Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Қозғалыстың қауіпсіздігі және техникалық пайдалану" пәні бойынша глоссарий

"Қозғалыстың қауіпсіздігі және техникалық пайдалану" пәні бойынша глоссарий

Скачать материал

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ЕКИБАСТУЗСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИНЖЕНЕРНО  - ТЕХНИЧЕСКОГО ИНСТИТУТА ИМЕНИ АКАДЕМИКА САТПАЕВА

 

 

 

 

 

эмблема осн

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты

басқару»

мамандықтарына арналған

 

ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ

пәні бойынша

 

 

ГЛОССАРИЙ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-14


                1) Автоматты локомотив сигнал беру сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде (бұдан әрі - АЛСО) - аралықтағы поездар қозғалысы локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, ал бөлектенген пункттер блок-учаскелердің белгіленген шекаралары болып табылатын жүйе;

 

2) Ауа аралығы (оқшаулағыш түйіндесу) - түйіспе желісінің шектес учаскелерінің электр оқшауламасымен түйіндесуі (ток айырық). Оқшаулағыш түйіндесу электр жылжымалы құрамның ток қабылдағышы өткен кезде түйіндесетін учаскелер электрмен жалғасатындай етіп орындалады;

 

3) Аз әрекетті учаскелер - жолаушылар және жүк поездарының (қосындысында) кесте бойынша қозғалыс мөлшері тәулігіне 8 жұптан аспайтын учаскелер;

 

4) Аралық - темір жол желісінің шектес станциялармен, разъездермен, озу пункттерімен немесе жол посттарымен шектелген бөлігі;

 

5) Ауыр салмақты жүк поезы - локомотивтердің тиісті сериялары үшін салмағы қозғалыс кестесінде белгіленген осы поезд жүретін учаскедегі салмақ нормасынан 100 т және одан астам жүк поезы;

 

6) Арнайы мақсаттағы жолдар - аралықтар мен станциялардағы сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтар және кірме жолдар;

 

7) Арнайы жылжымалы құрам - темір жолмен жүретін алынбайтын жылжымалы бірліктер:

- өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам, мотовоздар, дрезиналар, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдарды тасымалдау немесе темір жол көлігі кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмыс орнына жеткізу үшін қажетті арнайы автомотрисалар, көлік режиміндегі тартым жетекті дербес қозғалтқышы бар темір жол-құрылыс машиналары;

- өздігінен жүрмейтін арнайы жылжымалы құрам - көлік режиминдегі тартым жетегі жоқ темір жол-құрылыс машиналары, тіркемелер мен шаруашылық поездарына енгізілетін темір жолдардың құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тағайындалған басқа арнайы жылжымалы құрам;

 

8) Алынатын жылжымалы бірліктер – электрлендірілген учаскелердегі алынатын дрезиналар, жөндеу мұнарасы, электрлендірілген учаскелердегі, жол вагондары, жол өлшегіш, ақау тапқыш және басқа арбашалар және оларға қызмет көрсетуші қызметкерлер жолдан қолмен түсіріп алуы мүмкін жылжымалы бірліктер;

 

9) Блок-учаске - автобұғаттау кезінде немесе сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнал беруі кезінде станциялар арасындағы аралықтың өту бағдаршамдарымен (блок-учаскелердің шекараларымен) немесе өту бағдаршамымен (блок-учаскенің шекарасымен) және станциямен шектелген бөлігі;

 

10) Бас жолдар - аралықтардың жолдары, сондай-ақ іргелес аралықтар жолдарының тікелей жалғасы болып табылатын және әдетте, бағыттамалы бұрмаларда ауытқуы жоқ станциялар жолдары;

 

11) Бейтарап ендірме - екі ауа аралығы (оқшаулағыш түйіндесу) арасындағы қалыпты кернеуі жоқ түйіспелі аспаның учаскесі. Бейтарап ендірме электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштары өткен кезде түйіндесетін учаскелердің электр оқшаулауы қамтамасыз етілетіндей етіп орындалады;

 

12) Біріктірілген жүк поезы - әрбір поездың басында жұмыс істеп тұрған екі немесе одан артық локомотиві бар жүк поездарынан құрастырылған поезд;

 

13) Біріктірілген жолаушылар поезы - әр поездың басында жұмыс істеп тұрған локомотиві бар екі жолаушылар поезынан құрастырылған поезд;

 

14) Бөлектенген пункт - темір жол желісін аралықтарға немесе блок-учаскелерге бөлетін пункт;

 

15) Барынша тік еңіс - ұзындығы тежеу жолынан кем болмайтын ең тік еңіс (қисықтардың кедергісін ескергенде);

 

16) Бағыттама - рамалық рельстен, үшкірлерден және бұру механизмінен тұратын бағыттамалы бұрманың бөлігі;

 

17) Бағыттама посты - бағыттама постының бір кезекшісі қызмет көрсететін орталықтандырылмаған басқарудағы бір немесе бірнеше бағыттамалы бұрмалар;

 

18) Бағыттамалық аудан - бағыттама постының бір кезекшісінің бақылауындағы шектес бағыттама посттар тобы;

 

19) Бағыттамалы бұрма - жылжымалы құрамды бір жолдан екіншісіне бұру үшін қолданылатын құрылғы. Бағыттамалы бұрмалар бағыттамалардан, айқастырмалардан және олардың арасындағы жалғастыру жолдарынан тұрады. Айқастырмалар жылжымайтын немесе жылжымалы өзекшесімен болуы мүмкін;

 

20) Сигнал - соның көмегімен белгілі бұйрық берілетін көзге көрінетін немесе дыбыстық шартты белгі;

 

21) Сигналдық белгі - соның көмегімен қызметкерлердің белгілі санатына бұйрық немесе нұсқау берілетін көзге көрінетін шартты белгі. Сигналдық белгілерге шектік бағаншалар, станцияның шекарасын нұсқайтын белгілер, ысқырық беру, токты ажырату және қосу және т.б.;

 

22) Дыбыстық хабаршы - алдын ала бағдарламаланған хабарлардың байланыс арналарына автоматты берілуін қамтамасыз ететін электронды құрылғы;

 

23) Көлбеу – көлденең сызыққа көлбеулігі бар темір жол жолының бойлық профилінің элементі. Төменгі нүктеден жоғары қарай қозғалып келе жатқан поезд үшін өр, ал кері бағытта – еңіс деп аталады;

 

24) Ерекше жол белгілері - темір жолға бөлінген алқаптың шекаралары, бағыттама нөмірінің көрсеткіші, жолаушылар ғимараты белдеуінің белгісі, желілік жол ғимараттарындағы белгілер, шеңберлі қисықтардың басы мен соңының, сондай-ақ өтпелі қисықтар басының, ортасы мен соңының, жер төсемінің жасырын құрылыстарының, сулардың ең жоғары көкжиегінің және толқынның ең жоғары биіктігінің реперлері;

 

25) Жылжымалы құрамның габариті - түзу көлденең жолға қойылған, тиелген де, сондай-ақ бос та жылжымалы құрам сыртқа шықпай орналасуы тиіс шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;

 

26) Жүк поезының индексі - барлық жүк поездарына оларды қалыптастыру станциясында берілетін, 10 цифрдан тұратын арнайы код. Алғашқы төрт цифр – поезды қалыптастыру станциясының бірыңғай желілік белгісі (БЖБ), келесі екеуі – осы станцияда қалыптастырылған құрамның реттік нөмірі, ал соңғы төртеуі - поезд тағайындалған станцияның БЖБ-сы;

 

27) Жолаушылардың аялдама пункті - жол тарамдары жоқ, тек қана жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған аралықтағы пункт (бөлектенген пункт болып табылмайды);

 

28) Жүк-жолаушылар поезы - жүктерді және жолаушыларды тасымалдауға тағайындалған жүк және жолаушылар вагондарынан аз әрекетті учаскелерде қалыптастырылады;

 

29) Жолаушылар поезы - жолаушыларды, багажды және почтаны тасымалдауға арналған, жолаушылар вагондарынан құралған поезд. Қатынас түрлері бойынша жолаушылар поездары 700 км-ден артық қашықтыққа жүретін - алысқа қатынайтын, 700 км-ге дейінгі қашықтыққа жүретін - жергілікті және 150 км-ге дейінгі қашықтыққа жүретін – қала маңындағы болып бөлінеді;

 

30) Жол белгісі - темір жол желілерінің профилі мен ұзындығының тұрақты көрсеткіш;

 

31) Жол посты - жол тарамдары жоқ, темір жол желілеріндегі бөлектенген пункт (жартылай автоматты бұғаттау кезінде блок-пост, қос жолды ендірмесі бар дара жолды аралықтағы жанасу постты, торап алдындағы пост және т. б.);

 

32) Жұмыстардың басшысы - пайдаланылатын темір жолдарында, құрылыстар мен құрылғылардағы жұмыстарға басшылық ету жүктелген жауапты тұлға;

 

33) Итермелегіш локомотив - жекелеген аралықтарда немесе аралықтың бөлігінде жетекші локомотивке көмек көрсету үшін арналған локомотив (поездың соңында);

 

34) Кепілдік учаске - ұзындығы поездың құрамында вагондардың түзу жай-күйде қауіпсіз жүруі қажеттілігін негізге ала отырып анықталатын техникалық қызмет көрсету пункттерімен шектелген учаске. Темір жол өтпесі. Темір жолдары автомобиль жолдарымен және трамвай жолдарымен бір деңгейде қиылысатын жер;

 

35) Бүйірлік жол - оған бара жатқанда жылжымалы құрам бағыттамалы бұрма бойынша ауытқитын жол;

 

36) Қосалқы пост - жол тарамдары жоқ және кірме жолдың жанасу пунктіне қызмет көрсетуге ғана арналған аралықтағы пост (бүкіл аралық бойынша жүріп келе жатқан поездар үшін бөлектенген пункт болып табылмайды);

 

37) Посттар арасындағы аралық - жол посттарымен немесе жол пост және станциямен шектелген аралық;

38) Құрылыстардың жақындау габариті - соның ішіне құрылыстар мен құрылғылардың ешқандай бөлігі кірмеуі тиіс шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін. Ерекшелікті тек олардың жылжымалы құраммен өзара әрекеттесуіне арналған құрылғылар ғана (жұмыс күйіндегі вагондық баяулатқыштар, бекіту бөлшектері бар түйісу сымдары, бағананың суды алу кезіндегі бұрылатын бөлігі және басқа) құрауы мүмкін;

 

39) Қорғағыш бағыттама - поезды қабылдау немесе жөнелту маршрутын дайындаған кезде жылжымалы құрамның дайындалған маршрутқа шығу мүмкіндігін болдырмайтын қалыпқа орнатылатын бағыттама;

 

40) Шұғыл тежеу - магистральдық шұғыл разрядтау және барынша жоғары тежеу күшін іске асыру арқылы поезды дереу тоқтату үшін қолданылатын тежеу;

 

41) Локомотив бригадасы - локомотивтерге, сондай-ақ моторвагонды поездарға қызмет көрсету үшін тағайындалатын қызметкерлер;

 

42) Маневрлік құрам - өзара және маневрлер жүргізуші локомотивке тіркелген вагондар тобы. Бір вагонға тіркелген локомотив маневрлік құрам ретінде қаралады;

 

43) Маневрлердің басшысы - маневрлерге қатысушы барлық тұлғалардың іс-қимылдарына тікелей басшылық ететін, оның нұсқауынсыз маневрлерді жүргізуші локомотив машинисінің локомотивті қозғалысқа келтіруге құқығы жоқ қызметкер;

 

44) Озу пункті - жол тармақтары бар, поездарды басып озуға жол беретін және қажетті жағдайларда поезды бір бас жолдан екіншісіне ауыстыруға жол беретін қос жолды желілердегі бөлектенген пункт;

 

45) Орталықтандырылмаған бағыттама - үшкірлері қолмен тікелей бағыттаманың жанындағы бұру механизмінің көмегімен бұрылатын бағыттама;

 

46) Орталықтандырылған бағыттама - үшкірлері (ал жылжымалы өзекшесі бар айқастырмасы болған кезде өзекшесі де) бір орталық пункттен басқарылатын арнаулы құрылғылармен бұрылатын бағыттама;

 

47) Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді және өзге объектілерді сертификаттау (сертификаттау) - өнімнің, үдерістің, жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкесігін өндірушіге (сатушыға, орындаушыға) және тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелсіз органның жазбаша растауы;

 

48) Өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамның бригадасы - өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды басқару және оған қызмет көрсету үшін тағайындалатын қызметкерлер. Өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамды басқару үшін бригада - машинист және машинистің көмекшісі немесе дрезинаның жүргізушісі және жүргізушінің көмекшісі (тиісті машинаны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес) тағайындалады;

 

49) Поезды ерекше қырағылықпен жүргізу - поездың жүру жағдайларына локомотив бригадасының тұрақты жоғары назар салуы;

 

50) Поездардың қарқынды қозғалысы - жолаушылар және жүк поездарының (қосындысына) кесте бойынша тәулігіне қос жолды учаскелерде 50 жұптан артық және дара жолды учаскелерде 24 жұптан артық қозғалу мөлшерлері;

 

51) Поездардың аса қарқынды қозғалысы - кесте бойынша қос жолды учаскелерде тәулігіне 100 жұптан астам және дара жолды учаскелерде 48 жұптан астам жолаушылар және жүк поездары қозғалысының мөлшерлері (сомасында);

 

52) Почта-багаж поезы - жолаушылар вагондарынан және почтаны, багажды және жүк-багажды тасымалдауға тағайындалған жүк вагондарынан, сондай-ақ жолаушылар поездары қатынамайтын учаскелерде ғана тіркелетін жолаушыларды тасымалдауға арналған жекелеген жолаушылар вагондарынан қалыптастырылады;

 

53) Поездық сигналдар - поездарды, локомотивтерді және басқа жылжымалы бірліктерді белгілеуге қолданылатын сигналдар;

 

54) Разъезд - поездардың айырылысуы және озуы үшін тағайындалған жол тарамдары бар дара жолды желілердегі бөлектенген пункт;

 

55) Станция бойынша кезекші - поездарды қабылдауды, жөнелтуді және өткізуді, сондай-ақ станцияның бас және қабылдау-жөнелту жолдары бойынша (маневрлік дисретчер жоқ жерде – басқа да жолдар бойынша) жылжымалы құрамның басқа қозғалыстарын жеке өзі басқаратын станция бастығының ауысымдық көмекшісі;

 

56) Станциялар арасындағы аралық - станциялармен, разъездермен және озу пункттерімен шектелген аралық;

 

57) Салмағы жоғары жүк поезы - бір немесе бірнеше – құрамның басында, басында және соңында, құрамның басында және соңғы үштен бір бөлігінде жұмыс істеп тұрған локомотиві бар салмағы 6 мың тоннадан артық жүк поезы;

 

58) Сақтандырғыш тұйық - жылжымалы құрамның поездардың жүру маршруттарына шығуының алдын алуға тағайындаған тұйық жол;

 

59) Созылмалы еңіс - тіктігі мен ұзындығының келесі мәндері болған кездегі еңіс:

Тіктігі

Ұзындығы

0,008-ден 0,010-ға дейін

8 км және одан артық

0,010-нан 0,014-ға дейін

6 км және одан артық

0,014-нан 0,017-ға дейін

5 км және одан артық

0,017-нан 0,020-ға дейін

4 км және одан артық

0,020-нан және одан тік

2 км және одан артық

     

60) Станция - поездарды қабылдау, жөнелту, айыру және озу жөніндегі операцияларды, жүктерді беру және жолаушыларға қызмет көрсету, ал дамыған жол құрылғылар болған кезде – поездарды тарату және қалыптастыру жөніндегі операцияларды және поездармен техникалық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін жол тарамдары бар бөлектенген пункт;

 

61) Станциялық орталықтандыру қосыны - станциядағы орталықтандырылған бағыттамалар мен сигналдар тобын басқару шоғырландырылған қосын;

62) Станциялық жолдар - станцияның шекарасындағы жолдар - бас, қабылдап-жөнелту, сұрыптау, тиеу-түсіру, тартымдық, деполық (локомотив және вагон шаруашылықтарының), жалғастыру (станциядағы жекелген парктерді жалғайтын, контейнерлік пункттерге, отын қоймаларына, базаларға, сұрыптау платформаларына, вагондарды тазалау, жуу, дезинфекциялау, жылжымалы құрамды жөндеу және басқа операцияларды жүргізу пункттеріне апаратын), сондай-ақ тағайындалуы оларда жүргізілетін операциялармен белгіленетін өзге жолдар;

 

63) Тиеу габариті - жүк (орамасын және бекітпесін ескергенде) түзу горизонталды жолда тұрған ашық жылжымалы құрамда сыртқа шықпай орналасуы тиіс шекті көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескін;

 

64) Темір жол-құрылыс машиналары - өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның құрылыс, жөндеудің барлық түрлері, магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындайтын бір немесе бірнеше жұмыс органдары бар түрінің бірі;

 

65) Түйіспе желісі - электр энергиясының тартымдық қосалқы станциялардан электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштарына берілуін қамтамасыз ететін сымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың жиынтығы;

 

66) Толаскез - жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін аралық, аралықтың немесе станцияның жекелеген жолдары бойынша поездардың қозғалысы тоқтатылатын уақыт;

 

67) Шапшаң жүретін жолаушылар поезы - интервалдардағы жылдамдықтары, км/сағ: 141-160 және 161-200, жолаушылар поездарының шапшаң қозғалысына сәйкес келетін жылдамдықтармен қатынайтын жолаушылар поезы;

 

68) Тежеу жолы - кранның тұтқасын машинистке немесе шұғыл тежеу кранын тежеу жағдайына аударған сәттен бастап толық тоқтағанға дейінгі уақыт ішінде поезд жүріп өтетін қашықтық. Тежеу жолдары тежеу түріне (қызметтік, толық қызметтік және шұғыл) қарай бөлінеді;

 

69) Ұзын құрамды жүк поезы - ұзындығы (шартты вагондарда) қозғалыс кестесінде белгіленген осы поезд жүретін учаскедегі барынша жоғары нормадан асып түсетін жүк поезы;

 

70) Ұзындығы жоғары жүк поезы - ұзындығы 350 ось және одан артық жүк поезы;

 

71) Ұзын құрамды жолаушылар поезы - ұзындығы осы поезды қалыптастыру схемасында белгіленгеннен асып түсетін жолаушылар поезы;

 

72) Ұзындығы жоғары жолаушылар поезы - құрамында 20 және одан артық вагоны бар жолаушылар поезы;

 

73) Ұстағыш тұйық - басқаруын жоғалтқан поезды немесе ұзақ еңіс бойынша қозғалыстағы поездың бір бөлігін тоқтатуға тағайындалған тұйық жол;

 

74) Шаруашылық поезы - жұмыс істеп тұрған локомотивтен немесе локомотив ретінде қолданылатын өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрамнан, темір жол ұйымының арнаулы және техникалық қажеттіліктері үшін бөлінген вагондардан, магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау, жөндеу және оларға қызмет көрсету үшін тағайындалған өздігінен жүретін арнаулы және өздігінен жүрмейтін жылжымалы құрамнан қалыптастырылған поезд;

 

75) Қызметтік тежеу - жылдамдықты баяу азайту немесе поезды алдын ала көзделген жерде тоқтату үшін кез келген шамадағы сатылармен тежеу;

 

76) Уәкілетті орган – темір жол көлігі саласында басшылықты жүргізетін орталық атқарушы орган, және де Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етуші.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. ҚР темір жолдарын техникалық пайдалану ережелері. – Астана, 2008. – 239 б.
  2. ҚР темір жолдарында сигнал беру жөніндегі нұсқаулық. – Астана, 2006. – 232 б.
  3. ҚР темір жолдарындағы поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық. – Астана, 2006. – 406 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қозғалыстың қауіпсіздігі және техникалық пайдалану" пәні бойынша глоссарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Глосса́рий (лат. glossarium — «собрание глосс») — словарь узкоспециализированных терминов в какой-либо отрасли знаний с толкованием, иногда переводом на другой язык, комментариями и примерами. Собрание глосс (иноязычных или непонятных слов в тексте книги с толкованием) и собственно глоссарии стали предшественниками словаря.

По толкованию энциклопедического словаря Брокгауза и Ефрона[1], глоссарий — это объясняющий малоизвестные слова, употребленные в каком-нибудь сочинении, особенно у греческого и латин. автора. Глоссарий — это также список часто используемых выражений.

Учащимся (особенно в первые годы обучения) неизвестны значения многих технических терминов, которые в повседневной жизни редко встречаются. И это доставляет некоторые трудности при приобретении знаний. Поэтому преподавателям спец. дисциплин рекомендуется составить глоссарий основных терминов по читаемой дисциплине.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 021 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2015 2168
    • DOCX 82.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бексеитова Динара Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бексеитова Динара Муратовна
    Бексеитова Динара Муратовна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 110710
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек