Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / "Ойнада, ойлан!" математика пәнінен ашық сабақ даярлық тобына арналған
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Ойнада, ойлан!" математика пәнінен ашық сабақ даярлық тобына арналған

библиотека
материалов

«Ойнада, ойлан!»


Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге»


Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі: Жунусова Мадина. К



Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге»


Сабақтың мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін беркіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.

Сабақтың әдістері: саяхат, қисынды есептер, дидактикалық ойындар.

Қажетті құралдар: зымыран, «жұлдызды қалашық», ғаламшарлар, жұлдызшалар, жатпланеталықтар бейнесі, қисынды есептер.

Алдын-ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу.

Сабақтың барысы:

-Балалар біздер бүгінгі сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз.

- Ғарышқа бару үшін бізге не керек?

- Зымыран.

-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.

Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады.

  • Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық.

  • Үшбұрыш – төбесі, кеудесі – төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш –деп балалар жауап береді.

  • Міне, балалар зымыранымыз да дайын. Енді біздер «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен. Тапсырма аты: «Орныңды тап». Бұнда біздер «Жұлдызды қалашықтағы» үйлерді дұрыс орналастыра білуіміз керек. Сіздердің алдарыңда үйлер тұр, үйлер артында сандар тығылып тұр, сол сандар арқылы шытырман жолдан өтіп өз орыныңды табуың керек.

  • Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады)

  • Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.

Тақтаға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді.

  1. Күн: кемпірқосақта неше түс бар? (7)

  2. Жер: бағдаршамда неше көз бар? (3)

  3. Ай: қолғапта неше саусақ бар? (5)

  4. Шолпан: адамда қанша көз бар? (2)

  5. Марс: жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)

  6. Сатурн: аспанда неше күн бар? (1)

  7. Нептун: бір жылда неше ай бар? (12)

  8. Плутон: бір аптада неше күн бар? (7)

  9. Уран: адамда қанша саусақ бар? (10)

-Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік. Ол үшін сіздердің алдарыңдағы даярланған конверттер ішінен пішіндерді пайдалана отырып жұлдыздар құрастыру керек.

Құрастыру жұмысы болады. Жәй әуенде музыка ойналып тұрады.

Тәрбиеші: - Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен?

Балалар: - 5 үшбұрыш, 1 бесбұрыш.

Өте жақсы. Жұлдыздарымызды қалташаларымызға салып алайық. Мында қараңдар балалар біздер жұлдыздарымызды құрастырумен айналысып жатқанымызда біздің ғаламшарға жатпланеталықтар келіп қалыпты. Мынау солардың іздері ғой. (музыка ойналады). Жатпланеталықтар құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастырып көрейік.

Балалар табан іздеріне салынған сандарды рет санымен қатар орналастырады.

  • Балалар сіздер рет санымен сандарды орналастырдыңдар бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса барлығымыз бірлесіп, күш жинап ,жаттығу жұмысын жасап көрелік.

Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды.

  • Күшімізді жинап келдік,қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік.

  • Олай болса сандарды жұбымен қойып шығайық.

Балалар сандарды жұбымен қояды.

  • Өте жақсы. Бізге арнап жатпланеталықтар іздері келесі тапсырманы беріп отыр. (Қисынды есептер )

  • 1- тапсырма: (суреттерін іле отырып) Мен жүріп келе жатып, еменнің тасасынан екі ұзын құйрық және төрт ұзын құлақ көрдім. Олар нелер және нешеу? (2 түлкі, 2 қоян)

  • 2- тапсырма: Дарбаза артынан 8 дөңгелек көрініп тұр. Дарбазаның артында неше машина тұр деп ойлайсың? ( 2 машина)

  • 3 тапсырма: Екі мысықтың аяғы нешеу? ( 8)

  • 4 тапсырма: Үш сиырдың мүйізі нешеу? (6)

  • Балалар, өте жақсы сіздер бұл тапсырманы да жақсы орындай білдіңдер. Қараңдаршы біздің ғаламшардан іздер ғайып болып кетті ғой.

  • Балалар сіздерге енді соңғы тапсырма беріліп отыр. Біздің ғаламшарда жатпланеталықтардың 3 түрі бар екен. Мына алдарыңдағы суреттің әр қатарында 1 түрі жетіспейді соны дәл тауып орналастыруымыз керек.

Дидактикалық ойын «Не жетіспейді».

  • Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді балабақшамызға қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік. (музыка ойналады)

Тәрбиеші: - Балалар сіздердің білімдерің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сіздерге көп рахмет.

Балаларды мадақтау, бағалау.




Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров1531
Номер материала ДВ-186773
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх