Инфоурок Начальные классы Рабочие программыОқушылардың ғылыми жұмыстары. Жоба "Оралхан Бөкей: Аппақ қар және қалам"

Оқушылардың ғылыми жұмыстары. Жоба "Оралхан Бөкей: Аппақ қар және қалам"

Скачать материал

Аннотация

Бүгінде Қазақстанның мәдени дамуы Елбасы жолдауының басты бағыттарының бірі болып отыр. Ол мәдени мұрамызды сақтау, зерделеу және таратуды қажет етеді. Жас ұрпақтың рухани бай, мәдениетті, адамгершілігі мол, дербес ойлай білетін шығармашыл да жауапты тұлға болып қалыптасуына мәдени мұралардың тигізер әсері мол.

Мәдени мұраны тарату ғылыми ізденістерден бастау алады. Күнделікті өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ажырамас бөлігі ретінде ақын-жазушылардың шығармашылығына арқау болған өзекті тақырыптар кеңінен зерттеуді қажет етеді.

Тіл мәдениеттің негізгі элементі болғандықтан, төл тіліміздің бар байлығын, оның қыр-сырын тануда зерттеу әрекеттеріне жас ұрпақты қатыстыру- тіліміздің болашақтағы сара жолын айқындап береді. Тілмен бірге халықтың тұрмыс-тіршілігі өріліп жатыр.

       Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер тыныс-тіршіліктің барлық салаларындағы адам әрекетінің ұрпақтан ұрпаққа берілетін орнықты жүйесі ретінде қайталанбас даралығын сақтайды және халықтың жан-дүниесін көрсетеді. Жазушы шығармасы - халық тұрмыс-тіршілігінің айнасы.

Оралхан Бөкей шығармалары – біздің мәдени мұрамыздың бірі. Қазақ әдебиетінде өзіндік сара жолы бар, шығармаларынан туған өлкенің тыныс-тіршілігінің желі есіп тұратын жазушының өзіндік қайталанбас тіл өрнегі  зерттеуді қажет етеді. Жазушының тұлғалық бейнесін туған өлкесімен астастыра ашып, сын-сипатын тану зерттеу жұмысына арқау болды.

       

.

 

 

 

Зерттеу жұмысының мақсаты – Талдау, саралау негізінде Оралхан Бөкей шығармаларында қолданылған «қар» сөзін пайдаланудағы жазушының өзіндік ерекшеліктерін зерделеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері – Жас ұрпақтың сөйлеу тілін белсендіруге және жеке өмірлік тәжірибесін кеңейтуге ықпал ететін жазушының өзіндік сөз қолданысын қарастырып, мәнін ашу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі – Мәдени мұра ретінде Оралхан Бөкей шығармаларын насихатталуы аясында Қазақстандағы туризм бағыттарын  дамыту.

Зерттеудің болжамы – «Қар» сөзін сипаттауына қарай Қазақстандағы табиғат өзгешелігін суреттеуде  жазушы тілінің мәдениетін, нақтылығын, байлығын анықтайтындығы жөніндегі болжам алынды.

Зерттеу объектісі – Оралхан Бөкейдің табиғат құбылыстарын суреттеуі, қазақ халқының ұғымындағы «қар» сөзін түрлендіріп қолданған шығармалары

Зерттеу пәні – Қазақ тілі мен әдебиеті

Зерттеу әдістері – Талдау, бақылау, іс-тәжірибеде қолдану.

Зерттеудің жаңалығы – Зерттеу жұмысында жазушы тілінің өзіндік ерекшелігі сараланды.

Жұмыстың нәтижесі мен қорытындылар –Оралхан Бөкей шығармаларындағы тілдік қолданыстарды аймақтық компонент ретінде /сабақта, сыныптан тыс өмірде ,т.б./ кеңінен енгізу, оларды мағынасына қарай жұмсай білу керек деген қорытындыға келдім.

Іс-тәжірибеде пайдалану аясы –  сөйлеу тілінде пайдалану керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

I.            Кіріспе. Оралхан Бөкей-қазақ халқының тұрмысын суреттеудің шебері 1-бет

II.            «Қасқыр ұлыған түнде» және «Қар қызы» шығармаларындағы «қар» сөзінің ғылыми-көркем сипаттамасы.

II.1.                    Қар-табиғаттағы физикалық құбылыс._________1-бет

II.2.                    «Қар қызы» мен «Қасқыр ұлыған түнде» шығармаларындағы «қар» сөзіне троп пен фигура қолданысы ________2-5-беттер

IV. Қорытынды.......................................................................................5 -бет                                                                                          

V. Қолданылған әдебиеттер..........……  . . .………………………6-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе. Оралхан Бөкей-қазақ халқының тұрмысын суреттеудің шебері.

Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ұлттық әдебиетімізде шебер тілді жазушыларымыздың бірі Оралхан Бөкей болып саналады. Оралхан Бөкей өз шығармаларында қазақ  халқының тұрмыс-тіршілігін шынайы суреттейді.  Табиғаттың қыр-сырына жастайынан терең бойлай білген дарынды жазушы шығармаларын ерекшелендіретіні – табиғат суретін шынайы өмірмен байланыстыра сипаттауы. Қаламгер өз туындыларында халық тілінің бай қазынасын көркем түрде пайдалана білген.

Оралхан     шығармаларына  байланысты сыншы Т.Тоқбергенов:«Жас жазушының сөз саптауы, ой тастауы бөлек. Өзгеге көп ұқсай бермейді. Өздігімен өзгеше болып көрінгісі келеді екен. Даттарлығынан мақтарлығы басым. Қазірдің өзінде сыншы санайтындардың көбін елеңдетіп отырған жайы бар», – дейді [1;14].

 ІІ. «Қасқыр ұлыған түнде» және «Қар қызы» шығармаларындағы «қар» сөзінің ғылыми-көркемдік сипаты.

Қаламгер шығармаларында жалпы халықтық тілдің лексикалық байлығын шебер жұмсайды. Күнделікті қолданылып жүрген сөздер арқылы шындықты дәл көрсетіп, айқын да бейнелі, адамдардың ой сезіміне әсер ететін образдар жасайды. Соның ішінде «Қасқыр ұлыған түнде» және  «Қар қызы» шығармаларын оқи отырып, жазушының «қар» сөзін түрлі сипатта беруін аңғаруға болады.

ІІ. 1. Қар сөзінің ғылыми сипаттамасы.

Қар - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жауын-шашын. Су буының өзгеруі  нәтижесінде өте шағын (0,1 — 0,2 мм) кристаллдар үлкейіп, қар жұлдызшаларына айналады. Атмосферадағы турбуленттік қозғалыстың салдарынан ауадағы қардың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ қар (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа температурасы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыржай ендіктерден бастап солтүстіктің және оңтүстіктің жоғары ендіктеріне қарай жайласқан аймақтарда қардың көп түсуінен Жердің қар жамылғысы пайда болады. Қазақстан аймағында қар қазан-қараша айларынан бастап (қиыр оңтүстігіндегі жазық өңірлерін қоспағанда) түседі. Қар жамылғысының қалыңдығы солтүстік облыстарда 25-30 см, оңтүстігіндегі жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алатауында және Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді. Өскемен, Петропавл, Қостанай қалаларының төңірегінде қар 150-165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады. [2]

ІІ.2.  «Қар қызы» мен «Қасқыр ұлыған түнде» шығармаларындағы «қар» сөзіне троп пен фигура қолданысы

Оралхан Бөкей Қарлы Алтайдың қаһарлы қысын өз көзімен көріп, оның тамашаларына бала кезінен қанып өскендігі белгілі. Жоғарыда айтылғандай, Алтай аймағының батыс беткейіндегі Қатон - Қарағайда қар қалың түседі, қысы да ұзақ. Жазушы шығармасындағы оқиғалар өмірмен терең астасып жатыр. Шынайы суреттер арқылы жазушы табиғаттың сұрапыл мінезін шебер суреттеп, оқырмандарды өзі туып - өскен Алтайдың қарлы шыңдарына көз тіктіреді, шығарманың кейіпкерлерімен бірге толғандырады, тоңдырады.

Жазушы қыс суретін айнытпай беріп, әр адамға таныс бейнелермен астастырады. Сол сәтті өзің басыңнан кешіріп жатқандай боласың.  «Міне, ұрланып басталып жапалақтай жауған қар мәңгілік сабырмен аспан астын түгел жаулап алған. Аспан деп, баяғы ұғыммен айтамыз, әйтпесе аспан жоқ, мың-миллион — сансыз қар көбелектер ғана бір-бірін қуа жарысып, ойына келгенін істейді. Осыншалық ғажап, құлаққа қорғасын құйғандай тыныштықты Нұржан бұрын көрмеп еді. «Дүниеде қар жауған сәттегідей бейбіт те тыныш өмір бар ма екен?!»— деп ойлады жүзін аспанға қарата. Жыбыр-жыбыр қалықтаған қар жапалақтар бетіне асықпай келіп қонып, жылбысқалана еріп, суға айналып бетін айғыздап аға жөнеледі. Ептеп қытықтай ма-ау...».

Оралхан Бөкейдің тропты пайдалану шеберлігіне шығарманы оқи отырып куә боласыз.  Жазушы «жапалақтай жауған қар», «қар көбелектер», «қар жапалақтар» деп құбылтып шынайы  табиғат суретін береді.

Жазушы қарға жан бітіреді. Мысалы: «Алғашқы қар жапалағы Нұржанның ұзын кірпігіне келіп қона қалып еді, еріген жоқ, кірпігі қимылдаған сайын, қоса шошаңдап көбелекше жабысып тұр.», «Дүние жым-жырт. Қар қылғытып қойғандай».

Қар жауған кездегі адам қимылын беруде жазушы әбден тілімізге сіңісіп кеткен тіркестерді қолданады.  «Анасының ала құйын мінезіне әбден сыралғы болған ұлы ұлпа қарды омбылап жүгіре жөнелді.»

Қар сөзіне жаңа сипат, түр береді, әрлейді: «Жентек-жентек қар, көбік қар, аппақ шағырмақ қар, қыземшектенген қарлы төбе ,айнадай жарқыраған қар, қасаттанған қар, тышқан ізі түспеген тап-таза тың қар, көз суырар қар, шағырмақ қар, ақша қар».

 Сонымен қатар адам өміріндегі қайғылы сәттерді, адамның соңғы сапарға ақ кебінмен баратындығын, қыс мезгілінің қаталдығын жеткізуде «сұмпайы қар», «аппақ кебін қар» тіркестерін қолданған.

Жазушы өліге жан бітіріп, сөзбен шебер сурет салады. Мысалы:«Ғажап, қар ән салып жатқандай... ғажап, қар жанып жатқандай... Қар жамылған айнала күн сәулесімен шағылысып жанарды жейді. Аппақ қар әйнектей жарқырады - ай », «Қар қиыршықтары сабалап, тіпті қасқырша ұлыған үні құлаққа жеткендей болған».

Шендестіруді  қолдануда Оралхан Бөкей Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіндегі «Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» өлең жолдарының ізімен  «Қар — мұхит; трактор — кеме, үш батыр айқасқа шықты тілсіз жаумен» деп шеберлік танытады.

Оралхан шығармасында қар сөзімен тіркескен қайталаулар да жиі кездеседі: оған «Айнала аппақ қар», «ақ қар, көк мұз» тіркестері дәлел.

Шығармадағы кейіпкерлерді сөйлете отырып, табиғаттың адам өмірінің ажырамас бір бөлшегі екенін көреміз. «Қар қызы» шығармасында :Өлгенің құрғыр, аспан қарға айналып кетті ғой деймін; бас алдырмады ғой. Әлгі қарындасың сабағына әрең кетті қонышынан қар саулап. Таза киімдеріңді дайындап қойдым...»

«Кеңірдектен қар кешіп», «белуардан қар кешіп», «тізеден қар кешіп» сөз тіркестері қазақ халқының қар қалыңдығының өлшемін ғана емес, қыстыгүнгі жүрістің азабын, қиындығын да білдіретін тіркестер.  

 Жазушы шығармада буындарды қайталау тәсілімен «қарағанда, қар үстінде қарайған адамды» дей келе, сөйлемге динамика береді.

Қазақ халқы адамның жан сұлулығы, тән сұлулығын суреттегенде ауызекі де, жазба тілде де ақ қарға телиді. Оралхан Бөкей осы дәстүрді өз шығармасында «ақша қардай тазалығына», «ақ киімді, ақ шылауышты Қар- ана» деп жалғастырып әкетеді.

«Ол қыз қарға айналып кетіпті. Аппақ күміс шашы бар... (ойланып) иә, бейне бір қардан жасалғандай, сұп-сұңғақ, көз алдына аппақ қардан жаратылған ақ сүмбіле қыз елестейді» деген сөйлем көз алдымызға қаса сұлуды әкеледі, ертегі әлеміне жетелейді. Қар ханшайымы,  Ақшақар тәрізді кейіпкерлер санамызда жарқ ете түседі.

«Қасқыр ұлыған түнде» шығармасындағы қасқыр жеп кеткен қыз трагедиясын жазушы «Аппақ, күмісше жылтыраған аппақ қардың үстінде қап-қара төмпешікке айналып, мәңгілік сапарға, қайтпайтын сапарға аттанған Арайдың бейкүнә балапан рухы жатты» деп, бір ғана сөйлемге жұп-жұмыр етіп сыйғызады. «Аппақ, күмісше жалтыраған аппақ қар-қап-қара төмпешік» антонимдік қолданысы  шығарманың өн бойындағы кейіпкердің психологиялық толғанысын шебер бейнелейді.

«Қардан соққан аққаладай, ақша қардай, айнадай жарқыраған қар» теңеулері жазушының халық тілінен терең сусындағанын, бейнелі сурет жасау шеберлігін одан сайын аша түседі.

ІІІ. Қорытынды.

Қорытындылай келгенде, Оралхан Бөкей өз шығармаларында «қар» сөзін түрлендіре қолданып, ауыспалы мағыналы, көп мағыналы сөздердің,  омоним, синоним, антонимдердің, шығарма тіліне мәнерлегіштік, бейнелегіштік нәр бере отырып молынан пайдаланғанын байқадық. Жазушы оларды талдап, таңдап кейіпкердің образын сомдауда, мінезін ашу, портрет жасау, шығарманың идеялық көркемдік жақтарын жетілдіруде өмірлік тәжірибесімен астастырып қолданған. Жазушы халқымыздың бай қорын жан-жақты игере отырып, халық тіліндегі сөз қолданыстарын өз мақсат-мүддесіне орай дамытып, дүниетанымдық лексиканы көркемдік құрал ретінде алып айшықтандыра, жетілдіре пайдаланады. Қазақ халқының дүниетанымымен байланыстыра отырып, табиғаттың адамзатпен етене жақын екендігін дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 1.     Тоқбергенов Т. «Қос қағыс». –Алматы: Жазушы, 1981

2.     Бөкеев О. Хикаяттар. – Алматы: Ан Арыс, 2010. – 320 б

3.     Абай шығармалары жинағы, 2006. 23-бет

4. kk.wikipedia.org/wiki

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу күнделігі

Баяхмет Ерасыл

8-сынып оқушысы  Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі

 

Тақырыбы:  Желтоқсан оқиғасының басты кейіпкері-қазақ батыры  Қайрат

                      Рысқұлбековтың  ақындығы, Махамбет өлеңдерімен  сабақтастығы

 

 

 

     Мерзімі

  Атқарылған жұмыстар

Мұғалімнің ескертпесі

Қыркүйек-Қараша 2013ж

Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың өмірі, ақындық шығармашылығын талдау.

 Барлық материалдардың ішінен ең қажетті материалдарды  анықтауға көмектесу

Желтоқсан- Ақпан 2014ж

Махамбет Өтемісұлы өлеңдерін Қайрат өлеңдерімен салыстыру, сабақтастыру.

  Өлең құрылысын талдаға көмектесу

Наурыз-Сәуір  2014ж

 

 

Сәуір 2014ж

БАҚ материалдарын жинастыру, салыстыру

 

Зерттеу жұмысы жазу

 

 

 

Зерттеку жұмысын жазу үлгісін көрсету

 

 

 

Мектеп директоры ­­­­------------- ­­­­­   Джунусбеков Қ.Ж.                                              

 

Мұғалімі­­-----------------------------Байсеңгірова Д.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРАЛХАН БӨКЕЙ ПРОЗАСЫ ТІЛІНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Мақалада Оралхан Бөкей шығармаларының тілдік ерекшеліктері қарастырылған. Оралхан Бөкей прозасындағы ауыспалы мағыналы сөздер, көп мағыналы сөздер, омоним, синоним, антоним, фразеологизмдердің қолданылу мүмкіншілігін, мәтіндегі стильдік қызметін айқындаған. Тіліміздегі сөз қолданыстарды белгілі бір стильдік мақсатпен жұмсағанын мысалдар негізінде айқындап берген.

 

Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ұлттық әдебиетімізде шебер тілді жазушыларымыздың бірі Оралхан Бөкей болып саналады.

Сөзбен өрнек сала білген жазушы шығармаларында ауыспалы мағынадағы сөздер, көп мағыналы сөздер, омонимдер, синонимдер, антонимдер, фразеологизмдер молынан қолданылған. Қаламгер өз туындыларында халық тілінің бай қазынасын көркем түрде пайдалана білген.

Оралхан     шығармаларына  байланысты сыншы Т.Тоқбергенов:«Жас жазушының сөз саптауы, ой тастауы бөлек. Өзгеге көп ұқсай бермейді. Өздігімен өзгеше болып көрінгісі келеді екен. Даттарлығынан мақтарлығы басым. Қазірдің өзінде сыншы санайтындардың көбін елеңдетіп отырған жайы бар», – дейді [1;14].

Қаламгер шығармаларында жалпы халықтық тілдің лексикалық байлығын шебер жұмсайды. Күнделікті қолданылып жүрген сөздер арқылы шындықты дәл көрсетіп, айқын да бейнелі, адамдардың ой сезіміне әсер ететін образдар жасайды. Кейіпкер тілінде қолданылған эмоционалды- экспрессивтік бояуы басым сөздер қаһарман бейнесін сомдауға жұмсалған.

Оралхан Бөкей прозасы тілінің лексикалық қабаттарын төмендегіше топтастырып қарастыруға болады.

Ауыспалы мағынада қолданылған сөздер мәтін ішінде айрықша қолданылып, стильдік жүк артып тұрған тілдік элементтер екенін байқауымызға болады. «Шашты» деп аталар асудың үстіне шыққанда, мұқым ойпат: сонау Алтайдың күміс-шашпауындай ирелеңдей аққан Бұқтырма өзені; сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі түймедей қаз-қатар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл; сол ауылдың ара-арасын құр жіптей шуатыла жалғап жатқан жіңішке жол [2;9]. Енді, міне, бедірейген аспанның омырауы семіп, тамыз басталғалы да бір тамбай, жеркөктің апшысын қуырып тұр [2;9].

Көп мағыналы сөздердің қолданылу мүмкіншілігі сөйлем ішінде айқын көрінеді. Аспанмен таласқан заңғар асуды бауыздай бауырлап кетер қолдың тамырындай сан ирек, сан тарау соқпақты қуалап құлдай бастаған. Астындағы жол жорғасы бар көкбестінің алғашында құлағының түбі ғана жіпсіп еді [2;8].

Омонимдерді де жазушы прозасында ұтымды қолданып, олардың мағынасы мәтін ішінде ашыла түседі. Сол жолдың  үстінде шаңнан шашу шаша құйғытқан замана көлігі – машиналар – бәр-бәрінің үстінен тас лақтырсаң, тұтып қалардай тұнып тұрған қою мұнар омарташы жігіттің көз алдына әлдеқандай бір сыйқырлы сұлулықты елестеткен  [2;9].

Әлдебір талдың жапырағына ара келіп қонды. Қара жолдың үстіне ат тұяғы ойған шұңқыршада түк-түк аяғы дірілдеп біраз жатты да, жан тәсілімін берді [2;10].

Ерік алғашында жан-жағына жалтақтап қарап, тұла бойын қорқыныш па, әлде жан сыздатар жалғыздық па, - өзі де біліп, сезе бермес өзгеше бір мұңлы хал тұтқындап, өз үйінен өзі жерігендей жиіркене меңірейіп тұрып қалған [2;12].

Синонимдердің қолданысынан өзіндік сөз ойнатудағы ұтқырлығын айқын көреміз. Синонимдер ойды қайталамай, образды, әсерлі беруде айрықша қолданыстар болып табылады. Fалым Р. Сыздықова: «Синонимдер дегендер – тек мағыналас (мәндес) келген сөз қатарлары peтiндe лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әcipece көркем сөзде ең қуатты икемдi, актив стильдiк құрал. Синонимдi көрiктеуiш қызметте жұмсау, әcipece поэзияда кең орын алады. Жұмсау тәсiлдерi, орындары сан алуан: синонимдiк қатардан сол орында (сөйлемде, абзацта, шумақта, т.б.) айтылған ойға ұтымды келетiн варианты алынады, ол ұтымдылық сөздiң модальдық peңкiнe, тіркесу қабiлетiне, айналасындағы сөздер мен дыбыстық үндecyiнe қарай жұмсауына байланысты» [3; 28], - дейдi.  Ғалым пікірін жазушының төмендегі қолданыстарымен дәлелдеуге болады.

Қанжығасы қанданып, олжалы оралған күнді Ерікке көруге жазбапты [2;9]. 

Құлқынымызға құм түскендей қатал да қайырымсыз; ешкімге де, еш нәрсеге де сенбейтін сезімсіз «сергектік» жайлағандай еді бойымызды. Тек алға, алға ғана тура тартқан: жасықтық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қыңқ етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көк беттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба, деген күнәлі ой түрткілеп мазаны алар еді [2;11].

Еріктің әкесі ер мінезді, ақ көңіл, адал да атпал азамат болғанымен, үй шаруасына салақ [2;12].

Шешесі айтып отырады: «Ұлым менің әкеме тартқан пысық, қолы месекерлі. Бірақ, ...».  Әйнектен сонау ойда ордадай болып жатқан ел-жұртына көз салды. Кіндік қаным тамып, тұсауыңды кескен, балалығыңның бал дәурені өткен ата-қонысыңа атаңның құны бардай неге өшігесің? [2;13].

Жазушы антонимдерді қолданғанда тек салыстыру үшін ғана емес, табиғат адам арасындағы қарым-қатынасты, байланысты сабақтастыра отырып аша түседі. Шілде бойы шіліңгір ыстық басып, күнгей-күнгейдің шөбін күйдіріп, жаялықтай сарғайтып жіберіпті [2;9]. Сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі түймедей қаз-қатар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл; сол ауылдың ара-арасын құр жіптей шуатыла жалғап жатқан жіңішке жол [2;9].

Бұқтырмаға құяр бұлақ бастауын қардан алатындықтан да, жаздың жуан ортасында тісімізді зыр еткізер суықтығын сақтап қалған [2;10]. Тек алға, алға ғана тура тартқан: жасықтық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қыңқ етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көк беттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба, деген күнәлі ой түрткілеп мазаны алар еді [2;10].

Оралхан Бөкей – фразеологизмдердi мейлiнше мол қолданған суреткер. Қаламгер тiлiнiң лексикалық байлығының бiр қырын фразеологизмдер танытады.

Енді, міне, бедірейген аспанның омырауы семіп, тамыз басталғалы да бір тамбай, жеркөктің апшысын қуырып тұр [2;9].

Тонның ішкі бауындай араласып кетпегенімен, «Кемедегінің жаны бір» деп, көмектесе алмай тұрмайтын.[4;17]. Тіпті күңкілдеп, «әйелі жас болған соң қызғанады, шық бермес Шығайбай» екен десіп, жамандап та қойысады. [4;17]. Өзі де ұл-қыз өсіріп, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешіп келе жатқан азамат екенін аңғарту ма екен.

[4;18]. Барханның әйелі қой аузынан шөп алмас момын, өз шаруасына берік тұйықтау адам. [4;18]. Апама жездем сай осынау жұбайлардың белдеу-белдеу құмның арасына түтін түтеткеніне он бес жылдан асып бара жатса да, шәй десіп бірінің бетінен бірі алған кезі болған емес.[4;18]. Сол көрші Сейітқұл - күні кеше жап-жас елгезек жігіт еді, бүгінде құм санайтын қу болды. [4;19].

         Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей шығармашылығынан бедерлі сөзбен салынған көркем шындықты аңғаруға болады. Сөздің ажарын кіргізіп, әрлеуде жазушы қазақ халқының аса бай тілін орынды жұмсай білген. Оның ішінде ауыспалы мағыналы, көп мағыналы сөздердің,  омоним, синоним, антонимдердің, фразеологизмдердің алар орны ерекше.

Қорытындылай келгенде, Оралхан Бөкей өз шығармаларында ауыспалы мағыналы, көп мағыналы сөздердің,  омоним, синоним, антонимдердің, фразеологизмдерді шығарма тіліне мәнерлегіштік, бейнелегіштік нәр бере отырып молынан пайдаланғанын байқадық. Жазушы оларды талдап, таңдап кейіпкердің образын сомдауда, мінезін ашу, портрет жасау, шығарманың идеялық көркемдік жақтарын жетілдіруде және тағы басқа толып жатқан мүмкіндіктеріне сай етіп, белгілі бір стильдік мақсатпен қолданған. Жазушы халқымыздың бай қорын жан-жақты игере отырып, халық тіліндегі сөз қолданыстарын өз мақсат-мүддесіне орай дамытып, дүниетанымдық лексика көркемдік құрал ретінде алынып айшықтандыра, жетілдіре пайдаланады.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Тоқбергенов Т. «Қос қағыс». –Алматы: Жазушы, 1981

2.     Бөкеев О. Хикаяттар. – Алматы: Ан Арыс, 2010. – 320 б

3.     Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. -Алматы, 1998. – 207 б.

4.      Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар, бірініші том. Повестер. Алматы, 1994. – 496 б

 

http://notypage.ru/ping?v=1.2.17&q=wfj8ijhttp://sync.morgdm.ru/?src=s3

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушылардың ғылыми жұмыстары. Жоба "Оралхан Бөкей: Аппақ қар және қалам""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Аннотация

Бүгінде Қазақстанның мәдени дамуы Елбасы жолдауының басты бағыттарының бірі болып отыр. Ол мәдени мұрамызды сақтау, зерделеу және таратуды қажет етеді. Жас ұрпақтың рухани бай, мәдениетті, адамгершілігі мол, дербес ойлай білетін шығармашыл да жауапты тұлға болып қалыптасуына мәдени мұралардың тигізер әсері мол.

Мәдени мұраны тарату ғылыми ізденістерден бастау алады. Күнделікті өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ажырамас бөлігі ретінде ақын-жазушылардың шығармашылығына арқау болған өзекті тақырыптар кеңінен зерттеуді қажет етеді.

Тіл мәдениеттің негізгі элементі болғандықтан, төл тіліміздің бар байлығын, оның қыр-сырын тануда зерттеу әрекеттеріне жас ұрпақты қатыстыру- тіліміздің болашақтағы сара жолын айқындап береді. Тілмен бірге халықтың тұрмыс-тіршілігі өріліп жатыр.

       Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер тыныс-тіршіліктің барлық салаларындағы адам әрекетінің ұрпақтан ұрпаққа берілетін орнықты жүйесі ретінде қайталанбас даралығын сақтайды және халықтың жан-дүниесін көрсетеді. Жазушы шығармасы - халық тұрмыс-тіршілігінің айнасы.

Оралхан Бөкей шығармалары – біздің мәдени мұрамыздың бірі. Қазақ әдебиетінде өзіндік сара жолы бар, шығармаларынан туған өлкенің тыныс-тіршілігінің желі есіп тұратын жазушының өзіндік қайталанбас тіл өрнегі  зерттеуді қажет етеді. Жазушының тұлғалық бейнесін туған өлкесімен астастыра ашып, сын-сипатын тану зерттеу жұмысына арқау болды.

       

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 334 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.03.2015 3952
    • DOCX 43.3 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ниязбаева Динара Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 19417
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 827 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 197 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек