Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Оқыту мен оқудағы өзгеріс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

Оқыту мен оқудағы өзгеріс

библиотека
материалов

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген тізбектелген сабақтар топтамасы

«n-дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттері» тақырыбына өткізген сабағымда күтілетін нәтижем , дәстүрлі сабақтан айырмашылығын сезіну ,көру және сындарлы оқытудың теориясына негізделген жеті модульді ықпалдастыру бойынша оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеріп, есеп шығарумен қатар сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз ойын еркін жеткізу және диалогқа оңай түсу. Көшбасшыны, талантты және дарынды балаларды анықтау және оқушылардың бойында сенімділікті қалыптастыру арқылы оқушылардың осы қасиеттерін одан әрі дамытуға ықпал жасау. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігіне көз жеткізу. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды дұрыс қолдану арқылы оның маңыздылығын түсіну. Оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін үнемі ескеру арқылы олардың жақсы білім алып оны одан әрі дамытуды қамтамасыз ету. Бұл сабақ оқушыларға ерекше жаңалық сабақ болды. Бүгінгі сабақ қалай өтетінін түсіндіргеннен бастап оқушылар қызығып, сабаққа деген ынтасы жоғары дәрежеде болды. Бүгінгі сабақта оқушыларды топқа төрт суретті бөліктерге қиып, сол суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлдім. Оқушыларға топқа бөлінудің бұл түрі ұнады және көңіл-күйлері көтеріліп сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнады, сабаққа деген ынталары жоғары болды. Сабақ барысында топтық жұмыстар жасай отырып, бір-біріне түсіндіру барысында тиімді әдіс екеніне көздерін жеткіздім. Оқушылармен бірге топ ережесін қабылдадық, сабақ барысында топ ережесін сақтайтындарын айттым. Оқушылар көңіл-күй күнделігін толтырып отырды. Әр топта өздері топ басшысын сайлап алды. Топ басшысының міндеттерін қабылдады. Ол міндеттер: кімнің қалай жұмыс істеп жатқанын бақылайды; бағалайды; ұйымдастырады; рольдерді бөледі ; Ең алдымен оқушыларға арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қайталап еске түсірді. Екінші n-дәрежелі түбірдің функциясын қайталады. Жадыны жаңғырту болды.Осы екі тақырыпты қайталаған соң, соларды қолдана отырып , n-дәрежелі арифметикалық түбірдің қасиеттерін жазуға тапсырма берілді. Бұл үшеуін байланыстыру оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауына берілген тапсырмалар болды. Сонан соң сабақтың тақырыбы, n-дәрежелі арифметикалық түбірдің бес қасиеттері дәлелдеулерімен және әр қасиетке келтірілген мысалдар проэктор арқылы экранда көрсетіп қойдым. Оқушылар экраннан тапсырмаларының дұрыстығын салыстырып, тексеріп, толықтырды. Бұдан ары қарай да сыныпта орындалатын барлық тапсырмалар және үй жұмысына берілетін тапсырмалар экранда көрсетіп отырдым. Сабақтың бұл жерлерінде мен «оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін кіріктірдім. Осы жаңа сабақта ЖИГСО әдісін пайдаландым. C:\Users\user\Desktop\фото\MPEG0003[(011872)13-37-02].JPG C:\Users\user\Desktop\фото\Новая папка\PicMonkey Collage05.jpg ЖИГСО әдісі «сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» , «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модульдеріне кіреді. ЖИГСО әдісі бойынша парақта n-дәрежелі арифметикалық түбірдің бес қасиеттері дәлелдеулерімен және әр қасиетке келтірілген мысалдар жазылған тапсырманы төрт топқа бөлдім. Топтар 1,2 және 3,4,5 қасиеттерін дәлелдеулерімен және мысалдарымен бөліп алып өз топтарында талқылап, бір-біріне түсіндірді , түсініп болған соң топбасшының бөлгені бойынша басқа топтарға қонаққа барып , бір-біріне өздеріне бөлінген қасиеттерді түсіндіріп, бастапқы топтарына оралды. Өз топтарында алынған жаңа білімдерімен бөлісіп , пысықтайды. Осы жердегі оқушылардың топтық, жұптық жұмыс жасаулары, топта бірігіп жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында тапсырманы талдап, түсінбеген жерлерін бір-бірлеріне сұрақ қоюы, топ ішінде бір-бірлеріне түсіндіріп, зерттеушілік әңгіме жүргізулері, бірігіп қорытындылаулары оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктеріне кіреді (нұсқаулық 53- бет).Әр топтан бір оқушы жаңаны қалай игергені бойынша баяндады. Иляйлим бірінші қасиетті тұжырымдап түсіндірді. Мен: бұл қасиет тек екі көбейткіш үшін орындала ма?-деп сұрадым. Иляйлим: жоқ, көбейткіштер саны екеуден көп болған жағдай үшін де дұрыс болады, ол бірінші қасиеттен шығады деп, түсіндіріп дұрыс жауап берді. Бұл жерде оқушыны толығырақ жауап беруге итермелеу үшін түрткі болатын сұрақ қойдым. Екінші қасиет біріншінің салдары болатынын топ мүшелері дұрыс байқаған. Жадыны жаңғырту, салыстыру, талдау, қорытындылау арқылы тұжырымдап айтқаны сыни тұрғыдан ойлау болып тұр. Түрткі болатын сұрақ қою арқылы диалог орнады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің модулін диалогтік тәсіл арқылы ықпалдастырдым. Оқушыларға екінші тапсырманы бес қасиетті түсінгендерін білу және есте сақтау үшін практикада қолдануға әр топқа деңгейлік есептер берілді. « талантты және дарынды балаларды оқыту», «оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» модульдерін осы жерде енгіздім. Тапсырманы орындап болған топ мүшелері екі қолын жоғары көтеріп тапсырманы орындап болғанын білдірді, бұл әрекетте оқушылардың өзін-өзі реттеу болып табылады. Орындалған тапсырмаларымен алмасып топтар бір-бірін тексерді. Әр топтан бір оқушы тапсырмалардың тексеру нәтижелерін баяндап отырды. Оқушылардың өз-өзін реттеп, бірін-бірі оқуды қалай меңгергенін формативті бағалауы «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі болып тұр. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болды(нұсқаулық 40-бет). Диалогтың зерттеушілік әңгіме түрінің ең бастысы келісімге ұмтылумен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады(Мерсер, 2000; нұсқаулық 52- бет ) . Фриман (1991) ұсынған ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдердің: есте сақтау және білім, өз білімін жетілдіру, күрделілікке деген сүйіспеншілікті байқауға болады. Сабақ барысында барлық оқушылар белсенділік көрсетіп, берілген тапсырмаларды жылдам әрі сапалы жасай алды. Оқушылар тапсырманың критериін жасап жұмыстарын бағалады. Оқушылардың критерийлерді талдауы, сыныптасын және өзін-өзі бағалауы және жоғарыда айтылып кеткен сұрақтың қойылуы мен оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету оқушының өзін-өзі бағалауын дамытады. Осылайша, «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі кіріктіріледі. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады( нұсқаулық 56-бет). Өзін-өзі реттеу мақсатында әр топтың топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, сабаққа белсенділіктері бойынша бағалау парақтарын толтырып отырды. Барлық топтар тапсырмаларды орындау барысында көшбасшылар анықталды. « Оқытудағы басқару және көшбасшылық», « оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульдерін осылайша ықпалдастырдым. Сабақтың соңында оқушылар сабаққа рефлексия жасады, бұл оларға өте ұнады. Мұның өзі бағалау болып табылады. Рефлексия: Бүгінгі сабақ жаңаша, ерекше өте қызықты өтті. Тақырыпты жақсы меңгердік. Әрқашан осылай өтетін болса жақсы болар еді. Дарынды, қабілетті балалар-өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғарғы нәтижеге жеткен балалар. Ренцулли мен Райс (1985) «дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері, әрі олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім » деген пікір білдіреді. Гарднер субьектілер көп қырлы зияткерлікке (КҚЗ) ие деп есептеген(нұсқаулық 18-бет). Осыларды ескеріп, сабағымда оқушылардың пән бойынша бейімділіктеріне байланысты қиындығы жоғары тапсырмалар бердім. « талантты және дарынды балаларды оқыту» модулін осы жерде енгіздім. Оқушылардың барлығы берілген тапсырмаларды өз беттерінше жылдам әрі сапалы орындады. «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін ықпалдастыруым, есте сақтау үшін тақырыпты меңгергенін тексеру мақсатында , қасиеттерді қолдануға берілген тапсырмалар болып табылады. Дарынды балалардың ішінен дарындылығы өте жоғары балалар айқындалды. Олар бәрінен жылдам, белгіленген уақыттан ерте орындап озып отырды. Ондай оқушылар күрделілігі жоғары қосымша тапсырмаларды тағы орындап бітіріп отырды. Сабақ соңында жаңаны бекітуге тақырып бойынша топтарға сұрақтар мен қасиеттерді қолданып шығаруға ауызша орындалатын тапсырмалар берілді. Мұндай жаттығулар ойлау жылдамдықтарын және есте сақтау қабілеттерін дамыта түседі.

« Бөлшек көрсеткіші бар өрнектерді түрлендіру » тақырыбына өткізген сабағымның күтілетін нәтижесі оқушылардың есеп шығаруларымен қатар өз ойларын еркін жеткізу болды. Сабағыма жаңа әдістерді, СТО, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып оқытуды, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, оқуды бағалау және оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, басқару және көшбасшылық модульдерді қолдануды жоспарладым.

Оқушылар сабақты асыға күткені бірден көрініп тұр. Ең алдымен оқушылардың көңіл күйі сұралды. Өткен сабақтың рефлексиясын оқыдым. Оқушыларды топқа ұшақтар арқылы бөлуді қолдандым. Төрт топқа түрлі-түсті қағаздан ұшақтар қондырып, сол ұшақтардың түстеріне байланысты түсті қағазға мадақтау сөздер жазылды, сол қағаздарды оқушылар таңдап, ішіндегі сөздерді оқып, сабаққа деген ынтасы өте жоғары болды. оқушылар мадақтау жазылған қағаздың түсі қандай болса, сол түстегі ұшаққа барып отырды, осылайша оқушылар топтасты.

Жаңа сабақ «Мюнстерберг» әдісі арқылы жазылды. Сабақ тақырыбы экранда тізбектелген әр түрлі әріптердің араларында жұмбақ түрінде жазылды. Жұмбақ жазылған парақтар топтарға да үлестірілді.Жасырылған тақырыпты табу үшін әріптердің ішінен мағынасы бар сөздерді тауып, астарын сызу керек. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты тапсырмалар экранда көрсетіледі және парақтарда топтарға беріледі, сол тапсырма бойынша да қандай тақырып жасырылғанын табуға болады. Жасырылған тақырыпты оқушылар еш қиындықсыз бірден тапты. Жұмбақтарды шешу оқушылардың ойлау қабілеттерін сабақ тақырыбына жұмылдыру үшін оларға қысқа уақыт ішінде қызықты жұмбақтарды шешу жұмысын тапсырған да орынды.Тақырыпты игеруге Блум таксономиясын қолдандым. Білу, түсіну , қолдану тапсырмасын бір топқа, қолдану, талдау тапсырмасын екінші топқа, қолдану, синтездеу тапсырмасын үшінші топқа, қолдану, бағалау тапсырмасын төртінші топқа бөліп бердім. Тапсырмалар әрі экранда, әрі тарату парақтарында болды. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар берілді, топ ішіндегі оқушылар өз деңгейіндегі тапсырмаларды орындап, еш бір оқушы қалыс қалған жоқ. Топтар орындаған тапсырмаларымен алмасып бірін-бірі тексеріп бағалады.

Жаңа тақырыпты бір-біріне түсіндіріп, тапсырмаларын тексеріп болған соң сергіту сәтін ұйымдастырдым: ” BLOB TREE ” парағы оқушыларға таратылды, өткен сабақты қаншалықты дәрежеде түсінгенін тексеру, өзін-өзі бағалау және өз пікірін еркін айтуға, оқушыларды еркін сөйлеуге көмектесті.









Сабақ соңында бүгінгі сабақтың рефлексиясы жасалды.

«Рационал көрсеткішті дәреже» тақырыбына өткізген сабағымда күтілетін нәтижем, оқытудың жаңа тәсілдері бойынша оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеріп, есеп шығарумен қатар өз ойын еркін жеткізу. Бұл сабағымда диалог әдісін қолдануды жоспарладым. Ең алдымен оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстырдым. Проэктор арқылы экранда сабақтың тақырыбы, рационал көрсеткішті дәреженің анықтамасы, мысалдары көрсетіліп тұрды, әрі парақтармен топтарға үлестірілді. Оқушылар топта өз беттерімен талқылап болған соң, дайын топ қолдарын көтереді. Әр топтан бір оқушы анықтаманы, мысалдардың орындалуын түсіндіреді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-біріне көмектесті. Жаңа тақырыпты бекіту үшін топтарға деңгейлік тапсырмалар берілді. Тапсырмалар орындалып болған соң, топтар өзара алмасып бірін-бірі тексерді. Тексеріп болған соң әр топтан бір оқушы тексеру нәтижесін баяндайды, қателері болса айтып көрсетеді. Сосын осы тапсырмаға бағалау критериі жасалып, бағаланады.Бұл сабақта мен бағалау парағын енгіздім. Топ басшы бағалау парағындағы топ мүшелерінің есімдерінің тұсына бағаларын жазып отырды. Дарынды оқушылармен жұмыс болғандықтан, мұнда бағалау критериі өте жоғары болды. «Рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері» тақырыбына өткізген сабағымда күтілетін нәтижем, оқытудың жаңа тәсілдері бойынша оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеріп, есеп шығарумен қатар өз ойын еркін жеткізу. Бұл сабағымда ЖИГСО әдісін қолдануды жоспарладым. Мен алдымен оқушылардың үй тапсырмасы бойынша сұрақтарының жоқ екеніне көз жеткіздім. Бүгінгі сабақта оқушыларды топқа төрт түрлі кәмпиттер арқылы төрт топқа бөлдім. Кәмпиттер арқылы бөлу оқушыларға өте ұнады. Рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттері, бірінші қасиеттің дәлелдеуі проэктор арқылы экранда көрсетіліп тұрды және парақтармен топтарға таратылды. Топтар талқылап болған соң, әр топтан бір оқушы рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттерімен, бірінші қасиеттің дәлелдеуін түсіндірді. Қалған төрт қасиетті төрт топқа өз беттерімен дәлелдеуге берілді. ЖИГСО әдісі бойынша топтар бірбіріне қонаққа барып төрт қасиеттердің дәлелдеулерін бірбірлеріне түсіндірді. Өз жанұяларына оралған соң алып келген түсініктерімен бөлісті. Экранда көрсетілген рационал көрсеткішті дәреженің қасиеттеріне байланысты деңгейлік есептер әр топқа берілді. Шығарып болған топтар басқа топтармен өзара алмасып бірінбірі тексерді. Тексеріп болған соң әр топтағы бір оқушы тексеру нәтижесін баяндады және қателері болса атап көрсетті. Осы есептерге бағалау критериі жасалып, топ мүшелері бағаланды. Оқушылар бастапқы тапсырмалардың формативті бағалаулары мен соңғы критериалды бағалауы бойынша жиынтық бағалау жасалып, бағаланды.

Осы тапсырмаларды орындап болған соң жиынтықты бағалауды қолдандым. Оқушылар еркін болды, өз ойларын еркін жеткізді,оқушыларды сөйлету мақсатында көптеп тапсырмалар берілді, күткен нәтиже толық орындалды. Қорыта келгенде экранда тапсырмалардың көрсетіліп тұруы АКТ пайдалану, бүкіл сабақ барысында ашық, жабық, сын тұрғысынан ойлауға беріліп отырған сұрақтар, тапсырмалар арқылы диалогтік тәсілдің орындалуы және тапсырмаларды оқушылар топта бірлесіп ойлауы, талдауы, қорытындылауы оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульдерінің кіріктірілгенін көрсетеді. Оқушылардың өзін өзі реттеуі мәдениетін көтереді, іс әрекетін реттейді. Мерсер зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000). (нұсқаулық 51-52-бет) осыны ескеріп сыни тұрғыдан ойлау модулі бүкіл сабақтың өн бойында орын алады дегім келеді. Жоғарыда көрсетіп кеткендей алдын ала даярланған тапсырмалар, дұрыс жауаптары, үй жұмысына берілетін есептердің үнемі экранда көрсетіліп тұрғаны, менің ақпараттық коммуникациялық технология модулін қолданғаным. Дарынды және талантты балаларды анықтау, дарындылықтарын ашу және одан әрі дамытуда арнайы, деңгейлі тапсырмаларды біртіндеп қүрделендіру,ғылыми жобаларға, олимпиадаларға бағыттау арқылы осы модуль жүзеге асырылады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп оқытуда зейінін қарату, есте сақтау, жадыны жаңғырту, ой жүгіртуге бағытталған тапсырмалар беру арқылы жүзеге асады. Осы жерде менің айтып кеткім келгені Флейвелл және басқалар (1995) егер оқыту үдерісін ұғыну деңгейіне ауыстыра алатын болса, онда біз балаларға өзіндік ойлау үдерісін жақсы түсінуге, өзінің оқуын бақылауы мен ұйымдастыруын игеруге көмек бере алар едік деген пікірді ұсынды ( нұсқаулық 80- бет). Көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мысалы оқушылар арасындағы пікір-таластар, оқушылардың өздерінің іс тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, ұжымдық іс-әрекет (нұсқаулық 88-бет). Фриман (1991) ұсынған ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдерді: ойлау қабілеттерінің жылдамдығы, мәселені шешу, икемділікті көруге болады. Сонымен қатар сұрақтың дұрыс қойылуы, оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы оқыту үшін бағалауды қолдану арқылы оқытуды жақсартудың факторлары болып табылады ( нұсқаулық 60- бет). Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі оқушылардың тапсырманы топтық жұмыс кезінде орындау барысында көшбасшылар айқындалып отырды. Тәжірибе кезінде сабақ жүргізген оқушыларымның кез келгенінің бойында көшбасшылық қасиеттері бар екенін көрдім, содан олардың әрқайсысы көшбасшы бола алады деп ойлаймын. Осылайша тізбектелген сабақтар топтамасында оқыту мен оқуда өзгеріс енгіздім. Алдағы уақытта сабақ өтетін сыныптарымның математика сабағында оқушыларды топқа бөліп оқытамын деп мақсат қойдым. Топқа бөлу математика сабағында өте тиімді әдіс екендігіне көз жеткіздім . Келешекте модульдардың барлығын сабақтарға сапалы ықпалдастыру арқылы білім беру жүйесі жақсы дамиды деп ойлаймын. Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін сындарлы оқыту маңызды болып табылады.


















Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасында жаңа форматта оқыту, яғни оқытудағы Кембридж тәсілін енгізуге байланысты мұғалімдерді осы тәсілмен оқытуға дайындайтын үшінші, екінші, бірінші деңгейлік үш айлық оқу курстары ұйымдастырылған. Оқу мен тәжірибе барысында  мұғалімдер көптеген қиындықтарға ұшырайды. Сол себепті, алдыңғы екі мақаламен қатар,  осы мақалада мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылып отыр. Бұл мақалада оқытудағы Кембридж тәсілі енгізгеннен кейін оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және оның басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы толығымен сипатталып жазылады.                                                                                                                       

 

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров674
Номер материала 533384
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх