшынысы мен шынайы оқуға деген қызығушылығы айқындалды деп айта аламын. Баллдық бағалаудан білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтары  артып, бір-біріне сыни көзқараспен қарауға  және өзін-өзі бағалауға үйренді. Бұдан шығаратын қорытынды, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың қазіргі жастардың білімін бағалауда,  білім беру жүйесіндегі дәстүрлі бағалаудан  артықшылығы:

1)      Оқушылардың жетістік деңгейін нақты сипаттайды;

2)      Сыныпта қарым-қатынас нығаяды;

3)       Баланың өзін-өзі бағалауы дамиды және оны тек сабақ барысында ғана емес, кез-келген өмірде кездесетін жағдайларда өзіндік бақылау жүргізе алатындай  «жеке тұлға»  қалыптасады.

      «Өзін-өзі тану» пәнінің білім беру жүйесіне енгізілуінің де  басты мақсаттарының бірі, осындай  рухани-адамгершілігі мол, өзін-өзі бағалайтын жеке тұлға қалыптастыру екенін басшылыққа ала отырып, әр оқушының «жеке тұлға» болуына үлес қосу үшін өзімнің тәжірибемде жаңа әдістерді үнемі қолдануға тырысамын.

          Қорытындылай келе оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді іс-тәжірибеде қолдана отырып, оқушының өзіндік пікірін тыңдау арқылы оған жауап берген келесі оқушының ойын салыстыра отырып өздерінің шешім табуына жол табу мүмкіндігі туатынын  және сыни көзқараспен топішілік бағалау сәттері шынайылық танытатынын  байқадым. Жеті модульді қамти   отырып, өткізілген сабақтар білім сапасын  арттыруда нәтижеге ұмтылдыратындығына  сенімдімін. 

             Сөзімнің  соңында өзімнің ойымнан туындаған  жеке көзқарасымды айта кетер болсам, білім беру жүйесіне заманауи осындай бағдарламалар қазіргі жас ұрпақтың дамуына, қабілеттері мен сана-сезіміне сай оңтайластырылып, енгізілуде деп ойлаймын . Бұл  жаңа әдістердің оқу үдерісінде пайдаланылуы, оқушыға сапалы білім беруде және ұстаздардың білімін жетілдіруіне  пайдасы өте зор. Заманына сай, адамы дегендей, техника дамыған сайын, балалардың да ой-өрісі де даму үстінде. Менің айтайын дегенім, жаңа технологиялардың білім беру жүйесіне  енуі , дәстүрлі білім мен бағалаудың нашарлығынан немесе қажетсіздігінен  деп ойламау керек, өйткені дәстүрлі біліммен сусындап, бағаланған адамдардың  біреулері ғалым немесе елге сыйлы жандар болса, кейбірі жай ғана ұстаз болса да өмірде өз орындарын тауып, болашақ ұрпақтың дамуына өз үлестерін қосуда.

            Римдік философ Сенека Луцийдің: «Басқаларды үйрете жүріп, өзіміз де көп нәрсе үйренеміз»-деген нақыл сөзін басшылыққа алатын болсақ , қазіргі заманға сай білім жүйесіне енгізіліп жатқан түрлі бағдарламалар бойынша   білімімізді  жетілдірудің арқасында, ой-өрісіміз дамып, оқу үдерісінде  жаңашыл мұғалімдер қатары көбейіп, көптеген тың дүниелер пайда болуда. Сондай-ақ бүгінгі заманға сай жаңа технологиялардың , жаңа әдіс тәсілдердің оқушылардың дұрыс білім алуына,  әсіресе ауыл балаларының бойындағы  оқуға деген қызығушылығының даму үрдісін арттыруға көп көмегі тиюде. Жаңа технологиялардың оқушы бойына дұрыс таралуы мен  сапалы білім берілуі мұғалімнің жан-жақты болуы және шеберлігіне байланысты және осы мамандықты сүйіп таңдаған кез-келген ұстаздың қолынан келетін іс екеніне ешкімнің дауы жоқ екені айдан анық. Осы мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып, болашақ ұрпақтың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, шеберлік таныту  біздердің, яғни ұстаздардың үлесі деп ойлаймын.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  курстарының бағдарламасы. Үшінші (базалық) деңгей, үшінші басылым.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж.

2.      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3.      Мұғалімге арналған нұсқаулық.  Астана, 2012ж.

Alexander, R.J (2001) [Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау] 56-60.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіркеу  картасы

 

Тегі, аты-жөні (толығымен):  Азизова  Айман Хожагалиевна

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: _-_________________________________

Жұмыс орны, қызметі : Мұнайлы ауданы, №2 жалпы білім беру орта мектебі

                                            «Өзін-өзі тану» пәні  мұғалімі.

Байланыс телефоны :    8 702 963 63 74, жұмыс тел: 46-50-24

Электрондық пошта:     Azizova_aiman@mail.ru

Баяндама (мақала) тақырыбы:     «Болашақ ұрпақтың заманға сай білім алуын жандандыруда оқушыларды бағалаудың жаңа әдісі – оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың білім беру жүйесінде мұғалімнің оқыту үдерісі және оқушының білім алуға деген ынтасын арттырудағы маңызы»

 

Конференцияға қатысу түрі: мастер-класс, тренинг-семинар, дискуссия

 (астын сызу)

Қонақ  үйден  орын сақтап қою қажеттігі (ия, жоқ) ___ия________________

 

 

                                                                                          Заявка

Фамилия    Азизова 

Имя             Айман

Отчество   Хожагалиевна

Место работы6должность Мангистауская обл, Мунайлийнский район, СШ №2

Ученая степень, ученое звание   Учительница  

Контактный телефон (с кодом города)

Адрес электронной почты

Название статьи

Наличие оргвзноса

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ - ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ МЕН ОҚУДЫ БАҒАЛАУДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАҒЫЗЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 Аннотация

          Елбасымыздың ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында құзыретті  мұғалімнің алдына заманауи  білім талаптарына сәйкес оқушының жан-дүниесін терең зерттеу туралы міндеттерді қойып отырғаны нақты айтылған. Осыған орай, «Өрлеу» ұлттық  орталығының деңгейлік курстарынан  алған білімімді саралай келе,  мұғалімнің кәсіби шеберлігіне қарай

7 модульдің әрқайсысы білім беруде басты модуль бола алатындығына тәжірибемде көз жеткіздім. Сол  өзімнің зерттеуге алған басты модульдердің бірі - «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау».

       В государственной программе развития образования Президента РК Н.А. Назарбаева 2011-2020 годы конкретно указано, что перед современным учителем поставлена задача  глубокого изучения, исследования внутренного мира ученика, соответствующего стандарту знаний. Анализируя уровень знаний, приобретенных на курсах национального центра «Орлеу», я пришла к выводу, что каждый из 7 модулей может быть главным. Один из них - модуль  «Оценивание для обучения и оценивание обучения»,  выбран мною для дальнейшей работы.

        It was carefully indicated the developing of education in the state programme of president N.A. Nazarbayev in the Republic of Kazakhstan to 2011-2020 years that it was put the aim before the modern teacher, wide learning and searching of inside world of pupil, confirming to the knowledge standart.

 

      Analysing the level of knowledge studied in the courses of national centre «Orleu», I made my mind, that every 7 models of them may be main thing. One of them is model «Assessment  for  and  of  learning»

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2015 2582
    • DOCX 76 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Азизова Айман Хожагалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Азизова Айман Хожагалиевна
    Азизова Айман Хожагалиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22960
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 760 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе