Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ойын әдістерін қолдану сабағы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ойын әдістерін қолдану сабағы

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifОйын элементтерін қолдану арқылы балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ойын- мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құралдардың бірі. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған ортамен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Жас бүлдіршін болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Баланың бірінші әрекеті - ойын, сондықтан да оның мән-мәнісі ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» -, деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын – баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп дамытады, баланың ой өрісін өрбітіп бойын өсіреді. Ойында шындықтың көрінісі оның образды сәулесі қылаң береді. Ойын элементтерін қолдану барысында мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттері дамиды, рухани- адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында өзінің рухани жан дүниесін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Рухани жан дүниесін сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне енеді.

Ойын – баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші – ұзтаз оқыту мен тәрбие берудің үнемі мазмұны ойын элеметтерімен толықтырып отыруы керек.

Сабақта ойын элементтерін қолдану немесе сабақта толықтай ойын түрінде өткізу тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті ізденісті қажет етеді. Сондықтан, олардан оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен және сақтықпен қарау талап етіледі. Өйткені, әрбір жасқа ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді. Ерік және сезім қасиеттерін бекітеді, рухани адамгершілік сапаны жетілдіреді. Ұжымдық сезім қалыптастырады. Эстетикалық тәрбие беру құралы еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуді мүмкіндік береді. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Ойын элементтерін сабақ арасында қолдану – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолдарын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Ойын –арқылы баланың рухани адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге,құштарлығы қалыптасады.

А.С.Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек, ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет, - оның барлық өмірі – ойыннан тұрады,»- деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бұл саладағы ғалымда да шұғылданады. Көптеген ұлы жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем образдар арқылы ашып береді.

Сонда ойын қашан және қайда пайда болды деген сұрақ туады.

Адам іс-әрекетінің ерекше түрінің бірі – ойынның пайда болуы туралы зерттеушілердің көпшілігі өз еңбектерінде өнер және ойын – көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді.

Ойын шындықтың көрінісі, оның образды сәулесі бейнеленеді. Өмірдің әртүрлі құбылыстары, үлкендердің әр түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу ойынға тән мәселелердің бірі. Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет балаға да тартымды болады.

Ойынның теориялық мәселелерін талдауда педагогика саласындағы данышпан ойшылдардың бұл саладағы еңбектерін пайдаланып, және прогрессивті педагогтардың да ойын жөніндегі ғылыми жұмыстарына үнемі көңіл аударып отырады. Я.Коменский, Ж.Руссо, Р.Оуэн т.б. педагогикалық ойдың классиктері ойын – баланы жан-жақты, үйлесімді дамытудың құралы, бақытты балалықтың міндетті шарты деп қарады. Орыс халқының ұлы педагогтары К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт ойынның мәні және оның атқаратын міндеті туралы тамаша пікірлер ұсынды.

Ойын туралы австриялық психолог З.Фрейдтің пікіріне байланысыты дамыған екінші бір ағым «ойын санасыз түрдегі жыныстық сезімге байланысты» деген теория ұсынады. Мысалы, ұл бала толық түсінбесе де әкелік сезімде болады, ойын үстінде сол сезім байқалып тұрады дейді.

Өткен ғасырдың өзінде-ақ К.Д.Ушинский ойын – шындықтың сәулесі екені дұрыс ашып, оның мәні мен мазмұны туралы материалисттік пікір ұсынды. Ойынның өзі де тұрмыстық-әлеуметтік жағдайға байланысты екенін сөз етті. Сондай-ақ К.Д.Ушинский «Адам тәрбие тиегі» деген еңбегінде ойын–баланың жеке басын қалыптастырып, сезімін тәрбиелейтіндігін жан-жақты сипаттады. Ойын баланың сезімін тәрбиелеп, қиялын өрістетіп, танымын, кеңейтетіндігін К.Д.Ушинский шебер түрде көрсе отырып, ойынды бала өздігінше ойнауы, ойындағы ойыншықтың мәні және оның орны туралы, өте терең де тұжырымды пікір ұсынды. Оның пікірін ілгері дамытқан орыстың көрнекті педагогы П.Ф. Лесгафт болды. Ол ойын - өмірдің сәулесі, баланың қалыптасуында әсерлі, сол негізде оның бақылағыштығын, дамыту керек шамасын, қауқарын байқап, өзінің іс-әрекетіне мән беріп, түрлі кедергілер мен бөгеттерді жеңуге ұмтылады. Сондықтан П.Ф.Лесгафт баланың денесінің өсуі мен психикалық дамуы бірлікте болуы үшін ойынның мәні зор екенін ерекше, жоғары бағалады. Ойын деп көрсетті ол «рақат таптыратын асқақ сезім», олай болса, мұның өзі баланың ақыл-ойына да әсер етеді деген тұжырымға келіп, бұл пікірін мейлінше дәлелдеді. Ойынның шығуы және оның мәні туралы талдау берген Г.В.Плеханов болды. Ол көркемөнер туралы жазған еңбектерінде идеалистік теорияларды сынап, ойын мен көркемөнер еңбектен бұрын шықты деген теория қателігін ашты. Ойынның мәні мен мазмұнын белгілейтін еңбек екенін көрсетті. Г.В.Плеханов ойын элементтерін сабақ арасында қолдану адамның еңбектік қажетінен туып, өрістеді деген пікір қолдады. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады, сондықтан ол ойын –еңбекке тәрбиелеудің тиімді жолы, тәрбие құралы екенін дәлелдеді.

Гростың ойын туралы биологиялық (тумыстан деген) теориясын Плеханов сынап, ұл бала мен қыздардың ойынындағы айырма олардың биологиялық өзгешелігінен деп қарауға болмайды, еңбек бөлісіне байланысты қыз – шешесіне, ұл - әкесіне еліктейді.

Г.В. Плехановтың ойынның еңбек бөлісіне байланысты еліктеу жөніндегі пікірлердің дұрыс екендігін физиологтардың зерттеулері де, И.М.Сеченов «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде бала ойынға бар пейілімен құштарлана кіріскенде еліктеуге деген икемділігін көрсетеді. Бала өзін қоршаған дүниені тануда ересек адамдардың іс-әрекетін қайталайтын ойындарға соқпай кете алмайды. Ал мұның өзі нервтік-психикалық қасиеттерді дамытуға ықпал ететіндігін жан-жақты сипатталады.

Н.К.Крупская ойын элементтерін қолдану туралы және оның мазмұны мен мәні туралы жаңа пікірлер ұсынды. Ойын өсіп келе жатқан организмге, сондай-ақ баланың саналы, жүйелі, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету үшін де қажет екенін толық дәлелдеді және оның баланың жасына байланысты екендігіне тоқталды.

Сонымен, ойын-әртүрлі жастағы балаларды өз еркімен дамыту әрекетінің түрі. Ойын элементтерін қолдану арқылы баланың іс-әрекетін, айналамен танысуына, тілдік қарым-қатынаста болуын байқаймыз.

Қорыта айтқанда мектеп жасына дейінгі балаларға ойын элементтерін ұйымдастыру маңызды екенін байқадық. Мәселен, ойын элементтерін қолдану арқылы балалар барлық жағынан дамиды.

А.С.Макаренко бір сөзінде былай деген : «Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады». Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Сол фундаментті қалау барысында, осы ойын арқылы ой-өрісін кеңейтіп, дұрыс тәрбие , бағыт-бағдар беріп, адамгершілік қасиеттерін дамытсақ, балалардың фундаменттері мықты болмасына кім күмән келтіреді. «Баланы-бастан»-деген сөз бекер айтылмаған. Ойын-мектеп жасына дейнігі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.

Ойын даму тәжірбиесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды. Бүгінгі бала-бақшамызда ойын іскерлігін тәрбиешілеріміз дұрыс ұйымдастырса ертеңгі күнге сеніммен қарай аламыз. Себебі бүгінгі жастар ертеңгі болашағымыз. Жастардың бастапқы тәрбиесі-балабақшада, мектепалды даярлық сыныптарында.

Я.А.Коменский «ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі»,- деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптасыруда ойынның маңызы бар екенін түсіндік. Мектеп жасына дейінгі балаларға сабақ арасында ойын элементтерін ұйымдастыру нәтижесінде:



Баланың бойында:





Ойлау Сөйлеу



Тапқырлық Ұйымдастырушылық

Шыдамдылық

белсенділік қасиеттері қалыптасады.























Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Отбасы және балабақша» 2005 –№ 1, 15-16 бет.

  2. «Тәрбие құралы» 2004 - 3, 1-2 бет.

  3. «Отбасы және балабақша» 2000 - № 4, 7-12 бет.

  4. «Отбасы және балабақша» 2008 - № 3, 6-7 бет.

  5. «Бастауыш мектеп» 2003- № 7, 1-4 бет.

  6. «Тәрбие құралы» 2004 - 2, 4-6 бет.

  7. «Отбасы және балабақша» 2001 - № 8, 9-12 бет.

  8. «Мектепке дейінгі педагогика» К.Меңжанова, «Алматы» 1999, 5-15 бет.

  9. «Воспитательная работа» 2008 - № 7, 6-9 бет.

  10. «Мектепалды даярлық» 2001 - № 3, 5-9 бет.































Өзіндік жұмыстың тақырыбы:



Тақырыбы: Ойын элементтерін қолдану арқылы балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру







Молдабекова Б.К







Краткое описание документа:

Ойын элементтерін қолдану арқылы балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ойын- мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші, басты құралдардың бірі. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған ортамен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Жас бүлдіршін болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

    Баланың бірінші әрекеті - ойын, сондықтан да оның мән-мәнісі ерекше. Ойында шындықтың көрінісі оның образды сәулесі қылаң береді.Ойында шындықтың көрінісі 

Автор
Дата добавления 12.02.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров784
Номер материала 383361
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх