Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттері мен сауаттылығын жаңа технологияларды қолдану арқылы арттыру
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттері мен сауаттылығын жаңа технологияларды қолдану арқылы арттыру

библиотека
материалов














Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттері мен сауаттылығын жаңа технологияларды

қолдану арқылы арттыру







Г.Ш. Самбулатова, физика- математикалық лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



















Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттері мен сауаттылығын жаңа технологияларды қолдану арқылы арттыру

Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу қажет деп елбасымыз атап өткен болатын. Қазіргі заман талабына сай Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін енгізу бағытында құрылуы тиіс . 
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен гөрі оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдістеріне көшу керек. Бұл жобаны оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Мұғалімнің қоғам өмірінде алатын орны мен олардың атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең елжанды, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Сондықтан әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, заманауи әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушының білім сапасын арттыруы қажет. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушылардың сөйлеу, ойлау және сауатты жазу қабілеттерін арттыратын жаңа технологиялардың тиімділігін ашатын негіздеріне тоқталып өтетін болсақ. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, еліміздің тарихын тануға талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылыстарды, тыныс тіршілігімен байланыстыра отырып жан-жақты терең таныстыру. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету қажет. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту, яғни тілдік жіне танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында да көрсетілген. 
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз дәлелдеді, осылардың кейбіреулері біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Осы тұрғыда, қазіргі кезде мемлекеттік тілді игеруде көптеген жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, оңтайлы жетістіктерге жетуге болады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда мен күнделікті сабақтар мазмұнына, тақырыбына қарай мына технологияларды тиімді деп санаймын: деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта оқыту. 
Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрған жөн. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушыларының білім деңгейінің өсуін байқауға болады. 
Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат - тіл дамыту мақсаты болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мақсат - оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету. 
Оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру мақсатымен өз тәжірибемде қазақ тіліне оқытуда қолданатын әдістемелік қорым қалыптасты. Қазақ тілін оқытуда, менің ойымша, бір ғана технологияны тілді меңгертудің әр сатысында пайдалану мүмкін емес. Алайда, тіл дамыту жұмысы оқушының сөздік қорына тікелей байланысты. 
Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөздік қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу. 
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылар түсініп, меңгерулері тиіс. Мәтінмен жұмыс істеуді мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді бөлімдерге бөліп, оқушыларды өздеріне мәтіннің тиісті бөлімін оқып, бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін оларды бір-біріне сұрақ қойып оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады. Бұл тапсырмалар жаңа буынды оқулықтарда жақсы қарастырылған. 
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор. Мысалы, әр сыныпқа арналған электрондық оқулықтар бар. Мен өзімнің 3-сыныпқа арналған «Бәрін білгім келеді»электронды жинағы бойынша қазақ тілінен тақырыптарды беріп оқу және үйренуге, жаңа сөздермен жұмыс жүргізіп, тапсырмаларды орындауға, тыңдалым, сөйлесу, өзін-өзі тексеру деңгейлерін анықтауға ықпал жасай аламын . Оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі. 
Жұмыс барысында мақал-мәтелдерге назар аударған жөн.Алдымен оқушыларға мақал мен мәтелдердің айырмашылығы түсіндіріледі, оларды оңай жаттау үшін сұрақ қойылады, мысалы: Отансыз кім, ормансыз не? Жауап: Отансыз адам, ормансыз бұлбұл. Оқушылар мақал-мәтелдерді меңгергеннен соң, олардың мәнін түсіндіруге, өз пікірлерін айтуға үйреткен дұрыс. Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы тапсырмаларды түрлендіруге болады. Мақал-мәтелдер мазмұнына қарай ойларын сөйлем құрумен немесе әңгіме құрастырумен жалғастырады. Бұл жұмысты әр сабақта жүргізу керек. 
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға шақыру қажет. Мектепте қазір шағын мәтінді кітаптар бар. Осыған орай оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әр тоқсанда келетін демалыс күндері ертегілер, аңыздар, белгілі жазушылардың әңгімелерін оқуға талап қою керек. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. 
Оқушылардың тілді меңгеру мақсатында, қоршаған ортаны танып білуіне байланысты белгілі тақырыптар бойынша қысқаша мәлімет, бағыт-бағдар беруге болады, ал олар өз бетінше оны толықтырып, кейін сабақта айтып береді, бұл жұмыстың түрі монолог деп аталады. Тіл дамыту мен оқуға арналған тақырыптар белгілі. 
Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог. Оны құрастыру үшін бір тақырып бойынша оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін дамытады. 
Тіл дамыту жұмыстарында сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін орфографиялық, синонимдік, антонимдік, этимологиялық, түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйрету де артық болмайды. 
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз” қағидасын ұстанған ұстаз үшін өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық болуы тиіс. Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әр түрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Сонымен «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» - деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай тіл дамыту жұмыстары саналы меңгеріп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, болашақ ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда беретін әсері мол. Оқушыларды қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Тілді жақсы білу - толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болатын маңызды фактор. Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы кеңейді. Қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы білім берілуде жаңа технологияларды қолдану өте тиімді деп білемін. 




Қолданылған әдебиеттер: 

1. Жаңаша ойлап, жаңаша жұмыс істеу. Қостанай -2014жыл
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Астана «Елорда», 2008ж. 23-бет. 
2. «Открытая школа» информационно-методический журнал,2011г. №2 (103), стр.12. 
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, 2007жыл №8, 24-25бет. 
4. «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал, 2009 жыл №1(43) 16 бет.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу қажет деп елбасымыз атап өткен болатын. Қазіргі заман талабына сай  Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың сөйлеу белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін енгізу бағытында құрылуы тиіс . 
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен гөрі оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдістеріне көшу керек. Бұл жобаны оқытуда   жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Мұғалімнің қоғам өмірінде алатын орны мен олардың атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең елжанды, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті.

Общая информация

Номер материала: 396992

Похожие материалы