Инфоурок Технология КонспектыОқырмандар сайысы кітапхана сабағы

Оқырмандар сайысы кітапхана сабағы

Скачать материал

 

 

 

Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі кітапханасында өткізілген

                                     оқырмандар сайысы

    

                              Кітапхана меңгерушісі : Какеева Ш.Қ.

                                 

 

                                                

       

                                             7-8 сыныптар арасында.

 

 

1.Команда құрамы 3 оқушыдан.

2.Эмблемасы, бірыңғай киімі, ұраны, таныстыруы

  (3 шумақтан артық емес.)

3.Командалық сайыстың сұрақтары : әдебиет, өнер,

4.Сұрақтар : логикалық.

5.Дұрыс жауап- 3 балл

Көрерменнің көмегіне сүйену (сыныптастар көмектесе алады)    - 2 балл

Соткамен көмек сұрау- 1 балл

Таныстыру- 5 ұпай

6.Мәнерлеп оқу. Өлең, шығармадан үзінді жатқа оқу -5 ұпай.

7.Әр топтан 1 оқушы өз өнерін ортаға салады-5 ұпай.

                              

                                                Сайыстың мақсаты:

 

1.Мектеп кітапханасына оқырман тарту.

2.Дарынды, алғыр сыныптарды анықтау.

3.Ұйымшылдыққа үйрету.

 

 

 

                                             Ұйымдастыру бөлімі:

 

Сахна бұрышына жюрилер отырады.

Командалар сахна төріне шағын столға дөңгелене отырады, жеке-жеке, ара қашықтығын сақтап.

 

                                            Сайыстың өткізілу барысы:

 

Жүргізушілер шығады.

1 жүргізуші:

-          Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет.Терең  білім алып, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өмірімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.

2 жүргізуші:

-          Кітап адам өмірінде маңызды рөл атқарады.Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.Кітап жаман әдеттен аулақ болуға үйретеді.Кітап оқу дегеніміз- оқырманның рухани өмірінің бір жағы.

1 жүргізуші :

-          Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп- өркендеуі . «Ктап – білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұңғиық мөлдір бұлағынан оқырмандарды сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналған кітапхананың алар орны ерекше.

2 жүргізуші:

 

-          Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысына пайдаланады. Одан ақыл- кеңес, тәлім- тәрбие, үлгі- өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай- ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт- дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу  кітаптың еншісінде.

-          Олай болса біздің мектебімізде бүгінгі өткелі отырған 7-8 сыныптар арасындағы оқырмандар сайысы да соның айғағы.Оқырмандарымыз әртүрлі жанрда оқиды. Олардың біреуі поэзияны оқыса, біреуі проза, роман, әңгімелерді оқиды.

-          Интернет- бір күндік, кітап –мәңгілік дегендей кітаппен сусындағанға  не жетсін!

Біздің бүгінгі мақсатымыз да  оқыған шығармалары бойынша өз ойын еркін жеткізе білетін, , шешендік өнерін меңгерген «Үздік оқырмандарды» анықтау.

І жүргізуші:

 

Жігіттер! Ал, мен енді серпілемін,

Соқ самал,бөс, бораным, желпі желім!

Келмейді уайымдап жер тірегім.

Несіне үһілеймін,ентігемін,

Енді мен желпінемін,желпінемін, - деп ақиық Мұқағали айтқандай, сайысымызды бастайық..

ІІ жүргізуші:

-          сайысқа төрелік ететін білікті де білімді, қадірлі қонақтарымызды таныстырайық..

-          Жюри төрағасы:

-          Жюри мүшелері:

1

2

3

4

І жүргізуші:

-Жарыстың шарты алдын- ала хабарландыру ретінде берілгенін естеріңізге саламыз.

ІІжүргізуші:

Шүу жануар,қанатым – Ақтабаным,

Артқа таста талайдың мақтағанын.

Тежеймін тізгініңді, қақпағаным,

Медет маған межеден аттағаның.

Ең дарынды, ең талантты сыныптардың білімпаздары сахна төрінде деп есептейік.Алғашқы ән сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші:

-Жарыс қорытындысында «Ең үздік бапкер» номинациясы бойынша жеңімпаз команданың сынып жетекшісі, «Ең үздік демеуші» номинациясы бойынша жоғары дайындықпен келген сынып, «Ең талантты, білімпаз» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткен,үздік жауап берген сайысқа қатысушы жекелей марапатталады.

І жүргізуші:

- Сонымен қоржынға қолды салайық,

Кезегімізді алайық.

Жарыстан біз қашпайық,

Таныстыру кезеңін бастайық..

Естеріңізге сала кетейік-5 ұпайға дейін.

(Қоржыннан әр команда өз номерін алады.Сол бойынша таныстырады.)

ІІ жүргізуші:

-Құрметті қазылар алқасы, командалардың таныстырудағы бағасын берсеңіздер.

  (жюрилер жеке –жеке бағасын айтады.)

І жүргізуші:

- Cонымен алғашқы белес артта қалды.Ендігі үлкен кезең- әдебиет, сөз өнері, білім сайысы.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құдіретті түнін сүйем

.Кезек өздеріңізде.

(Әр сайыскер 1 шығармадан үзінді немесе тақпақ оқиды.)

ІІ жүргізуші:ІІ кезең.

       Әдебиеттен логикалық сұрақтарға кезек берейік.Оқушы құпия мәтінді анықтайды.

       Сөз кітапхана меңгерушісі Шамшияр апайда.(сұрақтар оқылады.)

                              7 сынып. « Ех, қайран әкем!Егер сен тірі болсаң, мүмкін,мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім.Кім біледі, жер- әлемді шулатып, сотқар атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де шығар.

Кімге де болса бір әке керек.Тіпті селкілдеген шалдардың өздері кейде: «Жарықтық, әкем анандай еді, әкем мынадай еді» деп, еске алып, армандап отырмай ма?»

Шығарманың аты, авторы, кімнің ойы?

Б.Соқпақбаев.»Менің атым Қожа.» Қожаның  ойы

 

                            7 сынып.

« Бала өте сезімтал-тын.Бір ауыз жылы сөзден іші – бауыры езіле елжіреп, әлдеқандай аяныш көмейіне түйіліп, жас тығылып қалушы еді.Кімді аяйды? Өзін-өзі аяй ма? Әлде аяушылық атаулы сезімді аңсағаны ма – белгісіз.»

Шығарманың аты, авторы, кейіпкер кім?

Шерхан Мұртаза. «Тұтқын бала» . Тұрар.

 

.

8 сынып.

 

 

8 сынып.

 «Ормандарда да, далаларда да үн жоқ..Кең байтақта екі жаудың күні бойы жанталасып, шайнасқанына тек ормандар, далалар, барлық жер мен аспан көк  үндемей қарап  қана тұрған тәрізді.»

Шығарманың аты мен авторы, кейіпкерлер кімдер?

Жауабы:С.Сейфуллин. «Бандыны қуған Хамит» Кудря мен Хамит.

 

« ... Орынсыз, болымсыз нәрсеге  үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнақарлықтан, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын – мен»

 Шығарманың авторы, атауы, сөз иесі кім?

Жауабы:Абай. 17 қара сөз, Сөз иесі- Қайрат.

8 сынып.

 

 

2 кезең.

7 сынып.

-Ойласам бұл ханымның ақылы асты,

Қарашың дәл сіздей ме, жаман састы

Мен түсінен шошимын бүгін тағы

Қолымнан жібек баулы ...(не) қашты.

Көп нүктені орнындағы сөзді табу, шығарманың атауы. Ойлануға 1 минут.

Жауабы – сұңқар  «Қозы көрпеш- Баян Сұлу»

 

8 сынып.  «.. Шың тастың ішінде, биік құздың арасында иіріліп аққан су бір мүйістен екіншіге қарай шыққанда, тау қойнауынан шыққан құсықтай ақтарыла жөнеліп, екінші мұрыншақтан бұрылғанда, жер тесігіне сүңгіп, құйылып жатқандай болады.Қалың биік, алып жартас бір ұртына бір өзенді сіміріп жұтып, жер астына кетіп жатқандай.Мұрыншақтан аса беріп, асау су жоғалып жатыр.

(  Шығарманың атауы, авторы, суреттелген жер атауы)

Жауабы: М.Әуезов. «Қараш- қараш оқиғасы» Талғар сайы.

Ал енді бірінші кезеңнің екінші тапсырмасына кезек берейік.Әдебиет бойынша логикалық сұрақтар.

7 сынып бойынша

1. Қара басып ұйықтап қалып, жігітінен айырылған сұлу қыз.

Шығарманың аты, авторы, кейіпкер кім?

Жауабы:С. Мұқанов. «Есіл бойында»

2 .5 метр жерде тұрған адамды бесатармен ата алмай құлағынан айрылған кейіпкер?

Шығарманың аты, авторы, кейіпке кім?

Жауабы: С. Сейфуллин. «Бандыны қуған Хамит» Кудря.

 

8 сынып бойынша.

1.Шикі ет жейді, аяғы өгіздің аяғындай, белі бөрінің беліндей, кеудесі аюдың кеудесіндей.Бұл –Таусоғар ма?

Шығарманың аты, кейіпкер кім?

Жауабы: «Оғыз қаған» жырынан үзінді.Оғыз.

 

 

    І жүргізуші:

-ІІІ кезең - өнер сайысы.Үй тапсырмасы бойынша құпия түрде бір шығармадан көрініс даярлап келу.

ІІжүргізуші

Өнер деген қазақтың пірі емес пе,

Өнер деген өмірдің жыры емес пе.

Ендеше өнерлілер ортамызда

Көңілді бөліңіздер көрініске.

-Бұл кезеңде топ мүшесі алынған шығармаға қысқаша түсінік береді.Сыныптастары 3 минуттық көрініс көрсетеді.Қазылар алқасы актерлік шеберлігіне, шығарма таңдауына, образды аша білуіне байланысты 5 балл мөлшерінде баға бере алады.

 

-Сонымен бұл кезең де аяқталды.Есептеу комиссиясы мен қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша ән-күйге кезек берейік

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқырмандар сайысы кітапхана сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Н. Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі кітапханасында өткізілген

                                     оқырмандар сайысы

    

                              Кітапхана меңгерушісі : Какеева Ш.Қ.

                                 

 

                                                

       

                                             7-8 сыныптар арасында.

 

 

1.Команда құрамы 3 оқушыдан.

2.Эмблемасы, бірыңғай киімі, ұраны, таныстыруы

  (3 шумақтан артық емес.)

3.Командалық сайыстың сұрақтары : әдебиет, өнер,

4.Сұрақтар : логикалық.

5.Дұрыс жауап- 3 балл

Көрерменнің көмегіне сүйену (сыныптастар көмектесе алады)    - 2 балл

Соткамен көмек сұрау- 1 балл

Таныстыру- 5 ұпай

6.Мәнерлеп оқу. Өлең, шығармадан үзінді жатқа оқу -5 ұпай.

7.Әр топтан 1 оқушы өз өнерін ортаға салады-5 ұпай.

                              

                                                Сайыстың мақсаты:

 

1.Мектеп кітапханасына оқырман тарту.

2.Дарынды, алғыр сыныптарды анықтау.

3.Ұйымшылдыққа үйрету.

 

 

 

                                             Ұйымдастыру бөлімі:

 

Сахна бұрышына жюрилер отырады.

Командалар сахна төріне шағын столға дөңгелене отырады, жеке-жеке, ара қашықтығын сақтап.

 

                                            Сайыстың өткізілу барысы:

 

Жүргізушілер шығады.

1 жүргізуші:

-          Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сайбілімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет.Терең  білім алып, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өмірімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.

2 жүргізуші:

-          Кітап адам өмірінде маңызды рөл атқарады.Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.Кітап жаман әдеттен аулақ болуға үйретеді.Кітап оқу дегеніміз- оқырманның рухани өмірінің бір жағы.

1 жүргізуші :

-          Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп- өркендеуі . «Ктап – білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұңғиық мөлдір бұлағынан оқырмандарды сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналған кітапхананың алар орны ерекше.

2 жүргізуші:

 

-          Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысына пайдаланады. Одан ақыл- кеңес, тәлім- тәрбие, үлгі- өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай- ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт- дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу  кітаптың еншісінде.

-          Олай болса біздің мектебімізде бүгінгі өткелі отырған 7-8 сыныптар арасындағы оқырмандар сайысы да соның айғағы.Оқырмандарымыз әртүрлі жанрда оқиды. Олардың біреуі поэзияны оқыса, біреуі проза, роман, әңгімелерді оқиды.

-          Интернет- бір күндік, кітап –мәңгілік дегендей кітаппен сусындағанға  не жетсін!

Біздің бүгінгі мақсатымыз да  оқыған шығармалары бойынша өз ойын еркін жеткізе білетін, , шешендік өнерін меңгерген «Үздік оқырмандарды» анықтау.

І жүргізуші:

 

Жігіттер! Ал, мен енді серпілемін,

Соқ самал,бөс, бораным, желпі желім!

Келмейді уайымдап жер тірегім.

Несіне үһілеймін,ентігемін,

Енді мен желпінемін,желпінемін, - деп ақиық Мұқағали айтқандай, сайысымызды бастайық..

ІІ жүргізуші:

-          сайысқа төрелік ететін білікті де білімді, қадірлі қонақтарымызды таныстырайық..

-          Жюри төрағасы:

-          Жюри мүшелері:

1

2

3

4

І жүргізуші:

-Жарыстың шарты алдын- ала хабарландыру ретінде берілгенін естеріңізге саламыз.

ІІжүргізуші:

Шүу жануар,қанатым – Ақтабаным,

Артқа таста талайдың мақтағанын.

Тежеймін тізгініңді, қақпағаным,

Медет маған межеден аттағаның.

Ең дарынды, ең талантты сыныптардың білімпаздары сахна төрінде деп есептейік.Алғашқы ән сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші:

-Жарыс қорытындысында «Ең үздік бапкер» номинациясы бойынша жеңімпаз команданың сынып жетекшісі, «Ең үздік демеуші» номинациясы бойынша жоғары дайындықпен келген сынып, «Ең талантты, білімпаз» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткен,үздік жауап берген сайысқа қатысушы жекелей марапатталады.

І жүргізуші:

- Сонымен қоржынға қолды салайық,

Кезегімізді алайық.

Жарыстан біз қашпайық,

Таныстыру кезеңін бастайық..

Естеріңізге сала кетейік-5 ұпайға дейін.

(Қоржыннан әр команда өз номерін алады.Сол бойынша таныстырады.)

ІІ жүргізуші:

-Құрметті қазылар алқасы, командалардың таныстырудағы бағасын берсеңіздер.

  (жюрилер жеке –жеке бағасын айтады.)

І жүргізуші:

- Cонымен алғашқы белес артта қалды.Ендігі үлкен кезең- әдебиет, сөз өнері, білім сайысы.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құдіретті түнін сүйем

.Кезек өздеріңізде.

(Әр сайыскер 1 шығармадан үзінді немесе тақпақ оқиды.)

ІІ жүргізуші:ІІ кезең.

       Әдебиеттен логикалық сұрақтарға кезек берейік.Оқушы құпия мәтінді анықтайды.

       Сөз кітапхана меңгерушісі Шамшияр апайда.(сұрақтар оқылады.)

                              7 сынып. « Ех, қайран әкем!Егер сен тірі болсаң, мүмкін,мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім.Кім біледі, жер- әлемді шулатып, сотқар атанып жүргенім әкесіз жетім өскендігімнен де шығар.

Кімге де болса бір әке керек.Тіпті селкілдеген шалдардың өздері кейде: «Жарықтық, әкем анандай еді, әкем мынадай еді» деп, еске алып, армандап отырмай ма?»

Шығарманың аты, авторы, кімнің ойы?

Б.Соқпақбаев.»Менің атым Қожа.» Қожаның  ойы

 

                            7 сынып.

« Бала өте сезімтал-тын.Бір ауыз жылы сөзден іші – бауыры езіле елжіреп, әлдеқандай аяныш көмейіне түйіліп, жас тығылып қалушы еді.Кімді аяйды? Өзін-өзі аяй ма? Әлде аяушылық атаулы сезімді аңсағаны ма – белгісіз.»

Шығарманың аты, авторы, кейіпкер кім?

Шерхан Мұртаза. «Тұтқын бала» . Тұрар.

 

.

8 сынып.

 

 

8 сынып.

 «Ормандарда да, далаларда да үн жоқ..Кең байтақта екі жаудың күні бойы жанталасып, шайнасқанына тек ормандар, далалар, барлық жер мен аспан көк  үндемей қарап  қана тұрған тәрізді.»

Шығарманың аты мен авторы, кейіпкерлер кімдер?

Жауабы:С.Сейфуллин. «Бандыны қуған Хамит» Кудря мен Хамит.

 

« ... Орынсыз, болымсыз нәрсеге  үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнақарлықтан, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын – мен»

 Шығарманың авторы, атауы, сөз иесі кім?

Жауабы:Абай. 17 қара сөз, Сөз иесі- Қайрат.

8 сынып.

 

 

2 кезең.

7 сынып.

-Ойласам бұл ханымның ақылы асты,

Қарашың дәл сіздей ме, жаман састы

Мен түсінен шошимын бүгін тағы

Қолымнан жібек баулы ...(не) қашты.

Көп нүктені орнындағы сөзді табу, шығарманың атауы. Ойлануға 1 минут.

Жауабы – сұңқар  «Қозы көрпеш- Баян Сұлу»

 

8 сынып.  «.. Шың тастың ішінде, биік құздың арасында иіріліп аққан су бір мүйістен екіншіге қарай шыққанда, тау қойнауынан шыққан құсықтай ақтарыла жөнеліп, екінші мұрыншақтан бұрылғанда, жер тесігіне сүңгіп, құйылып жатқандай болады.Қалың биік, алып жартас бір ұртына бір өзенді сіміріп жұтып, жер астына кетіп жатқандай.Мұрыншақтан аса беріп, асау су жоғалып жатыр.

(  Шығарманың атауы, авторы, суреттелген жер атауы)

Жауабы: М.Әуезов. «Қараш- қараш оқиғасы» Талғар сайы.

Ал енді бірінші кезеңнің екінші тапсырмасына кезек берейік.Әдебиет бойынша логикалық сұрақтар.

7 сынып бойынша

1. Қара басып ұйықтап қалып, жігітінен айырылған сұлу қыз.

Шығарманың аты, авторы, кейіпкер кім?

Жауабы:С. Мұқанов. «Есіл бойында»

2 .5 метр жерде тұрған адамды бесатармен ата алмай құлағынан айрылған кейіпкер?

Шығарманың аты, авторы, кейіпке кім?

Жауабы: С. Сейфуллин. «Бандыны қуған Хамит» Кудря.

 

8 сынып бойынша.

1.Шикі ет жейді, аяғы өгіздің аяғындай, белі бөрінің беліндей, кеудесі аюдың кеудесіндей.Бұл –Таусоғар ма?

Шығарманың аты, кейіпкер кім?

Жауабы: «Оғыз қаған» жырынан үзінді.Оғыз.

 

 

    І жүргізуші:

-ІІІ кезең - өнер сайысы.Үй тапсырмасы бойынша құпия түрде бір шығармадан көрініс даярлап келу.

ІІжүргізуші

Өнер деген қазақтың пірі емес пе,

Өнер деген өмірдің жыры емес пе.

Ендеше өнерлілер ортамызда

Көңілді бөліңіздер көрініске.

-Бұл кезеңде топ мүшесі алынған шығармаға қысқаша түсінік береді.Сыныптастары 3 минуттық көрініс көрсетеді.Қазылар алқасы актерлік шеберлігіне, шығарма таңдауына, образды аша білуіне байланысты 5 балл мөлшерінде баға бере алады.

 

 

-Сонымен бұл кезең де аяқталды.Есептеу комиссиясы мен қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша ән-күйге кезек берейік

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2015 2960
    • DOCX 46.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Какеева Шамшияр Кыдырхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Какеева Шамшияр Кыдырхановна
    Какеева Шамшияр Кыдырхановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35956
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек