Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / «Оқытушы: ұстаз және тәрбиеші» (баяндама)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

«Оқытушы: ұстаз және тәрбиеші» (баяндама)

библиотека
материалов

ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ




«Бекітемін»

директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

_________ Бисалиева Ж.Е.







Баяндама тақырыбы:

«Оқытушы: ұстаз және тәрбиеші»











Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің оқытушысы Бексариев Н.С.














Орал 2013 жыл




МАЗМҰНЫ


  1. КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------- 3

  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ --------------------------------------------------------- 4-8

  3. ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------------------------------------ 9

  4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ------------------------------- 10












































КІРІСПЕ

Болашақ мамандардың құзырлығына қойылатын талаптар:
«Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз»(Л.Толстой)
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді.
Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі заман талабына сай ойшыл, ғылыми-әдістемелік біліммен терең қаруланған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер мұғалім қажет.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Білім – адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда, ол – педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз «адамды» оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Көне грек философы Платон өз кезінде танымды, білім алуды еске түсіру деп түсінген екен: білім әр адамның бойында, ол туа біткен қасиет, таным мақсаты тек сол білімді еске түсіруде.Бұл ұстаным ұстаздан шәкіртке білімді тасымалдаудың мүмкін еместігін аңғартады: әрбір адам өздігімен білімді игермесе, яғни есіне түсірмесе , ол ешнәрсеге де үйрене алмайды. Шындығында да өзінде бар білімді ұстаз шәкірттеріне дайын күйде беретін болса, оның бұл ісінен мардымды нәрсе шығар ма екен? Халқымыздың «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген аталы ұғымы осындай жайтты меңземей ме?
Білім сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдармалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көре алуынан, баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек. Қазіргі заманда әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқытудың модульдік, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлі саралап оқыту және т.б. технологиялардың стратегияларын мұғалім өз шығармашылығы, ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне орай іріктеп қолдануды талап етеді. Ақпараттық, оқытудың инновациялық технологиялары арқылы барлық балалар мен жастарға бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді.
Білім беру сапасының критерийлері:
1. мұғалімнің кәсіби шеберлігі
2. мұғалімнің білімділігі
3. мұғалімнің тәжірбиесі
4. мұғалімнің бәсекеге қабілеттілігі
5. білім беру сапалылығы
6. еңбектің тиімділігі
7. әдістемелік жұмыстағы шеберлігі
Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет.
Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:
• мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі
• білім беру жүйесінің сапалылығы
• мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.
Оның құрамына:
- мұғалімнің мәдениет адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;
- кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;
- педагогикалық ықпал етудің және қазіргі оқытудың технологияларын білуі;
- өзін-өзі шығармашылықпен дамыта, іске қоса алуы;
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ – кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:
1.Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші
2.Субъективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес
3.Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады.
4.Шығармашылықтың критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады.
Біліктілікті арттыру - өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеруі болып табылады.
Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш – оның кәсіби құзырлылығы. «Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлға субьектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. «Құзырлылық» - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алу дегенді білдіреді.
Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.
М.А. Чошанов құзырлылықты маманның төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:
• тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті
• қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі
• қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы
• практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
• нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі
• тиімді шешім кабылдау қабілеті
Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырмасы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық тұлғалық сапасы, теориялық, білімдік және профессионалдық дайындығының бірлігі,жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған.
Құзырлылықты, Джон Равен, танымдық, пәндік, практикалық, тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы, синтезі деп пайымдайды.
Танымдық
пәндік → практикалық → тұлғалық →
тәжірибенің күрделі пайымдамасы, синтезі.
Соңғы жылдары ғылыми–педагогикалық еңбектерде кәсіби құзырлылық дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы ретінде қарастырылады. Біздің ойымызша, құзырлықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез–құлқын, ең бастысы - тұлға мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша бастады. Олай болса, құзырлылық – нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын құндылықтарды есепке алуы қажет.
Құзырлылық тәсілдері :
нақты болып жатқан
құбылыстарды түсіндірудегі
танып білудегі, жаңа техника мен технологияларды
меңгерудегі
адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалау

өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам мүшесі
құқықтық нормадағы және әкімшілік
құрылымдағы жағдаяттарды шешудегі біліктілік
Құзырлықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы тәжірбиесі, интеллектісі,тектілігі
Құзырлықтың сапа белгілері:
дүниетанымы, адамгершілігі, еңбекқорлығы, көлемі, жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы, дарыны.
Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А. Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына білім мекемелері мынадай құзырлықты қалыптастыруы тиіс деп есептейді:
1.Саяси және әлеуметтік құзырлықтар. Олар адамның өзіне жауапкершілік ала алуында.
2.Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар. Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, дін өкілдерін құрметтеу.
3.Жазбаша және ауызша қарым – қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де жатқызылады
4.Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар. Бұл жаңа технологияларды білу, ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған сыни баға беру білу деген мағынаны береді.
5.Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір бойы білім алуға қабілеттілік.
Болашақ мұғалім:
- ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеу.
- оқушылардың негізгі құзырлылығын қалыптастыруға дайындығы: құндылық-бағдар, жалпы мәдениет,оқу-танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық,.
- білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру
XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы оқытушы – тәрбиеші мұғалім даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Мұғалім – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, балаларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл мұғалім даярлауға қойылатын талаптар студенттерді – ертеңгі мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ мұғалімдерді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.
Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.
Педагогикалық процестін теориялық моделін жасау қалайша оның мәнінде тәрбиенін нәтижесіне қол жететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдеттегі қалыптасқан көзқарас бойынша , әсіресе жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс – әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі.

Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдын мазмұнымен байланыстырады немесе оқушыларда қайсарлықгы, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Сөзсіз оқу пәндердің мазмұндарының өзінде белгілі бір тәрбие күшті әсері салынған. Бұл екі мәселемен байланысты: біріншіден менгерілетін пәннің мазмұны қаншалықгы қоғамның даму денгейіне, оның мүддесіне сай келетіндегіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықгы табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының, дамуының объективтік зандылықгарын түсінуімен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты.
Кезінде А.С. Макаренко, тұлға кемшілігін оның қоғамдағы қатынастарындағы кемшітіктерімен байланысты деген болатын. Демек, процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушьшардын қалыптасқан қатынастары кеңестерінен іздестірген жөн.
Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі негізгі қатынастың маңызы бар. Ол мүғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір – бірімен өзара қарым – қатынастары. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір -бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.
Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес: себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғатімнің маңызы зор,ол үшін мүғалім білімінің беделінің, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор,оның жетістіктері қаңдай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушьшарды бірте — бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинакталады,тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңыздылығы төмеңдмейді. Бірақ жоғары кластардың өзінде де толық жойылмайды.
Бірақта зерттеулердің (А.С. Макаренко; Т.Е. Конникова ; Л.И. Новикова; М.Н. Шульц және т.б.) мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақгастығында балаларға еркіндік берумен іс – әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе- тендіктің керектігі анықталған. Онда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдасуға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықгы, қадыр құрмет (тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да) және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді. Міне бұл мұғалім мен окушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оньщ өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.
Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктің маңыздылығында кем емес. Бұл оқушьшар арасындағы өзара қарым -қатынастары Н.К. Крупская өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындығы қатындстардың тәрбиелік ролі туралы ойды айтқан болатын. Ал А.С. Макаренко нақтырақ болды ол: «ұтаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек» дейді.






































ҚОРЫТЫНДЫ
Тәрбиеші ұжымдағы тәрбиеленушілердің арасындағы нақтылы қатынастарды ескеруі керек. Бұл қатындстдрдың өзінде, тіпті олар біздің еркімізден тыс қалыптасқанда олардың көпшілігі тәрбие бағытында қолдануы мүмкін.
Бұл процестің тиімділігі балалардың ұжымындағы іс -әрекеттерінің мазмұны мен құрылымының одан әрі дамытуымен, арнайы ұйымдастырьшған ерекше бір іс- әрекет ретіндегі олардьщ коллективтік қатынастары оқушыларда бір — бірін тұлғалық қабылдау мәдениетін максатты тәрбиелеу, оқушылардың өзін -өзі тану процесі барысында оларға жеке дара көмек көрсету, ұжымда өзінін жүріс –тұрысын өзі реттеу және әлеуметтк тиімді өз орнын табуымен байланысты.
Оқушылардың өзара әрекеттерімен байланысты тәрбиелеуші механизмінің мәні сол бүл тетік, бірінші көрсетілген тетік сияқгы, тек іс — әрекет болғанда ғана пайда болатынында және қызмет атқаруында. Сонымен қатар іс – әрекет ұжымдық және мұқият ұйымдастырылған болуы керек, сонда ғана іскерлік ынтымақгастықпен жауапкершілік қатынастарды қалыптастыру үшін алғы шарттар жасалынады.
Сонымен, бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық (іс-әрекетпен оның ерекшеліктері) өте маңызды қортынды жасауға мүмкіңдік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс-әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді әзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек
.








Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту Алматы – 2005, 2008 бет
2.
Педагогика мәселелері. Ғылыми–теориялық журнал. 1-2/2006,228 бет





Краткое описание документа:

Болашақ мамандардың құзырлығына қойылатын талаптар:
«Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз»(Л.Толстой)
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деген еді.
Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті.

Автор
Дата добавления 26.01.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1569
Номер материала 340624
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх