Инфоурок География КонспектыОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕ ДЕГЕН ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ баяндама

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕ ДЕГЕН ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ баяндама

Скачать материал

Қаланың ізденіс тақырыбы:

Қазіргі заманның мектептегі сапалы білімді жетілдіру шарттары білім беру үрдісінің дамыту.

Мектептің ізденіс тақырыбы:

мектепте білім беруді ұйымдастыру арқылы оқу үрдісіне қатысушылардың құзыреттілігін дамыту.

Өзімнің ізденіс тақырыбым:

 География сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың мәселе шешу құзыреттілігін дамыту.

Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру

 

 Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде оқытудың сапасын көтеруге айрықша көңіл бөлініп отыр. Біздің елімізде де бәсекеге қабілетті түлек тәрбилеп шығаруға көп мән беріледі.

Американдық педагог Филип Шлекти өзінің ХХI ғасыр мектебі атты еңбегінде мектеп бағдарламасын жақсы меңгеріп, бірақ әртүрлі жағдайларда ары қарай жетілдіріп қолдана алмайтын түлектің қоғамда өзінің орнын табуы екі талай деп есептейді.

Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығын анықтау үшін әртүрлі сауалнама жүргіздім. Олардың нәтижелері бойынша сұрақтарға жауап берген оқушылардың география пәніне деген қызығушылығы 26% жоғары, 33% орташа, 41% төмен деңгейде екендігі анықталды. ЖБДД анықтау үшін өткізілген бақылау тілігі оқушылардың тек 51% ғана «анализ», 38 % «синтез» 35% салыстыру жасай алады. 29% логикалық ойлау, ал  34 % қорытынды жасау қабілеттері дамыған.

      Сабақта әртүрлі білім көздерімен жұмыс істеу үрдісінде 8 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу динамикасын анықтадым. Бұл диагностиканың нәтижелерін келесі кестеден көруге болады.

1 кесте.

Қабілеттер

Зерттелген оқушылар саны

Барлық балалар санынан %

1

Тапсырманы тиімді шешу жолдарын іздестіру

8

24

2

Тізбек жасау

9

26

3

Қосымша ақпарат көздерін таба білу

15

44

4

Қажетті ақпарат табу және жеткізе білу

13

38

5

Тез ойлау

8

24

6

Өз ойын анық жеткізе білу

8

24

7

Тапсырманы тиімді орындау

21

61

 

 Нәтижесінде оқушылардың 61% тапсырманы тиімді орындай алатыны көрінді. Ал тапсырманы тиімді шешу жолдарын іздестіру, тез ойлау, өз ойын анық жеткізе білу  қабілеттерін дамыту үшін жұмыс жүргізу қажет.

       Зерттеудің нәтижелерінен оқушылардың танымдық қызығушылық қабілеттерінің орташа деңгейден төмен екіндігі анық болды 

Сондықтан осы тақырыпты алған мақсатым:

Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту.

Қойылған мақсаттан келесі міндеттер туындап отыр:

-          Оқушыларды өз білімдерін қажет ететін қызметке итермелейтін жағдайларды қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту формаларын қолдану;

-          Үрдістерді,  жағдаяттарды сапалы бағалау тәсілдеріне үйрету, оқушыларға саналы білім беру үшін ақпараттық материалдарды жүйелеу;

-          Шығармашылық бастамасын дамытуға, білімді үздіксіз толықтыруға талпындыру, балалардың өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру үшін, ізденістік, зерттеушілік іс әрекетке баулу.

Қазіргі заманда ең басты мақсат – біліммен қаруландыра отырып, инттеллектісі жоғары дамыған, білімге құштар тұлғаны тәрбиелеу. Жоғары оқу орындарына білімді, жаңашыл түлектер қажет. Осыған байланысты, заманымызға сай мұғалім сабақта тұлғаны белсенді оқу-білім қызметіне кірістіру арқылы дамыту керек. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыруының маңызды факторларының бірі – оқытуды ұйымдастырудың алуан түрлілігі. Оқушылардың танымдық қызметінің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып белсенді білім алу жұмысына кірістіру, сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіншіліктерін әлдеқалай кеңейтеді.

 Білім стандарты жаппай міндетті білім, білік, дағдының орнына күтілетін нәтиже ретінде тұлға құзырлылығын қойып отыр. Құзырлылық бірінші орынға оқушының ақпаратпен қамтамасыз етілуін емес, тапсырма жауабын ісі арқылы шешудегі дайындық әлеуеті. Педагогикалық жобалау шығармашылық қызметінің компоненті ретінде білім беру мазмұнын оқушы тұлғасының жетістігі етуді, оны баланың жадына емес, жанына, интеллектісіне жақындатуды талап етеді.оқушыға нақ осы сәтте не қажет екендігін нақтылау оның даму бағытын белгісіздік қағидаларына сүйене отырып жобалау – субъектілердің ойлануына, жаңа білім үлгісіне тән субъект-субъектілік қатынастың орнауына мүмкіндік туғызады.

Осы жерде айта кету керек білім-беру үрдісіндегі өзара қарым-қатынастың маңызы өте зор. Адамның өмір сүру қабілеті өзінен тыс өмір сүре алмайды және өзгелердің сыртқы әсерінен де пайда болмайды, ол тек қана оның өз мәселелерін қалай шеше алатынына байланысты.білім алу үрдісіндегі өзара қарым-қатынас әр түрлі құрылымдардағы, сабақтағы және сабақтан тыс, оқушылар мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мұғалімдермен ата-аналардың,қоғамдық ортаның, әкімшіліктің арасындағы ақпараттық, әрекеттік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және басқа да байланыстардың тұлғалық бағдарлы сипатын беретін ұғым болып табылады. Аталған қатынастар педагогикалық үрдісте: мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім өзара «субъектаралық қатынастар», мұғалімдер ұжымы, оқушылар ұжымы «ұжымдық диалогтік» және   «тұлғалық рефлексиялық қатынастар» деп аталатын педагогикалық шарттар ретінде қарастырылады.

      Субъектаралық қатынастардың  шарттарының орындалуы негізінде тұлға өз дамуының, білімінің субъектісі болып табылады.

Ұжымдық диалогтік қатынас шарттары мұғалімдер ұжымына да, оқушылардың сыныпішілік, мектепішілік ұжымына да әкімшілік топтарына да қатысты орындалады.

Тұлғалық рефлексиялық қатынастар шарттары тұлғаны педагогикалық үрдістегі субъект ретінде танып, оның бойындағы әлеуеті мен мүмкіндіктерінің дамуы үшін қолайлы орта туғызуды көздейді.                                                         

Өз қызметімде оқушылардың ББД деңгейімен мемлекеттік тапсырыс арасындағы қарама-қайшылықтарды ескере отырып мен өзекті мәселемді анықтадым. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру барысында өзім үшін бірнеше бағыттар қабылдадым:

-Оқушыларға заманымызға сай ғылым қозғалысын алға басуын көрсете алатын деректермен, мәліметтермен таныстыру;

-                      қызықтыратын мәліметтермен таныстыру идеяларының туындауын, ғылыми ізденістерінің мағынасын ашу;

-                      өзекті оқытуға сүйене отырып оқушылардың алдына әртүрлі қарама-қайшылықтар қойып, ғылыми деректермен идеяларды түсіну үшін диалектикалық тәсілдерді қолдануға үйрету;

-                      Оқыту барысында оқушылардың өздік жұмыстарын түрлендіру, танымдық қызметінің әдістерін жетілдіру. Оқушыларды мұғалімге, құрбыларына сұрақтар қоюға итермелеу;

-                      Сабақта үрдістің топты және жеке оқушылардың жұмысына талдау жасауды үйретуді үйғардым.

9 сыныптың география курсы мазмұнында республикамыздың ЭГЖ баға беру үшін әртүрлі өзекті сұрақтармен мәселелерді кірістіруге зор мүмкіншілік бар. Мәселелерді шешу жолдары оқушылардың білімдерін өмірмен тығыз байланыстыруды талап етеді және мәселе шешу құзыреттілігін дамытады. Мысалы:

Жаңа алюминий зауытын қай жерге орналастыруға болады?-деген мәселені шешу үшін оқушы алюминий шығару үшін қажетті шикізат алу көзінің орналасу жерін, осы өндіріс көп қажет ететін энергияның арзан көздері             және еңбек ресурстарына бай, яғни елді мекендерге жақын орналасу қажеттілігін ескеру қажет.

Оқушының танымдық қызметін арттырудың кең тараған тәсілі – сұрақ қою. Сұрақтарды танымдық қызметті басқару, ойды қозғау, яғни, салыстыру, сипаттау, себеп-салдарды анықтау, қорытынды жасау үшін пайдалану керек. Мысалы, 7 сынып географиясының курсында «Еуразия» және «Солтүстік Американы» солтүстік жарты шар материктері деп ерекшелендіреді. Осы себептен оқушылардан оларды салыстыруды талап етемін.

 6 сынып географиясында пәннің бастапқы, ең негізгі түсініктері оқытылады, сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру ,тереңдету міндетті. Осы мақсатпен оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мынадай жұмыстарды ұйымдастыруды жөн көрдім: сабақтарымды ойын түрінде немесе ойын элементтерін қолданып жоспарлаймын «Ол кім? Бұл не?», эстафета, көңілділер және тапқырлар клубы. Үйге сөзжұмбақ, ребус, жасырынды сөйлемдерді құрастыру сияқты шығармашылық тапсырмаларды беремін.

Әрине, оқушылардың танымдық қызметін арттыру үшін оқулықты пайдаланудың мәні өте зор. Оқулықта берілген сызбаларды, графиктерді,  суреттерді түсіндіру, мәтінмен жұмыс барысында  мәтіннің негізгі ойын табу, жаңа түсініктермен сөздік жұмыс жүргізу, параграфтың жоспарын құру өздігінен тірек сызба нұсқаларымен кестелер құрастырып, конспект жасау оқушылардың ойын қозғап, қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

География пәніне оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда: а) табиғи нысандармен (тау жыныстарының жинақтары, үлгілер, кеппешөптер т.с.с), ә) географиялық картамен, б)  суреттермен в) тәжірибе жасау жұмыстарының маңызы зор.

Дәстүрлі емес түрде өткізілетін сабақтар да өте әсерлі болып табылады:

           

                    Радиальная диаграмма        Бүгінгі заманның мектебінде білім беру оқытудың дәстүрлі емес, оқушының оқу-танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін, оқушыларды өздігінен білім алуды үйретуді, тұлғаның ізденімпаздығын және шығармашылығын дамытуды қамтамасыз ететін технологияларды қолдануды талап етеді.

Оқытудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану білімді толықтырады, жүйелендіреді, бекітеді, оны саналы түрде пайдалануды қолдайды. Оқушылар оқу үрдісіне белсенді қатысып, қызығушылығы артады және стандартты ойлау бағытына сүйенбей,  өз ой-пікірлерін еркін жеткізе алады.

Білім берудегі озық технологиялардың бірі «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»  технологиясын қызметімде пайдалануды тиімді деп есептедім.

Географияның әртүрлі пәндермен кіріктіруге мүмкіншілігі зор пәндердің бірі екендігі белгілі.

Сондықтан СТО технологиясын қолдану арқылы ұйымдастырылған сабақтар дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда айрықша есте қаларлық, тұлғаның эстетикалық-эмоционалдық сезіміне тәрбиелейтін оқушыны жан-жақты дамытатын сабақ болып табылады. Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру жұмысымда СТО технологиясының стратегияларын қолданып, сабақтарымды келесі үлгімен : ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ – МАҒЫНАНЫ АЖЫРАТУ – ОЙ ТОЛҒАНЫС кезеңдерін ұстанып  ұйымдастырамын.

«Қызығушылықты ояту» кезеңінде қолданылатын әдістер оқушылардың тақырыпқа байланысты бұрынғы алған білімдерін қолданып, қайта жаңғыртып, естеріне түсіруін қажет етеді. Бұл кезеңде «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» кестесін толтыру, ассоциациялар жүйесін құрастыру, «Болжам жасау сияқты» әдістерді қолданамын.

«Мағынаны ажырату» кезеңінде оқушылар тақырыпқа ене отырып, оның негізін ашады. Бұл жаңа материалдың мағынасын ашу үшін мәтінмен жұмысты әртүрлі – топтық, ұжымдық, жұптық немесе жеке түрде ұйымдастырамын. Мұнда «Аялдамамен оқыту», «Кернез жазу», INSERT кестесін толтыру әдістері тиімді.

«Қызығушылықты ояту» және «Мағынаны ажырату» кезеңдерінде қолданылған әдіс тәсілдер  «Ой-толғаныста»шарықтау шегіне жетеді. Негізгі жұмыс аяқталғаннан кейін, оқушылар топтық немесе жұптық формада бір-біріне сұрақ қойып жұмыс атқарады. Оқушыларға «мағынаны ажырату» кезеңінде негізгі мәтінмен жұмыс барысында алған білімдерін «ой толғанысқа» салады. Мысалы үшін, «5 жолды өлең құрастыру», «Эссе жазу», «Дөңгелек үстел» тесттік жұмыс әдістерін қолданамын. Бұл әдіс-тәсілдер оқушылардың ойын қозғап, жаңа материалдан алған теориялық білімдерін қолдану арқылы практикалық тапсырмаларды орындауға көмектеседі.

 

Осы технологияны қолдануда оқушылардан күтетін нәтижем:  оқушылардың

- өмірге бейімделген, алған білімін практикада қолдана алатын;

- өзі шешім қабылдайтын, жаңашыл, шығармашыл;

- ақпарат құралдарымен сауатты жұмыс істей алатын;

- коммуникативті дағдысы жетілген, әртүрлі саладағы адамдармен тіл табыса алатын;

- өз білімін, мәдениет деңгейін көтере алатын тұлға алу.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін, олардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру әртүрлі арнайы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызметіне деген мотивтерін тудырып, материалды түсінуін қамтамасыз ету қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Душина И.В. Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. География мектепте. №3 2001

2.С.Бахишева. 12 жылдық білім беру және білім философиясы. Жаңа мектеп.№2 – 2006 жыл.

3. Журнал «География Қазақстанның мектептерінде және жоғары білім беру оқу орындарында » 2007ж.

4. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. Алматы. 2006ж.

5. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар.» Педагогикалық  ғылымдар докторы профессор Е.С. Полат редакциямен. 2000ж. )

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕ ДЕГЕН ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде оқытудың сапасын көтеруге айрықша көңіл бөлініп отыр. Біздің елімізде де бәсекеге қабілетті түлек тәрбилеп шығаруға көп мән беріледі.

Американдық педагог Филип Шлекти өзінің ХХI ғасыр мектебі атты еңбегінде мектеп бағдарламасын жақсы меңгеріп, бірақ әртүрлі жағдайларда ары қарай жетілдіріп қолдана алмайтын түлектің қоғамда өзінің орнын табуы екі талай деп есептейді.

Оқушылардың география пәніне деген танымдық қызығушылығын анықтау үшін әртүрлі сауалнама жүргіздім. Олардың нәтижелері бойынша сұрақтарға жауап берген оқушылардың география пәніне деген қызығушылығы 26% жоғары, 33% орташа, 41% төмен деңгейде екендігі анықталды. ЖБДД анықтау үшін өткізілген бақылау тілігі оқушылардың тек 51% ғана «анализ», 38 % «синтез» 35% салыстыру жасай алады. 29% логикалық ойлау, ал  34 % қорытынды жасау қабілеттері дамыған.

      Сабақта әртүрлі білім көздерімен жұмыс істеу үрдісінде 8 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу динамикасын анықтадым. Бұл диагностиканың нәтижелерін келесі кестеден көруге болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 163 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2015 3144
    • DOCX 70 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кистаубаева Сауле Каримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кистаубаева Сауле Каримовна
    Кистаубаева Сауле Каримовна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30704
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 30 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе