Инфоурок Технология Другие методич. материалыОю–өрнектер әлемі тақырыбына сабақ жоспары 7 сынып

Ою–өрнектер әлемі тақырыбына сабақ жоспары 7 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Ою–өрнектер әлемі

     Сабақтың мақсаты: Ою–өрнектерді ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін қыз балаларға ұғындыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Әдемілікке, өнерге, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

     Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу өнері.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі  5-7 сынып оқушылары «Ою-өрнектер әлемі» атты ашық сайыс сабағы өткізгелі отырмыз.

     Еңбек сабағы қыздардың көркемдік таным түсінігін кеңейтуде, қолөнер түрлерін оқытып үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен ізденіп жұмыстар жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып ынта-ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйретеді.

Әділ-қазылар: __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Сайыс 6 бөлімнен тұрады.

Әр бөлім 5 ұпаймен бағаланады.

Сайысқа 2 топ қатысады. Бірінші топ – «Өнерлі өрендер», екінші топ – «Шеберлер».

1.     Таныстыру (әр топ өзін-өзі таныстырады).

2.     Құрақ құрау.

3.     Мақал-мәтел.

4.     Кім шапшаң?

5.     Алтын қақпа.

6.     Үй тапсырмасы.

1)Өнерлінің қолы алтын,

           Өлеңшінің сөзі алтын.

           Тамаша шақырамыз,

Шебер, өнер топтарын. – дей келе, бірінші бөлім таныстыру, әр топ өзін-өзі таныстырады.

2)Ұстазынан үлгі алған ұста болар,

   Ұстаз сөзі - шәкіртке нұсқа болар.

   Асыл сөзін ұғынып алғыр шәкірт,

  Екі айтқызбай есіне ұстап алар, - деп әр топ мұғалімнің берген дайын үлгілерін үйлесімді етіп, құрақ құрау тиіс.

3)Табылар бойларынан кемел білім,

  Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.

  Бүгінгі мақал-мәтел сайысында,

  Көреміз сайыскерлер даналығын, - деп мақал-мәтел сайысы.

4)«Кім шапшаң» ойыны.

Ою-өрнекке қарасаң,

Өңкей мүйіз тігілген.

Қайсысын қаласаң,

Қиып ал, сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер, ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер,

Қиюға пысық қол керек.

     Топ мүшелері ою ойып болғанша,  «өнерлі өрге жүзер» деп келесі кезекке Әсима мен Құралай атты өнерлі қыздарыңыз, сіздерге әсем ән сыйлайды.

Ән: «Отырардағы той».

5)Оюларға сүйсініп,

   Қайран қалып тұрасын.

   Көре білсең түсініп,

  Одан көп сыр ұғасың.

Келесі сайыс – «Алтын қақпа». Әр топқа ою-өрнекке байланысты сирек қолданатын оюдың атын жасырады. Әр топ сол оюдың мағынасын түсіндіру қажет.

   1-сұрақ. Халқымыз «Жыланбас» оюын қандай ырыммен, қайда қолданған? (Жауабы: «Жыланбас» оюын балалардың тақиясына көз тимесін деген ырыммен салған.)

  2-сұрақ. Әдіптеу деген не? (Заттың не киімнің шетін екінші түсті мата не терімен жапсыра тігу, жиектеу.)

  3-сұрақ. Бәдіз деген не? (Тасқа шауып жасаған мүсін, өрнек, бедер.)

  4-сұрақ. Қабу деген не? (Мақтасы жылжып кетпес үшін көрпенің тысы мен астарын жапсырып тігу.)

  5-сұрақ. Кірлеу деген не? (Өрнек салынған текеметті ыстық су құйып, үстінен орап, буландырып білектеу.)

  6-сұрақ. «Жұлдыз құрт» оюын көбінесе қайда салады? (Шиге, сырмақтың шеткі жиегіне салады.)

  7-сұрақ. Есеп таяқ деген не? (Кілем тоқуда қолданады, бой жіптерді санап байлап қойған таяқ.)

  8-сұрақ. Делегей деген не? (Ертедегі қыздардың баскиімі.)

  9-сұрақ. Айшық деген не? (Сырғаның, өрнектің бір түрі.)

  10-сұрақ. Мауыты деген не? (Қымбат мата.)

  11-сұрақ. Әр дегеніміз не? (Әшекей, түр, көрік.)

  12-сұрақ. Қобди деген не? (Ұсақ-түйек салатын кішкене сандықша.)

Ортақ.

1-сұрақ. Қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірін ата. (Жауабы: қазақ халқының өнердегі ұлттық байлығының бірі – ою-өрнек.

2-сұрақ. Ою-өрнек дегеніміз латынның қай сөзіне келеді? (Латынның «орнамент» деген сөзінен алынған. «Орнамент»- әшекейлеу, әсемдеу деген мағынасына келеді.)

3-сұрақ. Оюдың пайдасы бар ма? (Ойды бір жүйеге келтіреді, жүйке қызметін жақсартады. Математикалық білімді жетілдіреді, түстерді таңдауға үйретеді.)

   Жүргізуші: Бұйымдар мен заттарды,

                        Сәндеу үшін көрнекті.

                        Қиын да болса қиналмай,

                        Мен де үйрендім өрнекті. – дей келе келесі кезекті үй тапсырмасына береміз.

Қорытынды.

    Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Ою-өрнек әлемі» атты ашық сайыс сабағымызды жабық деп жариялаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ою–өрнектер әлемі тақырыбына сабақ жоспары 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Ою–өрнектерді ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін қыз балаларға ұғындыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Әдемілікке, өнерге, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу өнері.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5-7 сынып оқушылары «Ою-өрнектер әлемі» атты ашық сайыс сабағы өткізгелі отырмыз.

Еңбек сабағы қыздардың көркемдік таным түсінігін кеңейтуде, қолөнер түрлерін оқытып үйренуге баулу арқылы олардың өздігінен ізденіп жұмыстар жүргізуіне, шеберлік деңгейін арттырып ынта-ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйретеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 809 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.04.2015 1540
    • DOCX 15.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Агламова Шарбану Болатжанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Агламова Шарбану Болатжанқызы
    Агламова Шарбану Болатжанқызы
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22598
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 989 человек из 78 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 60 регионов

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе