Инфоурок Начальные классы СтатьиОйын - арқылы оқушы білімін берік меңгерту құралын пайдалану

Ойын - арқылы оқушы білімін берік меңгерту құралын пайдалану

Скачать материал

 Ашық сабақ:  Ойын - арқылы оқушы білімін берік меңгерту құралын пайдалану

Бастауыш сынып мұғалімі Мейрамғалиева Жұлдызай Бейбутқызы

Жоспары

I.                    Кіріспе

II.                 II. Негізгі бөлім

III.               1. Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы

IV.               2. Бастауыш сыныптардағы ойын түрлері

V.                 3. Ойындарды сабақта қолдану әдісі

VI.              III. Қорытынды

VII.            IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі мұғалімдер оқушылардың білімі мен қабілеттерін дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт-бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мұғалімдер тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивтік оқыту, модульдік оқыту, ойындық технологиялық оқыту, коммуникативтік оқыту тағы басқа технологиялар болып табылады. Педагогикалық технологиялардың негізінде мұғалімдердің құзырлылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекеттер сұхбаттасу, мәтімен жұмыс жасау барысында, оқу-танымдық әрекеттер барысында, кездескен қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкіндіктер береді. 1. Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы. Білім беру жүйесі бүгінгі күн талабына сай түбегейлі өзгерістер талап етеді. Ол талаптар әдістемелік тәсілдерді, жаңа технологиялар қолдану, жас тұлғаға берілген білім жоғары сапалығы, оқуға қызығушылық негізін қалыптастыруды көздейді. Осыған орай, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру үшін оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Менің алдыма қойған мақсатым- оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім беру мен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сабақта жаңа технология үлгілерін пайдалану. Сол себепті сабағымды идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланыстырып, оқушының қызығуын, білім құмарлығын танытып, сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен жұмыс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап, баяндай білуге үйретемін. Қазақ тілі пән бойынша сабақтарды қызықты, түсінікті болу үшін, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін жарысуға бір-біріне көмектесу қасиетін дамытуда және өткен сабақты қайталап қорытындылап бекіту барысында ойын технологиясын қолдану өте тиімді деп таптым. Өткен сабақтарды қорытындылап, толықтырып бекітуге, игерілген білім сапасын тексеруде «Аламан», «Жұлдызды сәт», «Сақина салмақ», «Алтын қақпа», «Бас бармақ» ойын түрлерін қолданамын. Ойын технологиясын қолданған кезде оқушылардың ойлау қабілеті өте жақсы дамиды, осыған орай мысал ретінде «Қатесін тап», «Бес саусақ» ойыны. Бұл ойынды өмір талабына сай компьютермен өткізу өте тиімді. Сабақта ойын элементтерін екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Оның біріншісі-оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту. 2. Бастауыш сыныптардағы ойын түрлері. Әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді. 1) Дидактикалық ойындар 2) Қозғалыс ойындары 3) Рөлдік ойындар 4) Грамматикалық ойындар 5) Фонетикалық ойындар 6) Лексикалық ойындар 7) Іскерлік ойындар 8) Интеллектуалдық ойындар 9) Ұлттық ойындар 3. Ойындарды сабақта қолдану әдісі Ойын-шығармашылық, ойын еңбек. Мысалы: түстерді қайталау сабағында «Ойлан тап, қандай түс» ойынын ойнатамын. Ойынның мақсаты: Түстер туралы ұғымды бекіту. Керекті құралдар: түрлі-түсті жеміс-жидек, көкөністер суреті. Ойынның шарты: отырған ойыншыға шиенің суретін көрсетемін-суреттегі заттың аты мен түсін кім айтады? Келесі суреттің түр түсін ажыратуын сұраймын. Міне, осылай түр мен түсті қайталауға болады. Оқушыларды білімге жетелейтін, пәнге деген қызығушылығын арттыратын әдістің бірі-грамматикалық ойындар. Бұл ойындарды сабақта жиі қолданамын. Ондай ойындар барысында баланың сөйлеу тілі дамиды. Фонетика саласы бойынша жүргізуге болатын ойын түрлері өте көп. Мысалы: «Кім көп біледі?» ойыны. 1. «Б» дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла. 2. Білгіштің хаты. Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс таңдау» ойыны. Сөйлемдегі сөздер бірдей дыбыстан басталу керек. Мысалы: Оспан орманнан оралып, орындыққа отырды. «Жоғалған әріп» ойыны. ... ор, ... алық,...ота, та... а,... оран. Тіл білімінің лексика саласын меңгерту, пысықтау мақсатында пайдаланылған бұл ойын түрлері шәкірттердің осы саладан алған білімдерін кеңейтуге, нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді. Тіл білімінің лексика саласын өту барысында мына төмендегідей ойын түрлерін өткіземін. «Кім тапқыр?». Антонимдері бар мақал-мәтелдер жазу. Мысалы: Ашу-..., ақыл-... «Жалғасын тап» ойыны. Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады. 1. Отанды сүю... ... ... 2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ... ... «Сөзден сөз тер» Бауырсақ (Жауабы: Бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау...) Ойын кезінде нашар оқушылардың өздері ойынға араласып сабаққа белсене араласады. Бастауыш мектепте ана тілі және қазақ тілі пәнін оқытудың түпкі мақсаттарының бірі-халқымыздың әдет-ғұрпын, тарихын, тілін, мәдени мұраларын танып-білуге талаптандыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, өйткені олар шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмыстан туындаған. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, теңге алу, қыз қуу, аудармақ, жамбы ату, күрес, білектесу, бәйге, жаяу тартыс т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие. Осындай ойын әлементтерін пайдалана отырып іскерлік, сабақ, дәстүрден тыс сабақ, сайыс сабақ, демонстрациялық сабақтар өткіземін. Халық арасында кең тараған ойынның бірі- «Сақина тастау». «Сақина тастау» ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда пайдаланамын. Алдымен ойын шартын түсіндіремін, оған азғана енгізулер енгіземін. «Түн» деп бұйрық беру арқылы балаларды «ұйықтатып», сол кезде алақандарының арасына алдын-ала сұрақтар жазылып сақина тәрізді дөңгелектелінген түрлі-түсті қағаз «сақиналарды» салып шығамын. «Күн» дегенде, оқушылар «оянып», мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және жауаптар әр түрлі сақиналармен белгіленіп, өздеріне үлестіріледі. Ақ, қызыл сақиналардың бағасы: 5 (өте жақсы) Сары, ашық көк ашық жасыл түстерінің бағасы: 4 (жақсы) Қоңыр, қою, жасыл, қою көк түстерінің бағасы: 3 (нашар) Қара түстің бағасы: 2 (өте нашар) Бұдан басқа «Орамал тастау», «Хан қандай?», «Көкпар», «Бәйге», «Асық», «Сиқырлы қоржын», т.б. тәрізді түрлі ұлттық ойындарды сабақ барысында жаңа материалды түсіндіруге, оны қайталап-пысықтауға, бекітіп-қорыту кездерінде жарыс түрінде өткіземін. Сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Сабақ-мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады. Әрбір сабақ –оқу үрдісіндегі шешуші буын және ол оқытуды жетілдіру, қажетті технологиялық түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластырып орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамудың керектігін талап ететін, даму үрдісіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Әрбір сабақтың негізгі-оның заңдылықтары. Бірінші кезекте әрбір ұстаз білімін жан-жақты жетілдіріп отыруы тиіс. Екіншіден, шәкірттің психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оқытудың педагогикасына талдау жасап, оқыту әдістемесін жоспарлап, оны жүзеге асыруға ақыл-ой елегінен өткізіп «жеті рет өлшеп, бір рет кесіп» барып кіріскен жөн. Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге қол жеткізеді.Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білік, білім және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай - ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психилогиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез - келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

 Қорытынды

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін оның ішінде ұлттық ойындарды пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін,ой - өрістерін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Сонымен бірге оқушы ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алып, халықтың өзіндік ерекшелігі мен мәдениетін құрметтеуге талпынады. Ойын арқылы баланың шығармашылығын,ізденпаздылығын әрі өз ойын еркін айта алуға талпынады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ойын - арқылы оқушы білімін берік меңгерту құралын пайдалану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 960 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.10.2016 893
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мейрамғалиева Жұлдызай Бейбутқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14292
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 147 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека