Инфоурок Математика Другие методич. материалыОқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру

Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру

Скачать материал

Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру

 

 

Жуматова Мария Сагинбаевна

Жоғары санатты математика пәні оқытушысы

(Орал қ., Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж)

 

 

Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белснділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлік сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығымен байланысты.

Мемлекeттік кадр саясатындағы маңызды мақсат – қазақстандық сапалы білімсіз дамуы мүмкін емес, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалдық кәсіби ресурсын құру.

Болашақ ұрпақты оқытуда мұғалімнің басты міндеті оқушыларды белсенді етіп, қызықтырып, жеке жұмыс жасай білуге үйрету. Әр мұғалім саналы, ойлау қабілеті жақсы дамыған оқушыларының қөп болуын армандайды.  Логикалық ойлау – сапалы білім алудың міндетті жағдайы. Өкінішке орай, оқушылардың бәрі ойлауға аса тырысы қоймайды.

            Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлай қызықты ету арқылы  оқушылардың  білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздейді. Ондай сабақты мұғалім баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай шығармашылықпен жоспарлануы тиіс. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады. Оқушыларды жалықтырмайды. Осы мақсатта ойындар бар: «Бес алманы тең бөл», «Жұмбақ шаршылар» т.б. Өткен оқу жылында ҰБТ бойынша  математика пәнінен логикалық есептер көп кездесті.

Оқушының математикалық  ойлау  қабілеті  материалды қандай жылдамдықпен, қалай терең және қаншалықты мықты меңгергені көрінеді. Бұл мінездемелерді есеп шығару барысында байқауға болады. Жылдам меңгеру қабілетін  белгілі бір уақыт ішінде қанша есеп шығарып үлгеретіндігінен байқауға болады.  Жылдам меңгеру қабілетін есепті қанша уақытта шығаратыны арқылы аңықтау керек.

Математикалық қабілеттің үш түрі  болады. Олар:  алгоритмдік, геометриялық, логикалық. Алгоритмді немесе есептеуші қабілет  көп мүшені біріктіруде, теңдеулер шешкенде т.б.  жағдайларда көрінеді. Геометриялық  түріне кеңістікті ойлау және математикалық  мәселені шешкенде геометриялық көрнекілікті  еңгізу қабілеті жатады. Логикалық түріне дұрыс, жан-жақты ойлау қабілеті жатады. Кейбір  есептер осы 3 қабілеттіңде  дамуына жағдай жасайды.

Алынған  есептер оқушының білім деңгейіне  сай болу керек. Мағынасы  әр-түрлі есептер шығару үшін өткен материалды, жаңа  материалды еске түсіріп отыру қажет. Ол үшін мұғалім сабақты мазмұны жағынан  қызықты, құрылымы жағынан жан-жақты құрылуы қажет. Қорыта келгенде оқушының  математикалық ойлау қабілетінің дамуы тек мұғалімге байланысты. Математика сабағына қызығушылығын ояту мақсатында келесі есептерді ұсынамын.

 

№1. Бір институтта төрт студент оқиды: Жалелов, Төлеуғалиев, Айшуақов және Болатов. Олардың есімдері: Медет, Ерік, Шынарбек және Мерлан.

Олар туралы мыналар белгілі Ерік  Медеттен үлкен, Төлеуғалиев Жалеловтан кіші, Айшуақов Еріктен үлкен. Жалелов бәрінде таниды, ал Ерік пен Шынарбек бірін-бірі танымайды. Айшуақов пен Болатов – достар. Ал Төлеуғалиев пен Айшуақов футболдан екеуі екі командада борлғандықтан таныс ретінде сөйлесіп, футбол жайында айтпауға тырысады. Студенттердің аты-жөндерін табыңыз. 

 

Берілген шарттарды жазып аламыз.

      1.Ерік Медеттен үлкен.

      2.Төлеуғалиев Жалеловтан кіші.

      3.Айшуақов Еріктен үлкен.

      4.Жалелов бәрін таниды.

      5.Ерік пен Шынарбек  бірін-бірі танымайды.

      6.Айшуақов пен Болатов достар.

      7.Айшуақов пен Төлеуғалиев таныс достар.

 

Талдау 1

 

3-ші шарт бойынша Айшуақов Ерік емес. 1-ші шарт бойынша Ерік Медеттен үлкен, ал 3-ші шарт бойынша Айшуақов Еріктен үлкен, Айшуақов Медет емес. 5-ші шарт бойынша Ерік пен Шынарбек таныс емес. 4,6,7-ші шарттар бойынша Айшуақов бәрін де танымайды. Сондықтан Айшуақов Шынарбек емес. Осылай шеше отырып, Айшуақовтың Мерлан екенін білеміз.

 

Ж

Т

А

Б

М

2+

2-

1-

2-

Е

2-

3-

1-

3+

Ш

2-

3+

1-

3-

Мер.

1-

1-

1+

1-

Таблица құра отырып тігінен орналасқан әріптер студенттердің есімдері де, ал көлденең орналасқандар олардың фамилиялары. Сандар мен таңбалар талдауларды білдіреді.

Талдау  2

    4-ші шарт бойынша Жалелов бәрімен таныс. 5-ші шартқа қарай отырып оның Шынарбекте, Ерікте емес, ол Медет екенін аңғарамыз.

 

Талдау  3

   2-ші шарт бойынша Төлеуғалиев Жалеловтан кіші, 1-ші шарт бойынша да Ерік Төлеуғалиев емес, яғни Ерік Болатовта, ал Шынарбек Төлеуғалиев.

      Жауабы:  Жалелов Медет, Болатов Ерік, Төлеуғалиев Шынарбек,                    Айшуақов Мерлан.

 

№2. Шегіртке ағашқа қарай бір алға, бір артқа секіріп барады. Алға секіргенде 3 метр алға жылжиды, ал артқа секіргенде 1 метр артқа шегінеді. Егер бастаған жерден ағашқа дейінгі қашықтық  21 метр болса, онда шегіртке ағашқа жету үшін неше рет секіру керек?

 

Нұсқау: 21 сантиметрге тең түзу сызықты алып, әр секіруін есептеуге болады.

                                                                              Жауабы:  19 рет секіріп жетеді.

 

№3. Жүз қарбыз, он күнде кесіледі. Күн сайын тақ санда кесілетін болса, соңғы күн неше қарбыз кесіледі? (Күн сайын кесілетін қарбыз саны әртүрлі және артуда)

 

Шешуі: Алғашқы күні бір қарбыздан бастағанда, соңғы күні он тоғыз қарбыз кесіледі.

                                                                                Жауабы: 19 қарбыз.

 

№4. Тік төртбұрышты, әр бөлігінде бір белгіленген нүктесі бар, өзара тең бөлікке бөл.

*

 

 

 

 

*

 

 

*

 

 

 

 

 

 

 

*

 

 

 

 

 

 

*

 

*

 

 

 

 

Шешуі:

·

 

 

 

 

·

 

 

·

 

 

 

 

 

 

 

·

 

 

 

 

 

 

·

 

·

 

 

 

 

 

№5. Әр қатардағы сандар қандай ереже бойынша жазылғанын ойлап тап:

            

            


2, 7, 30, 153, ?

А) 922 В) 938 С) 462 Д)306 Е) 215

        3,  4, 6,18, 19, 21,63,?

А) 64 В) 65 С) 66 Д) 126  Е)192


 

№6. Әр қатардағы сандар қандай ереже бойынша жазылғанын ойлап тап:

·         1, 3, 2, 4, 3, 5, 4, 6,....

·         2, 5, 3, 6, 4, 7, 5, 8,...

Жазуды жалғастыр.

 

 

№7. Сандар белгілі бір ережемен жазылған. Осы ережені ескеріп, х-ті табыңыз.

3

2

5

6

4

3

7

12

6

5

11

30

7

4

11

х

 

    

 

 

 

 

 

Нұсқау:

 3+2=5        3*2=6

……..

7+4=11   7*4=28                      

                                                                                                          Жауабы: 28

№8. Мұғалім емтиханда 25 сұрақ қойды. Оқушылар дұрыс жауап үшін 4 ұпай және қате жауап үшін -1 ұпай алады. Сұрақтардың барлығын шешкенде, 60 ұпай алған оқушы қанша сұраққа жауап берген?

 

Шешуі : Әр дұрыс жауапқа 4 ұпай, дұрыс емес жауапқа 1- ұпайды шегергенде  17х4-8=60.

                                                               Жауабы 17 сұраққа дұрыс жауап берген.

№9. Сандар белгілі бір ережемен жазылған. Осы ережені ескеріп, х-ті табыңыз.

 

12

16

20

24

28

32

 

10

9

8

16

?

 

 

Шешуі: 

1+2+1+6=10

1+6+2+0=9

2+0+2+4=8

2+4+2+8=16

2+8+3+2=15

                                                                                                              Жауабы: 15

 

 

№10. Жолда бір газеттің  бір парағын тауып алдық. Оң жағында 9-бет, сол жағында 4-бет жазылған. Газет неше беттен тұрады?

                                                                                        Жауабы : 12 беттен.

 

№11. Бірінші қарақшы 100 теңге және қалған ақшаның оннан бір бөлігін алды, екінші қарақшы 200 теңге және қалған ақшаның оннан бір бөлігін алды,үшіншісі 300 теңге және қалған ақшаның оннан бір бөлігін, және осылай жалғаса береді. Қарақшылар ақшаны өзара тең бөліскені белгілі болды. Сонымен неше қарақшы және қанша ақша болды? 

 

Шешуі:

 

 

                                               Жауабы:  8100тенге, 9 қарақшы

            №12. Азамат мектепке жаяу барғанда, жолдың төртттен бірін жүргенде мұражайдың жанына, үштен бірін жүргенде пойыз вокзалының жанына барды. Мұражайдың жанына келгенде сағат 7:30 –ды, ал вокзалдың жанында сағат 7:35- ті көрсетті. Азамат үйден мектепке дейін бір сағат жүретін болса, үйден нешеде шықты және мектепке нешеде барды?

 

Нұсқау: 1сағатта 60  минут, төрттен бірі 15 минут, яғни 15 минутта мұражайға барады.

                                  Жауабы: 7:15 үйден шығып, 8:15 мектеке жетеді.

 

            №13. Жантілес, Бекболат, Махамбет, Нұрболдың үйлері шеңбер тәріздес болып орналасқан. Біржанның үйі басқаларының үй аралықтарының қосындысынан аспайтындай   қай жерге  салу керек?

Шешуі: Төртбұрыштың диагональдарының қилысу нүктесінде, төбелері достарының үйі болып есептеледі.

 

№14. Кварталдың бір жағындағы үйлердің номірлерінің қосындысы 423 екні белгілі, кварталдың бұрышынан бастағанда бесінші үйдің  номірін анықта.

Шешуі:

- үйлер саны, -бірінші және - соңғы үйдің номірі, үйдің номері екіге артып отырады, сондықтан өспелі арифметикалық  прогрессия құрайды. Бірақ ,  онда,бесінші үйдің номері 47.                                                                                     

                                                                                                   Жауабы: 47

Қортынды.

Ұсынылып отырған «Логикалық тапсырмалар»  математика  пәнінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгеруді көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін,  оқушының  шығармашылық қасиетін дамыта түсу үшін,  оқушының дарындылығын  тану үшін логикалық тапсырмаларға баса назар аудару керек.

Берілген тапсырмаларды орындауда  оқушылар оқушылар  өз беттерімен іздненді, ой өрісін  кеңейтіп есте сақтау  қабілетін дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

 Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолдануына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен  ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интелектуалдық деңгейін көтереді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер :

         Э.Н. Балаян «Лучшие олимпиадные  задачи по математике», 7-11 классы. Ростов – на Дону 2011

         Бүкіл Одақтық олимпиада есептер жинағы -Васильев Н.Б., Егоров А.А.

          Жоғары оқу орнына түсуге арналған есептер жинағы – Нестеренко Ю. В., ОлехникС.Н., Потапов М.К.

         . М.И. Сканави « Сборник задач по математике для поступающих». Москва «Высшая школа»- 2000г.

         В.Н. Литвиненко. А.Г. Мордкович. «Задачник – практикум по Математике» Москва «ОНИКС 21 век»2005г.

         . В. Б. Лидский. «Задачник по элементарной математике» ФИЗМАТГИЗ -1962г

         А.В. Фарков «Математические олимпиады в школе»,5-11 классы Москва Айрис-пресс 2011г

 

 

 

 

Аты – жөні (толығымен)

Жуматова Мария Сагинбаевна

Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы

Жоғары санатты математика пәні оқытушысы

Мекеме атауы, бөлімшесі

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Мекен – жайы, телефон, e-mail

Орал қаласы, Достық, 173

Maira.zhumatova@mail.ru

8 701 171 12 55

 

Мақала атауы

Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру

 

Секция

Қазіргі жалпы орта білім: тәжірибе және даму бағыттары

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белснділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлік сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығымен байланысты.

Мемлекeттік кадр саясатындағы маңызды мақсат – қазақстандық сапалы білімсіз дамуы мүмкін емес, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалдық кәсіби ресурсын құру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 787 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2015 2589
    • DOCX 101.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жуматова Мария Сагинбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жуматова Мария Сагинбаевна
    Жуматова Мария Сагинбаевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5783
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1361 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 207 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 681 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 797 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 204 человека из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 509 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек