Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Ойын арқылы оқыту технологиясы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Химия

Ойын арқылы оқыту технологиясы

библиотека
материалов

Тақырыбы:Ойын арқылы оқыту технологиясы

Жоспар:

  • Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаттары, міндеттері және теориялық негіздері.

  • Ойын арқылы оқыту технологиясының мәні.

  • Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері.

  • Ойын технологиясын ұйымдастыру.

  • Химия пәнінде ойын арқылы оқыту технологиясын қолдану.

Окушыларды тәрбиелеудің, оқытудың және дамытудың көне тәсілдерінің бірі-ойын болып есептеледі. Жинақталған тәжірибені аға ұрпаққа берудің бір тәсілі-ойын арқылы беру. Оның көмегімен оқу, өмірлік проблемалар жағдаяттарын модульдеу және ойындар іс-әрекетінің нақты проблемалар мен қатынастар (экологиялық, саясаттық, әлеуметтік, экономикалық) төңірегінде жинақталуына мүмкіндік бар.

Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс-әрекетінің түрі. Оқу процесіне ойынның енгізілуі химия пәніне оқушылардың қызығушылығын едәуір арттырады, эмоциялық сезімдерге тола жағдаят туғызады және оларды іс-әрекетке ынталандырады. Ойын мезеттері кез-келген сабақта әр қилы, қызық сәттерді туғызып, эмоциялық бояу береді. Ойын барысында оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасады. Сондықтан да В.В. Сериков ойын арқылы оқытуды жеке тұлғаға бағытталған оқу технологиясына қосады.

Ойын кезінде оқушылардың арасында ортақ байланыс түзіледі, бір-бірімен жарысу белгілері оқу процесін белсенді жүргізуге және химия пәніне танымдық туғызушылыққа баулиды.

Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері:

  • Мақсаты мен мазмұны оқытуға сәйкес келуі;

  • Технологиясы көрнекі және құрылысы қарапайым болуы;

  • Түсінікті болуы:

  • Жүйелі түрде қолдану және түрлі кезеңдерде қиындату;

  • Ойын іс-әрекетінің әр қилылығы;

  • Ойынды әдістемелік қамтамасыз ету, құралдар мен әдістемелерді тиімді үйлестіре білу;

  • Қатынасты, ынтымақтастықты дамыту және эмоциялық климатты қамтамасыз ету;

  • Ойынды ұйымдастыру мен жүргізуде оның сценарийін алдын-ала дайындау және оқушыларды белсенділікке тарту.

Ойын арқылы оқыту технологиясының концептуалды негіздері.

Химияны оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс- әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады.

Ойын іс- әрекеті оқытудың әртүлі функцияларын іске асырады. Олар - тәрбиелік, дидактикалық, дамытушылық, әдістемелік, психологиялық.

В.В. Николинаның жүргізген зерттеулері ойын арқылы оқыту технологиясының келесі компоненттерін анықтайды:

  • мотивациялық;

  • бағдарлық;

  • мақсаттық;

  • мазмұнды-операциялық;

  • құндылықты-жігерлі;

  • бағалау;

Жоғарыда қарастырылған ойын компонттері бірнеше құрылымдық элементтерден тұрады. Зерттеушілердің көпшілігі элементтердің мынадай құрылымын белгілейді: ойын мақсаты, ережелері, ойын жағдаяттары, көріністер, ойын іс- әрекеті, нәтиже (l2- кесте).

l2- кесте. Ойын арқылы оқыту технологиясының компоненттері

Ойын технологиясының компоненті

Ойынның құрылымдық элменттері

Мотивациялық


Бағыт сілтейтін элемент, оқу жағдаяты

Бағдарлы-мақсатты

Ойын мақсаты

Мазмұнды-операциялық

Ойын ережесі, ойын әрекеті

Құндылықты-жігерлі


Бағалау

Ойын нәтижесі


Ойын технологиясын жіктеу.Жіктеудің бірнеше түрі бар. Біз дидактикалық ойындарды жіктеуді қарастырайық (14- сурет):
















l4-сурет. Дидактикалық ойындардың жіктелуі

Дидактикалық ойындардың жүргізуге қойылатын талаптар:

  1. Ойын тақырыбының сабақтың мақсаты мен тақырыбына сәйкес келуі.

  2. Ойынның мақсаты мен бағыттылығының нақтылығы мен анықталғандығы.

  3. Ойын нәтижесінің қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін маңыздылығы.

  4. Ойын мазмұнының шешілетін мәселенің сипатымен сәйкес келуі

  5. Ойында қолданылатын әрекеттердің түрлері,күрделілік сипаты бойынша күшті болуы.

  6. Ойынға қатысушының ойы мен пікірінің қол жетімділігі және түсініктілігі.

  7. Ойынның стиумдық сипаты.

  8. Ойын ережелерін шектеулерінің нақтылығы мен біртектілігі.

  9. Оқушының ойын іс-әрекетінің нәтижесін реттеу мен бағалаудың ортақ тәсілдері.

  10. Ойын барысы мен нәтижесін реттеу мен бағалаудың ортақ тәсілдері.

  11. Қарым-қатынастың жағымды психологиялық климаты.

  12. Жекелік белсенділік пен шығармашылық үшін кеңістік.

  13. Ойын қатысушыларының арасындағы жарысқа деген белсенділік элементінің міндетті болуы.

Жаттығу сабақтары сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Бұл түрлі сұрақтар, сөз жұмбақтар, ребус, чайнворд, бас қатырғыштар, жұмбақтар және тағы басқа.

Саяхат ойындары.Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізуге болады. Ойында оқушылардың белсенді болуы-ауызша әңгімелеуден, сұрақ – жауаптардан, олардың жеке пікірлері мен ойлары арқылы көрініс береді.

Сюжеттік (рөлдік) ойын.Ойын жаттығулары мен ойын - саяхаттан белгілі -бір жағдайды сипаттап, баяндап беруімен, қатысушылардың белгілі -бір рөлге енуімен ерекшеленеді.

Ойын технологиясын ұйымдастыру

Ойын арқылы оқыту технологиясы бір-бірімен байланысқан үш кезеңнен тұрады: дайындық, ойынды жүргізу, қорытынды кезеңдер.

Бірінші кезең. Ойынға дайындық. Оқушылардың ойынға дайындығы 3-4 апта бұрынбасталады. Осы кезеңде мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырады: тақырыбын, жоспарын, қажетті әдебиеттерді, ойын шартын, қарастыратын проблемалар шеңберін айтады, рөлдерді бөледі, кеңес беруді ұйымдастырады.

Екінші кезең. Ойынды өткізу. Ойынды жүргізудің қажетті элементі эмоционалдық екпін және ойынға қызығушылықтың болуы. Осыған орай ойын өтетін бөлмені мұқият безендіру (және әр түрлі оқытудың техникалық құралдырын пайдалану) ерекше жағдай тудырады.

Ойын барысында проблемалық жағдаят шешімін табу керек. Мұнда пікірталас және диалог сияқты тәсілдерді жиі пайдаланған абзал.

Үшінші кезең. Ойын қорытындысын шығару. Мұнда оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейіне, өзіндік шығармашылық ойлауына, сенімнің

Қалыптасуына басты назар аудару керек. Мұғалім ойынның нәтижесінде жеткен жетістіктері мен қатар байқалған кемшіліктерді де атап өткен жөн. Сонымен қатар, ойынға баға беріп, марапаттау да оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыруға дем береді.









Әдебиеттер

  1. Сериков В.В. образование и личность. Теория и практика интегрирования образовательных систем. М.,1999.

  2. Кулинич Г.С., Николина В.В. Географические игры в обучении и воспитание учащихся. Горький ,1990

  3. Обучающие игры по химии и методика их проведения. М.,1980

  4. Кавтарадзе Д.Н. Обучение и игра . Введение в активные методы обучения. М.,1998

  5. Шакирова С.М. дидактические игры в процессе обучения.// Химия в школе.-2010,№8















13 лек.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы


  • Сын тұрғысынан ойлауға түсінік

  • Сын тұрғысынан және шығармашылық ойлаудағы өзара байланыс

  • Технология алгоритмдегі үш кезең ( фаза)

  • Технологияның тәсілдері және оларды химияны оқытуда қолдану

  • Рефлексия- технологияның негізгі көзі.


Жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стиль, К.Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез- келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыружолдарын және нәтижесін білу, оларды өз мүмкіндігіңе, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатыңа пайдалана білу.

Технологияның мақсаты- барлық жастағы оқушыларды кез- келген мазмұнғасын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта уйрету.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- ой қозғай отырып, оқушылардың өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жасау. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.

Ол ортада оқушы:

  • Ойлауға үйренуге.

  • Өзара пікірлерімен санас біледі.

  • Әр оқушыға сын тұрғысынан ойлауды қабілеті бар екендігіне сенеді.

  • Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жұмыс жүйесі

Практикалық іс-әрекетке Қажет болса көзқарас

бөлу өзгерту


Білім іскерлік дағдыны Ой айтуға үйрету

қалыптастыру


Басқаларды тыңдау Әдістері


Белсенділік Қарым-қатынас жасауға

үйрету




Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан оқушы:

  • Нақты мақсат қоюға дағдыланады.

  • Өзіне деген сенім артады.

  • Оқу процесіне белсенді қатысады.

  • Жолдастарының пікірін сыйлайды.

  • Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.

  • Айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады.

  • Сараптауға, бағалауға дағдыланады.

  • Пәнге деген қызығушылығы артады.

Сыни ойлау бұл:

  • қызығушылықты көрсету

  • зерттеу әдістерін қолдану

  • өз алдыңа сұрақ қою

  • сол сұрақтың жауабын іздеуді жоспарлау

  • деректердің себебі мен салдарын ашу

  • көпшілік қабылдаған ақиқатқа күмәнмен қарау

  • өзіндік көзқарасыңды логикалық пікірлерімен дәлелдеу арқылы сақтап қалу

  • қарсыластың дәлелдері мен логикалық мәніне көңіл аудару.


Сыни ойлау туралы Ресейде П.Ф. Каптерев (1849-1922) «... бала мұндай ойды тудыру арқылы, өздігінен жаңа білімді қабылдап, игере алады. Ойлаудың реттілігі мен мақсаттылығы, өзге және өзіндік ойларға, теориялық болжамдарға, бақылаушылық, өзіндік жұмысқа дайын болуға сыни қарым – қатынас қалыптастыру» деген.

СТО мен дамыта оқытудың 1) мақсаттары 2) міндеттері, 3) әдістері, 4) алынатын нәтижелері бойынша жақын екендігін байқауға болады.

Сын тұрғысынан оқыту- жеке тұлғаға әсер етеді:

  • танымдық үрдістеріне

  • еріктік үрдістеріне

  • сезімдеріне.

Екінші кезеңде оларды талдап, топтастыру қажет. Маңыздылығы бойынша топтастыпу нәтижесі;

І Әдістердің түрлілігі

ІІ Белсенді практикалық іс – әрекетте болу

ІІІ Басқалармен қарым- қатынас жасай білу, басқаларды тыңдай білу.

ІҮ Қажет болса өз көзқарасыңды өзгерту

Ү Топтық тұжырымға келе білу.

ҮІ Топ алдында шығып, өз тұжырымыңды айта білу.


Сын тұрғысынан ойлау 4 бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалаулаларын басқалардан тәуелсіз құратын болады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Саналы дәлелдер арқылы жаңалық ашуға бейім келеді.


Ойлау түрлері, оны химия пәнін оқып- үйренуде қалыптастыру және дамыту

Ойлау дегеніміз- әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі.

Ойлауды дамыту- оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлау түрлерін жіктеудің бірнеше бағыты шешімін табуда:

  • практикалық іс- әрекеттілік

  • көрнекілікті- бейнелі

  • сөзді- логикалы

Ойлау әрекеті барысында химия пәнін оқып уйрену үшін оқушы ерекше ойлау қызметтерін орындайды.Бұлардың негізгілері: анализ, синтез, салыстыру, абстракциялау, нақтылау, жалпылау.

1.Анализ- ой арқылы түрлі заттарды, құбылыстарды жеке белгілері мен қасиеттері арқылы бөліктерге бөлу.

Анализ жүргізу үшін:

  • ойменбүтінді жіктеу

  • нысанның мәнді жақтарын анықтау

  • әр бөлікті зерттеу

  • нысан бөліктерін біртұтас етіп біріктіру керек.

2. Синтез- ой арқылы заттың немесе құбылыстың құраушы бөліктерін біріктіру. Синтез операциясы анализ тәсілдеріне қарама- қарсы. Синтезге мынадай іс- әрекет қажет:

  • белгілі білімдер мен ортаның арасындағы сәйкес жаңа проблеманы табу

  • негізгі заңдарды жаңа проблемаға көшіру

  • жаға проблема бойынша қорытындыны қалыптастыру.

3. Абстракциялау- оқып үйренетін заттар мен құбылыстарды қосымша, мәні аз белгісінен ойша ажырытамыз.

Абстракциялау үшін:

  • заттармен олардың арасындағы қатынастардың белгілерінің бірнеше қасиеттерін ойша ажырату

  • олардың қандай да бір елеулі қасиеттері мен қатынастарын белгілеу

  • танылуға қажет нәрсенің басқа қасиеттерін бөліп тастау

  • нысанның бөліп алынған негізгі бөлігін оқшау қарастырып, ойлаудың дербес элементіне айналдыру қажет.

4. Салыстыру- бұл әр түрлі заттар мен құбылыстардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағытталған ой операциясы.

5. Нақтылау- абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, жеке заттар мен нәрселер туралы операциясы. Нақтылау кезеңдері;

  • қарастыратын заттардың қасиеттерін және белгілерін бөлу

  • бөліп алған заттарды жаңа қасиеттерімен толықтыру

  • бөліп алған заттарды бұрынғы және жаңа қасиеттерімен қарастыру.

6. Жалпылау- заттар мен құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру.Жалпылау кезеңдері:

  • жалпылауға қатысатын нысандардың бір- бірінен айырмашылықтарын табу

  • нысандардың ұқса белгілерін жинақтау

  • елеулі белгілерін табу

  • нысандардың маңызды жалпы белгілерін табу

  • қорытынды жасау.


Сын тұрғысынан және шығармашылық (креативті) ойлаудағы өзара байланыс

«Шығармашылық қызығушылық » ұғымының мазмұнын психологтар мен педагогтар былай сипаттайды:

  • жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ұмтылу, жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада өзгерте алу қабілеті (Ю.Н.Кулюткин)

  • тұлғаның шығармашылыққа бағытталған позициясы, бағыттылықтары (А.М.Матюшкин)

  • индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін көрсететін қасиет (Л.В.Занков)

Көптеген зерттеушілер креативтіліктің анықтамасында тұлғаның ерекшелігіне немесе қасиетіне басты назар аударады. Дж.Гильфорд креативтілікпен шығармашылық -табыстышығармашылық, ойлауға ықпал ететін қабілеттер мен басқа ерекшеліктерінің жиынтығы тәрізді анықталуы мүмкін деп есептейді.

Креативтілік деген не?

К.Тейлор мен В.Тереховтың пікірінше, креативтілік – ойлау әрекетінің қарқынды болуына ықпал етумен қатар, жаңа өнім немесе шығармашылық ойлауды – ойлау әрекетінің қарқынды болуына ықпал етумен қатар, жаңа өнім немесе шығармашылық ойлаудың нәтижесі.

Педагогика мен психология ғылымында «креативтілік» ұғымы (лат. creatio-ойлап шығару) индивид бойынан табылатын шығырмашылыққа қабілеттілік ретінде түсіндіріледі.

Креативтіліктің негізгі шартының бірі- адамның өзін –өзі ұстауы мен өзіне деген сенімділігі, өзін- өзі жетілдіруі, тәрбиелеуі.

8. Технология алгоритміндегі үш кезең (фаза)

Технология бойынша әр сабақ үш фазадан тұрады (16- сурет)

  • қызығушылықты ояту

  • мағынаны ашу

  • ой толғаныс

Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»

Кезеңнін мақсаттары

  • оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру

  • оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту

  • оқушының белсенділігін ояту.

14-кесте. Қызығушылықты ояту кезеңі

Оқушының іс- әрекеті

Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер


Оқушы оқылатын мәселелер бойынша «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін

не білетінін еске түсіреді, жауап алуға сөздер бойынша- әңгіме, дұрыс

қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын және дұрыс емесін мақұлдау.

тұжырымдайды.


Бірінші кезеңде алынған ақпарттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жұмыс дара, жұп және топ бойынша жүргізіледі.



Екінші кезең «Мағынаны ашу»

Кезеңнін мақсаты

  • жаңа ақпаратпен танысу

  • жаңа ақпараттармен өз білімімен ара- қатынас белгілеу.

15-кесте. Мағынаны ашу кезеңі

Оқушының іс-әрекеті Қолдануға болатын әдістер

мен тәсілдер

мұғалім ұсынған белсенді оқыту Белсенді оқу әдістерін

әдістерін қолданып оқушылар жаңа қолдану:

тақырып материалдарын тыңдайды. -инсерт,қосымша журнал,

  • жаңа ақпараттардың мәнінсабақтың бірінші кезеңінде

түсіну барысында мәтін шетіне белгі қойылған сұрақтарға белсенді

қояды. түрде жауап іздеу.

  • жұмыс істеу барысында өз

түсінгенін қадағалайды,белсенді

әрекет етеді.

Үшінші кезең «Ой толғау»

Кезеңнін мақсаты:

  • қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу

  • оқылған материалды талдау және қорытындылау.

  • тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.


16-кесте. Ой толғау кезеңі

Оқушының іс- әрекеті Қолдануға болатын әдістер

-Мағынаны тану кезеңінде білімге -кластер құру

сүйеніп, оқушылар бұрын және -түйін сөздерге қайта оралу

сабақ барысында не үйренгенін -рефлексивті сұрақтар

салыстырады. - пікір алмасу

-өзіне қойған сұрақтарға мағыналы -шығармашылық жұмыстар жазу

жауап алғандарын бағалайды. -синквейн, эссе.

-білімдерінің нәтижесін шығарады,

жаңа идеяларды ойластырады.



9.Технологияның тәсілдері және оларды химияны оқытуда қолдану

Оқытудың тиімділігін сапасын арттыруда «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқытудың шығармашылық сипатын күшейтуге маңызы ерекше.


ЖИГСО Галерея

Топтау Елестету

Сұхбат INSERT

Түртіп алуСТО Сурет арқылы

Кубик-рубик Ұқсастық

Қос шеңбер Бес жол өлең

Иә,жоқ

Жигсо. Ұжымдық оқыту әдісі.Мақсаты- жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау.Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Бөліктің оң жағына Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына Әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.

Кластер(топтастыру) бұл тәсілдің авторы Гудлат.
















Инсерт(түртіп алу) жүйесі.Оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады.

Венн диаграммасы- бір –бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін обьектілердің сипаттамалары жазылады.

«Синквейн» тәсілі.Жазу ережесі:

1) Бір сөзбен тақырып жазылады

2)Тақырыпты екі сөзбен келтіруі

3)Үш сөзбен осы тақырып бойыншаіс- әрекет жазылады.

4) Төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем

5)Тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним жазылады.

Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.

Кубизм стратегиясы- кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Бір затты сан қырынан тануға мүмкіндік алады.

Болжам стратегиясы. Оқиға сюжеті арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.

Әңгіме стратегиясы. Өзіне- өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.

Рефлексия- технологияның негізгі фазасы.

Рефлексия сөзі ағылшын тілінен енген ( reflection- an idea or opinion or statement resulting from deep and careful thought) «кері байланыс», «қайтарым», «өзін-өзі бағалау және өзін-өзі талдау», «өзара түсіністік және өзара әрекет». Рефлексия- өзіндңк іс-әрекеттер мен заңдарды түсінуге бағытталған адамның теориялық қарекетінің нысаны, ойлауы, өзін –өзі бақылау, өзін-өзі тану.














Әдебиеттер:

  1. Стил, Дж.Л., Мередит К.С., Темпл, Ч., Уолтер С. основы критического мышления.- М.: Изд-во Ин-та «Открытое общество», 1997.

  2. Коржуев А.В., Попков В.А., Рязанова Е.Л. Как формировать критическое мышление?// Высшее образование в Росии.2001.№5.С.55-58.3

  3. Загашев И.О, Заир- Бек С.И. Критическое мышление: технология развития.- СПб: Альянс- Дельта, 2003.-284с.

  4. Калмыкова З.И. Продуктивное мышление как основа обучаемости.-М.,1981.

  5. Халперн Д. Психология развития критического мышления.СПб: Питер,2000.

  6. Татарченкова С.С. Урок как педагогический феномен.-СПб,2005

  7. Бустром Р. Развитие творческого и критического мышления.-М.,2000.

  8. Бутенко А.Б., Ходос Е.А. Критическое мышления: метод, теория, практика.-М.,2002.

  9. Бахарева С. Развития критического мышления через чтение и письмо.-Новосибирск,2005

2.3. Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиясы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиясының мәні және мақсаты

  • Технологияны пайдалану кезеңдері.

  • Технологияның химияны оқытудағы міндеттері.

Ақпараттық мәліметтердің пайдаланылуы, әсер ету тәсілдері және жиналуы білімдендіру саласында үлкен рөл атқарады. Қазір заманда материалдық және энергетикалық қорлармен қатар негізгі қор ретінде бірінші орынға ақпарат шығады.

Ақпараттандыру адамзат өміріне барлық жағынан әсер ететін парасаттылық іс-әрекетінің рөлі мен деңгейін көтеруге байланысты жан-жақты даму үрдісі болып табылады. Ақпараттандыру ұғымы компьютерлік технология және компьютерлендірумен тығыз байланысты. Соңғы жылдары білім беру аясында компьютерлік техниканы пайдалану қарқынды жүруде.

Жалпы білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технология дегеніміз –оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы. Оқушыларды білімдендіру деген білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар. Ал, ғалым Н.Макаровтың тұжырымы бойынша компьютер негізіндегі технология десе, В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі жаңа ақпараттық технология –оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен, компьютерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы.

Жаңа ақпараттық технологияға өтуге бірнеше тұжырымдар жасауға болады. Олар:

  • Бір сарынды жұмыстан босату есебінен жеке тұлғаның шығармашылық әлеуеттілігін:

  • Барлық адамзат күшімен жиналған қоғамның кез-келген мүшесі кеңінен пайдалана алатын парасаттылық әлеуеттілігін:

  • Өндіріс ортасына ақпараттық еңбек іс-әрекетіндегі парасаттылығын; қоғамының әрбір мүшесінің дұрыс ақпарат көзіне қол жеткізе алуы үшін ақпараттық қызмет көрсету деңгейін көтеру керек.

Осы тұжырымдарды іске асыру үшін мектепте ақпараттық технологияны кеңірек пайдаланған абзал. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа:

  • Мультимедия (видео,аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды)

  • Компьютер(компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта)

  • Анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры)

  • Электронды кітапханалар(мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейне ақпараттар)

  • Виртуалды зертханалық тәжірибелер:

  • Интернет және т.б көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімдердің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.

Бірақ практикада көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайлардға байланысты;

  • Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық-әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.

  • Техникалық. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

  • Ұйымдастырушылық. Сабақ барысын тиімді ұйымдастыру.

Сондықтан келешек өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуге, оқытуға, ақпараттық қоғамдажемісті іс-әрекет нәтижесін алу үшін өз әрекетін жоспарлауға іскерлік қалыптастыруға , алға қойған мәселелерді шешу үшін ақпаратты іздеуге, ақпараттық модельдерді құрудың ұтымды жолдарын орнатуға, барлық іс-әрекеттердің техникалық жабдықтардың қамтамассыз етуге, сонымен қатар, қазіргі замандағы техникалық құралдарды әртүрлі іс-әрекеттерде пайдалануға дағдыландыру қажет деп ойлаймыз.

Оны М.В.Роберттің ақпараттық технологияны пайдаланудың педпгогикалық мақсаттарынан көруге болады;

  1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру:

  • Оқу үрдісінің ықпалы мен сапасые арттыру:

  • Танымдық қызметтің екпінділігін арттыру:

  • Пәнаралық байланысты тереңдету:

  • Қажетті ақпараттың көлемін ұлғайту.

2.Оқушы тұлғасын дамыту, жеке ақпараттық қоғам шартында өмір сүруге даярлау:

  • Ойлаудың түрлі формаларын дамыту:

  • Коммуникативті қабілеттерді дамыту:

  • Күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру:

  • Компьютерлік графика, мультимедия технологиясын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру;

  • Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мәселені немесе жағдайды модельдеу біліктілігін дамыту, ақпаратты өңдей білу;

  • Эксперименттік-зерттеушілік қызметті іске асыра білуді қалыптастыру.

3.Қоғамның әлеуеттік тапсырысын орындау;

  • Ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау;

  • Компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау;

  • Электронды білім беру ресурстарын пайдалану, интернетті пайдалану;

Осы мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:

  • Оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқылатын пәнге қызығушылықты қалыптастыру:

  • Ойлау әрекетін дамыту:

  • Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету:

  • Оқушыларды шығармашылық қабілетке даярлау:

  • Алған білімді пайдалану біліктіліктерін қалыптастыру және оны өз бетінше іздену арқылы кеңейту:

  • Коммуникативтік құзіреттілігін дамыту:

Осы міндеттерді іске асыру үшін ақпараттық технология мазмұнын құрылымдарын ескеру керек.

  • Информатика және есептеуіш техниканың негізгі түсініктерін білу:

  • Компьютерлік технологияның функционалды мүмкіндіктерін білу:

  • Қазіргі операциялық жүйелердің және олардың негізгі командаларын білу:

  • Қазіргі программалық қабықшаларды, жалпы бағытталған операциялық жүйелерді және оларды функционалдарын білу:

  • Программалаудың алгоритімін, тілі мен пакеті туралы алғашқы түсініктерді бәлу:

  • Интернет желісі мен электрондық почта қызметін пайдалана білу.

Енді ақпараттандыруды қолдану саласының жіктелуін қарастырайық.Қоғамда білім беруде ақпараттандыруда негізгі бағыттары;

  • Оқушыларды білім, білік, дағдыны, құзыреттілікті меңгеру және дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету:

  • Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайда тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту:

  • Білім саласын арттыру, дербестендіру, қоғам мүшелерінің даму деңгейін көтеру.

Ал педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық техналогияларда пайдаланудың да бірнеше бағыттары бар:

  • Компьютер- оқушы білімін бағалау құралы.

  • Модельдеуде қолданатын зертханалық практикум:

  • Мультимедия- жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал:

  • Дербес компьютер- білім жетілдіру құралы.

Сабақ өткізу барысында ақпараттық техналогияны оқу процесіне ендіру кезеңдеріне келетін болсақ, ол оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады:

  • Жаңа материалды түсіндіргенде;

  • Сабақты бекіткенде;

  • Қайталауда;

  • Білімін және іскерлігін, дағдыларын бақылағанда;

  • Тринажер, диагностика және бағалау.

Сабақ өткізудің нақты үш кезеңіне тоқталайық:

Бірінші кезең: компьютермен сабақ өткізер алдындағы кезең;

  • Сабақ жоспарын және мақсатын компьютерлік модельмен құру;

  • Мақсатқа сай материалдарды жинақтау;

  • Бастапқы материалдар мен қосымша мәліметтер мен қамтамасыз ету;

Екінші кезең: Компьютерді қолданып сабақ өткізу кезеңі:

  • Уақытты үнемдеу;

  • Материалды қысқаша безендіру;

  • Оқытушының эстетикалық, эмоциялық, ғылыми сенімділігін жоғарылату;

  • Маңызды мәселелі сабақтың деңгейін жоғарылату;

  • Кез- келген уақытта таныс материалдарға қайта оралу;

  • Өз бетімен оқуға мүмкіндік жасау;

  • Проблемалық сабақты тереңдетуге көңіл аудару;

Үшінші кезең: Оқу үрдісінде мұғалімнің қосымша мүмкіндіктерді қолдану кезеңі:

  • Мұғаліммен бірлесіп жұмыс істеу;

  • Электрондық материалдарды іріктеу, жаңарту, таңдау;

  • Жүйелі материалдарға назар аудару;

  • Білім беру және оқыту себептерін ашу;

Көріп отырғандарыңыздай ақпараттық технологияның басты құралы компьютер болып табылады. Компьютер арқылы:

  • Компьютерлік бағдарламалары;

  • Интерактивті тақтаны;

  • Мультимедиялық технологияларды;

  • Интернет желісін пайдаланып сабақ өткізе аламыз;

Қазіргі мектептерде сабақ өткізу барысында жиі қолданып жүрген интерактивті тақтаға тоқталайық. Интерактивті тақтамен көрнекі көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын арттыра аламыз және өз білімдерін тақта арқылы сол уақытта тексеруге мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта екі бағытта жұмыс атқарады:

  1. «Star Board» бағдарламасы арқылы, яғни керекті құралдар, суреттер, бейне хабарлар, дайындалған құжаттар, карталар т.б. мүмкіндіктерді пайдалану.

  2. Жай тақта ретінде, яғни тақтаның түр түсін өзгертіп жазуға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақтаны пайдаланудың алгоритіміне тоқталайық:

  • Оқу жылындағы күнтізбелік- тақырыптық жоспардағы әр сабақта тақтаны пайдалану арқылы өткізуді алдын ала шешу;

  • Сабақтың мақсатын, типін, тапсырмаларды айқындау;

  • Интерактивті тақтаның дұрыс жұмыс істеуін қадағалау;

  • Интерактивті тақта құралдарымен алдын ала түгелдей танысып шығу;

  • Электрондық басылымды жинау.

Қарапайым электронды оқулықпен жұмыс істеу- оқулықпен оқылатын, материалдар алдын ала берілген, өзгертуге болмайтын жүйе. Бұл оқулық бойынша оқушының білімін бағалауда тесттік жүйе құрылмайды, тек сабақ үстінде бағаланады.

Мультимедиялық электронды оқулықта берілетін материалдар, кесте, сұлба тәсілдер арқылы беріледі. Осы көрнекіліктер арқылы оқушылар тез ұғынып, керек болса ақпараттарды дискетке, бейнетаспаға көшіріп алып, өз бетынше оқуға мүмкіндік береді.

Электронды оқулықтың жетістіктері мынадай:

  • Білімді өзектендіру, компьютерде меңгерту;

  • Пәнге қызуғышылығын арттыру;

  • Қысқа мәтіндермен қатар көретеді, әңгімелейді, жобалайды;

  • Өз ойын шығармашылық тұрғыда компьютермен жеткізі;

  • Тиісті ақпаратты тез табады;

  • Белгілі бір бөлім бойынша білімды тексеруге мүмкіндік туады.

Электронды оқулықпен жұмыс істеу ерекшіліктерімен тиімділігі:

  1. Интеллектуалды ерекшеліктері:

  • Танымды қызуғышылық, оқуға матевацияның дамуы;

  • Ақпараттық эрудиция, қабілеттілік;

  • Ақыл- ой еңбегінің интенсивтілігі, өзін өзі бақылаудың жоғарғы деңгейі;

  • Шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту.

  1. Интеллектуалдық- логикалық дағды:

  • Салыстыру, анализдеу;

  • Практикалық кері байланысты қамтамасыз ету;

  • Жағдаятты оқиғаны сипаттау, анықтама беру.

Қорыта келгенде сабақта электронды оқулықтарды пайдалану оқушының қызығушылығының артуы, мұғалімдер де өздеріне қажетті әдстемелік қосымша құралдарды кеңінен игере алады.

Әдебиеттер

  1. Курдюмова Т.Н. Компьютерная технология обучения химии: достоинства и недастатки. // Химия в школе. 2002. - №8, С.36-37.

  2. Нечитайлова Е.В. информационные технологии на уракох химии. // Химия в школе. 2005.-№3,C.13-15.

  3. Новые педагогические и инфармационные технологии обучения. Под ред. Е.Полат.- M.,2005.

  4. Родионов А. Применение информационных технологий в процессе обучения химии. – Н.Новгород 2003.





Тақырыбы:Жаңа технологияларды енгізу кезіндегі ұстаздардың іс-әрекеті.

Жоспар:

-Технология және шеберлік қатынастар.

-Мұғалім жаңа технологияларды енгізу кезінде білуі шарт мәселелер.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста.Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі-шеберлік.Техология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогиклық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды.Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады.Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін,бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.

Ұстаз қазіргі таңда белгілі технологияларды талдай білуі керек.Технологияларды талдауды келесі ретпен жүргізеді:

1.Педагогикалықтехнологияның қабылданған технологиялар классификациясына сәйкестендірілуі немесе теңестірілуі;

2.Технология аталуының оқыту жүйесіндегі идеясын,негізгі сапасын,ақырында оқу-тәрбие үрдісін қазіргі заманға сай жетілдіретін негізгі бағытын бейнелейтіндей болып келуі.

3.Тұжырымдамалық бөлімнің (жетекші идеяның,болжамның,ұстанымдардың,түсініктерінің,оны құру мен қызыметі қойылымының қысқаша сипаттамасының) болуы;

бағдары мен мақсаттық нұсқауының нақтылығы;

негізгі идеясы мен ұстанымдарының (психикалық дамудың негізгі факторы,игерудің ғылыми тұжырымдамасы)болуы;

білім беру үрдісіндегі оқушы позициясының есепке алынуы;

4.Білім беру мазмұнының ерекшеліктері:

тұлғалық құрылымға бағдары (ББД-білім,білік,дағды,АӘА-ақыл-ой әрекетіамалдары,ТӨТ-тұлғаның өзін-өзі басқару тетіктері,ЭАС-эмоционалды-адамгершілік қатынас сферасы,ПӘС-практикалық – әрекет сферасы);

білім беру көлемі мен сипаты;

оқу жоспарының,бағдарлама материалының,баяндау формасының дидактикалық құрылымы

5.Процессуалды сипаттамасы:

оқыту әдістемесінің ,әдістері мен құралдарының қолдану ерекшеліетері;

мотиватциялық сипаттамасы;

білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы;

білім беру үрдісін басқару (диагностикалау,жоспарлау,түзету,коррекциялау,регламент);

технология арналған оқушылар категориясы.

6.Бағдарламалық – әдістемелік қамамасыз етілуі

оқу жоспары мен бағдарламасы.

оқу және әдістемелік құралдары.

дидактикалық материалдары.

оқытудың көрнекі және техникалық құралдары.

диагностикалық құралдары.

Мұғалім жаңа технологияларды енгізу кезінде нені білуі керек ?

жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді ;

жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелердің теориялық негізін ;

жаңа технологиның мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін ;

жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;

оқушылардың даму деңгейін ;

оқушылардың оқу әдісін;

жаңа технологияларды қолдануда оқу әрекеттерінің әдістерін оқушылардың үйренуі;

мұғалім мен оқушылардың жаңа технологияны меңгеру кезеңдерін;

педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияның пайдалану тиімділігін бағалауды;

өз тәжрибесін рефлекция арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсетуді;

технологиның ескіруін көре білуі, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.

Сонымен әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдау, тәжрибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтың және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”,-деп тұжырымдайды С.В.Селевко.

Педагогикалық технологиялардың кемшіліктері және оларды жою

мүмкіндіктері

Оқу процесін технологияландыру барысында екі бағыт айқындалды. Кейбір ұстаздар технологияландыруды болашағы бар бағыт деп санаса, ал басқалары оны білім берудегі барлық кемшіліктерді жоятын бірден-бір тәсіл деп қарастырады. Олардың ішінде әдістен гөрі технологияға басымдық беретіндері де бар.

Педагогикалық технологияларды қолдану барысында жарық көрген еңбектерді талдай отырып, мынадай кемшіліктерді атаған жөн:

1. Репродуктивті типтік оқытуға бағдарлану. Бұл бағдарлану педагогикалық технологияның оқу процесін қайта жаңғыртуға ұмтылуына байланысты болады.

2. Оқушыны тұлға ретінде елемеу салдарынан оның іс-әрекетіндегі мотивтің шешімінің табылмауы. Оқушының алдын-ала бекітілген нәтижеге сәйкес оқуды құрастыруда нысан ретінде ғана орны бар.

3. Оқу процесінің кейбір элементтері (мысалы, оқушылардың ұғымдарды меңгеруі) жан-жақты технологияландыруға келмейді. Бұл, әсіресе ұғымдарды шығармашылық деңгейде қолдану кезінде анық байқалады.

4. Ұстаздың жеке тұлғалылығы , мәдениеттілігі, біліктілігі, педагогтық шеберлігі жеткілікті дәрежеде ескерілмейді. Ұстаздар рөлі теке кеңес беруші ретінде қарастырылады.

5. Тәрбиелеу процесін, яғни оқытудың тәрбиелік қызметін технологияландыру күрделі іс. Ұрпақ тәрбиесі мен ұстаз қызметі біртұтас. Сондықтан саяси сауаттылық, көрегендік, байқағыштық, еңбекқорлық, шығармашылыққа ұмтылыс сондай-ақ эстетикалық және этикалық мәдениет сияқты ұлы қасиеттер ұстаз бойынан табылуы қажет.

Әдебиеттер

1.Курдюмова Т.Н компьютерная технология обучения химии: достоинства и недостатки. // химия в школе. 2002. - 8, С.36-37.

2. Новые педагогические и информационные технологии обучения. Под ред. Е.Полат.-М.,2005.

3.Роберт И. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы : перспективы использования .-М: Школа-Пресс, 1994.-205 с.

4. Конев М.Н. Информационные технологии как средство повышения мотивации обучения. //химия в школе.2008. - 5.



































Тақырыбы:Жаңа технологияларды енгізу кезіндегі ұстаздардың іс-әрекеті.

Жоспар:

-Технология және шеберлік қатынастар.

-Мұғалім жаңа технологияларды енгізу кезінде білуі шарт мәселелер.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста.Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі-шеберлік.Техология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогиклық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды.Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады.Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін,бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.

Ұстаз қазіргі таңда белгілі технологияларды талдай білуі керек.Технологияларды талдауды келесі ретпен жүргізеді:

1.Педагогикалықтехнологияның қабылданған технологиялар классификациясына сәйкестендірілуі немесе теңестірілуі;

2.Технология аталуының оқыту жүйесіндегі идеясын,негізгі сапасын,ақырында оқу-тәрбие үрдісін қазіргі заманға сай жетілдіретін негізгі бағытын бейнелейтіндей болып келуі.

3.Тұжырымдамалық бөлімнің (жетекші идеяның,болжамның,ұстанымдардың,түсініктерінің,оны құру мен қызыметі қойылымының қысқаша сипаттамасының) болуы;

бағдары мен мақсаттық нұсқауының нақтылығы;

негізгі идеясы мен ұстанымдарының (психикалық дамудың негізгі факторы,игерудің ғылыми тұжырымдамасы)болуы;

білім беру үрдісіндегі оқушы позициясының есепке алынуы;

4.Білім беру мазмұнының ерекшеліктері:

тұлғалық құрылымға бағдары (ББД-білім,білік,дағды,АӘА-ақыл-ой әрекетіамалдары,ТӨТ-тұлғаның өзін-өзі басқару тетіктері,ЭАС-эмоционалды-адамгершілік қатынас сферасы,ПӘС-практикалық – әрекет сферасы);

білім беру көлемі мен сипаты;

оқу жоспарының,бағдарлама материалының,баяндау формасының дидактикалық құрылымы

5.Процессуалды сипаттамасы:

оқыту әдістемесінің ,әдістері мен құралдарының қолдану ерекшеліетері;

мотиватциялық сипаттамасы;

білім беру үрдісін ұйымдастыру формасы;

білім беру үрдісін басқару (диагностикалау,жоспарлау,түзету,коррекциялау,регламент);

технология арналған оқушылар категориясы.

6.Бағдарламалық – әдістемелік қамамасыз етілуі

оқу жоспары мен бағдарламасы.

оқу және әдістемелік құралдары.

дидактикалық материалдары.

оқытудың көрнекі және техникалық құралдары.

диагностикалық құралдары.

Мұғалім жаңа технологияларды енгізу кезінде нені білуі керек ?

жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді ;

жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелердің теориялық негізін ;

жаңа технологиның мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін ;

жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;

оқушылардың даму деңгейін ;

оқушылардың оқу әдісін;

жаңа технологияларды қолдануда оқу әрекеттерінің әдістерін оқушылардың үйренуі;

мұғалім мен оқушылардың жаңа технологияны меңгеру кезеңдерін;

педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияның пайдалану тиімділігін бағалауды;

өз тәжрибесін рефлекция арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсетуді;

технологиның ескіруін көре білуі, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.

Сонымен әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдау, тәжрибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. “Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтың және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі”,-деп тұжырымдайды С.В.Селевко.

Педагогикалық технологиялардың кемшіліктері және оларды жою

мүмкіндіктері

Оқу процесін технологияландыру барысында екі бағыт айқындалды. Кейбір ұстаздар технологияландыруды болашағы бар бағыт деп санаса, ал басқалары оны білім берудегі барлық кемшіліктерді жоятын бірден-бір тәсіл деп қарастырады. Олардың ішінде әдістен гөрі технологияға басымдық беретіндері де бар.

Педагогикалық технологияларды қолдану барысында жарық көрген еңбектерді талдай отырып, мынадай кемшіліктерді атаған жөн:

1. Репродуктивті типтік оқытуға бағдарлану. Бұл бағдарлану педагогикалық технологияның оқу процесін қайта жаңғыртуға ұмтылуына байланысты болады.

2. Оқушыны тұлға ретінде елемеу салдарынан оның іс-әрекетіндегі мотивтің шешімінің табылмауы. Оқушының алдын-ала бекітілген нәтижеге сәйкес оқуды құрастыруда нысан ретінде ғана орны бар.

3. Оқу процесінің кейбір элементтері (мысалы, оқушылардың ұғымдарды меңгеруі) жан-жақты технологияландыруға келмейді. Бұл, әсіресе ұғымдарды шығармашылық деңгейде қолдану кезінде анық байқалады.

4. Ұстаздың жеке тұлғалылығы , мәдениеттілігі, біліктілігі, педагогтық шеберлігі жеткілікті дәрежеде ескерілмейді. Ұстаздар рөлі теке кеңес беруші ретінде қарастырылады.

5. Тәрбиелеу процесін, яғни оқытудың тәрбиелік қызметін технологияландыру күрделі іс. Ұрпақ тәрбиесі мен ұстаз қызметі біртұтас. Сондықтан саяси сауаттылық, көрегендік, байқағыштық, еңбекқорлық, шығармашылыққа ұмтылыс сондай-ақ эстетикалық және этикалық мәдениет сияқты ұлы қасиеттер ұстаз бойынан табылуы қажет.

Әдебиеттер

1.Курдюмова Т.Н компьютерная технология обучения химии: достоинства и недостатки. // химия в школе. 2002. - 8, С.36-37.

2. Новые педагогические и информационные технологии обучения. Под ред. Е.Полат.-М.,2005.

3.Роберт И. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы : перспективы использования .-М: Школа-Пресс, 1994.-205 с.

4. Конев М.Н. Информационные технологии как средство повышения мотивации обучения. //химия в школе.2008. - 5.























Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1390
Номер материала ДБ-005492
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх