Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Ойындар "Өзін-өзі тану" сабағындағы ойын түрлері

Ойындар "Өзін-өзі тану" сабағындағы ойын түрлері

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:



«Өзін-өзі тану» сабағындағы ойын түрлері


Өзін-өзі тану сабағында ойынның рөлі ерекше. Ойын-адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы. Қазақ халқының «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын, үстінде қалыптасады. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі қылаң береді. Өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің әртүрлі әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойын кезінде шартты түрде мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолын,дағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамигершілік эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында:

  1. өзін еркін сезінеді.


  1. іздемпаздық , тапқырлық әрекет байқатады.


  1. сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.


Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:


    1. олар ойланады.


    1. эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.


    1. ұжымдық сезімі қалыптасады.


    1. ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.


Сонымен, өзін-өзі тану сабағында ойынның рөлінің ерекшелігі: ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физилогиялық негіздері болшып табылады.

Сондықтан да балаларды жас кезінен дұрыс өзара қарым -қатынас жасай білуге үйретудің ерекше ьаңызы бар.Сабақтарда оқушыларды топтап оқыту осы мақсатқа қызмет етеді.Баланы жас кезінен бастап;бірге ойнауға; бірлесе ойлауға; көпшілік пікірмен санасуға;айналасындағылармен келісе отырып; шешім қабылдауға бағыт беріп отырған жөн.



Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас барысында:

1. адамдар іс-әрекеттің жақсыц жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді.

2. жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады.

3. бір-біріне көмектесе біледі, жанаршырлық сезімі оянады, қамқорлдық жасай біледі.

4. кешірімді болуға өзгені ренжітпеуге тырысады.

Ойынына қарап балалардың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасындағы баланың мінез құлқы бірдей емес. Ойынға басшылық жасау кезінде бұйыруға болмайды. Егер мұғалім баланың эмоциясына, қиялына әсер ету арқылы олардың қызығушылығын арттыра түссе, онда баланың құштарлығы өсіп, ойынға құмарта түседі.

Балалар ойынында кейде өлең тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең, тақпақтардың нег.ізгі мақсаты – тапқырлыққа шапшаңдыққа ептілікке баулу, қиялына қанат беріп, ойын ұштау. Тапқыр да, алғыр, шымыр етіп, қайратты бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, білімділіктің қайнар көзі болып табылады.

Ойын екі түрлі уақыттық кезеңінде әсер етеді: қазіргі және болашақта. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан, ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені онда, ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік қасиеттер мен дағдылар, икем қалыптасады.

Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді, жаңа орт аға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуге қажет етеді. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қан а қоймай, оның таным түсінігінде арттырады. Ойын балалар үшін оқу да, еңбекте. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі .

Ойын барысында бүлдіршіндер бірін-бірі сыйлауды, үлкендерді құрметтеуді, мектеп мүлкін қадірлеуді үйренеді. Оларды адамгершілік қасиеттерге, ерлікке, шыңшылдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелейді.

Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Мысалы: « мейірімділік » ойынын алайық . ол ойынға оқушылардың толық қатысуы үшін сыныпты төрт алты адамнан тұратын топтарға бөлген жөн. Топтар бір ойынды кезек-кезек көрсетуі мүмкін. Бұл кезде қалғандары көрермен болып отырады. Содан-соң бүкіл сынып болып әрекеттерді талқылауға болады. Бұл ойын құндылық қайырымдылықты, тазалықты, шындықты, тірі нәрсенің бәріне аяушылық білдіруді және көптеген, басқа да сапаларды білдіреді. Әр сабақта адамгершілік категориялардың біреуін ған,а алып , әдістер мен тәсілдердің бәрін оның жан-жақты ашып көрсетуге пайдаланған жөн.

Өзін-өзі тану пәні жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, олардың творчестволық қабілетін ашып, жүзеге асыру мақсатында адамгершілік педагогикаға арқа сүйейді. Еліміз білімді, ақылды бүлдіршіндермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те мол.


Ойындар түрлері



«Мен құрбыларымды жақсы көремін»


Балалардың шеңбер құра отырып және қолдарынан ұстауын сұраныз. Оқушылардың ішінен біреуі «Мен сені жақсы көремін» (көршісінің атын айтады) дейді және қатар отырғанның қолын қысады. Жақсы қөруді қабылдаушы оған күлкімен жауап береді және соны көрші оқушыға қайталайды. Осы айналым аяқталғаннан кейін мұғалім балаларға өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсіндіреді.


«Құнды қасиетті беру»

Музыка ойнайды. Балалар шеңбер құра отырады және шеңбер бойынша сақинаны береді. Мұғалімнің сөзі бойынша (немесе басқаша бойынша)

Қорапшаның айналып жүруі тоқтатылады. Сол сәтте кім қорапшаны ұстап тұрған болса, сол оның ішінен бір парақ қағазды шығарады және онда жазылғанды орындайды. Күні бұрын даярланып қойылуға тиісті мұндай парақтарда сабақ тақырыбы бойынша қандай да бір әрекет жазылып қойылады.

Сонымен қатар «Сақина салу» ойынын да осылай ұйымдастыруға болады.

Ойынның қорытындысы бойынша:

Шындықты айтудың мәні қандай екені туралы өз пікірін айтуға;

Адалдық секілді мінездің қасиеті, ән айту немесе өлең (тақпақ) оқып беруге;

Құндылықтың қатысы бар белгілі фильмді (әңгімені, ертегіні) немесе содан алынған бір көріністі әңгемелеуге болады.

«Мұғалім сөйлейді»

Мұғалім сыныптың алдында тұрады және балалардан әлдебір әрекетті орындауды, бірақ оны тек «Мұғалім сөйлейді...» деген сөзден кейін жасайды. Мұғалім осысөздерді айтқан кезде, оның артында балалардың қайталауы керек оңды әрекеттер жалғасуы керек. Егер мұғалім «Мұғалім сөйлейді» дегенді айтпай әлдебір әрекетті орындайтын болса, оны балалар қайталап жасамауы керек. Мұғалімнен кейін осы әрекетті қайталаған бала ойыннан шығады. Ойын қызықты. Ойын оқушылардың босаңсуына уақыт бермей тез қарқынмен жүргізілсе мүлдем қызықты болды.

Бүл ойын балалардың назарын ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің әрекеттерімен оқушыларға үлгі беретін мұғалімнің өзін тәртіпке салады.

«Кімде қандай қасиет бар»

Малдың түрі бейнеленген карточкаға балалар оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлгі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.

«Сүйіспеншілік»

Мұғалім бағыттаушы сөзді таңдап айтады. Ойынға қатысушылар сол аймақтағы сөзді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Айтылған сөзді қайталауға болмайды.

Бір оқушы айтылған сөзді тақтаға жазып отыру керек.

Ойын соңында қатысушылар құнды қасиеттерді білдіретін бірнеше сөздер жинақтап, олардың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеседі.


«Сәлемдесу»

Екі бала ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып бір-бірімен сәлемдесуі қажет.

Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін?

Ағасы інісіне қандай жақсылықтар жасауы мүмкін?


«Өзің жалғастыр....»

Мақсат сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты....

Айнұр досын ренжітіп алғандай болды...

Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті....


Әңгімелерді одан әрі жалғастырып, өз бетінше аяқтауларын тапсырып, соңынан әрқайсысының ойын талқылауға болады.


«Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау»

Балалар дөігеленіп отырады. Жүргізуші «сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да, таяқшаны оған береді.

Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. (Ондағы айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл, Сенің даусың қандай керемет!, Гүлнар, сенің жүзін соңдай мейірімді көрнеді! Марат, маған сенің аққөңілдігін ұнайды., т.б.) Соңында балалар бір-біріне рақмет айтысып, тарасады.

«Түспен ажырату»

Ойынның мақсаты адамның мінез-құқын бояумен көрсетіп, жағымды, жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші балаларға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.


«Баға беру»

Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген.

Жүргізуші балалардан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыеа қойылып, белгілі бір уақыт беріледі.

Бұл ойын баланың адамды тани білуіне, келбетіне қарап, мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі.


Ойын-пантомима

Бүл ойын баланың мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.

Мысалы, топтарға бөліп, түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі:

  • ауырған, немесе шаршаған шешесін баласы қалай аялайды;

  • оқушы қартты жолдан қалай өткізу керек;

  • әжесінің алдында бала өз кінәсін өалай жуып-шаяды;

  • ренжіскен екі дос бір-бірімен өалай татуласарын білмейді.

Әр топ музыканың сүйемелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді.

Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша мәтіндер құрастарады.


«Достық көмек» ойыны

Ойын барысында балалар достық көмек жасаудың мәнін тереңіре тусініп,бір-біріне көмектесугеәрқашан әзір болуға тәрбиеленеді.Оқушыларды үш топқа бөлеміз.Тақтаға үш себеттің сұлбасы ілінеді.Балаларға алманың шаблоны таратылады.Әр топ мүшесі досына деген жақсы бір лебізін айтып,себетте алманың шаблоны таратылады.Әр топ мушесі досына деген жақсы бір лебізін айтып,себетке алманы апарып салады.Қай топ алманы көп жинаса,сол топ жеңімпаз атанады.



«Мен жақсы көремін» ойыны

Ойын шарты

Донгеленіп тұрып,бір-бірімізге доп лақтырамыз.

Доп кімнін қолына түссе,сол оқушы кімді жақсы көретінін айтады.Мысалы,мен анамды жақсы көремін.Өйткені ол менің ең жақын адамым.Мен Айнұрды жақсы көремін.Өйткені ол өте сыпайы т.бОйының соңында доп мұғалімнің қолына тиеді.

«Мен қандаймын?» ойыны


Балалар шеңбер құрып тұрады. Ортаға бір орындық қойылады. Әркім кезекпен орындыққа отырады.Қалған ойыншылар «Ол қандай ?»» деген сұраққа жауап беру үшін отырған ойыншының бойындағы жақсы қасиеттерін тізбекпен айтып береді.Ойыныңқорытындысы бойынша әр ойыншы «Менің ойымша мен...» деп өзіне-өзі мінездеме береді

.

«Жаңылма» ойыны.

Бір топ қол ұстасып,дөңгелене тұрады да,ортасынан санамақ айтып,бір баланы ортаға шығарады.Шыққан бала өлен,тақпақ,әңгіме айтып тұрып,кез келген жерінде құлағын ұстайды,басын сипайды,тағы сол сияқты іс әрекеттерді жасайды.Оның істеген қимылдарын қайталай алмаған бала айыпты болып,өлең айтады,би билейді,т.б.


Ойын «Өз есіміңді ерекше ата»

Адамның есімі-оның бетке ұстар құралы.Біздің есімдеріміз өмір бойы бізбен бірге,олар біздің мінезімізге,сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады.

Кәнеки, өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік.Жаттығып алайық.

Мұғалім балаларды шеңберге жинайды.Әр бала өз есімін атаған кезде өзінің ерекше бір қимылын жасайды.Сонда барлық бала ортаға бір адам аттап,жаңағы баланың есімін айтып,қимылын қайталайды.Ойын барлық баланың есімі н аталғанша жалғаса береді.










Автор
Дата добавления 18.07.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров548
Номер материала ДБ-143832
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх