Инфоурок Начальные классы ВидеоурокиОзат тәжірибе алмасу. Өзімнің іс тәжірибемнен.

Озат тәжірибе алмасу. Өзімнің іс тәжірибемнен.

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Кітап озат.doc

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

I бөлім Педагогикалық қызметтің нәтижелері

1.1 Педагогикалық қызмет көрсеткіштері ............................................................................................

1.2 Оқушының ғылыми жоба жұмысы ............................................................................................

 

II бөлім Педагогтың кәсіби ерекшеліктері

2.1 Диплом.........................................................................

2.2 Санатын көтеру туралы куәлік..................................

2.3 Біліктілігін арттыру курстары ..................................

2.4 Оқу үрдісінде қолданатын технологиялар...............

2.5 Кәсіби конкурстарға қатысу......................................

 

III бөлім Педагогтың педагогикалық қызметін өзіндік талдауы

3.1 Педагогтың оқу – тәрбие жөніндегі шығармашылық есебі.....

3.2 Тәжірибе алмасу...........................................................................

3.3 Сабақтардың әзірлемелері  мен үлгілері

3.4. Ғылыми – практикалық конференция, семинарлар материалдары

 

IV бөлім Педагогтың кәсіби шеберлігін бағалау

4.1 Әріптестер, ата – аналар пікірлері..................................................

4.2 Мадақтамалар...................................................................................

4.3 Рецензиялар.......................................................................................

 

V бөлім Білім беруді дамыту барысында педагогтың үлесі

5.1 Оқу әдістемелік кешендер және инновациялық

педагогикалық жинақтар..........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған:

Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды боиымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн”

Н.Назарбаев

Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар,салт - дәстүрлерінің рухани-мәдени мұраларын сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

Қазіргі заман білім беру жүйесі 90-жылдағылармен салыстырғанда ұлттық педагогикаға бет бұрушылық басым екендігін атамауға болмас.

Десек те, мен өзімнің қызықты педагогикалық жолымда бастауыш сыныптардағы сабағымды жаңа технология үрдісі бойынша жоспарлауға тырысып жүрмін.

Мәселен, ана тілі сабағында немесе сауат ашу сабағында жаттығуларда сөйлем құрастыру барысында адам бойындағы ізгі қасиеттермен қатар, ырым, тыйым сөздер, мақал-мәтел, нақыл сөздерді жиі қолданып, мағынасына түсінік беріп отыру арқылы ұлттық тәрбиені балалар бойына қалыптастыруға тырыстым. 12 жылдық білім беруге көшуде бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбие беру деңгейі ерекше маңызға ие болып отыр. Жинақта баланың жеке тұлғалық салаларын дамытуға бағытталған мұғалімнің әдіс – тәсілдері мен іс – тәжірибелерінің үлгілері ұсынылған.

   Заман талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Осы тұрғыдан алғанда жаңа білімді алу қажеттілігін туындату, пәнге деген қызығушылықты арттыруда бастауыш сыныптарда, әсіресе тіл сабақтарында алынған білімді ары қарай тереңдетіп, оқушылардың ғылыми түсінігін кеңейтуде, танымдық қызығушылығын арттыру жұмыстарына көп көңіл бөлген жөн.

      Аталған  кітапшадағы сабақтар Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, бастауыш сыныптардағы жаңа оқу бағдарламасына сәйкес келеді және практикалық сипатта қарастырылған.

   Осы құрал жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді деген ойдамын.

 

 

 

 

 

I бөлім Педагогикалық қызметтің нәтижелері

1.1 Педагогикалық қызмет көрсеткіштері

 

Соңғы 3 жылдағы нәтиже

 

Жұмыс түрі

Жылы

Тақырыбы, нәтиже

         Ашық сабақтар        

2008 -2009

Зат есімнің  септелуі

2009 – 2010

Апамның астауы

2010 -2011

Көп таңбалы сандарды қосу, азайту

Ашық тәрбие сағаты

2008 -2009

Желтоқсан жаңғырығы

2009 -2010

Желтоқсан

2010 -2011

Баспасөз конференция

Туған елім – тұнған шежіре

Бастауышым - балбұлағым

Педогогикалық кеңесте тәжірибе алмасу

2008 -2009

12 жылдыққа қадам

 

2009 -2010

Дарынды оқушымен жұмыс

 

2010 -2011

Тәрбие басы – тал бесіктен

Аудандық, облыстық семинарға қатысу

2010 -2011

Баяндама, ашық сабақ, тәрбие сағаттары, тәжірибе алмасу.

Бастауыш сынып онкүндігі, әдістемелік жиын

2009 - 2010

Онкүндікте

2010 -2011

Апталықтарда

Оқушылардың зерттеу жұмыстарға қатысуы

2010 - 2011

Арив Гүлжан облыстық 3 орын

Білім жетілдіру курсында

2008 - 2009

12 жылдық оқу бағдарламасы

2009 – 2010

Оқу ісінің жұмысы

2010 - 2011

Аттестация алды курсы

Әдістемелік журналдарға шығуы

                          

2010 - 2011

Білім жетілдіру институтының 60 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы Ғылыми крнференция кітапшада басылды.

Мұғалім журналы баяндама.

Озық тәжірибе тарату

2012-2013

 Облыстық мұғалімдердің озық тәжірибе таратуы.

Халықаралық жәрмеңке

2012-2013

Халықаралық жәрмеңкеде өз кітапшаларын тарату.

 

                                      Жарыққа шыққан жұмысы     

 

Атауы

Пәні

Сыныбы

Қайда басылды

12 жылдық мектептегі оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру

бастауыш

1 -4

Ақмола облысының білімқызметкерлерінің  қайта даярлау институтының 60 жылдығы кітапшасы

     Тәлімді жас тәрбиелі жерден шығады

бастауыш

1 -4

Мұғалім журналы 2011 жыл

Мұғалім еңдегі – ізденіс нәттижесі

бастауыш

1 - 4

Аудандық газетте мақала

Бала білімі – мұғалім білігінде

бастауыш

1 - 4

Аудандық газетте мақала

 

Соңғы 3 жылдағы оқушылардың жетістігі

 

 

2010 -2011

2011-2012

2012 -2013

        Үлгерімі

 

 

 

Сапасы

 

 

 

Мектепішілік сайыс

3

3

3

Аудандық сайыс

2

2

2

Мемлекетаралық байқау

-

-

3 орын

Ғылыми жоба

-

-

3 орын

Үлгерімі

100

100

100

Сапасы

56

58

60

 

 

 

1.2 Оқушының ғылыми жоба жұмысы

 

 

Оқушылардың ғылыми жобалары

 

Аталуы

Жылы

Пәні

Сыныбы

Нәтиже

Егіндікөлдің таза ауасы

2009 -2010

дүниетану

3

Мектепішілі, аудандық 1 орын

Егіндікөлдің таза ауасы

2010 -2011

дүниетану

4

Облыстық 3 дәрежелі орын

Екі таңбалы сандарды әр түрлі тәсілмен қосу.

2011 - 2012

математика

5

қорғауда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арив Гүлжан Ғылыми жұмыстан

III дәрежелі дипломмен

марапатталды    4 “А” сынып

 

II бөлім Педагогтың кәсіби ерекшеліктері

2.1 Диплом

 

Мұғалім туралы жалпы мағлұмат

 

1.Мұғалімнің аты – жөні

Абишева Жанат Балтабаевна

2.Туған жылы, айы, күні

06.12.1962.

3. Білімі

Жоғары

4. Қай оқу орнын бітірді, қай жылы?

Целиноград пеогогикалық училищесі 1982 ж. , Көкше  академиясы  2011 жыл

5. Диплом ( сериясы, номері)

ЖБ-Б № 0149526

 

6. Диплом бойынша мамандығы

Бастауыш сынып мұғалімі

7. Оқытатын пәні

Бастауыш сынып

8. Біліктілігі ( санаты, алған уақыты, бұйрық номері)

Жоғары

         9. Жалпы еңбек өтілі

30 жыл

10. Педогогикалық өтілі

30 жыл

11. Осы оқу орнындағы еңбек өтілі

20 жыл

 

2.2 Санатын көтеру туралы куәлік

Аттестациялар

 

Аттестация өту жылдары

Біліктілік санаты

Соңғысы

Кезекті

2007

2012

Жоғары

 

2012

2017

Жоғары

 

 

2.3 Біліктілігін арттыру курстары

Өз білімін көтеру

                                                             

Базалық білім, біліктілігін көтеру, санатын көтеру лауазымы

Жылы, курстан өту орны

Сабақ алған сағат саны

Құжат номері, сериясы

Тақырыбы

1.

Білімі жоғары

2009 жыл

 

Көкшетау мұғалімдердің білім жетілдіру институты  

48

0099324

12 жылддық білімге көшу

 

 

2010 жыл

 

36

0219672

Өзін - өзі тану пәнін ғылыми  теориялық және әдістемелік қамтамасыздандыру

 

 

2011 жыл

 

80

0250756

Бастауыш мектепте оқу  үрдісін ұйымдастырудың заманауи әдістері

 

 

2011

80

034637

Сын тұрғысынан оқыту

 

2.4 Оқу үрдісінде қолданатын технологиялар

 

Түрі

Мазмұны

1. 

Жеке педогогикалық құндылықтары

Еліме адал еңбек ету, білгенімді басқаға үйрету, білмегенімді басқадан үйрену.

2.

Оқу жылындағы педогогикалық мақсаты, міндеті.

Білім сапасын көтеріп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.

Практикалық мақсат, міндеті.

Лабораториялық , практикалық жұмыс істеу машықтарын дамыту.

4.

Педогогикалық әдістерді қолдану.

Сұрақ – жауап, пікірталас, топтық, ұжымдық, жұппен жұмыстар.

5.

Педогогикалық технологияларды қолдану.

Ж.А. Қараев, М. Жанпейісова.

6.

Педогогикалық еңбектерінен күтетін нәтиже.

Сапалы білім, саналы тәрбие беру. Оқушыларды түрлі сайыстарға, ғылыми жобаларға қатыстыру.

2.5 Кәсіби конкурстарға қатысу

 

Кәсіби байқауларға   қатысу

 

 

 

Жылы

Пәні

Байқаудың аты

Нәтиже

2002

Бастауыш сынып

Жыл мұғалімі 2002

I орын

2007

Бастауыш сынып

Жыл мұғалімі

2007

I орын

2012

Бастауыш сынып

Үздік бастауыш мұғалімі

2012

I орын

 

 

III бөлім Педагогтың педагогикалық қызметін өзіндік талдауы

 

3.1 Педагогтың оқу – тәрбие жөніндегі шығармашылық есебі

 

Өткен оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымы «Нәтижеге бағдарланған оқыту-білім сапасын арттыру негізі» тақырыбын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізді. Мұғалімдерге әдістемелік көмек ұйымдастыру мақсатында  пәндер  бойынша 4 пәндік әдістемелік бірлестіктер құрылған және олардың жұмысын мектептегі әдістемелік кеңес үйлестіріп отырады. Онда әрбір пән әдіс бірлестіктерінің өзекті мәселелерімен қатар, пәндік бағдарламалардың орындалуына бақылау жасалып, мектепшілік олимпиада, кәсіби шеберлік байқаулары, педагогикалық оқулар, семинарлар ұйымдастырылып, басшылық жасайды, бағыт –бағдар береді. Сонымен қатар білім берудің мазмұнын жақсартуға байланысты жаңа технологиялық әдістерді қолдану, сабақты жетілдіру жөнінде проблемалар көтеретін шешімдер қабылдауына басшылық жасайды. Тәжірибелі, озат мұғалімдердің шағын шығармашылық тобы жұмыс істейді. Олар модульдік оқыту технологиясын, дамыта  оқыту технологиясын және «оқу мен жазу арқылы  сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын зерттеп, оқу үрдісінде пайдалануда.

Мектепте бірнеше жылдан бері әдістемеліктің жетекшісі болып келемін. Өзімнің әдістемелік бірлестігімде 8 мұғалім  бар. Әр мұғалімнің өзінің сыныптары мен алдына қойған мақсаттары бар. Өзім бастауыш сыныпта 3 жылдан астам еңбек етіп келемін. Осы жылдар ішінде алдымнан бірнеше түлектер ұшты. Оқытып шығарған түлектерім мемлекетіміздің бірнеше саласында еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта бастауыш сыныптың 2 сыныбында сабақ беріп келемін. Сыныбым 3 сыныпқа көшті. Сыныбыммен түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келемін. Өзімде мектеп ішінде өтіп жатқан қазіргі заман талабына сай   өтетін ашық сабақтар беріп, әріптестеріммен бөлісемін. «Үздік бастауыш сынып  мұғалімі» конкурсына қатысып аудан көлемінен 1 орын иеленіп, облыс көлемінде марапатталдым.

Биылғы оқу жылында мұғалімдердің озат тәжірибелерін алмасу семинарына қатыстым. Халықаралық жәрмеңкеге қатысып, өзімнің кітапшаларымды тараттым. Еңбек етуге еш ерінбеймін. Еңбегім елеусіз де қалып жатқан жоқ. Өз еңбегімнің арқасында әріптестерімнің арасында, ата – аналарыма да сыйлымын. Өз еңбегіммен әрқашан әріптестеріммен бөлісіп отырамын.

 

 

3.3 Сабақтардың әзірлемелері  мен үлгілері

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Сабақтың тақырыбы :   Зат есімнің септелуі

Білімділік :                        Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік 

                                             жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын 

                                             меңгерту.

Дамытушылық :              Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте 

                                             сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік :                        Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, 

                                             жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                Жаңа сабақ

 

Сабақтың типі :               Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері :  Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекіліктері :  Септіктер кестесі, суреттер, «Жетіген» музыкалық   аспабы.

Пәнаралық байланыс :   Ән - әуен, математика, сурет, ана тілі

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.

Ә) Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Орнын тап» ойыны

Кесте толтыру

 

Заттар, нәрселер

Өсімдіктер, жемістер

Жануарлар

Адам

Табиғат құбылыстары

Парта,

 терезе, орындық, дәптер

Жусан, қарақат,

өрік, бүлдірген

Қоян,

түлкі,

 барыс, арыстан

Дәрігер, мұғалім, зергер,

тігінші

Найзағай,

жел,

дауыл, жаңбыр

 

Керекті сөздер :   Терезе, қарақат, түлкі, мұғалім, жел, орындық, өрік, барыс, 

                                зергер, дауыл, дәптер, бүлдірген, арыстан, тігінші,жаңбыр.

 

-         Балалар, осы кестенің әрбір бөлігіндегі сөздерге сұрақ қойып көрейік.

-         Не байқадыңдар?

-         Қандай қорытынды жасауға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Көбейту кестесі

 

 

2

3

4

5

6

7

8

9

2

З

 

 

 

Ң

 

 

 

3

 

А

 

 

 

 

 

С

4

 

 

Т

 

І

 

Е

 

5

 

 

Е

 

 

 

 

І

6

 

С

 

Н

П

 

 

У

7

І

 

 

М

 

Т

 

 

8

 

 

 

 

 

 

Е

Л

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

9

16

20

18

14

35

30

24

12

27

32

36

49

64

72

54

45

 

З

А

Т

Е

С

І

М

Н

І

Ң

С

Е

П

Т

Е

Л

У

І

 

 

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз :  Зат есімнің септелуі.

-         Олай болса, мына суретке назар аударайық.

-         Бұл шертіп ойналатын көне ұлттық аспап - Жетіген.

Жетіген жеті ішекті, жеті тиекті, бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері – кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп – қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Осы аспап арқылы өнерпаздар өз мұңын халыққа жеткізген. Қазір мен сендерге осы аспаптың шығуы туралы бір ертегі айтпақпын.

       Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есімнің жерінде қазақ тілі елінде, «Септік» деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты.

- Атау атты ұлы қайтыс болғанда, шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп, тағыпты да үнсіз егіліпті.

- Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен» деп егіледі. Арада тағы ай өтеді. Барыс атты ұлы дүниеден кетеді. Сонда шал тағы да үшінші ішек тағып «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен» деп жоқтайды.

- Табыс атты ұлы өлгенде «Нені айтып, кімді ғана қайғырайын» - дейді.

- Жатыс атты аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың» - деп бесінші ішекті тағып егіледі.

- Шығыс ұлы қайтыс болады. Алтыншы ішек тағылып «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын» - деп егіледі.

- Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын» - деп жетінші ішекті тағып, шал қайғырып жоқтау айтады.

- Міне, осылай жеті ішек, жеті тиек тағылған ағаштан «Жетіген аспабы» пайда болыпты.

ІҮ. Ой қозғау.

- Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? – Септік шал

- Ілік қайтыс болғанда шал не деді? – неның зияны, кімнің көзі тиді екен деді.

- Барыс қайтыс болғанда шал не деді? – кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? – деді.

- Табыс өлгенде не деді? – нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.

- Жатыс ұлы өлгенде не деді? – кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? – деді.

- Шығыс қайтыс болғанда не деді? – неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? – деді.

- Көмектес ұлы қайтыс болғанда шаш не деді? – кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын? - деді.

Ү. Сұрақтар сыры.       Әнші, жетіген.

 

Не ? - Жетіген

Ненің ?  - жетігеннің

Неге ? - жетігенге

Нені ? - жетігенді

Неде ? - жетігенде

Неден ? - жетігеннен

Немен ? – жетігенмен

 

Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес -  өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары болады.

Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.

                        Мысалы, кімнің кітабы?  Асанның кітабы.

 

Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.

                            Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.

 

Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.

                             Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.

 

Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.

                              Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.

 

Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.

                                Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.

 

Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.

                                  Мысалы, кіммен таныстың?  Асанмен таныстым.

Зат есімнің септік жалғаулары

Септіктердің аты

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? не?

 

Ілік септік

Кімнің? Ненің?

- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

- ға, - ге, - қа, - ке

Табыс септік

Кімді? Нені?

- ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті

Жатыс септік

Кімде? Неде?

- да, - де, - та, - те

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

- мен, - бен, - пен

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

281 - жаттығу.

Қарлығаш, қарлығаштың, қарлығашқа, қарлығашты.

Тапсырма :

1.     Сөздерге сұрақ қой.

2.     Олардың қай септікте тұрғанын айт.

282 – жаттығу.

             1 – топ                                                        2 - топ

            Оқушы                                                      Ауыл

Үздік кім?                                           Қайдан келді?

Кімді көрді?                                        Ненің жанында көл бар?

Кімге берді?                                       Демалыста қайда барамын?

Кімнен сұрады?                                 Мен нені ұнатамын?

Тапсырма :

1.     Берілген сұрақтар бойынша сөздерді өзгертіп жаз.

2.     Зат есімнің жалғауларының астын сыз.

 

Сергіту жаттығуы.

283 – жаттығу.

1 – топ                                                 2 – топ

 Суретші                                           Қайың

Тапсырма :

Сөздерді септеп жаз.

285 – жаттығу.

 

Тар шеңберді айналып,

Тұр қазықта байланып.

Қаға берер таңдайды

Әдетінен танбайды.

Тапсырма : 

1.     Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

2.     Оларға қай септіктің жалғауы жалғанып тұр.

ҮІІ.  Қорытынды.

Гүлдер ойыны

Солнце: Гүлдің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Гүл тостақаншалары 7 оқушыға беріледі. Оқушылар септік ретімен гүл тостақандаларын орналастырады. Сөйтіп, гүл шоғы пайда болады.

 

ҮІІІ. Бағалау.

 

ІХ. Үйге тапсырма

 

4. Ғылыми – практикалық конференция, семинарлар материалдары

 

 

Оқу жылы

Тақырыбы

Таратылу түрі

Өткізілген уақыты

2007 жыл

Жаңа буын оқулықтары

Ғылыми практикалық конференция

облыстық

07.05.2007 жыл.

2011 жыл

12 жылдық мектептегі оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Ғылыми – практикалық конференция

29 -30 маусым 2011 жыл

2011 жыл

Тәләмді жас тәрбиелі жерден шығады

Мұғалім журналы

2011 жыл тамыз

2013 жыл

Озық тәжірибе алмасу

Облыстық семинарда

2013 жыл ақпан

2013 жыл

Халықаралық жәрмеңке

Облыс көлемінде

2013 жыл мамыр

 

 

Өз тәжірибелерін тарату және ортаға салу семинар, конференция, мәжілістерде

 

2008 жыл   -  Аудандық тамыз конференциясы «12 жылдық білімге көшу».

 

 

2009 жыл – Аудандық семинар «ашық сабақ пен тәрбие сағаттары».

 

2010 жыл – Аудандық семинар «Жаңа технология әдіс – тәсілдерін қолдану». 

 

2011 жыл – Облыстық ғылыми – практикалық конференция.

 

2011 жыл – Мектепішілік конференция «Бар білім бастауышта».

 

 

 

 

 

 

 

IV бөлім Педагогтың кәсіби шеберлігін бағалау

4.1 Әріптестер, ата – аналар пікірлері

№ 1 Егіндікөл орта мектебінің

Бастауыш сынып  мұғалімі

Әбішева Жанат Балтабайқызына

 

Пікір

 

 « Маған  жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені  мұғалім – мектептің жүрегі » - деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин  айтқандай Әбішева Жанат Балтабайқызы аталған мектептің бастауыш сыныптар  мұғалімі болып қажырлы еңбек етіп келеді. Ұстаздардың көшбасшысы, білім ордасының ұйтқысы.

            Жоғары санатты ұстаз. Өз ісінің білгірі, шебері бүгінде осы 30 жылдай алтын уақытын ұстаздық мамандыққа арнаған.

            Ол  жас мамандардың жанашыр тәлімгері , шәкірттерінің сүйікті  ақылшысы болып отыр. Мұғалім болу – қашанда абыройлы да, жауапты мамандық. Бастауыш сыныптың ұстазы болудың жауапкершілігін күнделікті ісімен көрсетіп келеді. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді педагогоикалық озық тәжірибелерді жүйесі қолдануы арқылы әріптестеріне үнемі үлгі көрсетеді.

            Жас шәкірттерге сүйіспеншілігі мен ата-аналардың алғысына бөленуі Жанат Балтабайқызының осы мамандыққа деген сүйіспеншілігінің айғағы.

           Оқу үрдісін жандандыруда оқушылардың білім  сапалық деңгейін, ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, сабақ барысында жаңа технологияларды  қолданып. Үнемі ізденіс үстінде жүреді.

           Ұстаздық іс-тәжірибесі аудандық, облыстық семинарларда, мұғалімдердің тамыз кеңесінде оқыған баяндамалары, әріптестер арасында жоғары бағаланып, қолдау табуда. Аудандық, облыстық педагогикалық оқуларда, шығармашылық жұмыстарға  ғылыми жұмысы Әріп Гүлжан жоғары, әртүрлі дәрежедегі мақтау қағаздарымен марапатталады.

           Сондай-ақ өзінің үлгі сабақтарын,  тәрбиелік шараларын республикалық басылымдарға жариялап, көп жыл  жиналған іс-тәжірибесін   кәсіби тұрғыда  қолдануға қажет кітап етіп шығарды.

           Ж. Балтабайқызы өз білімін үнемі көтеру  мақсатында біліктілігін артыру курстарына барып отырады.

           Тәрбиеленген шәкірттері еліміздің әр түкпірінде еңдек етуде. Арасында әр мамандық иесі табылады.

          Ұлағатты ұстаз отағасы Зейнолламен ұл, қыз, немере тәрбиелеп отырған бақытты ана. Біз осындай жоғары дәрежелі, үнемі  езуінен жылы жымиысы кетпейтін ұлағатты ұстазбен әріптес, қатар бірге еңбек еткенімізге қуаныштымыз.

 

                  Жакенова Г.Ы.

 

№ 1 Егіндікөл орта мектебінің

Бастауыш сынып  мұғалімі

Әбішева Жанат Балтабайқызына

 

 

Сын  - пікір

 

            Абишева Жанат Балтабайқызы аталған мектепте көп жылдан бері қызмет жасап келеді. Өзінің осы еңбек еткен кездерінде алдынан талай баламыз білім алып, өмірден өз орындарын тауып жатыр. Бастауыш сыныпта 1 ден бастап алып, 4 сыныпқа дейін қанаттарын қатайтып шығарып салып отырады. Өзінің еңбек жолында оқытып отырған оқушыларының ортасында , ата – аналардың да, тіпті ұжымының ортасында да сый құрметке бөленген, әр ісіне жауапкершілікпен қарайтын талантты мұғалім десек артық кетпейміз.    Жанат Балтабайызы  өзінің әрбір сабағын шығармашылықпен өткізеді. Ата – аналар да өзінің балаларын осы кісіге беруге асығады. Осы мектепте тек қана балаларымызды оқытып қана қоймайды, өзімізбен де тәрбиелік шаралар, ата – аналар жиналыстары, сауалнамалар, пікірталастар өткізіп отырады. Мектепте алғаш гимназия сыныбы ашылған кезде де ата – аналардың ұсынуымен Жанат Балтабайқызы жетекшілік етіп 4 жыл білім нәрімен балаларымызды сусындатып шықты.  Сол оқытқан балалары да әрқайсысы жоғары оқу орындарын бітіріп, егемен еліміздің белді азаматтары болып отыр деп айта аламыз.

Жанат Балтабайқызының атқарған жұмыстарын айта берсек сан жетпейді.

Жанат Балтабайқызына өмірде денсаулық, тек жақсылық , отбасында амандық, балалары мен немерелерінің қызығына тоймасын. Еңбек жолында шығармашылық табыс, әлі де біздің балаларымызды оқытудан шаршамай, шалдықпай еңбек етіп биіктерден көрінуіне тілектеспіз.

Сайыста тек сәттілік, жеңіс тілейміз.

Мектептегі нағыз Үздік бастауыш сынып мұғалімі!

 

 

 

Ата – аналар комитеті мен бір топ ата - аналар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.2 Мадақтамалар

 

Мерзімі

Марапат түрлері

Кім марапаттады

2009 жыл

Құрмет грамотасы

Аудан әкімі

2010 жыл  тамыз

Құрмет грамотасы

Ақмола облысы білім басқармасы

2010  жыл қазан

Алғыс хат

Егіндікөл аудандық Нұр Отан филиалы

           2011 жыл

       Құрмет грамотасы

Білім бөлімі

2012 жыл

Құрмет грамотасы

Ақмола облысы білім басқармасы

2012 жыл

Құрмет грамотасы

Егіндікөл аудандық білім бөлімі

 

4.3 Рецензиялар

 

Рецензия

 

  Бастауыш сынып мұғалімі Абишева Жанат Балтабайқызы өзінің әрбір сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді, АКТ-ны тиімді пайдалана отырып өткізеді.Әсіресе СТО технология стратегияларын жиі пайдаланады. Осының арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артқан. Білім сапасы жоғары.

  Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда түрлі тренингтер, сұхбаттар, сергіту сәттерін өткізіп отырады. Оқушылар сабақ барысында өз ойларын еркін жеткізе біледі. Екеу ара, топта диалог көп қолданылады. Сабақ барысында жаңа тақырыпты түсіндіргенде АКТ-ны пайдаланып, интербелсенді тақтада түрлі таныстырылым (презентация), слайдтар көрсетіледі. Сынып ішіндегі дарынды балаларға арнайы тереңдетілген тапсырмалар беріліп отырады. Үй тапсырмасына да қызығушылығын арттыру мақсатында шығармашылық тапсырмалар беріледі. Сыныпты түрлі әдіс-тәсілдермен топтарға бөліп, араларынан топ басшысын сайлатады. Оларға арнаулы бағалау парақшасы таратылып, оқушылар өз-өздерін бағалайды. Осыдан келіп оқушылар формативті бағалауға үйренеді. Мұғалім әрбір сабақта оқушылармен кері байланыс орнату мақсатында стикерлер, түрлі суреттер (смайлик, жұлдызша) таратып, өз ойларын біліп отырады.

  Мұғалім дәл осылай әр сабағында СТО технологиясын тиімді пайдаланатын болса, оқушылардың білім сапасы, сабаққа деген ынтасы арта түсетініне сеніміміз мол.

 

 

 

Мектеп директоры:                           Жумагулова З.А.

V бөлім Білім беруді дамыту барысында педагогтың үлесі

 

5.1 Оқу әдістемелік кешендер және инновациялық

педагогикалық жинақтар..........................................................................

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Егіндікөл аудандық білім бөлімі

№1 Егіндікөл орта мектебі

 

 

Бастауыш сынып
мұғалімдеріне арналған
сабақтар жиыны

 

 

 

Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі

Абишева Жанат Балтабайқызы.

 

 

 

 

 

 

 

2010-2012 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырушылар:

 Абишева Жанат  Балтабайқызы     № 1 Егіндікөл орта  мектебінің                           

                                                                 бастауыш сынып мұғалімі                         

 

Пікір жазғандар:

Щевцова Лариса.Александровна.     Әдістемелік орталық жетекшісі

 

Балтабаева Динара.Құттыбайқызы. Оқу ісінің меңгерушісі

 

№ 1 Егіндікөл орта мектебіні әдістемелік орталықтың

   шешімімен ұсынылған №   хаттама 2013 жыл.

 

Ашық сабақтар,1-4 сынып, Егіндікөл,2013жыл.-36 бет.

 

       Ұсынылып отырған құрал бастауыш мектепте пәндерді оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Құралдағы тапсырмалар оқулықтағы тақырыптар бойынша топтастырылып, өткізген ашық сабақтардың үлгілері  берілген. Беріліп отырған сабақтар жаңа технология үрдісі бойынша құрастырылған.

     Ашық сабақтардың үлгілері мұғалімдерге, тәрбиешілерге қосымша білім беретін ұстаздарға  арналады.

 Біршама  көмек болады деген сенімдеміз.

 

 

 

 

Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы

№1 Егіндікөл орта мектебі басып шығарған.

 

 

 

 

Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы,

Егіндікөл ауылы, Мектеп көшесі, 6 үй.

Тел.: 8-716-42-2-14-94

Е-mail: Egindykol_sh1 @ mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

 

   Заман талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Осы тұрғыдан алғанда жаңа білімді алу қажеттілігін туындату, пәнге деген қызығушылықты арттыруда бастауыш сыныптарда, әсіресе тіл сабақтарында алынған білімді ары қарай тереңдетіп, оқушылардың ғылыми түсінігін кеңейтуде, танымдық қызығушылығын арттыру жұмыстарына көп көңіл бөлген жөн.

   Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда бастауыш сыныптарда  СТО технология стратегияларын жиі пайдаланған. Осының арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарылаған.

   Аталған  кітапшадағы сабақтар Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, бастауыш сыныптардағы жаңа оқу бағдарламасына сәйкес келеді және практикалық сипатта қарастырылған.

   Осы құрал жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Сөз таптары». «Зат есім»

Сабақтың тәрбиелілік міндеттері: Зат есім туралы білімдерін кеңейту және бекіту көзделеді және тұлғалық қабілетін жетілдіру.

Логикалық ойлау жүйесін көздей отырып, арнайы жаттығулар жүргізу. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты: Зат есім жайлы білімін кеңейтіп, ережені жаттап, топпен жұмыс жасауға үйрету. Ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Ойын, аралас сабақ.

Әдіс –тәсілдер: Деңгейлеп оқыту.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру: а). Психологиялық даярлық жасау.

                                ә). Оқушыларды топқа бөлу.

II . Үйге берілген тапсырманы тексеру:

Екі топ өзін - өзі таныстырады.

1 – топ: «Сұңқарлар».

Топтың аты «Сұңқар» бұл,

Келдік біздер жарысқа.

Зат есімнің сырларын,

Баяндаймыз сайыста.

2-топ: «Тұлпарлар».

«Тұлпар» атты тобымыз,

Көп нәрседен хабармыз.

«Сұңқар» атты топпенен,

Сайысуға даярмыз.

Оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Бүгінгі біздің сабағымыз аралас –ойын сабақ.

1-     ойын: «Ғажайып алаң».

 «Ой шақыру».                   

Ортаға «Ғажайып алаң» қақпасын қоямын.Барабан 6 бөлікке бөлінген. Әр бөлікте тапсырма бар. Әр топтан 3 оқушыдан шығады. Бір тапсырмадан алып, сұраққа жауап береді.

Осылайша өткен сабаққа тоқталамыз.

III . Жаңа сабақ: Сын тұрғысынан ойлау әдісімен жұмбақтар шешіп, ойындар ойнау арқылы білімімізді дамытайық.

 

 

 

 

 


                        

1.        Ой қозғау: Геометриялық фигуралардан заттың атын шы ғару.

1-сұрақ: 1.Баланың бас                 3. Білім бұлағы                     

          ұстазы  кім?      2.Ас атасы              не?    

 

                                           не?

              

 

                                      

 

 

          

 

  4.Нағыз         5. Алтын       6. Адамның

            қазына не?      бесігің не?         рухы не?

2.Ой толғаныс: Шыққан сөздерге сұрақ қою.

 Ереже: Кім? Не? Кімдер? Нелер?  сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есім дейміз.

-         Адамға қандай сұрақтар қойылады?

-         Кім? Кімдер?

-         Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтар қойылады?

-         Не? Нелер?

IV. Оқулықпен жұмыс: 284 –жаттығу. Сурет бойынша сөздерге сұрақ қойып, сөйлем құрап жазу.Тақтада сөздер жазып қою. Балалардың есте  сақтау қабілетін дамыту. Қарлығаш ұя  салды.  Сұңқар аспанда қалықтап  ұшады. Қарға қарқылдап, тамақ іздейді.  

286 жаттығу. Көп нүктенің орнына зат есімдерді қойып  көшіріп жазу. Тақтада 2 топтан шығып тезарада орындай қою.

  

  Аңдар                       қозы, лақ, бота, құлын, бұзау.

             

 Құстар                  аю,борсық, қоян, түлкі, бұлан, қасқыр.

 

    Малдың                бұлбұл, көкек, қарлығаш, қарға, торғай.

    төлдері

                                                              

287 –жаттығу. Әр қатардағы сөздерді жинақтап қалай атауға болады? Сызық арқылы көрсет.

 

      Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі --                   ыдыстар

                                       

      Кесе,қасық,қазан,ожау, тостаған -            көкөністер

 

    Қияр,сәбіз,қызылша,қауын,қарбыз-           малдар

 

 

 

                                         

 

 

V. Шығармашылық жұмыс:

1 – топ: Зат есімдерді теріп жазу.

2- топ: Берілген сөздерге сұрақ қою.

3 – топ: Зат есімнің түрлеріне тоқталу.

VI. Поэзия минуты: Әр топ өлең оқиды. Сол өлең кімнің өлеңі екенін айту.

1- топ Абайдың өлеңін оқиды.

2 – топ Ыбырайдың өлеңін оқиды.

- Абай кім?

- Абай - ақын.

- Ыбырай кім?

- Ыбырай –жазушы, әрі мұғалім.

VII. Қорытынды: Не  білемін? Не білдің?

Оқушылардың білімдерін  толықтыру, анықтау.

Сонымен бүгінгі сабақта біз сіздермен қандай сөз табына тоқталдық.

-         Зат есім.

-         Зат есімнің қандай түрлері бар?

-         Зат есім туралы білімдеріңді қағазға жазып көрсетіңдер.

Әр топ өздері зат есім туралы білімдерін стрелка арқылы көрсете отырып қортындылайды.

 

 

                   

 

 

 

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың  жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.  

                                  

VIII. Оқушы білімін бағалау: Оқушылар өздерін - өздері бағалайды. Арнайы дайындалған белгілер бойынша бағалау.

Қызыл алма-  «5».

Көк  төртбұрыш – «4».

Сары үшбұрыш – «3».

IX. Үйге тапсырма беру: 287- 288 жаттығу беріледі. Ережелерді жаттау.

X. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабағымызды Абай атамыздың өлеңімен аяқтаймыз.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Яғни, ыстық қайрат –бұл  еңбек, егер кім көп еңбек етсе, соның қайраты мол.

Ал, ақылың нұрлы болсын дегені –сенің ақылыңның нұрынан басқалар шуақ алу  керек.

Ал, жылы жүрек дегеніміз – бұл қайырымдылық. Осы қасиеттерді біз бойымызға сіңіре білсек жақсы адам боламыз.                                      

Сабақтың тақырыбы: Райымбек батырдың Секерханмен жекпе  –    жегі.

Сабақтың мақсаты:

 1. Оқушыларға Райымбек батыр туралы   мағлұмат беріп, мәтіннің мазмұнын ашып ондағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру, қазақ - жоңғар соғысы болған жерлер, қазақ қолбасшылар туралы білімдерін кеңейту.

2. Балалардың тілін, тарихи таным қабілеттін дамыту.

3. Оқушыларды ерлікке, батылдыққаелін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: Райымбек суреті, саяси - әкімшілік карта, сызбалар, мақал – мәтелдер, бес қару суреті, Елімай - әні.

Әдіс: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, тірек – схема.

Түрі: Аралас сабақ

 

Сабақ барысы:  І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Қазақтың хас батыры Қарасай.

1.     «Реле» тапсырмасы бойынша сұрақ – жауап

а).Батырдың жойқын күші неде көрінді?

ә). Қарасай батырға мінездеме бер.

      б). Жоңғар шапқыншылығы кезінде қандай ән туды?

в). Қытай Қазақстанның қай жағында?

г). Қазақ – жоңғар соғысында қандай қарулар қолданылды?

ғ). 18 ғасыр қай жылдар аралығы?

ІІІ. Жаңа сабақ

Райымбек батырдың Секерханмен жекпе – жегі.

        

 Кіріспе сөз

Ақ найзаның ұшымен,

Ақ білектің күшімен.

Ұшса құстың қанаты талатын,

Шапса аттың тұяғы мүжілетін.

Кең байтақ қазақ жерін қорғаған біздің батырларымыз болатын. Бүгінгі сабақ жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлік көрсетіп, елін, жерін жаулардан қорғаған Райымбек батырға арналады.

1. Тірек  - схема бойынша сабақ түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

2. Деректермен жұмыс: бөлігінде оқушылар өздері жинаған деректері бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Оқушылар шығармашылығы: Оқушылар шығармашылығы бөлімінде оқушылардың өздері дайындаған, сол кездегі батырлар ұстаған қару түрлеріне көрме ұйымдастырылады.

                                       

  4. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді оқушылар мәнерлеп 

                                      оқиды.

5. Сөздік жұмыс:

                                 

                                   Құж – сом денелі, қайратты.

                                   Арқасы бар – күші бар.

                                   Меселін қайтару – бетін қақпау.

                                   Нараулау – шаршау.

                                    

 

6. Сергіту сәті: «Елім-ай» әні үнтаспадан ойнатылады.

7. Қартамен жұмыс: Алматы, Талғар, Шелек өзені, Есік, Шамалхан, Қаскелең.

ІҮ. Топтастыру:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ү. Сөзжұмбақ.

ҮІ. Мақал – мәтелдер: Батыр жауда, дана дауда.

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Батыр бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

ҮІІ. Қорытынды: Сұрақ – жауап

                                               9

1.     Райымбек батыр туралы оқығандарың бар ма?

2.     Қабанбай, Шапырашты деген сөздер не білдіреді?

3.     Батыр болғыларың келе ме?

ҮІІІ. Тапсырма: Үйде мәтінді оқу.

ІХ. Бағалау.

 

Сабақтың  тақырыбы: Зат  есімнің септелуі.

                                           Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты:

Зат есімнің септелуін оқушылардың қалай түсінгенін тексеру.

Білімділік: Сабақта ойын түрлері арқылы тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ой белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:  Сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдық, жылдамдық және көрегендік қасиеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Слайд, тест тапсырмалары, ғажайып алаң барабаны, жеті септік.

Әдістері: сұрақ-жауап, көрнекілік, слайд.

Түрі:  қайталау сабағы.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

 а) Амандасу.

  ә) Психологиялық икем.

810: 90-2;

5+120:60;

3+100:25;           200 х 4-793;                     

  №1 слайд

          

II.Сұрақ-жауап

А) Септік жалғаулары дегеніміз не?

Ә) Табыс септіктің жалғауларын ата.

Б) Көмектес септік қандай сұрақтарға жауап береді?

В) Атау септік қандай сұрақтарға жауап береді?

Г) Ілік септіктің жалғауларын ата.

Ғ) Жатыс септіктің жалғауларын ата.

Д) Шығыс  септік қандай сұрақтарға жауап береді?

Е) ) Қай септіктегі сөздер сөйлемде бастауыш қызметін атқарады?

Ж) Барыс септік қандай сұрақтарға жауап береді?

З) Ілік септік қандай сұрақтарға жауап береді?

И) Шығыс септіктің жалғауларын ата.

К) Табыс септік қандай сұрақтарға жауап береді?

Қ) Жатыс септік қандай сұрақтарға жауап береді?

Л) Табыс септіктің жалғауларын ата.

 

ІІІ. Сызбамен жұмыс:                         №2 слайд                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                         

 

IY.Терме диктанат.          

                                          

  №3 слайд

  Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады. Әр оқушыда әр септіктің аты жазылған. Интерактивті тақтада сөздер берілген, берілген кеспе қағазда жазылған септік бойынша оқушылар дәптерлеріне сол септікте тұрған сөздерді көшіріп жазады.Көршілес отырған оқушылар бір-бірлерінің жазғанын тексереді.

Тақтада жазылған сөздер:

Суретшінің, аналар, еңбекпен, даланы, кірпіштен, жылқыға, қалада, 

      қағазбен, көкте, Арайдан, қонақты, әншіні, ағаш, дүкенге, өсімдіктің,

       гүлдер, отқа, досыммен, адамның, темірден, үстелде.

 

Y. Ойын: «Адасқан жалғаулар»                               

  №4 слайд

(Боранның дауысы естіледі.)

Балалар,біздің 7 септіктеріміздің жалғаулары бораннан адасып кетіпті. Енді сол жалғауларды орнына қоюымыз керек. Қазір сендер маған көмектесесіңдер.Ол үшін мына берілген сөйлемдегі сөздерге төмендегі жалғауларды дұрыс жалғау керек.

  

   Илеу- құмырсқа....  үйі. Илеу...  қарап оңтүстік пен солтүстікті ажыратуға болады. Илеу... бұзуға болмайды. Илеу... мыңдаған құмырсқа өмір сүреді. Илеу... құмырсқалар шыға бастады. Құмырсқа... пайдасы бар. Құмырсқаның илеуі...  ойнауға болмайды.

Жалғаулар: -мен, -ден, -ге, -ның, -де, -ді, -ның.

  YI. Ойын: «Ғажайып алаң.»

   Ортаға «Ғажайып алаң» қақпасын қоямын. Барабан 7 бөлікке бөлінген. Әр бөлікте септіктердің аты жазылған. Бір-бір оқушыдан шығып барабанды айналдырады да сұраққа тез жауап беру керек. Тез жауап берген оқушы сұрақтың астындағы сыйлықты алады.

1.     Асан кітапханаға келді.

(Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшесіне талда, барыс септігіндегі сөз қандай мүше болып тұр?)

 

2.     Тілден ұшып,

     Құлаққа қонады.

(Шығыс септігіндегі сөзді тап, сұрақ қой.)

 

3.     Тақтаға дәптер сөзін септеп жаз.

 

4.     ......... үні.

(Көп нүктенің орнына ненің? деген сұраққа жауап беретін сөзді қойып сөйлем құра. Қай септікте тұрғанын айт.)

 

5.     (Берілген сөзді жатыс септігіне қойып, сөйлем құра.)

Ауыл.

 

6.     Отпен кіріп,

        Күлмен шығып,

        Көрген емес

        Белін бүгіп.

        (Жұмбақты оқып, шешуін тап. Қарамен жазылған   

        сөзге сұрақ қой, қай септікте тұрғанын айт.)

7.     Оқушылар қысқы демалысты қызықты өткізді.

 

 (Қарамен жазылған сөзге сұрақ қой, қай септікте тұрғанын айт.)

    YII. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою, қай   

    септікте тұрғанын анықтау, өлеңнің бір шумағын  

     айту және авторын атау.     

 

 

    №5 слайд

 

1) Оқығанды көңілге  .........  тоқылық.              ықыласпен

2)  Шықшы ..... , қарашы кең далаға,                           тауға,

3)  Жазғытұры қалмайды ....  сызы,                          қыстың 

4)  Қара боран .....             жапты,                                    көкті

5) ....    өзен ағар сарқыраған,                                 таулардан     

 6) ....- сөздің патшасы, сөз сарасы,                                өлең

 7)  Желсіз .... жарық ай,                                                   түнде

 

YIII. Тест тапсырмасы.

     1-нұсқа

1. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?

 Алма, парта, терезе, оқушы, доп,ана.

А) сын есім;                              

Ә) етістік;

Б) зат есім;

2. Көмектес септігінде тұрған сөзді тап.

А) машинамен;

Ә) пышақты;

Б) жайлауға;

3. Зат есім сұрақтарын көрсет.

О) Қанша? Қайда? Неше?

П) Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Р) Не?  Нелер? Кім? Кімдер?

4. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап.

Ы) сабақтан;

І) сабақта;

Ұ) сабаққа;                                 

5. Жатыс септігінде тұрған сөзді тап.

П) қарлығаштың;

Р) баламен;

С) оқушыда;

  2 - нұсқа

1. Зат есім сұрақтарын көрсет.

Р) Не істеді? Не қылды? Қайтті?

С) Қанша? Қайда? Неше?

Т) Кім? Кімдер? Не? Нелер?

2. Табыс септігінде тұрған сөзді тап.

А) дәрігерді;

Ә) ініге;

Б) ағаммен;

3. Барыс септігінде  тұрған сөзді тап.

А) ағаштың;

Ә) халықтан;

Б) адамға:

 

 

 4. Ілік септігінде тұрған сөзді тап.

          Ы) шеңбердің;

           І) шеңберден;

          Ұ) шеңберге;

        5. Берілген сөздер қай сөз

табына жатады?

          Бала, шеңбер, құс, күйші, балға.

          Р) сын есім;

         С) зат есім;

   Т) етістік;

 IХ. Қорытынды.                                        №6 слайд

 - Сонымен, сабағымызды қорытындылай келе,  тест тапсырмаларын орындағанда қандай  сөздер  шықты?

1-нұсқада «БАРЫС», 2-нұсқада «ТАБЫС» сөзі  шықты.(Тақтада сөздер шығады.) Бұл септіктердің атауы және де биыл қандай жыл?

-        Барыс жылы.

-         

-         

-         

-        Ал,табыс дегенде ойларыңа не келеді?

-         Барыс жылы табысты жыл болады.

-         Ендеше, осы жыл сендерге табысты болып, сабақтарыңды тек қана «өте жақсы»  деген бағаға оқыңдар.

 

 

 

 

 

Аты-жөні

Сұрақ-жауап

Сызбамен

жұмыс

Терме

диктант

«Адасқан

жалғаулар»

Ғажайып

алаң

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою, қай септікте тұрғанын анықтау, өлеңнің бір шумағын айту және авторын атау

Тест

тапсырмасы

Қорытынды

баға

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Х.  Бағалау.

 

                                             

ХI. Үйге тапсырма.

7 септікке байланысты сөйлемдер құрау.

                                                                     

Сабақтың тақырыбы: «Үш батыр»

Сабақтың  мақсаты: 1.Білімділік:Оқушыларға елді жаудан қорғаған  батырлар туралы сөз ете отырып,оларды үлгі ету.

.Дамытушылық: Өз еліне,халқына мақтаныш сезімін  

тудыру,сөздік қорларын жаңа сөздермен молайту.

3.Тәрбиелік: Батырлық,ерлік жөнінде айтылған мақал       

мәтелдер,өсиет,нақыл сөздер арқылы оқушыларды 

отаншылдыққа,батырлыққа, өз елін құрметтеуге, мақтаныш тұтуға тәрбилеу сабақ  мақсатында болады.

Түрі:Аралас сабақ.

Типі:Сын тұрғысынан ойлау,дамыту технологиясы.

Әдістері:Ой қозғау, Венн диаграммасы, әңгімелеу, сұрақ-жауап,  түртіп алу.    

Көрнекілігі:Қабанбай батыр,Бөгенбай батыр,Наурызбай батыр суреттері,киіз үй,ат арба суреттері,батырдың киімдері.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.

      а).Психологиялық икем.    Слайд 1

 Балалар бүгінгі біздің көңіл күйіміз  қандай?Мына тақтадағы суреттерге қараңдаршы осы суреттің қайсысы біздің көңіл-күйіміз-ге жарасады деп ойлайсыңдар.Ендеше осы көңілді суретті түрімізбен көрсетейікші.(балалар көңілді адам бейнесін бет әлпеттерімен көрсетеді)

 II.Үй тапсырмасын тексеру.

а) Домбыра   (мәнерлеп оқу)

  ә)Құрманғазы (мазмұндау)                    

   III.Жаңа сабақ        Слайд 2                                  

Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Үш батыр деп аталады.Сабағымызды бастамас бұрын балалар есімізге түсірейікші біз қазақтың қандай батырларын білеміз? Қабанбай,Бөгенбай,Наурызбай,Райымбек,Исатай,

Махамбет, Ағыбай

Қабанбай батыр  (ХҮІІ ғ.соңы-ХҮІІІ ғ.орта                                 шені.)

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз – қазақ батыры. Азан шақырып қойған аты - Ерасыл.

ХҮІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына

қарсы күрестің бел  ордасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған. Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожағұл,Он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза тапқан.16 жасар бала жау арасында жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін ол  5 - 6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, Қабан батыр

 

Бөгенбай батыр (1680-1778 ж.ж.)

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап  кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті.

Оның атасы - Әлденкүн, әкесі  Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын  әскерге қолбасшы болуы сеніп тапсырған.

Ол сонымен қатар өнерлі адам болған.Ұсталық өнермен айналысып,соғыс қару-жарақтарын жасаған.Бойында ақындық,айтыскерлік өнері де болған.Әкесінің өнері

                                                    18

баласына дарыған.  Өзіне жақын адамдардан

отряд құрып,кейін елде Қанжығалының қырық батыры деп аталып кеткен.

 

Наурызбай батыр (1706-1781ж.ж)

Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, ХҮІІІ ғасырдағы  Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт - азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың

баурайында дүниеге келген.Бұл кезде  Іле,Талас,Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді.

Батырдың көзін  ашқаннан естігені батырлар туралы жырлар,аңыз әңгімелер болып,теңдессіз бай рухани ортада өседі.Екінші жағынан

елге үстемдігін жүргізетін басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді.Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету туралы арманға жетеледі,батыр болуға құлшындырды. Осымен  балалар үш батырдың қысқаша өмір баяны осындай екен.

Балалар жан-жағымызға қарайықшы. Мына жерде бізде үш ауыл тұр соларға қонаққа барайық.

.Бірінші ауыл Қабанбай батыр ауылы. Қане,бәріміз мына ат арбаға мініп осы ауылға тоқтайық. Бұл ауылдың жанында Қабанбай батыр тұр екен өздері бізді қандай өнермен қарсы алады екен көрейік.

Данияр(Қабанбай батыр)

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қабанбай батыр аулынанбыз.

Бұлардың киіз үйлеріне мынандай тапсырма тұр.Кітабымыздың 129 бетін ашайық.Мәтінді мәнерлеп оқы деп тұр.(мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды.Слайд 3

Енді арбаға мініп келесі екінші ауыл Бөгенбай батыр аулына барайық.Олар бізді қандай өнерлерімен қарсы алады екен.

Әли (Бөгенбай батыр)

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ ері-өнерлі өсиетті.

Қазақ елін билеген Бөгенбайдай,

Елі текті қасиетті жеріненбіз.

Бұлардың киіз үйлерінде қандай тапсырма бар екен.Мәтіннің мазмұнын ашу.(мұғалім мәтіннің мазмұнын ашады) Слайд 4

Арбаға мініп үшінші ауылға тоқтайық.Бұл Наурызбай батыр ауылы

Бұлар бізді қалай қарсы алады екен,қандай өнерлерімен.

Диас (Наурызбай батыр)

Азат бүгін байлыққа тұнған жері,

Азап жүгін,ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірліккежанын қиған,

Наурызбайдай батырдың еліненбіз.

Бұлардың киіз үйлерінде қандай тапсырма бар екен.Мәтіндегі сұрақтарға жауап беру.(оқушылар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді.) 

Өте жақсы балалар.Бізбұл тапсырмалардан сүрінбей өттік.Слайд 5

Ү. Енді киіз үйде тағы мынандай тапсырмалар бар екен.Мына жерде ас әзірленген табақтар бар.Үш ауылдан үш  адам шығып алсын.

  1-ші табақта-батырлық,ерлік туралы мақалдарайт.

2-ші табақта-батырлартуралыән айтыңдар.

3-ші табақта-бір батыр жайлы әңгіме айт.

Өте жақсы бұл тапсырмаларды да жақсы орындадық.Енді табақты алмас бұрын бата сұрайық.Үш ауылдан үш ақсақал бата берсін.

Қабанбай батыр ауыланан бата сұраймыз.

Асыңа бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсақ,

Ақ тілекті төгейін.

Дастарқаның мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Әумин!

Бөгенбай ауылынан бата сұрайық.

О,құдайым оңдасын,

Оң жолынана бастасын.

Мал иесі Мұхаммед,

Берген батаны қабыл ет!

        Әумин!

Наурызбай ауылынан бата сұрайық.

Мәнісін ұқ батаның,

Борышын өте Отанның.

Амандық пен саулықты,

Мен де тілеп отырмын!

Әумин!

Шаршадық па,балалар.Шаршасақ сәл дем алайық.

ҮІ.Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Шаршағанымыз басылды ма балалар?

Ендікелесі тапсырмамыз мәнерлеп оқу.Әр ауылдан үш адам біреуі басын,біреуі ортасын,біреуі соңын мәнерлеп оқиды.

                                                                                                

ҮІІ.Венн диаграммасы. Слайд 6

Балалар, сендер өскенде елдеріңді,жерлеріңді,халықты қорғауға әзірсіңдер ме? Ел қорғайтын азамат қандай болады деп ойлайсыңдар?(оқушылардың пікірі)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

 Жақсы                                                   Жаман          

 

ҮІІІ.Сөздік жұмысы.

Балалар,енді дәптерімізді ашайық.Сөздік жұмысын жүргіземіз.

Қолбасшы-әскер бастайтын адам.

 

ІХ.Сұрақ – жауап.  Слайд7.

Біз батырлардың қандай қаруларын білеміз?

Найза,дулыға,қылыш т.б.

Үш ауылдан  үш адам шығып мына қаруларды алсын. Артында тапсырмалары мақалдарды жалғастыру.

1.Батыр туса ....................,                       (ел ырысы)

Жаңбыр жауса................                          (жер ырысы)  

                                                

2.Батыр адам ...................,                       (қол бастар)

Шешен адам.....................                       (сөз бастар)      

 

3.Батыр бір рет................,                        (өледі)

Қорқақ...............................                        (мың рет өледі)  

                                                                                                       Х.Ребустар шешу.

Үш ауылға үш ребус  берілген соны қай ауыл бірінші  шешеді екен.

ХІ.Жұмбақтар шешу.              

1.Белі бүкір,алысқа түкір.                  

                                                      мылтық

2.Ақ сарайды талқандап,

   Шықты біреу талтаңдап

                                                     балапан

3.Өзі –қазық,өзі-азық

                                                      Сәбіз

4.Аспандағы алып доп,

   Жарқырайды жарық боп.

                                                        Ай

5.Үсті тас асты тас ортасында піскен ас.

 

                                                           Нан

6.Үлпершекке қан құйып үріп талға байладым.

                                                         Бүлдірген

7.Көлік десем күлкі емес,

  Жегілетін  жылқы емес.                Шана

ХІІ.Қорытынды

      Сабағымызды мына мақалмен аяқтаймыз.

       Білімді адамның күні- жарық,

      Білімсіз адамның күні-кәріп.

Білімді адамның әр уақытта күні жарық,ашық болып жүреді  екен.

Ал,білімсіз адам балалар ештеңені білмей қараңғы болып жүреді.

Сондықтан әрқашан білімді,сауатты болуымыз керек екен.     

ХІІІ.Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушылырды марапаттап,мадақтау.

ХІҮ.Үйге тапсырма.

«Үш батыр» мәтінін мәнерлеп оқып,мазмұндау,үш батырға мінездеме беру.    

Сабақтың тақырыбы: «Сөз таптары».

    Сабақтың мақсаты:

  Білімділік:  1) Сөз таптары туралы туралы түсінік беру.Сөйлем ішіндегі заттың қимылын,атын сынын,санын білдіретін сөздерді таба білуге,оларға сұрақ қоюға баулу.

  Дамытушылық: 2) Ақыл-ойын,логикалық ойлау жүйесін дамыту,арнайы сөзжұмбақ шешу арқылы ойлау қабілетін дамыту.

   Тәрбиелік: 3) Сауаттылыққа,көркем жазуға,өз ойын сөйлеммен жеткізе білуге,өз  Отанын,халқын,салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

     Сабақтың түрі: Аралас сабақ .          

     Сабақтың әдістері: түсіндіру,әңгімелесу,жарыс.

     Сабақтың көрнекілігі: Ауыл,киіз үй,интерактивтік тақта,сөзжұмбақ т.б.

 Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру. 

2.Психологиялық дайындық «Жылы лебіз білдіру».

3. Интерактивтік тақта арқылы сұрақ-жауап.

4.Дала туралы әңгімелеу.

5.Тапсырмалар.

6.Қорытынды.

7.Үйге тапсырма .

8. Бағалау .

 Сабақтың барысы :

 Ұйымдастыру: Оқушыларды ІІІ-топқа бөліп,әр топқа ат беру.(Құстар,Аңдар,Жануарлар)

  Психологиялық дайындық: «Жылы лебіз білдіру».

    Оқушылар бір-бірлеріне деген тілектерін айтады.             

Интерактивтік тақта арқылы сұрақ-жауап:

                                 Сөз таптары

 Зат есім                 Сын есім        Сан есім         Етістік Кім?не?кімдер?    Қандай?      Қанша?неше?  не істеді?

  Нелер?                Қай?        Нешінші?           Не қылды?                                           

   қайтты?   

 Ата,парта              биік                   Он бес                     

Келді, әкелді, жүгірді.

-         Балалар сендер бетпақдала дегеніміз не екенін білесіңдерме?

Дұрыс айтасыңдар бетпақдалада еш тіршілік жоқ.Ендеше біз мына жерде ауыл

тұрғызамыз, әрине

-         ол үшін сендердің  көмектерің қажет.

1-тапсырма.

Топтар киіз үйлердің тапсырмасын орындап,талдап,оны іліп қояды.(Сөздер қай сөз табына жататынын анықта)

    І топ                       ІІ топ                             ІІІ топ

  Зат есім                Сын есім                      Етістік

Түлкі,ауыз дос т.б       тар,биік,ұзын т.б             пісірді,болды,жайды т.б.

2-тапсырма.

Әр топ төлдердің тапсырмасын орындап,талдап,оны іліп

  қояды.(Берілген зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріп жаз.)

Дала,оқышы,су,тай,көл,сурет.

 3-тапсырма.

Әр топ ағаштың тапсырмасын орындап,талдап,оны іліп қояды.(Жанұя әдісі бойынша тапсырманы орында)Сөйлемдерді сөз таптарына талда.

     Кім?                    Қандай?               Кім?

    Бақыт-бесаспап шебер бала.Ол суретті жақсы салады.Ән айтады,би блейді.

4-тапсырма

Әр топ адамдардың тапсырмасын орындап,талдап,оны іліп қояды .Өлеңді мәнерлеп оқып,зат есім,сан есім,етістіктерді тап.

Жасыл емен жайнаған,

Ақ мамық қар айналаң.

Сырғанақта ойнайсың,

Қызыққа енді тоймайсың,

Алақай-ау,алақай,

Қыс келіп тұр,балақай!

Интерактивтік тақтада тапсырмаларды орындау:Сөздерді таңдап тақтадағы сөз таптарының қайсысына жататынын анықтап соның тұсына «+» таңбасын қояды.

-         Ал енді балалар сабағымыздың басында мына тақтада тек жазық дала еді,енді қараңдаршы біз өзіміздің біліміміздің арқасында мына жерге нағыз қазақи ауыл тұрғыздық.Біздің Қазақстан жерінде осындай жазық далалар өте көп,сондықтанда болашақта біздің Отанымыз сендер сияқты білімді,білікті балалардың қолында.

Сабақты қорытындылау:       Интерактивтік тақтада

    Зат есім                                   Сын есім

                        Сөз таптары

  Сан есім                                    Етістік

   Тақтаға суреттер беріліп,оқушылар оларға бір-бір зат есім,сын есім,етістіктен айтады.

   Оқушылардың келген қонақтарға деген жылы лебіздерін білдіріп «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ...» атты сыйларын табыс етеді.

Үйге тапсырма: 285-жаттығу «Теңіз суы қайда кетеді?» әңгімелеу.

    Лев Толстой туралы мәліметтер жинақтап келу.

Бағалау: Сабақта бесенділік көрсеткен оқушыларды мадақтап,барлық оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы :   Зат есімнің септелуі.

Білімділік :   Зат есімнің септелуі туралы. түсінік беру. Септік  жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын   меңгерту.

Дамытушылық : Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте   сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік :   Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге,  жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :                Жаңа сабақ

Сабақтың типі :               Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері :  Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекіліктері :  Септіктер кестесі, суреттер, «Жетіген» музыкалық аспабы.

Пәнаралық байланыс :   Ән - әуен, математика, сурет, ана тілі

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.

Ә) Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Орнын тап» ойыны

Кесте толтыру

Заттар, нәрселер

Өсімдіктер, жемістер

Жануарлар

Адам

Табиғат құбылыстары

Парта,

 терезе, орындық, дәптер

Жусан, қарақат,

өрік, бүлдірген

Қоян,

түлкі,

 барыс, арыстан

Дәрігер, мұғалім, зергер,

тігінші

Найзағай,

жел,

дауыл, жаңбыр

Керекті сөздер :   Терезе, қарақат, түлкі, мұғалім, жел, орындық, өрік, барыс,  зергер, дауыл, дәптер, бүлдірген, арыстан, тігінші, жаңбыр.

-         Балалар, осы кестенің әрбір бөлігіндегі сөздерге сұрақ қойып көрейік.

-         Не байқадыңдар?

-         Қандай қорытынды жасауға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

Көбейту кестесі

 

2

3

4

5

6

7

8

9

2

З

 

 

 

Ң

 

 

 

3

 

А

 

 

 

 

 

С

4

 

 

Т

 

І

 

Е

 

5

 

 

Е

 

 

 

 

І

6

 

С

 

Н

П

 

 

У

7

І

 

 

М

 

Т

 

 

8

 

 

 

 

 

 

Е

Л

9

 

 

 

 

 

 

 

 

28

4

9

16

20

18

14

35

30

24

12

27

32

36

49

64

72

54

45

 

З

А

Т

Е

С

І

М

Н

І

Ң

С

Е

П

Т

Е

Л

У

І

 

 

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз :  Зат есімнің септелуі.

-         Олай болса, мына суретке назар аударайық.

-         Бұл шертіп ойналатын көне ұлттық аспап - Жетіген.

Жетіген жеті ішекті, жеті тиекті, бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері – кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп – қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Осы аспап арқылы өнерпаздар өз мұңын халыққа жеткізген. Қазір мен сендерге осы аспаптың шығуы туралы бір ертегі айтпақпын.

       Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есімнің жерінде қазақ тілі елінде, «Септік» деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты.

- Атау атты ұлы қайтыс болғанда, шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп, тағыпты да үнсіз егіліпті.

- Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен» деп егіледі. Арада тағы ай өтеді. Барыс атты ұлы дүниеден кетеді. Сонда шал тағы да үшінші ішек тағып «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен» деп жоқтайды.

- Табыс атты ұлы өлгенде «Нені айтып, кімді ғана қайғырайын» - дейді.

- Жатыс атты аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың» - деп бесінші ішекті тағып егіледі.

- Шығыс ұлы қайтыс болады. Алтыншы ішек тағылып

 «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын» - деп егіледі.

- Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын» - деп жетінші ішекті тағып, шал қайғырып жоқтау айтады.

- Міне, осылай жеті ішек, жеті тиек тағылған ағаштан «Жетіген аспабы» пайда болыпты.

ІҮ. Ой қозғау.

- Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? – Септік шал

- Ілік қайтыс болғанда шал не деді? – неның зияны, кімнің көзі тиді екен деді.

- Барыс қайтыс болғанда шал не деді? – кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? – деді.

- Табыс өлгенде не деді? – нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.

- Жатыс ұлы өлгенде не деді? – кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? – деді.

- Шығыс қайтыс болғанда не деді? – неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? – деді.

- Көмектес ұлы қайтыс болғанда шаш не деді? – кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын? - деді.

Ү. Сұрақтар сыры.       Әнші, жетіген.

 

Не ? - Жетіген

Ненің ?  - жетігеннің

Неге ? - жетігенге

Нені ? - жетігенді

Неде ? - жетігенде

Неден ? - жетігеннен

Немен ? – жетігенмен

                                                      30

Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес -  өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары болады.

Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.

                        Мысалы, кімнің кітабы?  Асанның кітабы.

 

Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.

                            Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.

 

Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.

                             Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.

 

Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.

                              Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.

 

Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.

                                Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.

 

Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.

                                  Мысалы, кіммен таныстың?  Асанмен таныстым.

 

Зат есімнің септік жалғаулары

 

 

Септіктердің

аты

Сұрақтары

Септік жалғаулары

 

 

 

Атау септік

Кім?  Не?

 

Ілік септік

Кімнің? Ненің?

- ның, - нің, - дың,

-дің, - тың, - тің

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

- ға, - ге, - қа, - ке

Табыс септік

Кімді? Нені?

-ны, - ні, - ды, - ді,

-ты, - ті

Жатыс септік

Кімде? Неде?

- да, - де, - та, - те

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

- нан, - нен, - дан, - ден,

 - тан, - тен

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

- мен, - бен, - пен

 

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

281 - жаттығу.

Қарлығаш, қарлығаштың, қарлығашқа, қарлығашты.

Тапсырма :

3.     Сөздерге сұрақ қой.

4.     Олардың қай септікте тұрғанын айт.

282 – жаттығу.

             1 – топ                                                        2 - топ

            Оқушы                                                      Ауыл

Үздік кім?                                           Қайдан келді?

Кімді көрді?                                        Ненің жанында көл бар?

Кімге берді?                                       Демалыста қайда барамын?

Кімнен сұрады?                                 Мен нені ұнатамын?

Тапсырма :

3.     Берілген сұрақтар бойынша сөздерді өзгертіп жаз.

4.     Зат есімнің жалғауларының астын сыз.

Сергіту жаттығуы.

283 – жаттығу.

1 – топ                                                 2 – топ

 Суретші                                           Қайың

Тапсырма :

Сөздерді септеп жаз.

285 – жаттығу.

Тар шеңберді айналып,

Тұр қазықта байланып.

Қаға берер таңдайды

Әдетінен танбайды.

Тапсырма : 

3.     Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

4.     Оларға қай септіктің жалғауы жалғанып тұр.

ҮІІ.  Қорытынды.

Гүлдер ойыны

Гүл тостақаншалары 7 оқушыға беріледі. Оқушылар септік ретімен гүл тостақандаларын орналастырады. Сөйтіп, гүл шоғы пайда болады.

ҮІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

1.     285- жаттығу

2.     Зат есімнің септелуі (ереже).

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

№ 1 Егіндікөл орта мектебі

 

 

Диктанттар жинағы

(4-сынып)

 

Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі

Абишева Жанат Балтабайқызы

 

Бақылау диктант– үлкен тақырыптарды өткен соң жазылады. Бұл диктант түрі оқу материалын қаншалықты игергендігін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін болғандықтан тоқсан аяғында алынады.

 Бақылау диктантының сөз саны стандартқа сай мына кесте бойынша беріледі

Сыныптар

I жарты жылдық

II жарты жылдық

2-сынып

30-35

35-40

3-сынып

40-50

50-65

4-сынып

65-70

75-80

 

  Бақылау диктанты әр сыныпта жылына 5 рет алынады. Тоқсан сайын 1 реттен және оқу жылының қорытындысы бойынша 1рет. Диктантқа арнайы дәптер арналады. Мұғалім бақылау диктантын оқығанда бір орында тұрып оқуы керек.

 Көру диктанты- оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі.

                                             Құрастырушылар:

 Абишева Жанат  Балтабайқызы     № 1 Егіндікөл орта  мектебінің   бастауыш сынып мұғалімі                         

 

Пікір жазғандар:

Щевцова Лариса.Александровна.     Әдістемелік орталық жетекшісі

 

Балтабаева Динара.Құттыбайқызы. Оқу ісінің меңгерушісі

 

№ 1 Егіндікөл орта мектебіні әдістемелік орталықтың

   шешімімен ұсынылған № 2   хаттама 2013 жыл.

 

Диктанттар жинағы 4 сынып, Егіндікөл,2013жыл.- 40 бет.

 

       Ұсынылып отырған құрал бастауыш мектепте пәндерді оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Құралдағы  диктаннаттар жинағы оқулықтағы тақырыптар бойынша топтастырылып, көмекші құрал ретінде берілген. Құрастырылған диктанттар жинағы  жаңа технология үрдісі бойынша жасалған. 

     Диктанттар жинағы мұғалімдерге, қосымша білім беретін ұстаздарға біршама  көмек болады деген сенімдемін. 

 

 

 

 

Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы

№1 Егіндікөл орта мектебі басып шығарған.

 

 

 

Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы,

Егіндікөл ауылы, Мектеп көшесі, 6 үй.

Тел.: 8-716-42-2-14-94

Е-mail: Egindykol_sh1 @ mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі бастауыш мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді керек етеді.  Өмір талабы адамның біліміне, оның күнделікті тұрмыста, сабақ барысында қолдана алу мүмкіндіктеріне ие болу мәселесін қамтып отыр. Осы тұрғыдан алғанда жаңа білімді алу қажеттілігін тундату, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда бастауыш сыныптарда сабақта диктан жұмыстарын алудың маңызы өте жор. Әсіресе тіл сабақтарында алынған білімді ары қарай тереңдетіп, кеңейтуде, танымдық қызығушылықтарын арттыруда бастауыш сыныптарда диктант түрлерін сабақта,  қосымша сабақтарда алуға  көп көңіл бөлінген жөн.

 Ұсынылып отырған оқу - әдістемелік құралда бастауыш сыныптарда қазақ тілінен жүргізілетін диктант түрлерінің бірнеше түрлері мен оларды ұйымдастыру жолдары мен әдістері сөз болады.

 

Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай  жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтылып, оқушыларға жаздыру керек. Бұл түсіндірме бойынша диктантты есту арқылы және көру арқылы жазатын, теріп жазатын, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын т.б.  түрлері бар.

 Қазақ тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру- бастауыш мектептегі оқу процесінің ең қажетті бөлігі.

  ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы  оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік, пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет.

Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай  жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтылып,

                                                                                               

оқушыларға жаздыру керек. Бұл түсіндірме бойынша диктантты есту арқылы және көру арқылы жазатын, теріп жазатын, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын т.б.  түрлері бар.

 Қазақ тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру- бастауыш мектептегі оқу процесінің ең қажетті бөлігі.

  ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы  оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік, пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет.

Ұсынылып отырған  жинақта терме, сөздік, бақылау, көру, суретті диктант түрлері беріліп отыр:                                           

   Терме диктанты  - мәтін ішінен өтілген ережеге сай сөздер мен сөз тізбектерін немесе жеке сөйлемдерді теріп жазады. Терме диктант фонетика, грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Оқушының ақыл- ойын дамытуға көмектеседі.       

Тапсырма: Мәтіндегі қаратпа сөзі бар сөйлемдердің  астын сыз. Қожалық сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Сөз және оның  құрамы

Сөздік диктант

Өлкеге, атауыздың, айдынға, бастықтың, еңбекқор, ауызбіршілік, қасапшыда, ертеңгілік, бауырыма, топырақта, құлыншақты, әлемдегі, дәріхана, еденде.

Тапсырма: Жуан қосымшалы сөздердің астын бір сызықпен, жіңішке қосымшалы сөздердің астын екі сызықпен сыз

Терме диктант

                                      Татулық

  Біз ең тату сыныппыз. Біз барлық кезде біргеміз, доспыз. Біздің сыныпта білімді де, биші де, әнші де бар. Қандай да бір іс шара ұйымдастырылса, біздер белсенділік танытамыз. Татулықты ту қылып, бірлікті ұранға айналдырған біздің сынып осындай.

Тапсырма: Туынды сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау.

Диктант мәтіні алдын –ала тақтада жазылады. Оқушылар 2-3 мәрте  оқып, естеріне сақтайды. Сосын мәтінді жауып, естеріне сақтап қалғандарын жазады. Жазып болған соң мәтін ашылып, тексеру жұмыс жүргізіледі. Қате кеткен сөздермен дыбыстық, буындық талдау жүргізіледі.

Суретті диктант- берілген  суретке қарап атын жазу  (заттың) немесе суретке байланысты сөйлем құрау.

  Сөздік диктант- сабақтың кез келген кезеңіндежүргізіледі. Сөздік диктантына оқушыларға фонетикалық тұрғыда қиындық туғызып жүрген сөздер, не болмаса жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер, өтілген жаңа сөздер жазылады.                       

3 –сыныпта өткенді қайталау.

Сөйлем, дыбыс және әріп.

Сөздік диктант

Қасық, ашудас, қараңғы, құлып, сыйлық, үңгір, қапсырма, бурыл, аспан, шеңбер, әңгелек, дөңгелек.

 

 Тапсырма: Өзің қалаған бес сөзге сөйлем құра, ң әрпінің астын сыз.

Терме диктант

Ұшатын  жыландар

  Құстың ұшатынын бәрі біледі. Ал жыланның ұшатынын кім біледі?

Оңтүстік Азияның тропикалық ормандарында кездеседі. Олар ағаштың басында тіршілік етеді. Ұшу алдында олар бүйір терілерін қампитып, қамданып алады. Содан кейін денесімен тіреп қатты секіріп қалады да, қалықтап барып екінші бұтаққа қонады.

Тапсырма: Етістіктерді теріп жаз.

Бақылау диктант

Қайырымдылық

Жұмыс іздеген екеу келе жатып, елу- алпыс вагон тізбегін көрді. Темір жиекті тақтайды вагонның жиек теміріне іле алмай бір топ адам әбігерленіп жатыр.

 -Әй, жұмысшылар, ана тақтайды көтерісіп жіберіңдер!

 -Не деп жатырсың, қожайын? Біз саған әзірге жалданғанымыз жоқ.

  Бір жағы шала ілініп тұрған ауыр тақтай екінші жағын қозғай бергенде жерге гүрс ете қалды. Қимылы ұшқалақтау біреу: «Ойбай, өлдім!»-деп безек қақты. Жас жұмысшы бір қолымен тақтайды көтеріп, бір қолымен безілдеп жатқанды суырып алды да:

-Әттеген-ай... оннан артық адам тақтайдың бір жағын көтере алмайды,ә? Аға, ар жағын сүйеп жіберіңізші, осынысын қойып берейін.

  -Таста әрі! Ақша бермесе, қолыңды әуре қып керегі қанша? Тастай алмай жүрген жаның бар ма!

  Жолдасының қатыгездігін ұнатпаған бала жігіт тіл қатпастан тақтайдың вагон жақ  шетін көтеріп, жарты кездей тақтайды вагонның ішіне кіргізіп жіберді.

Сөз тіркесі

Сөздік диктант

 Бүкіл сынып, ағаш қасық, әсем ән, үлкен үй, ақылды күшік, қалың киім, кешкі ұйқы, жаңбырлы күн, ғажайып түс, биік тау, әдемі гүл, жақсы адам.

Тапсырма: Сөз тіркесін сұрақ қою арқылы анықтап, байланысын сызбамен көрсет

 

Терме диктант

Бұл қай кезде болады?

Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

  Айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Шығармашылық диктант

Өнер, қалам, оқу, сыз, сый, би, жап, бас, қой, орын, дәм, қыс.

Тапсырма: Берілген түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды сөз жасау және сөйлем құрау

Бақылау диктант

Көкпар

  Біздің ауылдың жайлауы таудың үстінде. Тау жоталары шұбатылып кетіп бара жатқан түйе көшіне ұқсайды. Мұнда биік шатқалдар мен жартастар көп. Малшылар бір–біріне таяу орналасады. Ауылда той да болып тұрады. Сондай тойлардың бірінде көкпар тартылды.

  Атқа мінген жігіттер лезде дайын болды. Көкпар қызығын көру үшін ел түгел жиналды.

 Жайлау жазық емес, сондықтан аттап басқан сайын өрге шығу керек.Көкпаршылар ат үстінде күш сынасып, көкпарға берілген серкені тартысып жүр. Серкені біреу жұлып алып, өңгере қашты. Басқалар оны қуып, қайтадан тартыс басталды.

Тапсырма: Малшылар, көкпаршылар сөздерінің тасымалдану жолын көрсету. Сөз құрамына талда

Сөз таптары

Шығармашылық диктант

Аспан, биік, ақын, қашады, Арман, ащы, оныншы, жүгір, алматы, таяз, қасқыр, тон, жабысқақ, асады, қос, аппақ, бұйра, елудей, Нұрзат, секір.

Тапсырма: Сөздерге сұрақ қойып, сөз таптарына топтап жаз.

 

Көру диктанты

Төбет

Сақ төбетім Жолдыаяқ,

Саңқылдайды қоймай-ақ.

Бөріге қой бермейді,

Ұрыға бой бермейді

Тапсырма: Негізгі зат есім мен тәуелдеулі зат есімнің астын сыз.

Шығармашылық диктант

 Аш, сөйлеме, баспа, керме, ора, кездес, ұшпа, орында, көмектес, төкпе, ойлан, айналма, жүгірме, итерме, биле.

                                         Тапсырма: Болымды етістікті бірінші бағанға, болымсыз етістікті екінші бағанға көшіріп жазып, болымсыз етістік жасап тұрған  жұрнақтарды бұрышпен белгіле.

Бақылау диктант

Панасыздар

Табан мен нәлім балықтарының шабақтарын өсіріп, жеткізу жайында басы да ауырмайды. Уылдырық шашты да жөніне кетті. Ал олардан шығатын шабақтар қалай жетіліп өссе де мейлі. Бір жағынан оларды кіналауға да болмайды. Мыңдаған шабаққа бір аналық қайдан қарап үлгірсін. Бақа да сол сияқты. Бір шашқанда мыңнан артық уылдырық шашады.

 

Әрине, мұндай панасыздардың бәрінің бірдей шығынсыз өсіп жетілуі

өте қиын. Су ішінде олардың қаншама жауы бар. Көбісін уылдырық кезінде жұтса, енді біразын кішкене шабақ, итбалық қалпында жейді. Сөйтіп азғана бөлігі есейіп жетіледі.                                           

 Тапсырма: Дыбыстық талдау жасау.

Жай сөйлем және құрмалас сөйлем

 

Терме диктант

Оқпан

  Қопалы өзен-көлдердің маңына бара қалсаң, «әуп-әуп» деген дауыс естисің. Бұл оқпанның үні. Оның «әуп-әуп» деген үніне орай «әупілдек» десе, кейде өкірген тәрізді үн шығаратын болғандықтан , халық оны «көлбұқа» деп те атайды.

 Оқпан қамыстардың арасында тіршілік етеді, мойын қауырсындары қамысқа ұқсап қоңыр болып келеді де, қамыс арасында отырғанда оны көре қою өте қиын.

Күндіз көзге түспей, қалың қамыс ішінде отырады. Түнде балық, жылан, ұсақ құстар мен сүт қоректілерді аулауға шығады. Оқпан қорегін ұстарда қаққан сияқты қозғалмай судың таяздау жерінде тұрады да, судың беті қозғалса болды, орнынан атылып ұмтылады. Секіріп көтерілген бақаларды, жас балапандарды осылайша ұстайды.

Тапсырма: Құрмалас сөйлемдерді теріп жаз.

Тапсырма: Бастауышты тауып, қайсөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.

 

Бақылау диктант

Кірпі

  Әлден уақытта жел соға бастады. Ағаштардың ұшар

бастары теңселіп, орман іші шуылдай жөнелді. Осы кезде бір ғажапты байқап қалдық. Тиіндер секіріп жүрген қарағайлардың түбінен бір неше кірпі жорғалап шыға келді. Олар бастарын жоғары көтеріп қатты да қалды. Аспаннан әлдебір нәрсе күткендей телміріп отыр.

  Біз кірпілерге қарап тұрмыз. Ағаштың бастарынан кепкен саңырау құлақтар түсе бастады. Кірпілер дайын асты арқасындағы инедей тікендеріне шаншып алады. Осылайша іннің ішіне тасып жүр.

 

Тапсырма: Екінші азат жолдағы екінші сөйлемдегі сөз тіркестерін сызбамен көрсет                                                                               

Бақылау диктант

Аққу

  Аққу-аса көркем құс. Оның салмағы жетіден он килограмға дейін жетеді. Мойны ұзын келеді. Түсі шымқай, ақ болады. Қара түстілері де кездеседі. Олар су өсімдіктерінің тамырларын және ұсақ жәндіктерді жейді. Аққулардың ең көріктісі және қолға ұстауға көнімдісі- сыбырлауық. Сыбырлауық Қазақстан жерін мекендейді. Бұларды парктер мен жеке су қоймаларында әсемдік үшін өсіреді. Аққу- сирек кездесетін құс. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған.

Тапсырма:  Бесінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

Аттан тай озады,

Атадан бала озады.

 

Ықылас пен ынтымақ,

Бітер іске болсын тап.

 

Аттың жүйрігі азаптан құтқарады.

                                      Тапсырма:  Берілген мақал мәтелдердің негізгі мағыналарын сақтай отырып, оларды сұраулы сөйлемдерге айналдыру.

 Бақылау диктант

 

Сары уыз

    Уыз деген не,  білесің бе? Ол –жаңа туған малдың: сиыр, қой, ешкі, түйенің алғашқы сүті. Ол өте қою, тәтті болады.Кейде уыз көженің дәмін келтіру үшін тары мен шекер де араластырады. Сиырдың уызынан уыз көже жасап, бүкіл көрші-қолаңды шақырады. Уыз көже ішкен жұрт «ақ көбейсін» деп бата береді. Малдың төлдері уызға әбден тоюы керек. Уызына тоймаған төл жүдеу болып келеді. Сондықтан да үлкендер мал төлін әбден емізіп, уызына тойдырады.

 

Тапсырма: Сұраулы, лепті сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жазу.

тіршілігін сонда өткізеді де көктемде қайтып келеді.

Тапсырма: Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін теріп жаз.

Сөз және оның мағынасы

 Сөздік диктант

  Ата- ана, бурыл ат, өткір қайшы, қосаяқ, он бес, күреңот, бала- шаға, қолғабыс, қып-қызыл, Екібастұз, мая-мая, келім-кетім алабұға, тарс-тұрс,  жедел жәрдем.

Тапсырма: Күрделі сөздерді жасалу жолына қарай әр бағанға бөліп жаз.

Біріккен сөздер

Сөздік диктант

 Көлбақа, селеубояу, Біршоғыр, Нұрболат, көктерек, Теміртау, алабұға, Барсакелмес, қосаяқ, Ақтөбе, Екібастұз, Темірболат, Жезқазған.

Тапсырма: Біріккен сөздерді түбірмен белгіле.

Бақылау диктант

Жолдасым көп болсын десең

 Ешқашан жолдастарыңа дөрекілік көрсетпе. Жәбірлейтін сөзбен атама. Мазақтайтын ат қойма. Өзіңі қолайлы орынға отыру үшін, ойын кезінде не басқа уақытта итермелеп, ұрып-соқпа.

 Жолдастарыңмен амандасуды ұмытпа. Тіпті кішкентайлармен де амандас.

Үлкенмен де, кішімен де, қызбен де, ұлмен де достасуға болады. Егер досыңа бір нәрсе үшін ренжіп қалсаң, тез ұмытуға тырыс. Өштеспе! Досың сенен кітап не ойыншық сұраса, бер, қолын қайырма. Өзің досыңнан кітап не ойыншық алсаң, сол заттарға ұқыптылықпен қара. Осы ережелерді үнемі орында.

Тапсырма: Екінші, үшінші сөйлемнен бір құрмалас сөйлемге айналдыр.

Сөйлем мүшелері

 Көру диктант

                       Инелік

        Инелік –ау, инелік,

        Қаша берме именіп                             

        Түспей ақ қой торыма,

        Қоншы келіп қолыма.

        Анықтап бір қарайын

        Суретіңді салайын.

                                       С. Жаманқараев

Тапсырма: Өлеңнен бастауыш пен баяндауышты тап.

Бақылау диктант

Көкшетау

  Күн ыстық. Көкшетау маңы. Айнала төңірек, жер дүние, жан жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрған сияқты.

  Қара жерге түгел жасыл жібек кілем төсегендей. Оның айнадай суында зеңгір аспанның суреті көрінеді.

   Алдыңғы күні қалың нөсер жаңбыр құйып өткен еді.                                                                                                                            Жер беті қаптаған, құлпырған қалың жасыл шөп жаңа жасыл желекке оранған. Өсімдіктердің, бұталардың жасыл жапырақтары мен гүлдер кеше мен бүгін төтенше құлпырған. Айналаға қарап тұрғанда, жердің семіз қара

топырағы жасыл ала шөптен көрінбейді. Қалың, бітік 

жасыл шөптерге араласа шыққан түрлі гүлдер жерге өрнек, түр береді.              

 

 Тапсырма: Екінші азат жолдағы бірінші сөйлемді  сөйлем мүшесіне талда.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

 Терме диктант

Құстар

Құстар бір орында отырмайды. Бұтақтан бұтаққа секіріп, бір ағаштан екінші ағашқа ұшып-қонумен болады. Тиын да осылай секіре алады, бірақ  бірнеше мыңдаған шақырым  қашықтыққа ұшып        кетіп, қайтып келе алатын құс ғана.

  Барқылдақ  торғай, суықторғай, қарлығаш, шымышық, бозторғай, ләйлек сияқты құстар алысқа ұша алады. Сондықтан оларды жыл құстары деп атайды. Жазда олар біздің жерде тіршілік етіп, ұя салады, балапан шығарады. Суық түсісімен жылы жақтарға ұшып кетіп, қыс бойы

Тапсырма: Суретке қарап сөйлем құрастыр. Зат есімнің астын бір түзу сызықпен сыз.

Терме диктант

 Аспап, бала, киік, қалам,  көксерке, оқушы, Арман, тон, жылқышы, доп, әке, жапырақ, торсық, нағашы.

Тапсырма: Кім? сұрағына жауап беретін сөзді бағанның оң жағына, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бағанның сол жағына жаз

Зат есімнің септелуі

 Терме диктант

Жылқы

 Қоғалы шөлді жайлаған,

Қоғаның басын шайнаған,

Құраулап оны жылқышы,

Қыл арқанмен байлаған.

                                Ұ. Есдәулетов                                    

Бақылау диктант

                                                        Майдан үшін

  Майдан үшін, жеңіс үшін көмір қажет. Қару-жарақ жасайтын зауыттарды іске қосатын да, жауынгерлерге киім-кешегі үшін мата тоқитын фабрикалардың станоктарына қуат беретін де осы көмір.

  Кенші бұрғысымен өндірілген әрбір түйір көмір – жауға қарсы атылған оқ.

  Сәкен аға өз бригадасына осы жайды түсіндіріп, шахтадан қайтып келе жатты. Ымырт үйіріліп барады. Қардың түскеніне екі-үш күн өтпей жатып-ақ бетін көмір ұнтақтары жауып, қара қошқылдана бастапты. Кеншілер табанымен тапталған жалғыз аяқ соқпақ жол, Сәкен ағаны жатаққа қарай асықтыра түсті.

Тапсырма: Қос сөздердің астын сыз.

Терме диктант

  Келер-келмесі белгісіз, отырар-отырмастан сөйлей жөнелді, келім-кетім адам көп, күте-күте жалығып кеттім,

 

                                        бетпе-бет кездесіп қалдық, қолма-қол берді, алды-артына қарамастан кете берді.

 

Тапсырма: Қос сөздерді теріп жаз.

 Бақылау диктант

 

Тал тойы

 Тал гүлдеді. Той басталды. Ағаштар, бұталар әлі сұп-сұр болып, жалаңаш тұр. Орлардың арасында тал бір шоқ гүл сияқты. Гүлдері сап-сары алтындай болып жарқырайды. Саусақпен түртіп қалсаң, саусағың сап-сары болады. Шертсең болды алтын түтін бұрқ етеді. Иіскесең бал иісі шығады. Жан жақтан «қонақтар» тойға асығуда түкті, аю сияқты қанаттары икемсіз ара ұшып

келді. Келе гүлге қонып, оның тозаңына былғанды. Жортып, тез қимылдап, құмырсқа да жетті. Гүлге қонып, қарындары қампиып, жарылып кеткелі тұр.Кішкене қанаттары зырылдап, аяқтары сидиып, масалар да ұшып келді. Неше түрлі қоңыздар, шыбындар құж-құж етеді.

Көбелектерде қанаттарын жайып жіберген. Есек ара да

 

ашулы, аш. Ала қанаттары жолбарысқа ұқсайды.

Бәрі де гүлге асығуда. Талдың гүлі түскен соң той бітеді.

                                                                          Н. Сладков

Тапсырма:Қос сөздердің астын сызып, қалай жасаланын анықта.

                          Қысқарған сөздер

 АПИ, ҚР, ТМД, т, ц, АҚШ, см, ЖШС, ҚазМУ, дм, м.

Тапсырма: Берілген  қысқарған сөздерді толық жаз.

Сөз таптары

Зат есім

Суретті диктант

 

 

 

 

 

 

 

                                                

деп қорқасыңдар. Жылан неге шағады? Жылан өздігінен шақпайды. Жаздың ыстық күндерінде жылан денесі

күнге қызып, сергек болады. Ал жауын шашынды, бұлтты күндері жуасып, жайбірақат жүреді. Жыландар нашар көреді. Сол себептен қимылды, дыбысты сезгенде жасырынып қалуға тырысады. Міне сол сәтте жыланды адам да, жануарлар да байқамай, оған жақындай береді. Сонда жылан өзіне қастық ойлап тұр деген оймен шағып алады. Бірақ жыландарды жаппай қыра бермей, жер бетінен құрып  бар жатқан бағалы аңдарды сақтағандай қамқорлыққа алу керек.

 

Тапсырма: Зат есімнің септік жалғаулары жалғанған сөздерді сөз құрамына талда.

 

Терме диктант

Ашқарақтар

 Шөже торғайлар ауладағы тақыр жерде тімтініп, табылған дәнді бір-бірлеп шоқып жеп жүрген. Үйінің

Тапсырма: Септік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жаз. Оларды сөз құрамына талда.

Сөздік диктант

 Қамшы, тұлпар, Ақтөс, мектеп, кесе, кептер, Асан, Жерұйық, жұлдыз, кереге, оқулық, темір, құмырсқалар, орындық, тошала.

Тапсырма: Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын жалғап жаз.

Көру диктант

                        Шопан

 Төбені атша мініп ап,

Қамшысын жыланша иіп ап,

Оспанбай отыр ой бағып,

Күшігі жүр қой бағып.

 

  Тапсырма: Табыс септігінде тұрған зат есімді, барыс септігіне айналдырып жаз.

 Сөздік диктант

 Еңбек, бақыт, ұлан, бас, сурет, табиғат, құм, балшық, кірпіш, сабақ, ата, тостаған, жапырақ, дәріхана, дәптер.

Тапсырма: Берілген сөздерге жатыс септінің жалғауларын жалғап жаз, сөз құрамына талда.

Бақылау диктант

Жыландар

  Жазда саяхатқа шығып, жеміс жидек терген кезде жыландарды көріп қаласыңдар. Сол мезетте олар шағады

 

                                                   

 

Бақылау диктант

Астық әні

  Жер бетіне сары ала жапырақтарын төгіп, қоңыр күзде келіп жетті. Тамыздан кейін сыңғырлаған қоңырауын соғып, балаларды оқу-білімге шақырып қыркүйек есік қақты.

 Қыркүйек - бұл молшылықтың айы, береке бастауы. Бұл айда жаз бойы тыныштық құшағында тербеліп жатқан дала гүрілдеген мотор даусынан оянып, еңбек әуеніне бөленеді. Қыркүйекте дала төсін ән тербейді. Ол - астық әні.

 Сап-сары дәндер жиналып тізіле қапты. Бұл бункердің толғаны. Жақындау келіп тоқтаған машинаға жанаса беріп, тетікті ағытты Шүпілдеп тұрған дән саулай жөнелді. Сол толассыз саулаған дән ағынына қарап отырып, керемет бір күй кешесің.

                                                                          Н. Рахмет

Тапсырма: Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды шақтарына қарай ажырат, сөз құрамына талда.

есігін қиғаштау ашып, торғайларға бір кісі бір түйір дәнді лақтырып жіберді. Нан шөпжеңдеп жүрген екі-үш торғайдың қасына топ ете түсті. Шошыған торғайлар бытырап ұша жөнелді. Қатер байқалмаған соң қайта оралып, әлгі нанға жақындады. Біреуі төне түсіп, бір шоқыды. Екіншісі бір шетіне жабыса кетті. Үшіншісі жетіп барғанда, талас басталды. Біріне–бірі ырық бермей шыр-пыр етеді. Сол аралықта балпанақтай қара торғай жерге қонды да, нанды көлденең тістеп алып, ұшып кетті.

  Торғайлар байқамай қалды. Тынбастан шұрқырасып жүр. Әлден уақытта барып, нанның жоқ екенін сезді. Үндері өшіп, үрпиісіп қалды.

Тапсырма: Мәтіннен етістіктерді теріп жаз.

 Шығармашылық диктант

Аспанның төсі ...

Көзінен бұлттың жас ...

Найзағай от боп ...

Керекті сөздер: тамды, қақырап, шатынап.

Тапсырма: Етістік сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтап, астын тиісті сызықпен сыз.

 Сөздік диктант

 Айтып отыр, келген болатын, оқы, айтты, жүгіріп келе жатыр, қызығып тұр, келетін болды, ойнап болған,  баратын шығармын.

Тапсырма: Етістікті шақтарына  қарай топтап жаз.

Көру диктант

Ақ мамам

Ылғи мені жақтаған,

Бетімнен бір қақпаған.

Жақсы ісімді мақтаған.

Менсіз таңы атпаған,

Мен деп тыным таппаған.

 

Тапсырма: Өлеңнен өткен шақты тауып, астын сыз сұрақ қой..

Көру диктанты

                 Өзім жайлы

 Айбар деген баламын,

Жұмсауға мен жарадым.

Өзім биыл бестемін,

Саусағыммен санадым.

Күрескенді жығамын

Рас, бірде құладым.

Футбол десе шешініп,

Белсеніп мен шығамын.

Тапсырма: Өлең шумағындағы келер шақ етістіктерінің астын сыз, оларға сұрақ қой.

Шығармашылық диктант

 Күту, отыру, жинау, тарату.

 

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ

 

Көріп отырмын

 

Көрдім

 

Көремін

 

 

Тапсырма: Етістіктерді үлгі бойынша  топтап жаз.

Бақылау диктант

Адам денесінде қанша су бар?

  Тамақ жемеген адам бір айға дейін шыдай алады. Ал сусыз үш күнге ғана шыдайды. Шөлге ең шыдамды жануар-«шөл кемесі» атанған түйе сусыз сегіз тәулікке ғана шыдайды. Машинаның жүруіне жанармай қандай қажет болса, адам денесіне де су сондай қажет. Неге? Ересек адам денесінің жартысынан көбі судан тұрады.70 килограмм ересек адамның бойында 50 килограмм су болады.Егер судың мөлшері кемісе адам өледі. Ал бала денесінде одан да көп. Қырық килограмдық дененің  34 килограмы су, тек 6 килограмы ғана басқа заттар.

 

 Тапсырма: Сан есімнің астын сызып, соңғы сөйлемдегі есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыр.

                                         Сын есім

Терме диктант

Қыс

 Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау,  түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

                                                       А. Құнанбаев

 

Тапсырма: Өлең шумағынан сын есімді теріп жаз. Қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

 

Тапсырма: Сын есімнің астын сыз, заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын ажырат.

Тапсырма: Берілген кестені пайдалана отырып, досыңды сипаттап жаз.                                      

 Өзіндік диктант

 Өрік, ешкі, жылқы, бөлме, үй, оқушы, бала, тоқаш, тон, қозы, кемпірқосақ.

Керекті сын есімдер: жүйрік, әдемі, жылы, озат, сүзеген, тәртіпті, кең, тәтті, зәулім, сары, бұйра.

Тапсырма: Берілген зат есімдерге сын есімдерді байланыстырып жаз.

 Бақылау диктант

Тоқылдақ

  Ұзын тұмсықты тоқылдақ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Тоқылдақтың түрлері көп. Түсі шұбар. Өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ағаштың етегінен бастап жабысқаннан бұраңдадай орала отырып, жоғары өрлейді. Кейде ғана жолында кездескен ойыстар мен жарықтарға

тоқтайды. Егер қоңыз кездессе, ол- үлкен табыс, ал құрт болса да тамақ.  Ол тұмсығымен көбінесе қураған кәрі ағаштардың қабықтарын тоқылдатады. Осындай ағаштардан өзіне ұя жасайды. Шіріген ағашты бірнеше сағат бойы тоқылдатып тесу арқылы өзі тұратын үйін

дайындайды, осы ұяға жұмыртқа салады.                                                         

   А. Колантарев

Тапсырма: Сын есімдердің астын сызып, сұрақ қой.

 

Сан есім

Көру диктант

10-15,  2 , 43, 61, 25, 10032, 597, 100 15 

Өзіндік диктант

 

1,  2 , 3 , 4,  5,  6,  7.

Тапсырма: Берілген есептік сан есімдерге –ау, -еу қосымшаларын жалғап жаз.

Шылау

 Көру диктант

Естідім-ау Жеңіс күнін,

Дүрілдейді көк пен жер.

Қуанышпен күлім қағып,

Ойнақтайды қуанған ел.

Тапсырма: Өлең шумағынан шылауды тауып, шеңбермен қорша.

Сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын анықта.

Терме диктант

 Сапар шегіп тым алыс,

Түзге де ол барыпты.

Толқынынан күнбағыс,

Қалпақ киіп алыпты.                           Т. Бердияров

 

Қылшылдаған қыс мынау

Әбігерге түстің–ау

Торғай, торғай тоңдың ба?

Тұра алмайсың орныңда?!

                                        Е. Қалиев

 

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң- қыс келіп, әлек салды

Ұлпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

                                        А. Құнанбаев

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.А. Тұрғынбаева «Дамыта оқыту».

2.Бастауыш мектеп № 5,7,8,9.

3.Оқулық «Қазақ тілі» 4 сынып «Алматыкітап» 2010

Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова.

4. Мұғалімге көмекші құрал.

5.Бастауыш мектеп  журналы 2005, №6.

6.Бастауыш мектеп журналы  2006, №3.

7. Бастауыш мектеп журналы  2008, №7.

8. Интернет  « Googl ».

9.Оқулық «Қазақ тілі»  4 сынып. «Алматыкітап» 2011  

Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова.

10.Қазақ тілі. Әдістемелік құрал «Алматыкітап»                              2011. Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова.

 

 

 

 

 

 

    

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Озат тәжірибе алмасу. Өзімнің іс тәжірибемнен."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2015 10905
    • RAR 2.9 мбайт
    • 129 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абишева Жанат Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абишева Жанат Балтабаевна
    Абишева Жанат Балтабаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66006
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 100 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе