Инфоурок Технология КонспектыОю-өрнекті жапсырмалау

Ою-өрнекті жапсырмалау

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті жапсырмалау.                                             8-сынып
Сабақтың мақсаты
: Ою-өрнек туралы түсінік беру.
Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салтдәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, «Ә. Қастеевтің сөзі», «Ою-өрнектер», «Сергіту сәті».
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу. 
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару. 
II. Үй тапсырмасын тексеру 
Пышақ қынын тігу. Үй тұрмысында қолданылатын теріден жасалған кейбір мүліктер және оларды жасаудың халықтық технологиясы.

Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті қалақшалар арқылы белгі береді: «жасыл» - дайын, «сары» - күмәнді, «қызыл» - дайын емес.
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Жұптық сұрақ-жауап» әдісі: 
Сұрақтарды мұғалім қояды, ал оқушылар жұптасып, бір-бірін бағалайды немесе «+», «-» белгісін қойып отырады. Келесі нұсқамен жұмыс кезінде жауап беруші оқушы бағалаушыға айналады.(сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
Бөстек дегеніміз не?
Адамдардың астына төсеуге арналған жұмсақ төсеніш.
Мес дегеніміз не?

Қымыз, шұбат, айран, іркіт сияқты сүт тағамдарын құюға арналған ыдыс.
Саба дегеніміз не?
Мал терісінен тігілетін ыдыс, ол қымыз, шұбат ашыту үшін пайдаланылады.
Бұлқыншақ дегеніміз не?
Жылқы терісінен жасалатын ыдыс.
Тарамыс дегеніміз не?
Теріден, көннен, былғарыдан жасалған бұйымдарды тігетін, ірі қараның сіңірінен алынған берік жіп-таспа.
Пышақ қынын кескенде қиындыларының есептеу үшін қандай пәнді қолданады? 
Бұйымның қабы қандай шикізаттардан жасалады?
Тігістің қандай түрлерін білесің?
Теріні илеу мен шикідей өңдеудің айырмашылығы неде? Олардан жасалатын бұйымдарды ата.
IV. Жаңа сабақты даярлау. Жапсырмалау өнері. Ою-өрнекті жапсырмалаудың технологиясы.
«Қызықты сұрақ» әдісі: 

Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады. Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса жауабын мұғалімнің өзі айта отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: неліктен? Ол кім, бұл не? Сипатында болып келеді.
Өрнектің қандай түрлерін білесіңдер? Оларды ата. 
Өрнек бөліктерін қандай мақсатта жапсырмалаймыз?
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Қошқардың мүйізінен үйрендім.
Ә. Қастеев.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол өрнектердің негізгі элементтерін ғана таныстырып жапсырмалауға ұсынып отырмыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы «қошқармүйіз» өрнегі бастапқы бейнесінен өзгергенін байқаймыз. «Ырғақ», «сағатбау», «түйетабан», «жүрекше», «қазтабан» деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында түп нұсқасын жоғалтып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылып, оны әдемілігіне жеткізе, жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.
Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлері екіге бөліп қарайды. Біріншісі – қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық өрнектері. Екіншісі – басқа халықтардан ауысқан жаңа туындылардың үлгілері.

Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері. 
Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:
1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.
Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.
Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.
Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.
Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі. 
Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.

Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек. 
Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі.
3. Космогониялық ою - өрнектер. 
Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
4. Геометриялық ою - өрнектер.
Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.
Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.
Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.
Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.
Сергіту сәті.

Видео ролик (ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарына ою-өрнекті жапсырмалау өнері).
V Сарамандық жұмыс.
Белгілі бір бұйымға сауатты түрде өрнектерді ою үшін, оның мәнерін, ойылу ырғағын айыра білуіміз қажет. Осы мақсатта жапсырмалау өнері өрнектердің элементтерін нақтылы түрде сауатты өңдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, белгілі бір өрнектің бөлігін сызбаға түсіріп, мұғалімге тексертіп алғаннан кейін, ермексазбен өрнек үлгісін жапсырмалаймыз. Жапсырмалауды бірнеше тәсілмен орындауға болады, олар: өрнек қыры тікбұрышты 90°-та жапсырмалау; дөңес, жартылай домалақ түрінде; өрнек қыры тікбұрышты, беті ойық әдіспен және беті тегіс, ал шеті 45°-та еңіс күйінде жапсырмалау.

Белгілі бір әдісті таңдағаннан кейін, өрнек бөлігін арнаулы бір ұшқаттың немесе ДВП кесіндісінің үстіне, тіпті қатты қатырма қағаздың үстіне жапсырмалаймыз. Ол үшін, біріншіден, ермексаздың қажетті бөлігін үзіп алып, домалақтап ширатамыз да, мұғалім тексерген өрнек үстіне шекара сызығы бойымен орнықтырамыз. Жапсырмалау кезінде ермексаз болмаса, оны саз балшық алмастыра алады. Бірақ ол үшін саз балшықты бір тәулік тындырып қою керек. Мерзім бойынша тынбаған саз балшық икемге көнбейді. Жапсырмалау кезінде үшкір пышақ қажет.
Жапсырмалау кезінде құрал-саймандарды түгендеп ал.
Берілген сызбадан басқа өрнек бөліктерін өз бетіңше жапсырмала.
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.
Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау.

Жаңа сабақты бекіту
«Өзіндік мысал» ойыны: 
Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.
Қорытынды.
«Пайымдау сұрақтары» әдісі:
Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды. Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с Бір сұраққа біренше оқушы жауап беруі мүмкін.
Ұлттық ою - өрнектерді неше топқа жатқызады?
Жапсырмалаудың қанша әдісі бар?

VII Үйге тапсырма. 
«Үйге тапсырманы талдау» әдісі: 
Мұғалім оқушылармен бірге бір сұрақты талдайды: жаңа материалды түсіну үшін үй тапсырмасы қандай болуы керек?
Қазақ халқының ою-өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру. Ағаш бетіне ермексазбен ою - өрнек жапсырмалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ою-өрнекті жапсырмалау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті жапсырмалау. 8-сынып

Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы түсінік беру.

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 515 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2015 1207
    • DOCX 21.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конысова Бахытгул Амангельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29123
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 301 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 080 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 970 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 561 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек