Оғыз мемлекеті

Найдено 67 материалов по теме

"Оғыз мемлекті" (7 сынып)

    DOCX

Предпросмотр материала:

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5.  Оғыз мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

? Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы –Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы,қоғамдық құрылысы,мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру;

? Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшіліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

? Оқушылардан қазақ жеріндегі өркенниетті мемлекеттер туралы мағлұмат алып, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі: Түрік қағанатының картасы, хронологиялық кесте, «Оғызнама» дастаны, қалалар, қолөнер бұйымдарының суреттері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

& Оқу құралын тексеріп түгелдеу

& Әнұран орындау, «Хабар».

& Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.      Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?

2. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды?

3.Қарлұқ қағанаты сыртқы саяси жағдайын күшейтуде кімдермен күрес жүргізді?

4.Қағанат билігі неліктен Қарахан  мемлекетінің қолын көшті?

5.Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің?

6.Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды.

7.Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау қай кезден басталды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы.
  2.  Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы.
  3. Саяси жағдайы.
  4. Шаруашылығы
  5. Кәсібі мен қолөнері.

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға жаңа сабақ бойынша мәтінмен жұмыс істеу тапсырылады. Ол үшін мәтінмен тереңірек танысып,оқып шығу қажет.Содан кейін өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалар беріледі.Әрбір тақырпшаның мазмұнын ашу үшін картамен жұмыс асау, кесте толтыру,сөйлемдерді толықтыру ұсынылады.

   Өзіндің жұмыстың алғашқы тапсырмасы- сынып болып оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы, ортлығы әлеуметтік-этникалық құрамы бойынша № 1 кестенің қажетті бөлімін толтыру. Сабақ барысында картаны пайдаланып,Оғыз мемлекетінің жер аумағын,орталығын көрсету тапсырылады.Қазақстанның қазіргі қай өңірінде орналасқанына көңіл бөлген жөн.

Енді сыныпты 3 топқа бөліп тапсырмалар беріледі.

1-      тапсырма. Оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін сипаттама беру.

        а)  Жабғу_______________________________________________________

             Инал_______________________________________________________

             Атабек______________________________________________________

             Сюбашы_____________________________________________________

             Күл-еркін___________________________________________________

      ә)    Халық  жиналысы_____________________________________________

                қаңқаш   __________________________________________________

              Ұлы және кіші құрылтай ______________________________________

Бұл тапсырманы орындаған топқа оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін түрік қағанатының қоғамдық-әкімшілік құрылысымен салыстыра отырып, жауап беруіне көңіл аудару керек.

2-      тапсырма. Картаны пайдалана отырып сұраққа жауап беру ұсынылады.

Оғыз мемлекеті қандай мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және кімдерге қарсы күресті?

Сұрақтарға нақты жауаптар жазу арқылы оқушылар Оғызмемлекетінің сыртқы саясаттағы мақсатына жету жолындағы күресі туралы мәлімет ала отырып, оғыз мемлекетінің саяси жағдайымен танысады.

3-тапсырма Оғыз және қарлұқ мемлекетінің қалаларына салыстырмалы талдау жасау тапсырылады.   

                                                                                                   Оғыз                             Қарлұқ

                                                                                                 мемлекеті                    қағанаты

 

1.Қалаларыдң пайда болуына шаруашылықтың әсері.      ______________         _________

2.Қалалар туралы тарихи деректер.                                     ______________         __________

3.Қалалардың орналасқан жері                                            ______________         __________

4.Бүгінгі күнге дейін аты сақталып келген қалалар       _______________           __________

Мұғалім бірнеше варианттағы тапсырмалар беру арқылы оқушылардың сабақты жеңіл түсінуіне жол көрсете отырып, оқушының ойлау қабілетін,тапқырлық,айқағыштық, зеректік, сияқты қасиеттеріне барлау жасай алады.

 

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.      Оғыздың Сырдария өзенінің орта ағысында қоныстануына не себептер болды?

2.Оғыз тайпалық одағының құрылып, дамуына қандай жағдай әсер етті?

3.Оғыздардың қоғамдық құрылысы қандай болды?

4.Оғыз мемлекеті жаңа жердерді басып алу мақсатын қалай жүзеге асырды?

5.Оғыз мемлекетінің әлсіреуіне не себеп болды.?

6.Оғыз мемлекетінің шаруашылығ, кәсібінің дамуы туралы не білесің?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: 5-параграфты оқу, №1 кестені толықтыру.

Оқушыларға Оғызнама деректері бойынша сол кездегі дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарға сәйкестендіріп бүгінгі жас ұрпақтың моральдық талаптары қандай болуы керектігін жазып келуді тапсырамын.

 

 

Краткое описание материала

 7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5.  Оғыз мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

?Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы –Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы,қоғамдық құрылысы,мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру;

?Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшіліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

?Оқушылардан қазақ жеріндегі өркенниетті мемлекеттер туралы мағлұмат алып, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

"Оғыз мемлекті" (7 сынып)

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Кенжебаева Гулнара Кайноллаевна

учитель

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 20971
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 8
  • 20971
    просмотров
  • 8
    материалов
  • 0
    подписчиков

Об авторе

Мен, Гүлнара Қайноллақызы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылындағы Сасан би атындағы орта мектепте тарих пәнінен ұстаздық қызмет етемін. Оқушыларға сапалы білім беруде қолданатын өзекті тақырыбым: "Оқушылардың тарихи танымдық қабілеттерін арттыра отырып, шығармашылық ізденіс арқылы интерактивті әдіске баулу".

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Кенжебаева Гулнара Кайноллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: