Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Ойын арқылы баланың тілін дамыту" баяндама
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Ойын арқылы баланың тілін дамыту" баяндама

библиотека
материалов

hello_html_eedb619.gifhello_html_m53ec415e.gifhello_html_23e98589.gifhello_html_2dae8bd7.gifhello_html_m29b7448b.gifhello_html_2fb434a5.gifhello_html_m3b2bcdea.gifhello_html_5f720353.gifhello_html_68cda212.gifhello_html_m6ad0a742.gifhello_html_f09ac39.gifhello_html_5ea9eb5d.gifhello_html_1a381562.gifhello_html_m5861be9e.gifhello_html_383e0647.gifhello_html_5d18f453.gifhello_html_db22efe.gifhello_html_36ce13fd.gifhello_html_30b7e786.gifhello_html_5f4bf77e.gif

Жоспары:



І.Кіріспе бөлім

Ойынның маңызы

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ойын түрлері

2.Сабақтарда ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру

ІІІ. Қорытынды бөлім
































Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.

Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді.Ойынға қиялдағы қатысушылармен

әңгімелеседі,өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі.

Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабі
летін қалыптастырады. Ғалымдардың айтуынша «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойын кезінде нашар оқитын оқушылар сабаққа деген қызығушылығы артып, сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды.Оқушы сабақта ойнап қана қоймайды, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете біледі.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.






Ойынға қойылатын талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.




















Ойын түрлері





Логикалық ойындар

Дидактикалық ойындар










Грамматикалық ойындар

Ұлттық ойындар











Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі

екі жауапты рөл атқарады




біріншіден, жаттығулар жасап, екіншіден, ұлт ойындарының ұлт ойындарын ойнаған кезде мазмұнын, ойнау тәртібін түсіндірген

дене дамуы жақсарады. кезде ұлттық әдет – ғұрпымыздан,

өткен өмірімізден хабар алады.







Ұлттық ойындар






«Он бір қара жұмбақ»

«Ақсүйек»





«Тоғызқұмалақ»










Байқағыштыққа, қырағылыққа, ерекшелігі есеп сұрақтарын

қою арқылы баланың ойлау батылдыққа, ептілікке, қабілетін дамытады

шапшандыққа баулиды.


«Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», «Ақ сүйек», «Тоғызқұмалақ», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болып, біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойындарының ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді.

Балалардың жиі ойнайтын «Ақсүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа, ептілікке, шапшандыққа баулиды. Ақыл-ойын дамытатын «Он бір қара жұмбақ» деген тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрі бар. Оның басты ерекшелігі есеп сұрақтарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да

рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады

Біз болашақ ұрпағымызға тілімізді ғана үйретіп қоймай, салт-санамызды,дәстүрімізді мирас етіп қалдырып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуына жағдай жасауымыз қажет.



Грамматикалық ойындардың мақсаты

Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейді.






Ізденімпаздығын арттыру



Шығармашылық қабілетін дамыту







Ой - өрісін кеңейту

Оқуға белсенділігін арттыру












Көңілді шумақтар

1-БІР

Же1 екен 1қазан:

Ке1 жемді 1қазан

1-ақ сәтте қойды жеп,

Кү1 етті:

«Тойдым»,-деп.

Естіп 1 кез дү1ді,

Жағадағы тү1ді

Паналауға жүгірді.

 


2-ЕКІ

Баласына ж2ріп,

Ұрсып жатыр К2лік:

2леніп с2ріп,

Алып қапсың «2лік».

2ншілей «2ңді»

Көрсетпе!-деп ж2ді.

К2рейіп баласы,

2ленбей таласып,

«Жоймасам ба 2мді!»

Деп б2нген с2лді.

 

3-ҮШ

3 тентек баласы

3інші кластың 

Допқа 3і таласып,

К3терін сынасты.

Бір допты кішкене

3еуі ап құшаққа,

Барынша к3ене,

Тартысты 3 жаққа...

3 досқа 

Үйшікте

Жатқан кеп к3ікте,

Тұмсығын 3кілдеу

Көтеріп, т3кірді.

«Жағдай м3кілдеу»,-

Дегендей, 3 үрді-

Өзінше 3 досты

Басқансып «3кірді».

 

 5-БЕС

 «Тебесің,-деп,-қойларды»,

5ті айғырды қораның

Тө5іне лақтырдым.

5 аспап батырмын.

Сен5ең, сұрағын:

5іктегі бөпемнен,

5 жастағы көкемнен.

 

6-АЛТЫ

 6 бала ел с6н баққан

Тепті ұзақ күн 6бақан.

Бөсті бізге 6ш тым:

-Тұрмаушы едім қ6тырап,

Б6қта көп м6дым:

Жауырыным ж6рап,

Көрінбейтін б6рым.

 

 

10-ОН

 10 бала қоршады

10ыншы вагонды,

Т10 әкеп қарсы алды

Ағайды пог10ды.

Құрметті бұл қ10ақ

Ауылға ж10дағы,

С10арда ол болмақ

Аңшымен с10дағы.

 

АДАСҚАН АТАУЛАР

 

Қолына алып қаЗықты

Ашқарақ асқа асықты

 

Жарасқа бәрі күліпті.

Жазда еСік киіп жүріпті

 

Көпен қатты ысқырды,

КепСерлерді ұшырды.

 

Балық аулай барғанмын мен,

Шортан ілдім Бармағыммен.

 

Қол бұлғайды балалар,

Келеді ұшып тырМалар

 

Атам шАпан байырғы

Қойын кері қайырды

 

 КЕРІ ОҚЫП КӨР

«УА!»-десіп отырар

Кейде үлкендер білсендер

«УА!»-дан тағы сөз туар,

Кері оқып көрсеңдер.

 

«АУ!» болады ол сөзін

Екі әріптен тұрады-

Көріп жүрген күнде өзің

Балықшының құралы.

 

«СҮТ»-сүйікті тамағың,

Теріс оқып қарағын:

Кейде ұйқыда көретін

«ТҮС» боп шығар жаңағын.

 

Көп қой ыдыс түрлері,

«КЕСЕ» деген және бар.

Көп жүк артып жүреді,

«ЕСЕК»-күшті жануар.

 

 Оңға қарай оқысаң,

ҚАМЫТ-әбзел бұйымы.

Солға қарай оқысаң,

ТЫМАҚ –қысқы киімін.

 

 

 ШАРАДАЛАР

Бас буынмын-батырмын,

Зат есіммен келесі

Талай асқа батырдың.

Біріктіріп екеуін,

Елімде ағып жатырмын.

(Ер-тіс)


Бастайтыным -сан

Неше?

Қостайтыным-бір мүшең.

Енді келер жалғасын

Асқа күнде саласың.

Бәрін қоссаң,

Табасың 

Қазақстан қаласын. 

(Екі-бас-тұз)


Бір бөлігі-сын есім,

Екіншісі-топырақ.

Біріккенде,

Білесің 

Атын үлкен атырап.

(Қызыл-құм)

 

 

 


АНАГРАММАЛАР

Жылқышының қолында-

«Ұ» әрпімен,

Ондық саны тобында-

«Ы» әрпімен. 

(Құрық-қырық)

 

«С»-мен айтсаң,

Тағам ішем онымен.

«З»-мен айтсаң,

Қағам жерге оны мен.

(Қасық-қазық)


«Ж»-дан бастасаң,

Жыл мезгілі болады.

«Қ»-дан бастасаң,

Құсқа айнала алады.

(Жаз-қаз)


«Қ»-мен егер бітірсең,

Ыдыс-аяқ ол бірі.

«Н»-мен егер бітірсең,

Балықтың ол бір түрі.

(табақ-табан)

 


ҰЙҚАСЫН ТАП

Мына тұрған арғымақ,

Мінем оған...

Тістемейді, теппейді,

Бос қойсам да...

 

Мына тұрған тайлағым,

Келмейді оны...

Сирақ, мойын көрік деп,

Жүр жирафқа...

 

Мына тұрған торайым,

Танауына...

Шалшыққа кеп аунайды,

Нас баладан...

 



 

 

 

Дидактикалық ойындар – оқушының ой - өрісін дамытып, есте сақтаумен қатар, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге өте әсер етеді. Сауат ашу сабағында дидактикалық ойын түрлерін пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың ой - өрісін, тілін, сөздік қорын дамытуға әсер етеді.


Дидактикалық ойын





Оқушының ой - өрісін дамытады

Сөздік қорын молайтады







Есте сақтау қабілетін арттырады









Ойлау процесі жақсы дамыған бала көптеген заттар мен құбылыстарды талдап, бір-бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып, оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Осы ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға арналған көптеген шығармашылық тапсырмаларды пәндердің ерекшеліктерін байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы нәрселерді біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде олардың ойлау қабілетін дамытады.

Шығармашылық тапсырмалардың басым көпшілігі дидактикалық ойын ретінде ұйымдастырылғандықтан дамыту сабақтарының мазмұны балаларға тартымды және қызық түрде келтіріледі.

Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын мәселелердің негізгісі – оқушылардың әрқайсысының өзіндік қабілетін, мінезін танып, жетілдіріп, сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу.
Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін шыңдау ұстаздың басты міндеті.
Жүйелі түрдегі әрекет мақсат еткен нәтижеге жеткізеді және одан шәкірт рухани қуат алып, ақыл - ой еңбегінің дағдысын қалыптастырады.
Берілетін білімнің беріктігі шәкірттің шамасына лайықтылығы мен жүйелілігіне байланысты, оқушының көңілін әр нәрсеге алаңдата бермей, олардың зейінін нақты бір мәселеге тиянақты бағдарласа, математиканы игерту нәтижелі болмақ.
Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды.
Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олар «Ақ сүйек», «Поезд құру» , «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені құрастыру», «Артығын табу», «Не жетіспейді» т.б. түрлері кеңінен қолданып келеді. Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңістікте орналуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі өте үлкен.



«Поезд құру»



«Теңге ілу»

Дидактикалық ойын түрлері













«Не жетіспейді»

«Гүл сыйлау»











«Бейнені құрастыру»



«Артығын табу»











Бейнені құрастыр

Ойынның тәрбиелік мәні: Қиылған әр түрлі геометриялық фигуралардан белгілі бір бейнені құрап жасауға үйрету. Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.

Қажетті көрнекіліктер: Тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, үлкен-кіші көлемдегі дөңгелектер, әр түрлі көлемдегі төртбұрыштар, балалардың іс-әрекетін бағыттауға арналған үлгі суреттер.

Ойын ережесі:

а) Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын балаларға ойланта білу;

ә) бейнені белгелі бір затқа ұқсата құрастыру;

б) егер оның бір немесе бірнеше бөлшегін өзгертсе, басқа қандай бейне шығаруға болады?

Ойынға басшылық:

Мұғалім желкенді қайық, аққара т.б. формалар мен түрлі-түстерден жасалған қиықтардан жапсырып жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың құрлысына, неше бөліктен тұратынына, қандай пішіндерден құралғандығына және түстеріне назар аудартады. Осындай пішіндердің барлық түрі, көлемі жағынан да әр түрлісі өз қолдарында болу керек.

Тапсырма:

Алдыларыңда жатқан қағазда және тақтада ілінген үлгілерде бірнеше фигуралар бар (пішіндер).

Осы пішіндерден қандай бейне құрап жасауға болатыны ойланыңдар.



hello_html_m2246a7c6.jpg

hello_html_36ebdbc2.jpg

hello_html_m7035a3bd.jpg

Осы және басқа фигураларды құру арқылы баланың бейнелік, бейнелі - сюжеттік т.б. ойлау түрлері қалыптасады.

Заттар мен құбылыстардың ара қатынасы, олардың кеңістікте орналасуы т.б. көптеген ұғымдарды меңгеруіне мүмкіндік туады.

Осы жерде мысалы ретінде балалардың құрған фигуралы үлгісінде желқайық, арба, адам, үй фигураларын келтіруге болады.

hello_html_fa038dd.jpg

hello_html_m1f9275d7.jpg

Осы сияқты көптеген фигураларды жасау арқылы балалардың сәйкестіктерді анықтауы қалыптаса бастайды. Ол ойлаудың қалыптасып келе жатқанының белгісі болып табылады. Жасалған фигуралар үй тұрмысында қолданылатын заттар, құрақ көрінісі т.с.с. көптеген балалардың шығармашылығын көрсететін нәрселер болып келді.

Шығармашылық ойындарды қолдау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды жыл мезгіліне байланысты түрлендіруге болады. Көктемде «Әдемі гүлдер» ойынын жүргізген өте тиімді.

Ойынның тәрбиелік мәні:

- әдемі гүлдердің суретін салуды, бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгеруді үйрету;

- қиылған ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс гүлді құрастыру;

- гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңістікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру;

Қажетті көрнекіліктер:

- әдемі гүлдер суреттері;

- қиылған әр түрлі, түсті, ұсақ қиындылар;

- құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қажет;

- тақта

Ойын ережесі:

а) гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндер таңдау;

ә) түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, өздері білетін гүлдер жасау;

б) гүлдер жайында білетін өлең-тақпақтар, жұмбақтарын айтып, өсімдікті әсерлеу.

Ойынға басшылық:

Бұл ойында балалардың айналадағы өмірден, қоршаған ортадан өсімдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады.

Сабақтың басында бұрынғы сабақтарда суретін салған заттардың формаларын, оларды үйлесімді құру тәсілдерін ойға түсіріп, қайталау жүргізу қажет. Сонан соң келесі гүлдердің құрамды бөліктері жеке-жеке салынған карточкалар таратылып беріледі. Осы бейнелерді оқушылар қиып алып, бөлшектерді құрастыру арқылы гүлдерді жасау тапсырылады.

Тапсырманы орындау барысында балалардың шығармашылығын одан әрі дамыту үшін тек берілген фигураларды ғана қолданбастан, әр бала өз қиялындағы табиғаттың көптеген көріністерін есіне түсіріп, тіптен тәжірибесінде болмаған, фантастикалық өсімдіктердің гүлдерін де салуына мүмкінішілік берген дұрыс. Нәтижесінде кейбір балалардың суретінде ғажайып бақ, онда өсіп тұрған гүлдер табиғатта кездесетіндерге ұқсағаны мен өзіне тән кейбір ерекшеліктермен сипатталатын болып шығуы әбден мүмкін.

Шығармашылық тапсырмалар ата-аналарының шаруашылық жұмыстарымен, орындайтын қызметімен, отбасында қолданылатын тұрмыстық бұйымдардың көркемделуімен байланысты болуы да мүмкін. Тақырыбы қанша қилы болса, оның баланың шығармашылық ойын дамытуға тигізетін әсері сонша әсерлі болып келеді. Осы мәселені ескере отырып сабақтағы тапсырмаларды сабақтан тыс өткізуді жалғастырып, баланың ойлау қабілетін одан да терең дамытуға болады.

hello_html_3515c434.jpg

hello_html_6114d4c3.jpg



Мысал ретінде балалар орындаған жұмыстың үлгісі.

Бұл тапсырма арқылы балалар заттың құрамды бөліктің кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдауы және бейнелі ойлау қабілеті дамиды.

Қазақ тілі сабағында дыбысты дұрыс қабылдауы және оның жазылуын ұштастыру үшін:

1. «Дыбысқа саяхат жасау» тәсілін қолдануға болады. Осы тәсіл арқылы баланың ойлау қабілетінің тағы бір көрінісін дамытамыз.





2.

hello_html_1413bfd3.jpg

шо...ер, ши...ер, ...утбол, т.с.с. сөздерді қолдану арқылы ф дыбысын дұрыс айтуға үйрету жұмысы жүргізіледі.

Ойынның шарты:

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті тауып қою.

Мақсаты: Жаңа әріпті қолданып, үйрену.

«Ақсүйек» ойыны (Белгісіз санды табу).

Дидактикалық мақсаты:

Белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға, жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.

Мазмұны:

Ойынға сынып толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса, ол бала «ақсүйекті» көрмей одан әрі қарай аттап кетеді. Сабақтың үстінде жүргізгенде бұл ойынды ойша шешетін болса, бұл ойынды қолдану арқылы балаланың қимыл әрекеттерін де қалыптастыруға мүмкіндік туады.

«Поезд құру»

Поезд - паравоздан және мысалдар жазылған вагондардан тұрады. Мұғалім мысалдарды есептен шыққанда ол вагонның номерлері болатынын түсіндіреді.

hello_html_m3d56aa16.jpg

Ойынның мақсаты:

Қосу және азайтуды есептеуге дағдыландыру және баланың ауызша есеп шығаруға қабілетін дамыту.

Бірінші сыныпта онға дейінгі сандармен Математикалық амалдарды үйрету барысында «Баскетбол» ойынын, «футбол» ойынын тағы басқа топпен ойнайтын қызықты ойындар түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол.

hello_html_m6d39de9b.jpg

Ойын шарты:

Сандарды есептеп, «10»-шы доптарды қызылмен, «9»-жасылмен боя. Қай доп қай сеткаға түседі?

Доп пен сетканың түсі бір-біріне сәйкес келуі керек. Бірінші тапсырма орындалғаннан соң екінші ретте сегізінші допты қызылмен, жетінші допты жасылмен бояу керек. Ол доптағы есеп шығарылып, балалар ұпай жинайды.

«Алма теру» ойыны.

Мақсаты:Бір таңбалы сандарды қосу және азайтуды үйрету, ауызша есепке дағдаландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Керекті құралдар:Алма бағының суреті, магнит тақтасы, жеке-жеке орналасқан бірнеше алма жемісінің суреттері және оларды теріп салуға арналған себеттер.

Мазмұны: Магнитті тақтаға үлкен алма ағашының суреті ілінген. Ағашта ілінген алмалардың орнына алма жемісінің суреті салынған карточкалар ілінген. Ойын барысында балалар тиісті карточканы үзіп алып, оны тиісті себетке салып отырады. Себеттің сыртына нәтижелері жызылып койылады. Балалар өздері қалаған себеттерін таңдап алып, соған тиісті алманы салып отырады. Ойынға бір сәтте 5-6 бала қатысады. Немесе бүкіл сынып болып қатысуға да болады. Себетті кім бұрын толтырса, солар мұғалімге сол сәтте тапсырады.

Бұл ойында тапсырмаларды орындау барысында баланың табысты болуға құмарлығы артып, ол барлық алдында тұрған қиындықтарды тайсалмай орындауға бел байлайтындай қасиет біртіндеп дамиды.

Әдебиеттік оқу және қазақ тілі пәнінен мына ойындарды қолдануға болады.

«Кім жылдам?» ойыны
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық

«Дыбыс таңдау ойыны»

Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.

«Адасқан әріптер»ойыны
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- ағаш

«Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда.... Ұшқанда

«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?

«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.

«Ойлан тап»ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбө
кен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған.

«Ұйқасын тап ойыны»

Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі

«Жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
(Адамның баласы бол)

«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 - қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.

«Сөзді аяқтап көмектес»
Мақсаты: есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.


«Дыбыс қайда тығылды»
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын мұғалім сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстың орнын анықтау керек.


«Тізбек »
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан


«Суретті тіз»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер.
Ойын барысы: Мұғалім оқушылардың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ
(П) – пальто, піл, пияз, парақ, парта. Т.б

«Дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Мұғалім суреттер ді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіріед

«Керікті сөзді көрсет және ата»
Мақсаты: Есту зейінділігін, қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с – з, с – ц, ш – ж, ч – щ, с – ш, з – ж, ц – ч, с – щ, л – р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
«Кім жақсы тыңдайды?»
Мақсаты: Есту зейінділігін, қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеп үйрету.
Ойын барысы:Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырынмен, тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату
Сөздер: айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.


«Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?»
Мақсаты: қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.
Ойын барысы:
Мұғалім үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.


«Сөздегі соңғы дыбысты айт»
Мақсаты: қабылдауын дамыту.
Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )
Ойын барысы:
Мұғалім суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды.











Математика пәніне арналған ойын түрлері


«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі.

«Біреу және көп»
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Мұғалім балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
«Шаршы құрастыр» Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).

«Зат неге ұқсайды?»

Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
Геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
«Айырмашылығын тап»

Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
«Біреуі артық»
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.
Мазмұны.
Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.
«Сипап сезу арқылы санау»
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
«Сөзді керісінше ата»
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту.
«Аңдарды қоректендір»
Мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.
Мазмұны.
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті мұғалім үстеліне қойылған.
«Сандар шатасты»
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.
Балалар көздерін жұмады.Мұғалім сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды.Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.
«Адасқан цифрлар»
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: 2, 4, 6, 7, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.
«Суретші қай жерде қателесті?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету.
Ойынның мазмұны.
Суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.
«Өз орныңды тап»
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдерін нақтылау.
Балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып береді. (балалар цифрлар болады). «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтасымен балалар тез бір қатарға тұра қалады. Қалған балалар «цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексереді. Содан кейін мұғалім бірнеше баладан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрайды.














Логика  -ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.Оқушының логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген:«Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау – жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».

Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегімен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық тапсырмалар









Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады

Белсенділікке тәрбиелейді











Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады.Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді.Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып,логикалық есептер оқушылардыңжас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Логикалық жаттығулар:

1.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен

Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың

әрқайсысының әкелерінің аты кім?

(Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)

2. Үш ағайынды.

Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал арманнан, ал Аян

Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім?

(Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)

Қызықты әзіл-есептер.

1.Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

3.7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?

Оқушының логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі:

«Артығын анықта»



http://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=http%3A//rudb.org/img/2008_09/i48ca8494041a0.jpg&mb=imgdb_preview_999http://izhcitylife.ru/wp-content/uploads/2012/09/Neyasyit.jpghttps://lh6.googleusercontent.com/6ZVeMdroAgtomoYeIvaLPeWCudTiiesITF2xfvO4immg6N_--tLxuxYE40aY6bL9fA68XVXoijOze8P-FcYgKcHRMr0i3NSXfNfVEzTZzyfNVmSUMlAGUg7b_QfcYgr0cDzDAFTIWgA



https://lh6.googleusercontent.com/YqVrBYczztSLQmc3nZlLpVdIhk8PIEE9ohjrmV70dCuWJfYPocWvLDaoKFg3uQovB6daEJvZvvF4l-YsyBZ1oC7tloWAq3csfzLNFawNRUVWXA7AstoqCfwPvsU4rCQ-AJhN8yma0GEhttps://lh4.googleusercontent.com/O5J-VtJMN76DuioQITBy-XKrYThWdeIV0XBRPWQcS4a7d0WUpm2dXfehZFaCRo2hEODhFlfRrhUS9NnnTYFfhXtSBaCiRsV5FX7pjrHTjcrfg21Qw8eyfZTFoYznSnPvKpsRwAHjhf4









 








Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындардың сабақтарда атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор. Сондықтан сабақтарда ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді.Кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабі
летін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Олай болса жас бүлдіршіндерді оқытуда
Оқы да біл,
Ойын - еңбек.
Ойна да күл,
Ойын - оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.



















ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.
Жарықбаев.К.Психология Алматы-1993
2. «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты». – Алматы: 1997ж С. Исаев

3. «Қазақстан-2030» жолдауында, «Білім туралы заң»

4. Қазақтың ұлттық ойындары

5.12 жылдық білім журнал №4, 2006ж














































Мақсатым: Сабақтарда ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру. Баланы есте сақтау қабілетін дамыту арқылы жаттықтыра отырып, жоғары нәтижеге жеткізу.

Міндетім: 1) баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру;

2) ойын арқылы оқушыны ойнай білуге, сөздік қорын молайтуға ықпал ету;

3) ойын арқылы оқушының қоршаған дүние туралы түсінігін қалыптастыру;

Болжамым: оқуға деген белсенділігі, қызығушылығы, ойлауы тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Ойын арқылы есте сақтауы артады.










































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров907
Номер материала ДВ-442861
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх