Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Қозы- Қошақандар" урок 1 класс

"Қозы- Қошақандар" урок 1 класс

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4196a9ab.gifhello_html_21e5eb65.gifhello_html_m629582a4.gifhello_html_3a6eb84d.gifhello_html_6b92b9d6.gifhello_html_m4df8a65e.gifhello_html_787cc967.gifhello_html_m4669ca.gifhello_html_5acec0fd.gifhello_html_m1329f4d.gifhello_html_359f937d.gifhello_html_m300bed19.gif

Тақырыбы: Қозы. Қошақандар

Мақсаты: а) Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі қой ерекшелігіне тоқталу. Тақырыпты кеңейту және пысықтау.

ә) Мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Әдемі, сауатты жазуға дағдыландыру. Ойын, тілін, ойлау қабілетін, қиялын дамыту. Ұлттық дүниетанымдарын дамыту.

б) Еңбекті сүюге тәрбиелеу, ұлттық кәсібімізді, өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, өзіндік жұмыс, ойын, сызбамен жұмыс, жұмбақтар.

Көрнекілігі: Төрт түлік суреті, төрт түлік иелері, төлдер суреті, мақал-мәтелдер, кестелер, сызба, тыйым сөздер, жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық .

Біз әдепті баламыз,

Жақсы оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Жақсы баға аламыз.

II. Өткенді қайталау.

а) Үй жұмысын тексеру.

ә) Сұрақ-жауап

III. Жаңа сабақ.

а) Жаңа сабақтың мақсатын баяндау

ә) Жұмбақты шешу

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(Қой)

б) Төрт түлік малы жайлы түсінік беру.

Түсіндіру:

Мұғалім: “Малы бардың – жаны бар.” “Елдің көркі – мал” деген халық нақал сөздерінен-ақ қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады. Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан. Малдың еті, жүні, сүті, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне жарата білген. Кең даланы шарлап, көшіп-қонған халықтың бар өмірі осы төрт түлік малмен байланысты болған. Халық ұғымында әр малдың пірі, иесі бар. Түйе атасы - Ойсылқара, жылқы атасы – Қамбар ата, сиыр атасы – Зеңгі баба, ешкі атасы – Сексек ата, қой атасы – Шопан ата. Қазақ халқы малды жақсы көрген, бабаларын да осы төлдерін атағандай жақсы көрген.

Қой түріне, жасына қарай былай аталады: Қозы, марқа,бағылан, тұсақ, ісек, қой, қошқар, саулық. Қойдың тобын отар дейді.Қойдың сүйіп жейтін шөптері: Изен, жусан,ажырық. Қой атына қатысты шөптер:Қозықұлақ, қозықұйрық, қозыгүл, қойжуа, қойқұлақ.

Қой бұдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қой шаруашылығы – мал шаруашылығының басты саласы. Қазақтар қылшық жүнді, әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Ол ыстыққа да, суыққа да шыдамды.Қойдың қол тұқымдары: Еділбай, Бағаналы, Қарқаралы, биязы-жүнді, арқар-меринос, Қаракөл, қазақы қой. Қой жуас мал, аша тұяқты, тез көбейеді, уақ мал.

Қойдың құйрық майын ем ретінде пайдаланады. Етін тағамға пайдаланады. Терісінен тон, Бас киім, аяқ киім, дорба, сумка тігеді. Жүнінен киіз, шұлық, киіз үй жабдықтары, кілем, алаша, тоқылады. Қойдың басы сыйлы қонаққа тартылады. Сүйегінен сабын жасайды. Асық алады. Жауырын сүйегіне қарап ауа-райын болжайды.

Қазақ елінің ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.Малдың адам өміріндегі қандай пайдасы бар? -Төрт түлік малының иелерін атаңдаршы?

-Біздің осы мектептегі еңбегіміз не? (Білім)

-Иелері өз малдарын алып келіпті, тек босқа бермейді, білімімізге саудалайды. Олай болса, саяхатқа шығып, малды сатып алайық.

Бірінші Қамбар баба жайлауы.Мына сұрақтарға жауап берейік:

а) Мал атауларын ата?( жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)

ә) Әр малдың төлдерін қалай атайды? (құлын, бұзау, лақ, қозы, бота)

б) Түйе туралы не білесің? (Түйе – киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық пен суыққа төзімді, көлік ретінде пайдаланады. Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды, сүтінің емдік қасиеті бар. Түйе 30-40 жыл өмір сүреді.)

в) Сиыр туралы не білесің? (Сиыр – ірі қара мал. Төлі бұзау. Еті, сүті, терісі, адамға пайдалы, сүтінен құрт, май, ірімшік, айран жасайды. Сиыр аңқау, ірі қара мал. Сиырдың сүті тілінде.)

г) Жылқы туралы не білесің? (Жылқы – салмақты, ірі қара мал. Малдың патшасы, ер қанаты. Ол суыққа төзімді, аса сезімтал, талғампаз жануар. Жылқы төлі – құлын, иесі – Қамбар ата. Сүті қымыз. Еті, сүті адамға пайдалы.)

д) Малға байланысты тыйым сөздерді кім атайды?

Тыйым сөздер:

а).Малды теппе,

Ақты төкпе.

ә). Малды басынан ұрма.

б). Малға теріс мінбе.

1. Мақал - мәтелдерді түсініп оқу:

а)Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл – көсір.

ә) Қойдың сүті қорғасын,

Қойды ұрған оңбасын.

б) Қой аузынан шөп алмас.

в) Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.

Өлеңді түсініп оқу.

Қой

Қорасында маңыраған,

Қозысымен жамыраған.

Қозысынан айырылса,

Қоймай ұзақ аңыраған.

Аппақ қою сүті бар .

Ақ шағала құрты,

Ақтылы қой жануар!

Ендігі жайлау Зеңгі бабаның өрісіне жеттік.Сиырлар сатып аламыз.

2. Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді баяндау, іштей оқу, тізбектей оқу.

а) “Қозы өлеңін мәнерлеп оқы.

ә) “ Қошақандар өлеңін мәнерлеп оқы.

б) Жуан дауыстыларды ата? а,о,ы,ұ

в) Жіңішке дауыстыларды ата? ә,е,ө,і,ү

3.Сергіту сәті:

Қойымыз семіз,

Қозымыз егіз.

Өзіңіз келіп,

Көрсеңіз дейміз.

4.Дәптермен жұмыс. Ойсылқара бабаның тапсырмалары.

32-жаттығу. Әр топтағы сөздерден сөйлем құрап жазыңдар. Сөйлемдегі сөздердің ішінде келген а, о, ұ, ы әріптерінің астын сызыңдар.

1.Өріске, жайылды, мал.

2.Шөп,қозы,жеді.

3.Ішті,құлын, су.

4.Тасқа,лақ,секірді.

5.Өзіндік жұмыс. Сексек бабаның тапсырмалары: алдарыңа берілген кеспе – қима қағаздағы тапсырмаларды сызықпен қос.

Түйе


Қоздайды

Жылқы


Боталайды

Сиыр


Құлындайды



Ешкі


Бұзаулайды



Қой


Лақтайды



6.Ойын: Төлді қалай шақырады ?

Әндетіп орындау.

1.Қошақаным қайдасын?

Пұшайт, пұшайт!

2. Шөкетайым қайдасың?

Шөре, шөре

3.Құлыным менің қайдасын?

Құрау, құрау!

4. Әукешім қайдасың?

Аухау, аухау!

5. Ботақаным қайдасын?

Көс, көс!

7. Шопан бабаның жайлауына келдік. Оның тапсырмалары.

Сызбамен жұмыс. Кестені интерактивті тақтада толтыру.

Қой жүнінен жасалатын заттар

Қой терісінен жасалатын заттар

Қой сүтінен әзірленетін тағамдар






8. Топтастыру стратегиясы.

Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, суреттің жан – жағына жауаптарын топтастырып жазады.

-Қойдың пірі не? (Шопан ата)

-Қойдың төлін не дейді?(Қозы)

-Қойдың адамдарға қандай пайдасы бар?(Жүні, еті, сүті, терісі)

-Қойдың жүнін қалай аламыз?(Қырқып аламыз)

-Қойды қалай шақырады?(Пұшайт- пұшайт)

-Қой баласын не деп еркелетеді?(Қошақан)

-Қой қалай дыбыстайды?(Қой маңырайды)

маңырайды

-Қойдың мінезі қандай?(Момын)

қозы

терісі



Шопан ата

қошақан

асығы

момын

н

жүні

сүті

еті

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\скачанные файлы.jpg

басы

пұшайт-пұшайт



9. Жұмбақтар шешу:

а) Екі айнасы бар, екі найзасы бар (Сиыр)

ә) Басында таяғы бар, төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,иегінде сақалы бар(Ешкі)

б) Көкке шаншып құйрығын,келеді шауып жүйрігім.(Жылқы)

в) Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.(Қой)

г) Иір – иір денесі, сахаранын кемесі.

Ащы шөптер тамағы, шөлге шыдап бағады.(Түйе)

IV. Бекіту:

а) Қорыту.

ә) Бағалау.

б) Үйге тапсырма: “ Қозы” өлеңін жаттау, 33- жаттығу.



















































Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров235
Номер материала ДВ-131727
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх