Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Ойын арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.

Ойын арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Жұмабекова Күмісай Сұлтанбекқызы



Ойын арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту



Ұлы педагог Сухомлинский: « Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл ой тәрбиесі болмайды деп санайды».



Ойын – мектеп жасына дейін және онан кейін де баланың негізгі іс әрекеті. Ойын үстінде баланың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады. Баланың тілі, ой өрісін дамыту ойыннан басталады. Баланың құрбы - құрдастарымен әртүрлі ойындар ойнауының өзі тілінің жеке тұлғалық қасиеттердің қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы болып саналады. Осыған орай М. Жұмабаев баланың ойыны туралы: « Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда да бала өз әсерлерін пайдаланады. Айналасында, тұрмыста, нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп көш жасайды. Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды – деп ұлттық тұрмысымызға тән ойын үстіндегі бала болмысын, психологиясын суреттейді.



Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды - бейнелі, қимыл қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Балалардың топтасып, бірлесіп ойнаған ойындары арқылы бала бойында жақсы әдеттер мен адамгершілік қасиеттер қалыптасады, бірнәрсені білуге құмарлығы артып, танымдық қабілеттері дамиды, қимылдары жетіледі. Ойын процесінде жолдастарына тілектестік қарым - қатынасы қалыптасып, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалдарын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шеше білуге үйренеді.



Бала ойынмен өседі. Ол күнделікті сабақтан келген соң өз ойыншықтарымен немесе аулаға шығып достарымен ойнауды құмартып тұрады. Ойын баланың бойында ақыл ойының, адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне бірден бір ықпал ететін құрал іспетті.



Күнделікті бала мектепте кем дегенде 5 сағат уақытын өткізеді. Сабақ процесінде мұғалімнің әсіресе бастауыш сынып оқушыларына ойын арқылы сабақты ұйымдастыру бала білімінің жоғары деңгейінде қалыптасуына өте зор ықпал етеді. Сабақ үстінде мұғалімнің келесі «Ойын ойнаймыз» деген сөзінен бала көңілінің көтеріліп назарын мұғалімге ерекше бөлгені аңғарылады.



Қазіргі кезде заман талабына сай бала компьютерлік ойындарды, ұялы телефондардағы ойындарды бар ынта жігерімен ойнайды. Қимыл қозғалысты ойындармен ойнауды бала азайтып бара жатқан сыңайлы. Күнделікті ата - ана, мұғалім, тәрбиеші баланың дұрыс ойын ойнап, жүгіріп, секіріп, доппен ойнауына назар аударуымыз қажет. Қимыл қозғалысы аз, күнде компьютердің, теледидардың алдында отырған баланың аурушаң болатыны белгілі.



Сабақта пайдаланатын дидактикалық ойындар қатарынан мысалдар келтіріп кетейін.

Мұқият бол

Ойын сауат ашу кезеңінің алғашқы кезеңде айтылған дыбыстың әріп таңбасын оқушы табады. Аталған дыбыстан басталатын сөздер қатарын айтады. Осы ойынды сауат ашу кезеңінің ортасында күрделендіріп көрсетілген суреттегі бір буынды, екі буынды сөздерді жазуды тапсыру. Мысалы: Әже, ата, нан, гүл, шана т. б.



Жасырынған сандар

Сандар қатары тақтаға жазылады мысалы 0 - ден 10 - ға дейін белгілі бір сан жабылып қай санның жасырынғаны табылады. Сол сияқты ондықтар қатарында табуға болады.



Адасқан сөздер

Доп ойнады балалар.

Оқыды Марат сабақ.

Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау.



Сөз ойла, тез ойла

Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздер ойлап табады.



Пирамида

Оқушылар белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерден пирамида құрайды.

А

Ат

Ата

Ағаш

Арман

Айдана

Асылхан



Адасқан әріптер

І Б Л М І Білім

А Л Б А А Н П Балапан

І К А П Т Кітап



Жалғасын тап

Суреттер бойынша көп нүктенің орнына тиісті буынды қою.

Қош... (қар)

Қа... (лақ)

Жыл.. (қы)



Қай сөз жоғалттым

Берілген сөйлемді оқушылар толықтырады. Далада қар............................................

Балалар шанамен............................................

Үндемес ойыны

Мұғалім жекелеген заттардың суретін көрсетеді. Оқушылар сол заттардың атын дәптерге жазады. Соңынан оқылып дұрыс жазылғандығы тексеріледі.





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Ойын арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту Ұлы педагог Сухомлинский: « Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл ой тәрбиесі болмайды деп санайды». Ойын – мектеп жасына дейін және онан кейін де баланың негізгі іс әрекеті. Ойын үстінде баланың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады. Баланың тілі, ой өрісін дамыту ойыннан басталады. Баланың құрбы - құрдастарымен әртүрлі ойындар ойнауының өзі тілінің жеке тұлғалық қасиеттердің қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы болып саналады. Осыған орай М. Жұмабаев баланың ойыны туралы: « Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда да бала өз әсерлерін пайдаланады. Айналасында, тұрмыста, нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп көш жасайды. Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды – деп ұлттық тұрмысымызға тән ойын үстіндегі бала болмысын, психологиясын суреттейді.
Автор
Дата добавления 19.07.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров312
Номер материала 318296
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх