Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Ою - өрнек - өрелі өнер" тәрбие сағаты

"Ою - өрнек - өрелі өнер" тәрбие сағаты


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Үлгілі тәрбие сағаты, 3 сынып

Мұғалім: Майлыбаева А. Б.



«Ою өрнек өрелі өнер»


Мақсаты: 1. Ұлттық ою-өрнектердің шығу тарихы, олардың түрлері

туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың логикалық ойлауын, елестету қабілетін

дамыту арқылы шеберлікке, эстетикалық талғампаздылыққа,

халқының өнерін дәріптеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: ұлттық ою-өрнектермен, көркемделген бұйым,

фотосуреттер, ою-өрнек түрлері суреттері.

Барысы:

  1. Кіріспе бөлім:

Халқымыз ежелден-ақ өнерге бейім болған. Өнер түрлері сан алуан.

  • Қандай өнер түрлерін білесіңдер?

  • Қолөнер, сурет өнері, ұсталық өнер, зергерлік өнер.

  • Дұрыс айтасыңдар.

  • Ендеше сол өнердің ішіндегі қолөнер түрі ою-өрнек өнері жайлы бүгінгі тәрбие сағатымызда айтамыз.

  • Біз биылғы жылы «Атамекен» бағдарламасы бойынша «ою-өрнек» бағытымен жұмыс жүргізудеміз. Сол ою-өрнек бағыты бойынша әзірленген «Ою-өрнек - өрелі өнер» атты үлгілі тәрбие сағатымызды бастаймыз.


Мақсат қою кезеңі:

  • Балалар, бүгін біз ою-өрнек түрлері, ою-өрнектермен көркемделген бұйымдармен танысамыз.


  1. Негізгі бөлім:

Ою-өрнек сөзі қосарлана айтылады. Латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы «сәндеу, әсемдеу». Сәндеу әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан-жануарлар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталанып, симметриясы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.

Ою белгілі бір затты ою(тас, темір,ағаш), кесу (ағаш,сүйек),тілу (былғары,тері), қию/қағаз, қиылған оюды екінші бір затқа жапсырып, желімдеп әшекелейді, әсемдейді, түрлендіреді. Осы күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, сандық, аяқ-киім, киім – кешектерді,қабырғаларды безендіруге қолданылады. Ғылымда ою өрнекті зооморфтық (хайуанаттық), көкөніс (өсімдік сабағы, жапырағы), геометриялық және астрономиялық болып бөлінеді.

Ою - өрнек композициялық құрылымына үшке бөлінеді:

  1. Жиектік өрнектер (ою-өрнекті жолақ)

  2. Гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер)

  3. Торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұруы)


Бейнелеу өнеріне сай оларды үш түрге бөлеміз:

  1. Геометриялық өрнектер (геометриялық денелер)

  2. Көкөніс өрнектері (өсімдік гүлдері, жапырағы, сабағы)

  3. Зоо морфтық өрнек (жануарлар, аң, құс)


Ою - өрнектің өз шығу тарихы бар.

Көрініс: «Ою хан мен Жою хан» ертегісін сахналау.

Мұғалім. Ою - өрнек те халқымыздың ауыз әдебиеті сияқты мәдени

мұрамыз. Шеберлеріміз оларды қолөнер бұйымдарына

қолдану арқылы қайта жаңғыртып отыр.

Енді әрбір ою-өрнек түріне тоқталайық.




Сания: «Арқармүйіз» - бұл элемент «қошқармүйізге» ұқсас, бірақ

Оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек

болып келеді. Үй жиһаздарын, киім – кешектерді

кестелеуде қолданылады.



Азамат: «Төртқұлақ» - өсімдік тектес оюларға жатады. Бұл

Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірі.

Кесте өнерінде батырлар шапанының жауырынына,

шалбардың тізе тұсына салынады.


Рамазан: Түйенің ботасы қазақ халқы үшін сұлулықтың белгісі.

Халқымыз ботадай сұлу, ерке болсын деп қыз есімін

«Ботагөз» қоюы тегін емес.



Сұлтанмұрат: Қазақ халқы жері отты, суы мол, жайылым құт, кең

сахарада көшіп, жайлы қоныс іздеп, өсімдік қасиетін

байыптаған.

Азамат: Құстаудай – шешендердің, ақындардың үні құстың

сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық

болсын деген тілекпен өнер адамдарының шапанына

кестелеп тігіледі.



Мұғалім: «Өнерсіз адам өнерден сасар, өнердің өзі шеберге қашар»

деп он саусағынан өнер тамған қолөнер шебері. Ендеше,

бүгін қонаққа қол өнермен айналысатын шебер Анар

апайымыз келіп отыр. Ол кісі бізді өзінің бұйымдарымен

таныстырады.


Нұртілек: Ою - өрнек

Көрші әжей өрнегі

Барып тұрам күнде мен

Құрмет тұтып шеберді

Ою - өрнек үйренем


Арай: Енгендейсің гүл баққа

Неткен әсем сырмағы

Көшіп қонған сырмаққа

Бар сұлулық қырдағы


Рамазан: Оюларға сүйсініп,

Қайран қалып тұрарсың,

Көре білсең түсініп,

Одан көп сыр ұғасың.


Мұғалім: Келесі кезекте біздің сынып оқушыларының арасында да

өнерге құштар балалар көп.

Оюшылар жарысы. «Он саусағы майысқан шебер бола

ма екенбіз?» атты жарыс. Ою ояды. (қошқармүйіз,

айшабибі, қолтықша)


«Мақал құрастыру» ойыны көрермендермен жүргізу.

  1. Тілі – біз. (Шешеннің тілі- шебердің бізі)

  2. Қолы-тоны. (Қай біреудің қолы өнер, қолымен тіккен тоны өнер)

  3. Үйрен-жирен.

  4. Ою-Ойы.


  1. Қорытынды бөлім.

Балалар, бүгінгі үлгілі тәрбие сағатымызда ою - өрнектер жайлы таныстық. Халқымыз айтады ғой «Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық». Ендеше бабаларымыздан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.




Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров240
Номер материала ДВ-441403
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх