Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқыту мен оқудағы өзгерістер жөнінде есеп
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Оқыту мен оқудағы өзгерістер жөнінде есеп

библиотека
материалов

С есебі

Атик Бибигуль Васильевна Мұғалім портфолиосы

ІІІ топ 3-деңгей

Павлодар қаласы 13.06.13 жыл


С есебі

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.

Бағдарламаның жеті модулін «Физика және астрономия» пәнінің тізбектелген сабақтар топтамасына кіріктірілуінен сыңдарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, тақырыпты оқып-білу кезеңінде түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Ол дегеніміз мұғалім оқушылардың оқуына жағдай жасап, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болады(Нұсқаулық, 8 бет). Өзімнің тәжірибемде мен оқушылардың білімді меңгеруге белсене араласып, жаңаша көзқараспен қызыға қатысатындығына, баланың дербес ойлау қабілетінің дамуына ықпал ететіндігіне көз жеткіздім. Өзгеріс үдерісі өз белгілі даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал, сол себептен мұғалім өзгерісті енгізуден бұрын:

  • іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

  • Өзгерістер енгізу үшін әріптестермен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

  • Бірігіп жұмыс істеу фактілерді жинауға және қолдануға;

  • Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы керек. (Нұсқауылық, 87 бет)

Осы айтылғанды және 1 бетпе- бет кезеңінде алған білім- білігімді қолданып іс-тәжірибемде өзгерісті енгізуді алдымен әріптестермен кеңесуден бастадым, мектеп әкімшілігімен кездесіп курстан әсерімді жеткізіп, зерттеуге таңдаған сыныбыммен 7 «а» қандай бағытта жұмыс жасайтынымды айттым. «Әріптестермен кеңесу тапсырмамды кіммен жүргізсем» - деген сауал қойып, МИФ әдістемелік бірлестікте талқылауға болады деген ұсыныс алдым.

Содан соң әдістемелік бірлестік басшыбілімсына жолығып, осы мақсатымды қалай, қашан іске асырсам?- деп едім, ол кісі: «бүгін МИФ әдістемелік бірлестігінің отырысы болады, сонда баяндама жасаңыз»,- деді. Қажетті ресурстарымды реттеп, бұл кездесуімді өткізіп, мұғалімдерге осы курстан үйренгендерімді нақты, қысқаша, түсінікті жеткізуге тырыстым. Ол үшін топтық талқыға «мінсіз мұғалім ол кім?»- деген сұрақты тастадым. Бұл сұраққа әр түрлі жауаптар ұсынып, қорытындыға келген мұғалімдерге жеті модульдың бірі-диалогтық оқытуды қолданғанымды, келесі модульдері туралы айтып, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модульге әріптестер арасында қызығушылық туып, формативті және жиынтық бағалау туралы өзім түсінген мәлімет бердім, Lesson Study әдісі туралы айттым. Ұстаздардың жетекші топтарындағы және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білім негізін құрастыруға көмектеседі. (Нұсқаулық, 89 бет) Курста алған барлық мәлімет, үйретілген әрбір әдіс дұрыс, орынды пайдаланылуға тиіс және оны іске асыру үшін әріптестердің кеңесі маңызды екенін, З есімді әріптесімнің «математика пәнінде Lesson Study атын білмесек те біз күрделі, олимпиадалық есептер кездескенде жиі қолданамыз» немесе А әріптесім «топтық диалог арқылы тақырып мазмұның меңгеруге болатыны мені қызықтырды, сіздің сабағынызға қатысып көруге бола ма?»- деген жауабынан түсіндім.

Оқуды үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану деп индивид қалай ойлайтыны, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісті мұғалім оқушыға:

  • Білім міндетін қоятын талаптарды түсінуге;

  • Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

  • Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

  • Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Таңдаған сыныбымда қалай оқу керектігін үйрету үшін алғашқы сабақты өткіздім. Жұппен, шағын топпен, топпен жұмыс әдістемесін үйретер алдында сергіту сәтін ұйымдастырдым, сол арқылы психологиялық жағымды жағдай болуына көңіл бөлдім. «Мен сізді таныстырғым келеді» кіріспе ойының ұйымдастырдым. Бір-бірінің білмейтін жақтарын анықтап және шамалы уақытта жұбын таныстыруға тиіс болды. Оқушылар осы ойын барысында мәлімет алуда шапшаңдық танытып, сұрақ қою іскерлігін қалыптастыруғанын олардың сабақ сонындағы рефлексияда стикерге жазғанынан байқадым. Газ молекулаларының қозғалысын жасап, музыка өшірілгенде бір-бірін ұстап алу ұсынылды. Осылайша олар шағын топ құрып, топта жұмыс істеу не үшін қажет?-деген сұрақты құрылған топта талқылап, топтан бір оқушы топтың пікірін басқа топқа «өкіл» әдісімен барып, ол топтың көзқарасын жеткізді, олардағы ерекшеліктермен ұқсастықтарды талдап, жалпы топ ережесін шығарды. Осымен бұл сабақта менің ойымша мектептегі тәжірибе кезінде орындайтын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру тапсырмасындағы 3 өзгеріс болды:

  • ойын арқылы бір-бірі туралы қосымша ақпарат білді;

  • жақсы танып-білмеген сыныптастарымен біріге жұмыс жасады;

  • топ ережесін құру барысында оқушылар өз мақсат, міндеттерін әзірлей алатынын түсінді.

Алғашқы «Бетпе -бет» кезеңінде мен бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын жасадым. Сол жоспарға сай сабақ жоспарын құрғанда өзгерістер енгізілетінін түсініп, ол қалай болады, оқушылар ол өзгерісті қалай қабылдайды, ойлағанымды іске асыра аламын ба?- деген сауал мазалаған. Сыныптың зерттеуге алынған осы тобында алғашқы сабақты өткізгенде оқушылардың менің әр бастамамды қызыға қабылдап, құлшыныспен кіріскенін көріп, бұл күдігім сейілді. Оқушылардың дұрыс таңдау жасай алатынын және өзгеріске бейім екенін мен сергіту сәтін ұйымдастырғаннан кейін, олардың «өзіміз осындай жаттығу құрып, сол жаттығуларды жасайықшы»-деген ұсынысынан аңғардым.

Жеті модульді сабақтарыма кіріктіргеннен оқушыларда және менде қандай өзгерістер болғанына тоқталсам. Оқытуда АКТ модулін мен тақырыпқа шығуда ұтымды пайдаланып оқушылардың тақырыпқа қызығушылығы артып, мазмұның игеруге ерекше талпынысын тудырып отырды. Бұл жерде көрсетілетін материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып, олардың ойлау қабілетінің өсуіне ықпал етті. Ол 1 сабақта бейнеклиптағы кішкене доңыздың иіндік пайдалануы, жай механизмдер тақырыбында пирамидалар туралы подкастты үйлесімді қолданғаныман оқушылардың тақырыппен байланысын анықтап, шыға алуынан көрінді. Шығармашылық тапсырмаларды да АКТ-ның арқасында беруім белгілі бір ой өрістеуіне жағдай жасады деп білемін.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің жұптық, топтық диалогтың арқасында тақырыпқа шығу және мазмұнын ашу болды. «Күш моменті. Айналатын денелердің тепе-теңдік шарты» тақырыбында бейнеклиптегі көргені бойынша жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы иіндік моделін жасап, оның құрылысын түсіндірді. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсеткен (Нұсқаулық, 39 бет) осыны мен оқушылардың білу кезеңіндегі диалог барысында сол күні қандай тақырып қарастыратынымызды өздері анықтай және мақсаттарын біріге құра алғанынан айта аламын. Бастапқыда оқушылар бір-екі сөзбен сабақ мақсатын айтса, келесі сабақтарда толық сөйлем құрып жауап беруге тырысты. Өзім бірінші сабақта олардың жауабын түзетуге тырысып отырсам, ал оқушылардың жауабына қанағаттанғаннан кейін олардың дұрыс бағыттасам өздері де анықтай алатынына сенім пайда болды

Түсіну кезеңінде физика пәні эксперименталды пән екенін ескеріп, топтық диалогты тәжірибе жасаумен ұштастырдым. Оқушылар оқулықты басшылыққа алып, тәжірибені бірігіп жасады, тақырыптың ойын шығара алды. Бастапқыда мағынасын түсінбей тәжірибе жасаса, ол тәжірибесін және басқа топқа ұсынған кезде бірін-бірі бағалау барысында қателерін анықтап, жетілдіру арқылы көздеген мақсатқа жете білді. Осы іскерлігі, сол түйіндерінің дұрыс болуы топ флипчартын таныстыру кезінде көрініс тапты. Мәселен, моменттер ережесі тақырыбында өз таныстырылым идеяларын басқа топқа көрсетіп келген озат Қалима олардың жұмысымен салыстырып оларға «екі жұлдыз, бір ұсынысында» салған суреттері өзі барлығын айтып тұр түгелі орынды жазылған, ал енді кітаптан сөздерді аз жазсаңдар дегенді алға тартты. Бұл ретте баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді (Нұсқаулық,59 бет) дегенді басшылыққа алдым. Дәл сол сияқты өздігінен реттелу 3 сабақта «Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі» тақырыбында да жүрді, мұнда оқушылар «Дайындал, назар сал, оқыңдар» әдісімен мұғалім үстелінен бүгінгі сабаққа қажетті құралдар алыңдар дегенде үстелде жатқан бар құралды алып алды да енді өз парталарында не артық? деп сұрақ қойсам, үлгерімі жақсы Ақмаржан бірден артық нәрсені анықтап, неге артық екенін дәлелдеп берді. Осындай дұрыс шешім 4 сабақ Механизмнің ПӘК-і тақырыбында тақырыпқа шығу үшін проблемалық тапсырма орындауға қажетті құралдар жиынтығын алып іске асырғанда да байқалды. Осындай қажет құралдарды өздеріне таңдап алу стратегиясын менің пайдалану себебім, физика пәнінен олимпиадаларға қатысқан кезде оқушыларға тек құралдар жиынтығы беріліп, нені, қалай анықтайтынын олар өздері анықтауға тиіс екенін білсін дегенімнен, өйткені мектептегі зертханалық жұмыста тақырып және мақсат белгілі, не жасайтыны нақты жазылған болады да, ал олимпиадаға барғанда олар ондай бірізділікті көрмеген соң ойын жинақтай алмай қалады.

Алғашқы сабақтағы есеп шығару кезіндегі уақыт жетпей қалуынан кейін визуалдандыру арқылы есеп шығаруға қызығушылық тудырып және есепті жұпта топта шығарылуын талқылап, есептердің мазмұның түсініп, қателерін түсіндіре білуге жетеледім. Оны озат оқушым Қалиманың өз қатесін таба алуына және үлгерімі жақсы Ақмаржанға оның жұмысындағы қателерін Арманның көрсетіп бергеніне риза болдым. Үлгерімі орташа Бауыржан үнемі жанында отырған Жанболаттың көмегіне жүгінді. Осы жерде оқушылар есепті түсініп отырса, оны әбден шығарылатынын және бұл жұмыс барысында жұптағы немесе топтағы басқа оқушылардан көмек алуға болатынын түсінгені анық байқалды. Бұл жердегі қуантарлық өзгеріс Жандарбек, Қалима, Жанболат және Ақмаржанның келесі оқу жылында олимпиадаға қатысуға деген ниеттері болды. Әдетте олимпиадаға оқушының қатысуы туралы мұғалім оның бейімділігі мен логикалық икемділігіне қарай шешім шығаратын, оқушы тартыншықтап жатса, оған сенің қабілетін бар деп дәлелдеп жатсақ, осындай өзгерісті оқушыларда сын тұрғысынан ойлау жүріп, өз мүмкіндігі мен қабілеттерін іске асыра аламын деген сенім пайда болғанын аңғартады. Бұл шешімді мен қуана да таңғала қабылдадым және пәнге деген қызығушылығын оятып, зерттеуге ынтасын тудыра алдым деген ой қалыптасты.

Оқытуда сыни тұрғыда ойлауға үйретудің модулі өте тиімді болғанын әңгіме-дебат талантты және дарынды оқушылармен жұмыс модулімен сабақтаса оқушыларда белгілі бір тұжырымға өз пікірін еркін жеткізіп, оны дәлелдей білу іскерлігін қалыптастырып, шығармышылыққа бет бұрғаны тағы бір өзгеріс десе болады. 1 сабақта Архимедтің «Жерді тіреу нүктесін берсеңдер, мен оны төңкере аламын», 2 сабақ Египет абыздарының шіркеу есігін, сырттан от жаққанда ашылуын, 3 сабақта Голланд физигі Стевиннің «Ғажайып, ғажайып емес» деген пайымына, 4 сабақта Механизмнің ПӘК-ін 100 %-ға жақындатуға бола ма? деген шығармашылық тапсырмалар орындағанда айтылған ойлары мен тың идеялары мені қызықтырды. Мәселен, үлгерімі нашар Бауыржан өз пікірін дәлелдей алмаса да ол нүкте Юпитерде болуы тиіс дегенді айтты, зерттеуге алынбаған Жанболат жерді жаруға, өз осінен қозғауға болады, бірақ төңкеруге болмайтынын тарихи деректерді келтіре нақты тұжырымдай алды. Келесі жай механизмдер қолданылған шіркеу есігі туралы тапсырмада озат оқушы Қалиманың алдындағы меңгерген қысым, гидравликалық машиналар және күштер тақырыбында алған білімдеріне сүйеніп, берген жауабы ұнады. Стевин пайымына үлгерімі жақсы Ақмаржан көлбеу жазықтықа ілінген шарлардың бір жағындағы көп күшін екінші жағында көлбеу ұзындығымен теңгерілуі туралы айтты. Механизмнің ПӘК-ін 100%-ға жақындату туралы Жанболат сағаттың механизмі көптеген блоктардан тұрады, олардың әрқайсысы күштен 2 есе ұтыс береді, сондықтан ондай механизмдерде блоктарды неғұрлым көп қолдану керек деген қорытынды шығарды.

Оқытуда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретумен қоса, сыни тұрғыдан бағалай білуге көп мән бердім және оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам және өзгеріс болды. Бұл топтық диалогта оқушылардың басқару және көшбасшылық қабілеттерінің топ жұмысын ұйымдастыру мен бағалау кезінде көрініс тапты. Алғашында тақырып бойынша бағалау критерийлерін өзім үлестіріп отырсам, кейін олар сол бағалау критерийлерін өздері құрып, бағалай алды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарады, формативті бағалау әдістері алғашында шынайы болмағанымен, кейін өз бағасын түсіндіруге ұсыныс жасағанда, олар дұрыс бағаламағанын мойындап, өздерін-өзі реттеп жатты. Мәселен, бірінші сабақта Қалима өз топ мүшелерінің барлығын жақсы бағаласа, 4 сабақта оның сын тұрғысынан бағалау жүргізгені Тансұлуға «сен пайдалы жұмыс пен толық жұмыстың айырмашылығын әлі түсінбедің, ол саған ертеңгі күні есеп шығаруда көп қиындық туғызады, сондықтан әлі де өзін оқуын керек» деген жауабына мен қанағаттандым ал Тансұлу бұл сынды дұрыс қабылдап, Қалиманың өзін көмекке шақырды. Бұл жерде оқушылардың арасындағы арасындағы ынтымақтастықпен түсіністік айқын көрінді. Оқушылар осындай бағалаудың кезінде бір-бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым - қатынасты нығайтты.

Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында рефлексия жасау болатын. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір жазуға дағдыланды, бұл біріншіден менің сабағымда не ұтымды, не дұрыс қолданбағанымды түсінуіме ықпал етсе, оқушылардың өзінің айта алмаған ойын жеткізуге әсер етеді, өйткені стикерлерге өз аты-жөндерін жазбауға болатынын білген оқушылардың айта алмағанын еркін, қымсынбай жеткізуіне оң әсерін тигізді.

Сабақ барысында жеті модульдердің дұрыс, жүйелі ықпалдастыруым нәтижелі болды, дегенмен кедергілер де болды. Біріншіден деңгейлік есеп шығаруға уақыттың аздығы болса, мен ол тығырықтан есептерді визуалдандыру және жұппен, топпен шығаруға, сонында есептерінің шығарылымын талқылау арқылы шығуды жөн көрдім.

Екіншіден шығармашылық тапсырмалардың аздығы, болған күні қазақшасы жоқ десе болады, көптеген әдебиет және интернет-ресурстарды қарап көптеген эксперименталды тапсырмаларды қолданайын дедім, бірақ мен өз мақсатымда белгіленген сын тұрғысынан ойлау арқылы зерттеушілік қабілетін дамытып шығармашылыққа баулитындай деңгейде екеніне күмәнім болды. Ізденген жетер мұратына демекші, соңында кітапханадан Кириллова Г. басшылығымен 1986 жылы Москва, Просвещение баспасынан шыққан Книга для чтения по физике кітабындағы тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай шығармашылық қабілеттерін дамытады деп есептеп, қолдандым.

Үшіншіден, формативті бағалау қызықтырғанымен әрдайым шынайы болмады, ол қиындықтан өздеріне, бір-біріне, топқа бағалау жүргізгенде бағаларына түсініктеме беруді жүйелі түрде қолданғанымның арқасында, оқушылардың бағалауда өздік реттелу жүрді.

Lesson study стратегиясын қолдану мен үшін үлкен өзгеріс болды. Оқыту үшін бағалау сияқты ауқымды педагогикалық тәсілдерді дамытуға табысты пайдаланылғанын әрдайым есте ұстап, сабақ барысында кездескен қиындықтарымды талқылауым болды. Мәселен бірінші сабақтағы уақыт жетіспеудің себебі менің құрған сабақ құрылымы дұрыс болмады деп есептеп, сабақ жоспарымды форумға ілдім, тренерлеріміз және әріптестерімнен көмек сұрадым. Ол сабақ құрылымы тренер тарапынан егжей-тегжейлі тексеріліп, кейбір модульдер кірістірілуі, тапсырмалар мазмұны және мөлшері туралы түзетулер жасалды. Түзетілген сабағымның қысқа мерзімді жоспарын үлгіге алып, осы жіберілген қателерді келесі сабақтарда жібермеуге шешім қабылдауыма әсерін тигізді.

Қорытындылай келсем бағдарламаның 7 модулін білім алу барысында оқушының қалай оқу керектігін үйрену, білімді меңгерудегі оқушының ізденіс, талдау, жинақтау қабілеттерінің артуын өздік бақылау мен бағалау, шығармашылықпен дарындылығының ашылуына ықпал етті.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

  2. Мектептептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

 Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.  

Бағдарламаның жеті модулін «Физика және астрономия» пәнінің тізбектелген сабақтар топтамасына кіріктірілуінен сыңдарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, тақырыпты оқып-білу кезеңінде түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді.Lesson study  стратегиясын қолдану мен үшін үлкен өзгеріс болды. Оқыту үшін бағалау сияқты ауқымды педагогикалық тәсілдерді дамытуға табысты пайдаланылғанын әрдайым есте ұстап, сабақ барысында кездескен қиындықтарымды талқылауым болды. Мәселен бірінші сабақтағы уақыт жетіспеудің себебі менің құрған сабақ құрылымы дұрыс болмады  деп есептеп, сабақ жоспарымды форумға ілдім, тренерлеріміз және әріптестерімнен көмек сұрадым. Ол сабақ құрылымы тренер тарапынан егжей-тегжейлі тексеріліп,  кейбір модульдер кірістірілуі, тапсырмалар мазмұны және мөлшері туралы түзетулер жасалды. Түзетілген  сабағымның қысқа мерзімді жоспарын үлгіге алып, осы жіберілген қателерді келесі сабақтарда жібермеуге шешім қабылдауыма әсерін тигізді.

Қорытындылай келсем бағдарламаның 7 модулін білім алу барысында оқушының қалай оқу керектігін үйрену, білімді меңгерудегі оқушының ізденіс, талдау, жинақтау қабілеттерінің артуын өздік бақылау мен бағалау, шығармашылықпен дарындылығының ашылуына ықпал етті.

 

 

Автор
Дата добавления 09.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1490
Номер материала 376007
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх