Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Оқытудың инновациялық әдістері негізінде шет тілі пәнін оқыту үрдісін жетілдіру
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Оқытудың инновациялық әдістері негізінде шет тілі пәнін оқыту үрдісін жетілдіру

библиотека
материалов

Оқытудың инновациялық әдістері негізінде шет тілі пәнін оқыту үрдісін жетілдіру


Атырау көлік және коммуникация колледжінің шет тілі пәні оқытушысы

Атырау қаласы



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 

                   Н.Ә.Назарбаев 

Бүгінгі таңда оқу орындарында студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру, тұлғалық қабілеттерін шыңдау саналы, тұжырымды ойлау, мәдениетін дамытып, ішкі әлемі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, оны дамыта оқыту - оқыту үрдісінің негізгі мақсаты болып табылады.

Осындай күрделі де ауқымды мәселені шешу үшін кәсіби құзіреттілікті дамытуға бағытталған студенттерге сабақ беру үрдісінде қолданылатын әдіс жайлы баяндамамды ұсынып отырмын.

«Білім –ғылымды көбейтуге екі қару бар адам ішінде: бірі – мұлахаза (ой, пікір алысу), екінші – мұхафаза (сақтау, қорғау). Бұл екі қуатты зорайту жаhатінде (күшті жұмсау, тырысу) болмақ. Бұлар зораймай, білім зораймайды» деген керемет ойды ұлы данышпан Абай айтқандай, қазіргі ең басты мәселе - өз жұмыс барысында технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни студент білімін халықаралық деңгейге жуықтату.

Шетел тілін меңгеру мәдениетаралық қатынас құралы ретінде оқу үрдісін нақты қатынас процесс үлгісіне жақындатуда, яғни шетел тілін оқытудың негізгі мақсатына жетудің жолы мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыруға негізделеді. Осы тұрғыдан қарағанда шет тілін оқытуда студенттердің коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру бүгінгі күнде ең маңызды мәселенің біріне айналуда. Шетел тілінде сөз әрекетінің жоғары деңгейде болуы коммуникативтік біліктілік элементтерінің студенттердің бойында толық қалыптасуынан көрінеді. Олар: коммуникативтік білім, коммуникативтік дағды,коммуникативтік іскерлік. Осы элементтерді шетел тілдерін оқып үйренудің бастапқы деңгейінде сөз әрекетінде қалыптыстыра білуіміз қажет.

Ал, енді осы ұғымға анықтама беретін болсақ, коммуникативтік біліктілік дегеніміз шетел тілінің грамматикалық құрылымы мен тілдік бірліктердің қызметін толық білетін, яғни лингвистикалық білімі сөз әрекетінен сөйлеу түрі жоғары деңгейде көрінетін, шетел тілінде еркін қарым-қатынас жасай алатын адамның тілге деген қабілеттілігі. Коммуникативтік біліктілік белгілі бір тілдік ортада немесе арнайы ұйымдастырылған оқу үрдісінде қалыптасады.

Тілді оқыту арқылы студенттің қатынастық біліктілігі мынандай ұғымдар негізінде жүзеге асады: 1) тіл мен оның теориясынан нақты білімінің болуы, тілдік құралдарды қолдана алу шеберлігінің жетілуі; 2) тіл мәдениетін сақтап, әлеуметтік мінез-құлық ұлттық ерекшеліктер негізінде сөйлеуді ұйымдастыра білу іскерлігінің қалыптасуы. Коммуникативтік дағдылар мен іскерліктер нақты қарым – қатынас жағдайын, сөз әрекетінің үйлесімділігін анықтайды. Сондықтан шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана білу мақсатында ең алдымен төмендегі шарттарды қалыптастыруға тура келеді:

  1. Тілдік құралдар туралы білімін кеңейту;

  2. Дұрыс сөйлеудің орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  3. Сөз әрекетінің түрлері бойынша ауызша және жазбаша дағдыларын дамыту.

Шетел тілін оқыту әдістемесінде коммуникативті оқытудың принциптері оқу барысында, маңызды оқыту теориясын құруда дұрыс бағытта заңды қызмет және әдіс – тәсілдерді қолдануда оқыту барысында дұрыс бағдар алу үшін ерекшеленеді. Осы тұрғыдан ғалым Н. Д. Гальскова оқу үрдісін құру логика тұрғысынан емес, пәнді игеру жүйесі тұрғысынан студенттің логикасының дамуы субъективті ішкі жағдайына байланысты деп санайды.

Сондықтан да шетел тілін оқыту жеке тұлғалық нысаналы сипатта студенттің тілді меңгерудегі әдіс – тәсілін қайта құру қажеттілік деп саналады. Студент оқу үрдісіндегі басты субъект, ал оқытушы шетел тілінде қарым – қатынас жасаудағы көмекшісі және ұйымдастырушысы болып табылады. Шетел тілі пәнін оқудағы басты әрекет студенттің сыртқы және ішкі белсенділігінен танылады. Шетел тілін оқытуда коммуникативті бағдарлы әрекетті қарастыра отырып, әдіскер Р. Мильурд мынадай тұжырымды көрсетеді, яғни әдістемелік тәсіл көмегімен коммуникативтік ойын еркін қатынас негізінде қарастырады. Бұл жағдайда тапсырма түрлері мынадай болуы мүмкін: коммуникативті ойын; коммуникативті имитация; еркін қарым – қатынас.

кесте 1

hello_html_m5bfcc641.gif

Бұл аталған принциптердің әртүрлігінің маңыздылығы коммуникативтік біліктіліктің барлық компоненттерін (лингвистикалық, стратегиялық, дискурсивті біліктілік) қалыптастыруға бағытталып отыр. Коммуникативті біліктілік мазмұнды сипатта болатын прагматикалық біліктілік пен ақпараттық біліктіліктің қосымша мүмкіншіліктерін игеретін когнитивті біліктілік деп танылады. Шетел тілін коммуникативті нысаналы оқыту материалды түпнұсқалы пайдалану жағдайында оқытудың негізгі қажеттілігі болып табылуда.

Жоғарыдағы принциптер ең алдымен коммуникативтік дағдыны қалыптастыру үшін жаттығуларға негізделеді. Бұл жаттығулардың мақсаты коммуникативті біліктілікті қалыптастыру дағдысы мен шартты ойлау тілдік жаттығуларын орындау болып табылады. Шетел тілінде қарым – қатынас жасау арқылы сөз әрекетінде бір ізділікті байқау мүмкін. Бұл жағдайда коммуникативтілік дидактикалықпен қатар лингвисткалық бағытта болады. Коммуникативті ойлау оқытудың индивидуалды әрекеті, студенттің өзіндік қасиеті ретінде түсіндіріледі. Сөз – дербес әрекет, бірақ сөйлеуді дербес оқыту қиынға соғады. Қарым – қатынас үрдісіндегі ішкі белсенділік көп жағдайда топ арасында әңгімелесуден туындайды. Бір қиыны студенттер грамматикалық форманы біле тұра сөйлеу кезінде кібіртіктеп қалатыны бар. Мұндай қателіктерді жібермеу үшін ауызша қарым – қатынас жасауға дағдыланатын әртүрлі жаттығулар түрлерін жасау қажет және тақырыпқа сай жағдаяттарға сөйлей білуге дағдылануы керек. Бұндай жағдайларда сабақ интерактивті түрде жүргізілсе коммуникативтік принциптердің барлық түрлерін қолдану өте тиімді әрі нәтижелі болады. Коммуникативті оқыту тілді, сөйлеуді, меңгеруді қажет етеді.

Жағдаят (ситуация) сөйлеудің шартты дамуына себепкер болады. Қазіргі кезде жағдаяттар коммуникативтік нақтылықты жаңартуды мақсат етеді, сол арқылы сөз әрекетіне деген қызығушылықты арттырады. Сонымен бірге коммуникативтілік жан – жақты ойлауды талап етеді. Белгілі болғандай қарым – қатынас үрдісі дегеніміз сөйлеу, жағдаят, тапсырмалар жаттығулар түрлері. Осыған орай жаңашылдық принципі нақты сөйлеу қабілеттілігін дамыту үшін оның динамикалық бөлігін, сөйлеу құлшынысын, сөйлеу стратегиясын қамтамасыз ететініне келіспеуге болмайды. Сөйлеудің тақырыптық мазмұнының мәдениетаралық түпнұсқалық байланыстығы әртүрлі тілдік материалдар арқылы, атап айтқанда әдеби, публистикалық ғылыми, жарнама сияқты прагматикалық мәтіндер өзге тілді оқытудың мәдениеттанымдық бағыттылығын іске асыруда маңызды рөл атқарады, яғни өз мәдениеті мен үйренетін тіл мәдениетінің ара қатынасын белгілеуге мүмкіндік береді. Ал, коммуникативті тапсырма жүйелері когнитивті принциптердің негізі болып саналса, студенттер үшін когнитивті тапсырмаларды шешу басты коммуникативтік мақсат болып табылады. Когнитивтік бағыттың мазмұны студенттің коммуникативтік әрекет жасауға мүмкіндік беретін нақты тәсілдерді игеру. Бұндай әдістемелерді біз студенттердің өзіндік жұмыстарынан байқаймыз, мысалы: өз сын – пікірін айту, талдап түсіндіру, мәтіндегі басты идеяны тауып қайта құру, мамандықпен байланысты техникалық терминдермен жұмыс сияқты іздеуді талап ететін тапсырмалар. Аталған принциптерді қолдана отырып, арнайы бағытталған әдістемелік жұмыстарды жүргізумен, топтық және жұптық жұмыстарды сабақта тиімді пайдалану коммуникативті біліктілікті қалыптастыруға көмегін тигізеді. Коммуникативті біліктілікті арттыру арқылы студенттердің сабаққа деген ынтасы артып, ізденушілік шығармашылық қасиеттері жоғарылап, шетел тілінде еркін сөйлеуге қызығушылықтары молая түседі. Коммуникативтік әрекеттің продуктивтік және рецептивтік түрлеріне қойылатын талаптар толығымен орындалғанда тілді меңгеру деңгейлік жүйеде жүзеге асып, студенттердің коммуникативтік біліктілігі жоғарылайды.

Еліміздің білікті де білімді азаматын дайындауда ағылшын тілінің қосар үлесі мол деп санаймын. Ағылшын тілінде сауатты жаза алатын, өз ой-пікірін айта алатын, мағыналы түрде сөйлей алатын студентті тәрбиелеу қажет. Студенттердің коммуникативті құзыреттілік дағдыларын қалыптастырып, жазу іскерліктерін дамытуда жоғарыда ұсынылған ой-жүйесінің маңызы зор деп ойлаймын. Сонымен қатар жұмыстың барлық кезеңдерінде мұғалім шәкірттерінің іс-әрекеттерін қолдап, мадақтай келе, олардың ынтасын, жұмысты іздеуге бағытталған ниетін көтерген жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Түрлі материалдарға сай біз сабақта неғұрлым әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отырсақ, соғұрлым берілетін білімі де сапалы болатыны сөзсіз.

«Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» деп Қадыр аға жырлағандай, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны белгілі.

Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой- пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Шетел тілін оқыту әдістемесі – 2008 ж.

  2. Мектептегі шет тілі – 2009 ж.

  3. Амиров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері А., 1997ж.

  4. Рогова Г.В. Методика обучения иностранным языкам в средней школе – Москва: Просвещение . 1991г.

  5. Гальскова Н. Д. Современная методика обучения иностранному языку. Москва, 2000г.

  6. Акылова Б. С. Коммуникативное обучение иностранному языку на современном этапе ИЯШ – 2003г.


  1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана,2007





hello_html_m4d466bb7.png

6


Краткое описание документа:

Оқытудың инновациялық әдістері негізінде шет тілі пәнін оқыту үрдісін жетілдіру

 

Атырау көлік және коммуникация колледжінің шет тілі пәні оқытушысы

Атырау қаласы

 

 

 «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 

                   Н.Ә.Назарбаев 

          Бүгінгі таңда оқу орындарында студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру, тұлғалық қабілеттерін шыңдау саналы, тұжырымды ойлау, мәдениетін дамытып, ішкі әлемі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, оны дамыта оқыту - оқыту үрдісінің негізгі мақсаты болып табылады.

Осындай күрделі де ауқымды мәселені шешу үшін кәсіби құзіреттілікті дамытуға  бағытталған студенттерге сабақ беру үрдісінде қолданылатын  әдіс жайлы баяндамамды ұсынып отырмын.

 «Білім –ғылымды көбейтуге екі қару бар адам ішінде: бірі – мұлахаза (ой, пікір алысу), екінші – мұхафаза (сақтау, қорғау). Бұл екі қуатты зорайту жаhатінде (күшті жұмсау, тырысу) болмақ. Бұлар зораймай, білім зораймайды» деген керемет ойды ұлы данышпан Абай айтқандай,   қазіргі ең басты мәселе - өз жұмыс барысында технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушы тұлғасын қалыптастыру, яғни студент білімін халықаралық деңгейге жуықтату.

Шетел тілін меңгеру мәдениетаралық қатынас құралы ретінде оқу үрдісін нақты қатынас процесс үлгісіне жақындатуда, яғни шетел тілін оқытудың негізгі мақсатына жетудің жолы мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыруға негізделеді. Осы тұрғыдан қарағанда шет тілін оқытуда студенттердің коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру бүгінгі күнде ең маңызды мәселенің біріне айналуда. Шетел тілінде сөз әрекетінің жоғары деңгейде болуы коммуникативтік біліктілік элементтерінің студенттердің бойында толық қалыптасуынан көрінеді. Олар: коммуникативтік білім, коммуникативтік дағды,коммуникативтік іскерлік. Осы элементтерді шетел тілдерін оқып үйренудің бастапқы деңгейінде сөз әрекетінде қалыптыстыра білуіміз қажет.

Ал, енді осы ұғымға анықтама беретін болсақ, коммуникативтік біліктілік дегеніміз шетел тілінің грамматикалық құрылымы мен тілдік бірліктердің қызметін толық білетін, яғни лингвистикалық білімі сөз әрекетінен сөйлеу түрі жоғары деңгейде көрінетін, шетел тілінде еркін қарым-қатынас жасай алатын адамның тілге деген қабілеттілігі. Коммуникативтік біліктілік белгілі бір тілдік ортада немесе арнайы ұйымдастырылған оқу үрдісінде қалыптасады.

Тілді оқыту арқылы студенттің қатынастық біліктілігі мынандай ұғымдар негізінде жүзеге асады: 1) тіл мен оның теориясынан нақты білімінің болуы, тілдік құралдарды қолдана алу шеберлігінің жетілуі; 2) тіл мәдениетін сақтап, әлеуметтік мінез-құлық ұлттық ерекшеліктер негізінде сөйлеуді ұйымдастыра білу іскерлігінің қалыптасуы. Коммуникативтік дағдылар мен іскерліктер нақты қарым – қатынас жағдайын, сөз әрекетінің үйлесімділігін анықтайды. Сондықтан шетел тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана білу мақсатында ең алдымен төмендегі шарттарды қалыптастыруға тура келеді:

1)    Тілдік құралдар туралы білімін кеңейту;

2)    Дұрыс сөйлеудің орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

3)     Сөз әрекетінің түрлері бойынша ауызша және жазбаша дағдыларын дамыту.

         Шетел тілін оқыту әдістемесінде коммуникативті оқытудың принциптері оқу барысында, маңызды оқыту теориясын құруда дұрыс бағытта заңды қызмет және әдіс – тәсілдерді қолдануда оқыту барысында дұрыс бағдар алу үшін ерекшеленеді. Осы тұрғыдан ғалым Н. Д. Гальскова оқу үрдісін құру логика тұрғысынан емес, пәнді игеру жүйесі тұрғысынан студенттің логикасының дамуы субъективті ішкі жағдайына байланысты деп санайды.

         Сондықтан да шетел тілін оқыту жеке тұлғалық нысаналы сипатта студенттің тілді меңгерудегі әдіс – тәсілін қайта құру қажеттілік деп саналады.  Студент оқу үрдісіндегі басты субъект, ал оқытушы  шетел тілінде қарым – қатынас жасаудағы көмекшісі және ұйымдастырушысы болып табылады. Шетел тілі пәнін оқудағы басты әрекет студенттің сыртқы және ішкі белсенділігінен танылады. Шетел тілін оқытуда коммуникативті бағдарлы әрекетті қарастыра отырып, әдіскер Р. Мильурд мынадай тұжырымды көрсетеді, яғни әдістемелік тәсіл көмегімен коммуникативтік ойын еркін қатынас негізінде қарастырады. Бұл жағдайда тапсырма түрлері мынадай болуы мүмкін: коммуникативті ойын; коммуникативті имитация; еркін қарым – қатынас.

                                                                                                                           кесте 1

       Бұл аталған принциптердің әртүрлігінің маңыздылығы коммуникативтік біліктіліктің барлық компоненттерін (лингвистикалық, стратегиялық, дискурсивті біліктілік) қалыптастыруға бағытталып отыр. Коммуникативті біліктілік мазмұнды сипатта болатын прагматикалық біліктілік пен ақпараттық біліктіліктің қосымша мүмкіншіліктерін игеретін когнитивті біліктілік деп танылады. Шетел тілін коммуникативті нысаналы оқыту материалды түпнұсқалы пайдалану жағдайында оқытудың негізгі қажеттілігі болып табылуда.

         Жоғарыдағы принциптер ең алдымен коммуникативтік дағдыны қалыптастыру үшін жаттығуларға негізделеді. Бұл жаттығулардың мақсаты коммуникативті біліктілікті қалыптастыру дағдысы мен шартты ойлау тілдік жаттығуларын орындау болып табылады. Шетел тілінде қарым – қатынас жасау арқылы сөз әрекетінде бір ізділікті байқау мүмкін. Бұл жағдайда коммуникативтілік дидактикалықпен қатар лингвисткалық бағытта болады. Коммуникативті ойлау оқытудың индивидуалды әрекеті, студенттің өзіндік қасиеті ретінде түсіндіріледі. Сөз – дербес әрекет, бірақ сөйлеуді дербес оқыту қиынға соғады. Қарым – қатынас үрдісіндегі ішкі белсенділік көп жағдайда топ арасында әңгімелесуден туындайды. Бір қиыны студенттер грамматикалық форманы біле тұра сөйлеу кезінде кібіртіктеп қалатыны бар. Мұндай қателіктерді жібермеу үшін ауызша қарым – қатынас жасауға дағдыланатын әртүрлі жаттығулар түрлерін жасау қажет және тақырыпқа сай жағдаяттарға сөйлей білуге дағдылануы керек. Бұндай жағдайларда сабақ интерактивті түрде жүргізілсе коммуникативтік принциптердің барлық түрлерін қолдану өте тиімді әрі нәтижелі болады. Коммуникативті оқыту тілді, сөйлеуді, меңгеруді қажет етеді.

            Жағдаят (ситуация) сөйлеудің шартты дамуына себепкер болады. Қазіргі кезде жағдаяттар коммуникативтік нақтылықты жаңартуды мақсат етеді, сол арқылы сөз әрекетіне деген қызығушылықты арттырады. Сонымен бірге коммуникативтілік жан – жақты ойлауды талап етеді. Белгілі болғандай қарым – қатынас үрдісі дегеніміз сөйлеу, жағдаят, тапсырмалар жаттығулар түрлері. Осыған орай жаңашылдық принципі нақты сөйлеу қабілеттілігін дамыту үшін оның динамикалық бөлігін, сөйлеу құлшынысын, сөйлеу стратегиясын қамтамасыз ететініне келіспеуге болмайды. Сөйлеудің тақырыптық мазмұнының мәдениетаралық түпнұсқалық байланыстығы әртүрлі тілдік материалдар арқылы, атап айтқанда әдеби, публистикалық ғылыми, жарнама сияқты прагматикалық мәтіндер өзге тілді оқытудың мәдениеттанымдық бағыттылығын іске асыруда маңызды рөл атқарады, яғни өз мәдениеті мен үйренетін тіл мәдениетінің ара қатынасын белгілеуге мүмкіндік береді. Ал, коммуникативті тапсырма жүйелері когнитивті принциптердің негізі болып саналса, студенттер үшін когнитивті тапсырмаларды шешу басты коммуникативтік мақсат болып табылады. Когнитивтік бағыттың мазмұны студенттің коммуникативтік әрекет жасауға мүмкіндік беретін нақты тәсілдерді игеру. Бұндай әдістемелерді біз студенттердің өзіндік жұмыстарынан байқаймыз, мысалы: өз сын – пікірін айту, талдап түсіндіру, мәтіндегі басты идеяны тауып қайта құру, мамандықпен байланысты техникалық терминдермен жұмыс сияқты іздеуді талап ететін тапсырмалар. Аталған принциптерді қолдана отырып, арнайы бағытталған әдістемелік жұмыстарды жүргізумен, топтық және жұптық жұмыстарды сабақта тиімді пайдалану коммуникативті біліктілікті қалыптастыруға көмегін тигізеді. Коммуникативті біліктілікті арттыру арқылы студенттердің сабаққа деген ынтасы артып, ізденушілік шығармашылық қасиеттері жоғарылап, шетел тілінде еркін сөйлеуге қызығушылықтары молая түседі. Коммуникативтік әрекеттің продуктивтік және рецептивтік түрлеріне қойылатын талаптар толығымен орындалғанда тілді меңгеру деңгейлік жүйеде жүзеге асып, студенттердің коммуникативтік біліктілігі жоғарылайды.     

Еліміздің білікті де білімді азаматын дайындауда ағылшын тілінің қосар үлесі мол деп санаймын. Ағылшын тілінде сауатты жаза алатын, өз ой-пікірін айта алатын, мағыналы түрде сөйлей алатын студентті тәрбиелеу қажет. Студенттердің коммуникативті құзыреттілік дағдыларын қалыптастырып, жазу іскерліктерін дамытуда жоғарыда ұсынылған ой-жүйесінің маңызы зор деп ойлаймын. Сонымен қатар жұмыстың барлық кезеңдерінде мұғалім шәкірттерінің іс-әрекеттерін қолдап, мадақтай келе, олардың ынтасын, жұмысты іздеуге бағытталған ниетін көтерген жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Түрлі материалдарға сай біз сабақта неғұрлым әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отырсақ, соғұрлым берілетін білімі де сапалы болатыны сөзсіз.

«Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін» деп Қадыр аға жырлағандай, көп тіл білетін адамның көп нәрсеге қол жеткізетіні, басқаларға қарағанда қалаған жерінде жұмыс істеуіне де мүмкіндігі мол екені, қай елге барса да алдынан жасыл жарық жағылып тұратыны белгілі.  

            Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой- пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1.     Шетел тілін оқыту әдістемесі – 2008 ж.

2.     Мектептегі шет тілі – 2009 ж.

3.     Амиров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері А., 1997ж.

4.     Рогова Г.В. Методика обучения иностранным языкам в средней школе – Москва: Просвещение . 1991г.

5.     Гальскова Н. Д. Современная методика обучения иностранному языку. Москва, 2000г.

6.     Акылова Б. С. Коммуникативное обучение иностранному языку на современном этапе ИЯШ – 2003г.

 

7.     Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана,2007

 

 

 

 

 

 

Общая информация

Номер материала: 379319

Похожие материалы