Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыОқушылардың қалалық ғылыми жобалар сайысы- 3 орын

Оқушылардың қалалық ғылыми жобалар сайысы- 3 орын

Скачать материал

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау қалалық білім бөлімі

№31 жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың қалалық ғылыми жобалар сайысы- 3 орын

 

 

Тақырыбы: Бақтыгерей Құлманов – қоғамдық-саяси тұлға

 

 

Бағыты:         Қазақстанның тарихи ескерткіштері және 

                         болашақ  дамуы бар саяхат маршруттары

 

Секциясы:     Өлкетану

 

 

 

Жетекші  мұғалім: Темірғалиева Орынша Қамиқызы №31 жалпы орта білім беретін мектептің І санатты тарих пәні мұғалімі

 

Дайындаған: Сагынаева Жансая

Сагынаевна – 9 сынып оқушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау 2014ж

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР:

 

 

І. Кіріспе

         

ІІ. Негізгі  бөлім

2.1. Білімнің қия жолында

а)  Бақтыгерейдің балалық шағы және есею жолдары

ә)  Санкт-Петербургтегі студенттік кезі

2.2. Бақтыгерейдің ел басқарудағы әкімдік жұмысы

2.3. Алаш қозғалысының ел мойындаған қайраткері

 

ІІІ. Қорытынды.

Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері- Б.Құлмановтың есімін мәңгі есте қалдыру - ұрпақ парызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес...  Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген.

Н.Ә. Назарбаев  

ХХ ғасыр басында патша саясатына қарсы шығып, ұлт мүддесі үшін күрескен ұлт зиялыларының қатары қалыптасып, жылдан-жылға көбейе түсті. Бұлардың арасында ерекше бөлініп шыққан ұлт зиялыларының есімдері Қазақстан тарихында ерекше аталып, әлі де болса олардың тұлғалық қасиеттері түрлі қырларынан зерттелуде. Дегенмен, кейбір тұлғаларымыздың есімі әлі де болса халық арасына танылмай жатыр. Бұл біріншіден, сол тұлғалар жайлы құжаттық деректердің аздығы болса, екіншіден, олардың өз зерттеушісін таппауында.

Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”,- деп баға берген[1].

Сондай тұлғалардың бірі -Атырау өңірінде дүниеге келіп, тарихтың өткені мен бүгінгісінде есімдері елге әйгілі болған қазақтың біртуар азаматтарының бірі-Бақтыгерей  Ахметұлы Құлманов.

Бақтыгерей  Құлманов        -қазақтан тұңғыш рет филология ғылыми саласы бойынша диссертация қорғап,ғылым магистрі атанған Ресей империясының I және II Мемлекеттік Думасының қатарынан екі рет депутат болып сайланған кезінде Бөкей ордасы деп  аталған бүкіл хандықтың жерін Бөкей мен Жәңгірден кейін өз қолына алып басқарған үшінші қазақ, сонау бір аласапыран жылдарда еліміздің тәуелсіздігі үшін білімі мен қайрат-жігерін жан тәнімен жұмсаған, сонымен бірге Алашорда өкіметінің ел мойындаған көсемдерінің бірі. Оның есімі мен өмір жолын, ұлан –ғайыр білім иесінің атқарған қызметін қазіргі буын бірі білсе, бірі біле бермейді, себебі  ол кісі туралы деректер аз, жеткіліксіз. Себебі Алашорда басшыларын елге құбыжық қылып көрсеткен сол бір солақай саясаттың кезінде Бақтыгерейдің атқарған қызметі мен ел арасындағы беделі жарыққа көп шықпаған. Тәуелсіз ел атанып, егемендікке қол жеткеннен кейін жариялылыққа даңғыл жол ашылып, Алаш қозғалысы мен өкіметінің қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғырды.

Осы орайда XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың басы-қасында болып, сол кездегі аумалы-төкпелі қысқа мерзім ішінде тарих сахнасының биігіне көтеріліп, артына өшпестей із қалдырған  Бақтыгерей Құлмановтың өмірі мен қызметін, қайраткерлігін зерттеуді қолға алдым.

Мұндағы мақсатым- қазақ зиялыларының бірегейі,  белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Б.Құлмановтың тұлғасын тереңірек тану, жасаған игі істерін анықтап, ұлы бабамыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап, тәрбиелеу құралына айналдыру

Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрестегі ірі саяси тұлға Б. Құлмановтың сіңірген еңбегі зор бол тұра оның өмірі мен шығармашылығы әлі де өз дәрежесінде  толық ашылмағандықтан  көп зерттеулерді қажет етеді Ең алғаш рет Б.Құлманов туралы зерттеген мемлекет және қоғам қайраткері Атыраулық Сайфолла Сүйінов, оның өмір жолын, атқарған қызметін Астрахан қаласындағы Мемлекеттік архивтен, кітапхана, мұражайлардан зерттеп көп еңбектенген, еш жерде жарияланбаған фотосуретін тауып, алғашқы мағлұмат беретіндей материалдар жинап, 1997ж «Қайраткер Құлманов» атты кітап шығарған.

 2.1. Білімнің қия жолында

а) Бақтыгерейдің балалық шағы және есею жолдары

Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов көптеген деректер бойынша 1859 жылы 22 желтоқсанда [2]. Астрахань губерниясындағы Ни­кольск селосының маңайында (Бөкей ордасы, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Морской ауылы)  туған.  Өзі төре тұқымынан. Әбілқайыр хан — Нұралы — Есім сұлтаннан тарайды. Ал облысымызға белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Б.Құлмановтың өмірін зерттеген Сайфолла Сүйіновтың зерттеуі бойынша 1857 жылы дүниеге келген делінген. Бақтыгерейдің қарт  атасы Құлман ақсақал-шағын ауылдың ру басы, ел алдында беделді, әулетіне сөзі өтімді, абыройлы адам болған. Әкесі Ахмет те өнегелі, өнерлі, сауатты адам болған, ал анасы Сара- қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Мұхамеджан Шолтырұлы Бекмұхамбетовтың (Мақаш правитель) туған қарындасы, яғни Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов-Мақаштың туған жиені. Анасы Бақтыгерейдің 5 жасында қайтыс болады. Сонда Мақаш: «Туған жиенім ғой, Бақтыгерейді маған қиыңдар, өзім оқытып, тәрбиелейін, сіздерге қарағанда менің өрісім кең, қолым ұзындау ғой,өзі де есін біліп қалған бала ғой, аты-жөнін өзгертпеймін, азамат болып ер жеткесін, ата-тегін өзі табар»-деген екен. Құлман ақсақал өзі бастап ауыл үлкендері парасатты сөзге тоқтап, Мақаштың сөзін жерге тастамай, ақ баталарын берген екен дейді. [3]. Өзі де сүйкімді, жастайынан зерек Бақтыгерей еркелеткенге масайрамай, шолжаңдыққа салынбай, өзін қарапайым ұстай білген. Сөйтіп бай ауылдың кедей-кепшіктерінің де ризашылығына бөленген. Мақаш қолы босағанда онымен шүйіркелесіп, өзінше бір оңаша әңгіме дүкен құруды сүйікті машығына айналдырған. Көп оқыған, көпті көрген және көп білетін Мақаш замандасы ұлы  Абайша айтқанда, «қашық болатында, асық болатын да » нәрселердің бәрін бала күнінен оның құлағына құя білген. Бақтыгерейдің мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, адамының барлық жақсы қасиеті тек біліміне байланысты, ал білім-ақылдың ажар көркі екенін айтып, оның жақсы оқуын талап еткен  және үнемі өзі қадағалап отырған. Мақаштың Бақтыгерейге деген мейірімін көріп, сезінген бүкіл Шолтыр әулеті оны еркелетіп «Бақыш» деп атаған. Мақаш белдеуінен ат, төрінен қонақ арылмаған аса көпшіл адам болған деседі. Оның төрінде  билер, бір туар азаматтардың ұлағатты сөздерін Бақтыгерей бала бойына сіңіре білген.

Міне, осындай әулетте өскен,ұлағатты ортада тәрбие алған Бақтыгерей Мақаш ставкасында  молдадан дәріс алғаннан кейін, Ордадағы  орыс тілінде оқытатын «Жәңгір мектебіне» оқуға түседі.  Жәңгір ханның елді сауаттандырудағы, орысша, еуропаша білім берудегі озық көзқарастары болғандығы тарихтан белгілі.  Аталған мектепті үздік аяқтағаннан  соң 1872-1881 жылдары Бақтыгерей Орынбордағы  ерлер гимназиясында оқып, гимназияны  күміс медальмен бітірген. Батыс Қазақстан облыстық мұражайында Бақтыгерей Құлмановтың Орынбор гимназиясын бітірген құжаттарын, пәндік бағаларын, гимназияны күміс медальмен 1881 жылдың 17 маусымында аяқтағанын, оның оқуын жалғастыруға барынша ынтазар болғанын және жоғарғы оқу орнында оқып білім алу үшін шәкіртақы тағайындалғанын: бастапқыда 150 рубль көлемінде және бір кезекте 110 рубль, кейіннен 300 рубль деңгейінде шәкіртақы алғаны жөнінде Ішкі істер бөлімінің Астрахан губерниясы канцеляриясынан алынған құжаттар бар. [4]

Бақтыгерей гимназияны бітірерден бір жыл бұрын Мақаш ауылына Санк-Петербург Университетінің профессоры, атақты шығыс зерттеушісі Илья Березин келеді, себебі Мақаш өз заманында тек қазақ ағартушыларымен ғана емес, атақты орыс ғалымы,  И. Березинмен тұрақты қарым-қатынаста болған көрінеді, сондықтан оның Мақашқа әдейі келуінің де себебі де осында. Мақаштың ставкасында ұзақ әңгіме дүкен құрған И.Березин орыс тілінде тамаша таза сөйлейтін жасөспірім Бақтыгерейдің шығыс жырларының талайын жатқа білетіне,олардың мазмұнын бұған орыс тілінде айтып бергеніне таң-тамаша қалған. Мұндай аса қабілетті жастың білімін одан әрі орыс қалаларында жалғастырса, оның шын мәніндегі ұлт перзенті, қазақ халқының мақтанышы болатынына сенім білдіріп, Мақашқа Бақтыгерейді Петербург университетіне оқуға әкелуге кеңес берген.

Бақтыгерейдің ұзақ мерзімге оқуға аттанар сапары алдында үлкендерді жинап, сенім білдіріп, баталарын алмақшы болған. Бақтыгерейдің атасы Құлман ақсақал :

...Кесілді балам тұсауың,

Жалтақтамай аяқ бас.

Биік болсын ұшарың,

Асқарлармен қанаттас

Қуаныштың тұрағы бол.

Мерекенің құрағы бол,

Мейірімнің шуағы бол,

Пәк үлгінің шынары бол

Туралықтың тұмары бол,

Тұлғалы ұлттың құмары бол- деп бата берген екен.

 

ә)Санкт – Петербургтегі студенттік  кезі

Білімге деген құштарлығы арта түскен Бақтыгерей 1881 жылы Санкт-Петербург қаласындағы Императорлық университеттің заң факультетіне қабылданып,  1884 жылдың 3 қаңтарында, Шығыстану факультетіне өз  өтінішімен  ауысадыОсы орайда аталған оқу орны туралы мәлімет бере кетсек, Санк-Петербург Университеті-1 Петр заманынан бастау алған оқу орындарының бірі-XVIII ғасырда негізі қаланған (1724ж) философия, құқықтану, медицина, философия, қолөнер саласында жастарды жан-жақты оқытуға тиіс деп ашылған ғылым мен көркемөнер академиясы негізінде құрылған оқу орны.

1821-1914 жылдарда ол Императорлық Санкт-Петербург Университеті  деп аталды, оның қалыптасып, дамуына М.В.Ломоносовтың еңбегі ерекше- осы кезеңдерде университтете отандық тұрмақ әлемдік ғылым мен білімде аттары алтын әріппен жазылған небір ғұлама ғалымдар, тұғырлы тұлғалар еңбек еткен , дәріс берген. Осы уақыт ішінде мыңдаған түлектер бітіріп шықты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Санкт-Петербордың жоғары оқу орындарында бірқатар қазақ интеллигенциясының өкілдері оқыды. Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов, Жақып Ақпаев, Райымжан Мәрсеков, ЖиҺанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Мəмбетəлі Сердалин, Абдолла Теміров, Мұстафа Шоқай, Бақтыгерей Құлманов- Санкт-Петербордың Императорлық университетінде оқыған. (Осы жерде айта кетсек, қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік Университетінде (СПбМУ)-де Ресей Федерациясының екі бірдей Президенті-В.В. Путин мен Д.А. Медведев оқыған (заң факультетінде).   Санкт-Петербург университетінің мұрағатында Бақтыгерей Құлмановқа берілген кәмелеттік аттестат, жоғарыда аталған диплом көшірмесі сақталған. [5]

Аттестатта Б.Құлмановтың тәртібі өте жақсы, сабаққа қатысы және дайындығы, сондай –ақ жазба жұмыстарыды орындауы өте жақсы екені айшықталған. Пәндер бойынша мынадай үлгерім көрсеткен:

Мұсылман діні бойынша-өте жақсы (5)

Орыс тілі және жазуынан- жақсы     (4)

Латын тілінен жақсы -         (4)

Логикадан- өте жақсы (5)

Латын тілінен- жақсы (4)

Математикадан- өте жақсы (5)

Физикадан- өте жақсы (5)

Математикалық  жағрафиядан- жақсы (4)

Тарихтан- өте жақсы (5)

Жағрафиядан- өте жақсы (5)

Француз тілінен- өте жақсы (5)

         Университет  қабырғасында  Б.Құлманов тұңғыш  қазақ студенттері  санында,  Ресей  астанасынан  демократиялық  өмірімен  және  патша  үкіметінің  халыққа  қарсы  жүргізіп  отырған  саясатына  әбден  қанық  болады.  Университеттің  жалпы  демократиялық  дәстүрлері  оның  ой – өрісі  мен  сана – сезіміне  мәңгі  өшпес  із  қалдырды

           1880 жылдары Санкт-Петербургтың барлық жоғары оқу орындарында астыртын түрде «Жерлестер» ұйымдары кең қанат жайған болатын. Олардың құрылуының себебін зерттеуші С. Өзбекұлы жан-жақты тарқатып, ашып өтеді: «бір өлкеден, бір топырақтан шыққан студенттердің жақын араласуы және бір-біріне қамқор болуы еді. Алғашында „Жерлестер“ ұйымының мақсаты бір ұлттан немесе бір өлкеден келген мұқтаж студенттерге материалдық көмек көрсету болған. Бірақ бұл ұйымдардың пісіп-жетілуі барысында алдарына қойған мақсаттары саясатқа ұшырасып кетіп отырды».  Бірте-бірте «Жерлестер» үйірмелерінің аясы ұлғая келе көп студенттерді қамтыған «Жерлестер одағына» айналып отырды. [6]

     1886 жылы Университтеті үздік дипломға  бітіргеннен кейін Б.Құлманов 2-3 жыл Петербургте қалып, ғылыми жұмыстармен шұғылданып, диссертация қорғап, араб, парсы, осман, татар тілдері және орыс сөздігінен өте жақсы баға алып,  университет кеңесінің 1888 жылғы17-қыр­күйек­тегі ұйғарымымен шығыс тілдері мамандығы бойынша   ғылым кандидаты деген атаққа ие болады. Ол Императорлық  Университтетін қазақ зиялыларының тарихында бірінші бітіріп, кейін сонда қалып, осы мәртебелі оқу орнының профессоры, шығысты зерттеуші, атақты орыс ғалымы И.Н. Березиннің жетекшілік етуімен ғылым атағына ие болған Бөкей ордасынан шыққан екі ғалымның бірі (екіншісі  Мұхамбет-Салық Бабажанов) [7].

 

2.2. Бақтыгерейдің ел басқарудағы әкімдік жұмысы

Б.Құлманов жоғары оқу ордасын  бітірген соң, өзінің туып өскен жеріне, Бөкей ордасына оралады. 1889 жылдан бастап Астрахань губернаторының қарамағындағы Қамыс-Самар қисымының әкімі қызметінде болады, онда үзбестен 15 жыл бойына ел басқарған.

Бақтыгерей бұл жұмысқа  мансапқорлықпен, патшаның шен-шекпеніне қызығып келген жоқ, атақты орыс ғалымы И.Н.Березиннің жетекшілік етуімен диссертация қорғап, өзі қалаған қызметтердің біріне жұмысқа орналасуына мүмкіндігі бола тұра, өз халқының өткен тарихы мен қазіргі өмірін жақсы білгендіктен, өзінің езгідегі халқына қол ұшын беру үшін қолынан келгенінше жәрдем ету үшін елге келуге асықты.                                                                                                                                      Әкім болып тұрғанда мектептер ашып, әр түрлі емдеу пунктерін көбейтуге күш салады. Ол Бөкей ордасының жерінде туып өскендіктен, сол жердегі халықтың жағдайына қанық болатын. Қамыс-Самар өңіріндегі халықтың ауыр тұрмыста өмір сүруінің өзіндік себебі бар болатын:

1. Императордың Еділ мен Жайық аралығын Бөкейге иемденуге жарлық  шығарып, «Бөкей ордасы»деп аталған кең алқаптың шекарасын бекіткеннен кейін ең шұрайлы жерлерді қазақ шаруаларына қимай казак-орыстары иемденіп, әскери бекіністер салды және осы жерлерде XIX ғасырдың 70 жылдарының аяғына дейін өздері би өздері қожа болды.

2. Қазақтар шөлейт құмға қарай ығыстырылды, Жайық өзенінің екі жағасынан 10 шақырымға дейін қазақтарға су алуға, шөп шабуға, орманнан отын алуға дейін қатаң тиым салған және бұл шартты бұзғандарға айып салып, дүре соққан.

Өз халқының өткен тарихы мен қазіргі өмірін жақсы білгендіктен, қазақтардың болашағына  тек патша үкіметінің отаршылдық саясатынан құтылғанда ғана жол ашылатынын терең сезініп, Бақтыгерей қолынан келгенінше жәрдесуге асықты. Оның айғағы  1888ж алғаш правитель болып сайланғандағы мен 1902ж адам саны мен мал саны санын салыстырғанда адам сенгісіз фактіге куә болдық. [8]

 

 

Қамыс-Самар қисымы

1890 ж

1902 ж

+

Халқының саны

48720

58090

+9370

Мал саны

 

 

 

түйе

6910

22108

+15198

жылқы

8538

22108

+22495

Ірі қара

24888

90212

+65324

Қой, ешкі

99241

332000

+233959

 

Бұл кестеде көрсетілген мәліметтер Астрахан губернаторына жіберілген  архив материалдарынан алынған. ( С.Сүйінов  Қайраткер Құлманов Алматы-1997ж) Алдымен салыстырмалы кезеңде адам санының тез өсу себебі- қазақ, «білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегендей қазақ зиялыларының қуынуымен Орда жерінде салынған бекіністерді қалдырып, патша тартып алынған жерлерге  қазақтарды қоныстандыру сияқты шырғалаңы мен жанжалы көп мәселерді шешуде , аяқтауда правитель Б. Құлмановтың еңбегі зор болған. Сөйтіп адам санының жедел қарқынмен көбеюі, правительдің өз жеріне иелік етуіне қол жеткізіп,қазақтардың келіп, байдың қол астына жалданып, отырықшы өмірге көшулеріне мүмкіндік берген.  Жоғарыда кестеден көрініп тұрғандай Бақтыгерей Құлмановтың 13 жыл правитель болып тұрған уақытында Қамыс-Самарада мал саны: түйе-3 еседен астам, жылқы-3,5 есе,ірі қара-3,7 есе, қой мен ешкі 3,4 есеге көбейген. Мал санының осыншама аз мезгілде еселеп көбеюі, күні кешегі, 1990 жылға дейінгі кеңес үкіметінің жағдайында экономиканы қатаң қадағалап, бақылаумен жоспарлы түрде жүргізген кездің өзінде де қиялға сыймайтын нәрсе. Сонымен қатар, Қамыс-Самара экономикасын дамытуда қазақ халқының қосалқы шаруашылықпен (балық аулау, Басқұншақтан ұйымдасып, тұз өндіру, кіре тасу) айналысуына жағдай жасаған. Енді осы қосалқы шаруашылықтарға қазақтар қалай тартылды, соған қысқаша тоқталсақ:

 Балық аулау. Балығы тайдай тулап жататын Қамыс-Самар көлдерінен балық аулауға қазақтардың ұйымдасқан топтарын құрған,олардың әрқайсысының тек қысқы маусымда 200 сомға дейін табыс тапқанын жазған.

Кейін маманданған қазақ кедейлері ау құралдарын сатып алып тұрақты кәсіпке айналдырған. Сол кездегі жәрменкедегі жылқының құны 20сом,қой 3 сомнан аспағанын қаперге алсақ, ол аз табыс емес еді.

Тұз өндіру-Правительдың азып-тозған қазақтың кедей шаруаларын еңбекке тартуының екінші жолы – Камыс –Самар қисымына іргелес Басқұншақ сорынан тұз өндіру кәсібі болған. Ол кезде тұз өндіру кәсібінде жұмыс процесінің бәрі қол күшімен атқарылып, сүймен, күрек, үлкен қолбағаларын ғана пайдалану арқылы тұз қиындықпен өндірілгеніне қарамастан жұмыссыз, күн көрісі мүшкіл кедей шаруаларды күнелтісінің қамы үшін Басқұншаққа жұмысқа орналастыру қажетті. 1917 жылы осы кәсіпшіліктегі жұмысшы қазақтардың саны 4000 –ға жетіп, Орда қазақтарынан шыққан жұмысшы табының алғашқы өкілдері үлкен қоғамдық күшке айнала бастапты .

Кіре тасу- Правитель  өз қысымындағы  казак – орыстардан босаған  жерлерге келіп  орын  тепкен  кедей, малсыз шаруалардың тұрмыс құрап малдануларының келесі жолы – кіре айдауды( жүк тасуды)  қазақ  халқы  тұрақты  кәсіпке айналдыруында деп білген. Сондықтан қазақтардың бұрын айналыспаған ісі түйе арбалармен керуен құрып, жүк тасуларын ұйымдастырған. Б.Құлманов бұл жұмысты қазақ кедейлерінің  күнелтіс қамы үшін жүйелі түрде жолға қойған.

Осы деректер Бақтыгерейдің әкім ретіндегі шебер де іскер басшылығының арқасында халықтың отырықшылыққа айналуына, шаруашылықтың түрлі салаларына маманданып, тұрақты жұмыс еңбектенуіне жағдай жасағанын көрсетеді. Оны кейінгі ұрпақ мақтаныш тұтары сөзсіз.

Бұдан шығатын қорытынды – қазіргі ауыл шаруашылығында  Елбасының ұстап отырған саясаты – жеке шаруашылықты нығайту – бірден-бір дұрыс саясат болса, Б.Құлмановтың кезінде малсыз, жерсіз кедей шаруаларды отырықшылық өмірге көшіріп, жеке қожалықтарындағы малдарын аз мерзімде еселеп арттыруға жағдай жасағанын айтуға болады.Б. Құлмановтың правитель болып істеген жылдарында тек экономика саласында ғана емес, халықтың әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөліп, көп іс тындырғаны белгілі – оған дәлел:

1. 1902 ж. Ново-Казанкада екі I сыныптық (біреуі ер, екіншісі- қыз балалар үшін) орыс мектептері, ауылдық жерлерден келіп оқыған қазақ балалары үшін 50 орындық жатақхана ашылған. Барлық болыстар орталығында бір-бірден мектеп ашылып, оларда діни оқумен бірге пән сабақтары жүрген, 1 дәрігер, 2 фельдшері бар емхана жұмыс істеген. Бұлардан басқа халықты қамту саласында ерекше орын алатын сауда-саттық мәселесі жүйелі жолға қойылған. Ново-Казанкада тұрақты жұмыс істейтін дүкендер де, жәрмеңкелер де болған. Астрахань, Саратов, Самар, Орал қалаларынан орыс көпестері келіп, халыққа өндіріс пен үйге қажетті заттар сатты, олардан  мал, оның өнімдерін  сатып алатын болған. Көріп отырғанымыздай Б.Құлманов правитель болып тұрған кезде Қамыс-Самар қисымында қазақтардың жағдайына түбегейлі өзгерістер енген және халықтың жағдайы едәуір жақсарған.  Осы фактілерден Бақтыгерей Құлмановтың ұзақ жылдар Қамыс-Самар қисымында правитель міндетін атқарғанда әрі туған халқына жағымды қызмет ету, ұлықтардың көңілінен шыға білу, сияқты екі оттың арасында жүріп, қия баспай жол таба білгенін көреміз. Сол үшін де оны қалың жұрты құрметтеген.

Енді Б. Құлмановтың қоғамдық саяси қызметіне тоқталсақ, XX ғасырдың басы қазақ халқы үшін елеуге өзгеріске толы кезеңі, азаттық үшін қозғалыстың жаңа сатыға көтеріле бастаған кезі болатын. Ресей империясы тарапынан отарлау барған сайын күшейген кезде, әсіресе қазақ халқының шұрайлы жерлерінен айырылуы шегіне жеткен шақта Бақтыгерей Құлманов 1903 жылы  Бөкей ордасы қазақтары атынан арнайы делегациямен Санкт-Петербургке барып, қазақ даласындағы басқару жүйесін жетілдіру және халыққа ауыр тиген жер мәселесі туралы талқылауларға қатысады. Ішкі істер министрлігінде болған кеңеске қатысып, өкіметтен тез арада жер мәселесін шешуді талап етіп, бірнеше ұсыныс енгізеді. Әрине, жер мәселесін отарлық саясат жағдайында шешу мүмкін емес еді. Бірақ қазақ жерін тартып алып жатқан патша өкіметінің іс-әрекетіне қарсы шығып, әділетсіздікті дәлелдеуінің өзі – жоғары бағалауға тұрарлық күрескерлік қасиет. Өз заманының дарынды перзенті қазақ жеріндегі Ресей империясының отарлау саясатын сынға алып, әшкерелеген.

1906 жылы 48 жасында біржола демалысқа (отставкаға) шығады. Одан Бақтыгерейдің беделі төмендемей, қайта арта түскен, табиғаты тамаша Самар-Қисым көлінің жағасындағы мекен-жайы, Орда зиялыларының кеңесіп бас қосатын штабына, ақылшысына  айналған. Ресейде 1905-1907 жылдардағы революция ұшқынының әсерімен  қазақ халқының да саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыстың жаңа сатыға көтеріле бастағаны белгілі.

Бақтыгерей Құлмановтың да бұл  үлкен өмір жолынан өтіп, кең байтақ қазақ даласының зиялы, оқыған азаматтарымен қарым-қатынаста, тығыз байланыста болған кезі. Осы кезеңде Ресейде түрлі әлеуметтік топтарды біріктірген жаңа саяси партиялар пайда бола бастады. Б. Құлманов солардың ішінде өзінің бағдарламасында халыққа кеңінен бостандық беруді көздеген кадет партиясын қолдап, оған мүше болады. Бөкейлік қазақтардың қамын ойлап, мұқтажын білдірген арыз-тілектерді Бақтыгерей Құлманов бастаған Орда зиялылары ұйымдастырды.

Бақтыгерей Құлмановтың белсенді саяси қайраткерлік қасиетінің көрінуі, Астрахан губерниясынан Орда қазақтарының атынан  оның I және II Мемлекеттік Думаға сайлануы.  Мемлекеттік Дума- Ресейде құрылған партия мен  фракцияларының және аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің  бас қосқан, маңызы зор мәселелерді талқылайтын бірден-бір өкілетті форум болды. Оны қазақ халқы өзінің  мүддесін қорғай алатын сенімді  азамат ретінде сайлады Б.Құлмановтың  екі рет қатарынан мүше болып сайлануы – оның туған халқы алдындағы перзенттік борышын терең сезінуіне және мемлекет, қоғам қайраткері болып қалыптасуына шешуші ықпал жасағаны сөзсіз.  Депутаттардың айтқанын істеп, айдағанына жүрмегені үшін Думаны күш қолданып, қуып таратқан.  Осы арада айта кететін жайт, Бақтыгерейдің 1906-1916ж кезеңдері туралы деректер жоқ,  сондықтан бұл екі аралықтағы жұмыстары уақыттың міндеті болып табылады.

 

2.3. Алаш қозғалысының ел мойындаған қайраткері

Бақтыгерей Құлмановтың саяси қайраткер ретінде белсенділік танытуы 1916 жылыда айқын көрінеді. Осы жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы халықтың және көптеген қазақ зиялыларының наразылығын туғызады. Әсіресе, Бөкей дала­сында бұл саяси толқуларға ұласады. Бақтыгерей Құлманов патшаның 19 бен 43 жас арасындағы қазақ азаматтарын тыл жұмыстарына алу туралы жарлығына қатты наразылық танытып, үн көтереді, қазақтар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қарсылық білдіруге шақырады. 

Бақтыгерей Құлманов көптеген қазақ зиялылары сияқты Ақпан төңкерісін үлкен қуанышпен қарсы алады. Ресейдегі самодержавиялық монархияның күйреуін демократиялық өзгерістерге кең өріс ашар зор құбылыс ретінде қабылдайды. Ол Орда зиялыларының басын қосып, елді бастап іске кірісер сәттің туғанын терең сезініп, халық арасында Ақпан төңкерісінің мақсат-мұраттарын түсіндіріп, оның азаматтық идеяларын уағыздайды.

1917 жылы Ақпан  төңкерісі  және  одан  кейінгі  көктем, жаз айлары қазақ халқының қоғамдық-саяси   өмірінің барынша жанданған кезеңі болды. Ол бірнеше  бағыттарда: халық өкілдерінің мемлекеттік құрылысқа, елдің   саяси-әлеуметтік өміріне араласуы, ұлттық-саяси ұйымдар құру, әлеуметтік-экономикалық реформалар  бағдарламаларын жасау бағыттарында көрініс  тапты.

1917 жылы сәуірде өткен қазақ съезінің күн тәртібіндегі мәселе Бөкей ордасының Уақытша үкімет комиссары және атқару комитетін сайлау болды. Халық наразылығын  толастату мақсатында Уақытша үкімет комиссары Подгорский қызметтен босатылып, «Астрахан өлкесін басқаруға халық қалауымен көзі ашық, оқыған, халықтың мұң-мұқтажын түсіне білетін адам тағайындалсын». деген қаулы қабылдайды. Бұл қаулыдан аңғарғанымыздай, комиссар қызметіне тек шын мәніндегі  халық қалаулысы сайлана алатын еді. Мұндай тұлға халық арасында  зор бедел иесі болған Бақтыгерей Құлманов болды.    Сонымен аса жауапты облыс комиссары қызметіне Бөкейлік бұқараның басты көсеміне айналған, ұлт қозғалысы қайраткерлерінің бірі, Алашшыл азамат Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов сайланды.

 1917 жылы қыркүйек айында Б.Құлмановтың ұсынысымен Бөкей Ордасындағы ұлт зиялыларының сьездерін өткізді, онда: жер мәселесі, халық-ағарту, денсаулық сақтау, сауда-саттық мәселелері қаралды.Ол большевиктер партиясының күшімен жасалған Қазан төңкерісін қабылдамады.

Ұлтжанды қазақ зиялыларымен бірге Алашорда партиясы мен үкіметін құруға белсенді түрде атсалысты.

Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы-Алаш қозғалысы. Қазақ зиялылары 1917 жылы шілдеде Орынборда I жалпықазақ съезінде Алаш партиясы тұңғыш –демократиялық партия құрылғанда партияның белсенді мүшелерінің қатарында, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов. М.Шоқай М.Тынышбаевтармен  Б.Құлманов та болған. Алашордашылардың мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден құтқару тәуелсіз қазақ мемлекетін құру  болды.

Б.Құлманов 1917 жылы желтоқсанның 5-13-інде Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезіне арнайы шақырумен қатысып, съезд төрағасы болып сайланды .Осындай ел тағдыры талқыға түскен өте  жауапты форумда съезді басқаратын төралқа жетекшісі болып Б. Құлманов сайланадыда, мүшелеріне- Ә. Бөкейханов,Х. Досмұхамедов, Ә.Кенесарин,Ғ. Қарашев сайланады.

Съезд Алаш Орда үкіметінің билік жүргізуші органы - Халық Кеңесінің төрағасын сайлау мәселесін алға қойған кезде Б.Құлмановтың есімі Ә.Бөкейханов және А.Тұрлыбаевтармен бірге демократиялық негізде дауысқа түсті. Төрағалыққа өтпегенмен де, Б.Құлманов жаңа құрылған Алашорда үкіметінің құрамына мүше болып енді.

1917 жылы Батыс Қазақстандағы Алаш қозғалысын ұйымдастырушылардың бел ортасында  Б.Құлманов жүреді. Алаш қозғалысы үшін белсенді қимыл жасайды.

Алаш партиясының Батыс бөлімін басқаруды Алаш үкіметінің басшысы Ә. Бөкейханов Бақтыгерейге сеніп тапсырған. Сондықтан Б.Құлмановты Алаш көсемдерінің бірі деп айтуға негіз бар. Алайда  ол әліде Алашорда көсемдерінің қақ ортасынан ойып алар орны болсада, көлеңкеде қалып келуі өкінішті-ақ.

Сондықтан отандық тарих ғылымының алдындағы өзекті мәселелердің бірі және болашақта Б. Құлманов есімі Алаш тарихында өз орынын алады деп сенеміз.

Алаш-жеңілген емес, жеңген ұрпақ, белгілі бір дәрежеде өз мұраттарына жеткен ұрпақ. Бар болғаны 2 жыл 3ай өмір сүрсе де, Алаш идеясының өзегі-ұлттық мемлекеттік. Әлихан Бөкейханов айтқандай, «Мемлекеті жоқ халық- жетім халық».  Кез келген  болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне, осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасы –Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі. Бақтыгерей Құлманов - өз заманының шеңберіне сыймай, оның талаптарына көнбей, даналық танытқан санаулы қайраткерлердің бірі.

Б. А. Құлмановтың қашан, қай жылы, қандай жағдайда дүниеден өткендігі жөнінде  мәлімет, дерек жоқ. Кеңес үкіметі Алашорда өкілдерін қуғынға ұшыратады, ал ол жөнінде ел аузында сақталып қалған мәліметтерге қарағанда: біріншісі, 1919 жылы қуғын басталғанда Түркменстан арқылы Ташкент асады да сол жылы қайтыс болады. Екіншісі,  II –теңіз жағалауы округі жеріне өтіп кетуге жолға шығады да жол үстінде қатты науқастанып, не ілгері, не кейін жүре алмай, бір танысының үйіне тоқтап, сонда қайтыс болады. Бұл айтылғандар бойынша ол 1919 жылы қайтыс болған және соңғысы  шындыққа жақынырақ, сүйегі өзінің топырағына, қазіргі Атырау облысының Құрманғазы ауданының қырындағы құмға қойылған. Ал Бақтыгерейдің ұрпақтарының  (інісі Әжігерейдің баласы Қадірдің шежіресі, қолжазба деуге болады) жазуы бойынша 1919 жылы Жаңақалада дүние салған. [9].

Сөз соңында Б.Құлмановтың  ұрпақтары жөнінде айта кетсек,Бақтыгерейдіен 2 бала :Мұзафар мен Насыр. Мұзафар Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен, Насырдан 3-бала болған,олар Алматы қаласында тұрған.( деректер С. Сүйіновтің зерттеуінен алынған, 1997ж) [10].

 

3.1.  Көрнекті қайраткері Б.Құлмановтың есімін мәңгі есте қалдыру - ұрпақ парызы

 

Қырағы қия жазбас сұңқарымай!

Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ  қыр  басына іңкәрім-ай! - деп  Бақтыгерейдің   замандасы  

А.Байтұрсынов айтқандай, ірі мемлекет қайраткері Бақтыгерей Құлманов  өмірде өзіне лайықты орны сирек кездесетін ірі тұлға  екеніне еш күмән жоқ.

«Бақтыгерей Құлманов- қоғамдық-саяси тұлға» тақырыбындағы ғылыми жұмысымды қорытындылай келе жоғарыда айтылған негізгі мақсатым бойынша мынадай тұжырымға келдім:

-         біріншіден:  еліміздің бостандығы мен азаттығы жолында өз өмірін сарп еткен тұлғалардың есімдерінің болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор екенін ұғындым.

-         екіншіден: бұрын маған белгісіздеу болып келген Бақтыгерей Құлмановтың сол бір қиын-қыстау кезеңнің өзінде білімге ұмтылып, алдына мақсат қоя отырып, сол жолда аянбай еңбек етіп, ел басқаруда халыққа жасаған жақсылығы, әділдігі, шебер ұйымдастырушылығы, елінің тәуелсіздікке жетуі жолында ақыл-ойын, қабілетін,білімін сарп еткен қазақтың біртуар перзенті екеніне көз жеткіздім.

Сонымен қатар,  оның әлі де ашылмаған қырлары бар екенін, мысалы Сайфолла  Сүйіновтың кітабында Бөкей ордасын зерттеп жүрген журналист А.Габдуллин-Теңіз ауданында (қазіргі Құрманғазы ауданы) қарт мұғалім Ә.Сәтековтың «1920жылы Қызылотауда әйелдер теңдігі жөнінде пьеса қойғанын, өзінің бір ролінде ойнағанын, пьесаның аты жадымда қалмапты, бірақ авторы Б. Құлманов еді дегені блокнотымда жазылып қалыпты» деп айтқаны, сонымен қатар оның «Қазақстан» газетін, Бөкей ордасында «Ұшқын» газетін шығаруға атсалысты деген деректер Бақтыгерей Құлмановтың жазушылық жұмыстармен де айналысқанының дәлелі деп білемін.

          Сөзімді қорытындылай келе зерттеу жұмысыма қатысты төмендегі тұжырымдарды ұсынамын:

1.Б.Құлмановтың өмір жолын, атқарған қызметін тереңірек зерттеуді ғалымдар қолға алса, себебі ол туралы ой-пікірлер, тұжырымдар жасалғанмен деректері өте аз дәрежеде жазылған.

2. Архивтердегі дерек көздеріне сүйенсек,  Б.Құлмановтың туғанына биыл 155 жыл толады. Қайраткердің осы мерейтойы Қазақстан бойынша аталып өтіп, мектептерге, елді мекендерге атауы беріліп, ескерткіштер орнатылса. 

Халықты ұлтқа, ұлтты руға бөлмей, бойына біткен дарынын елінің бостандығы мен азаттығы үшін сарп еткен ірі мемлекет және қоғам қайраткері, жан-жақты, терең білімді ғалым, біртуар тұлға Бақтыгерей Құлмановты кейінгі ұрпақ мәңгі есте сақтайды. Халқының бостандығы мен азаттығы, болашағы мен бақыты жолында жан сала күрескен, сол жолда құрбан болған Бақтыгерей Құлмановтың сан салалы асыл идеялары бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында  жүзеге асады деген сенімдемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер:

 

1.       Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Алматы: «Жібек жолы» -2010ж

.     Сүйінов С. Қайраткер Құлманов. –Алматы: Ғылым, 1997ж

3.      Қамиева Н. Бақтыгерей Құлманов Атырау-2011ж

4.     Дулатбеков Н. Алаш ардақтылары: Санк-Петербург іздері,-  Алматы- 2013ж

5.    С. Өзбекұлы. Арыстары Алаштың. Алматы-1998ж

6.     Ахметов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда Естеліктер мен тарихи деректер. А,1996ж.

7.     Бірімжаров Б. Батыс Қазақстан тарихынан XVIII-XIX ғғ. –Орал, 2002 ж.

8.     М.Қойгелдиев. «Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы ролі» Семей-2008ж

9.    Смағұлова С. «Алаш. Алашорда энциклопедия» Алматы: Арыс, 2009. -108-110 б.

10.    Әлімгереев Ө. Мақаш әкім.      Арыс- 2004ж

11. Сүйінов С.  Бөкей ордасы. Алматы: 1998ж

 

      Мерзімді басылымдар:

1.    М. Әбдеш Ертеден ел таныған. Егемен Қазақстан ,7 тамыз 1998ж

2.   Ө. Озғанбай. Дала мен Түркістан. Ақиқат журналы №2-1997ж

3. С. Сүйінов. Әбілхайыр ханның жетінші ұрпағы. Атамекен газеті

                                12 қараша-1998ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың қалалық ғылыми жобалар сайысы- 3 орын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

 

Қазақ зияларының бірегейі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері

Бақтыгерей Құлмановтың тұлғасын таныту, жасаған игі істеріне бүгінгі күнгі баға беру мақсатында жазылған ғылыми жоба.

Бақтыгерей  Құлманов         -қазақтан тұңғыш рет филология ғылымы  саласы бойынша диссертация қорғап, ғылым магистрі атанған, Ресей империясының I және II Мемлекеттік Думасының қатарынан екі рет депутат болып сайланған кезінде Бөкей ордасы деп  аталған бүкіл хандықтың жерін Бөкей мен Жәңгірден кейін өз қолына алып басқарған үшінші қазақ, сонау бір аласапыран жылдарда еліміздің тәуелсіздігі үшін білімі мен қайрат-жігерін жан тәнімен жұмсаған, сонымен бірге Алашорда өкіметінің ел мойындаған көсемдерінің бірі. Оның есімі мен өмір жолын, ұлан –ғайыр білім иесінің атқарған қызметін қазіргі буын бірі білсе, бірі біле бермейді, себебі  ол кісі туралы деректер аз, жеткіліксіз. Себебі Алашорда басшыларын елге құбыжық қылып көрсеткен сол бір солақай саясаттың кезінде Бақтыгерейдің атқарған қызметі мен ел арасындағы беделі жарыққа көп шықпаған.

Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрестегі ірі саяси тұлға Бақтыгерей Құлмановтың сіңірген еңбегі зор бол тұра оның өмірі мен шығармашылығы бүгінде әлі де өз дәрежесінде  толық ашылмағандықтан  көп зерттеулерді қажет етеді.

 Ұлы бабамыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап, тәрбиелеу құралына айналдыру

 

ХХ ғасырдың басында еліміздің тәуелсіздігі үшін білімі мен қайрат-жігерін жан-тәнімен жұмсаған, Алашорда өкіметінің ел мойындаған көсемдерінің бірі, Атырау өңірінде дүниеге келген қазақтың біртуар азаматтарының бірі Бақтыгерей Құлмановтың тұлғасын-оның өмірін, қызметін , оның шығармашылық еңбегін, тарихта алатын орнын, тарихи деректерге сүйене отырып, терең талдау жасалынды. Зерттеу жұмысы барысында тарихи шығармалар мен естеліктерді,баспасөз материалдары пайдаланылып

 

деректер жинақталған.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 920 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2015 2215
    • DOCX 119 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиргалиева Урынша Камиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Темиргалиева Урынша Камиевна
    Темиргалиева Урынша Камиевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 15320
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе