Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Озық ойлы дарындылар 7 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Озық ойлы дарындылар 7 сынып

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтастыру, сұрақ - жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.
Сабақтың барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Озық ойлы дарындылар» сайысымызға қош келдіңіздер!
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар
Сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.

2.

3.

«Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды таныстырайын. Ойынға 16 оқушы қатысады.

1. «Компьютер» тобы

2. «Ақпарат» тобы

 Сайысымыз 12 кезеңнен тұрады. Таныс болайық:

Таныстыру

Үйге берілген тапсырма

Көңілді себет

«Ия» және «жок»

Ойлан тап!

Жылдам тағы да жылдамырақ!

Біліміңді көрсет

Адасқан әріптер

« Мақал – сөз мәйегі»

«Кім жылдам»

Инфо білім

Құпия жәшік

 

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап отыру жарасама.

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа – дей отырып, ойынымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыру» бөлімімен бастаймыз.

Ұпай саны - 5

Келесі кезең Үйге берілген тапсырма яғни «Компьютер -2030» суретін қорғау

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – дей отырып сайысымыздың келеі бөлімі «Көңілді себет» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Сайысымыздың аты «Қызықты Информатика» болғандықтан осы бөлімнің маңызы зор. Бұл бөлімде өмірде болып жатқан қызықты сұрақтар қойылады. Соған оқушылар қызықты етіп жауап беру керек.  (Себетке жеміс-жидектерді салып сұрақтарды жемістерге жапсырып қоямын, оқушы өзіне ұнайтын жемісті таңдап, сұраққа жауап береді.)

1. Интернет не үшін керек?

2. Саған ұнайтын компьютердің бағасы қанша?

3. Кітапханадан қандай кітап алдың?

4. Ноутбук сатып алғың келеме?

5. Агентте кімге хат жазасың?

6. Информатика пәні ұнайма?

7. Компьютерді қалай өшіру керек?

8. Принтердің бояуы бітсе не істейсің?

9. Компьютер не үшін керек?

10. Вирусты қалай жоясың?

11. Интернеттен не іздейсің?

12. Саған ұнайтын ноутбуктың бағасы қанша?


Ойынның шарты: Әр командаға 8 сұрақтан қойылады. Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

І - топқа қойылатын сұрақтар:
1. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады (жоқ)
2. Адам ақпаратты сақтай алмайды (жоқ)
3. Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады (иә)
4. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі килобайт. (жоқ)
5. Процессор – компьютердің миы (иә)
6. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы (жоқ)
7. Ең алғашқы ЭЕМ 1846 жылы пайда болды (иә)
8. 1 бит=8 байтқа тең деген пайымдау жалған ба? (жоқ)


ІІ - топқа қойылатын сұрақтар:
1. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (иә)
2. Дисплей компьютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы (иә)
3. Сканер – ақпаратты шығару құрылғысы (жоқ)
4. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)

5. Пернетақта - компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы (иә)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды (жоқ)
7. Информатика - ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (иә)
8. 2 Мбайтта 1048 байт бар.(жоқ)


Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректілік,

Жеткізер сіздердей өренді,

Жеңістің мынау шыңына – дей келе сайысымыздың келесі бөлімі «Ойлан тап!» деп аталатын бөліміне кезек береміз. Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд – шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұрып 5 секунтта суретті тауып, жауап беру керек.

1 топқа: жүйелік блок, кактус, құлақшын, жүзім, модем, қарындаш, колонка, калькулятор, телефон, флешка, глобус, принтер.

2 топқа: сағат, компакт – диск, тышқан, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап, парта, теледидар.

 

Келесі бөлімі«Жылдам тағыда жылдамырақ» деп аталады. Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» деген сөз беріледі. Арнайы парақша таратылады. Тақтадағы сөзден  минут ішінде сөз құрау  керек. (Әрбір сөзге   1 ұпай беріледі).

ІІІ. кезең. «Біліміңді көрсет!» сұрақ жауап бөлімі. Бұл бөлімде 2 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Ең бірінші программа құрған оқымысты........... (Ада Лавлейс)
2. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IXғасыр, Әл - Хорезми)
3. Программа неше бөліктен тұрады? (3 тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.)
4. Программамен басқарылатын аналитикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалымы... (Чарльз Бэббидж)
5. АҚШ - тың IBM фирмасы қай жылдан бастап дербес компьютерлерді шығара бастады? (1980)
6. Деректерді уақытша сақтауға арналған құрылғы (Жедел Жады)
7. Операциялық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама)
8. Электронды есептеуіш машинаның даму буындары нешеге бөлінеді? (4 буынға)
9. Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы (интернет)
10. Деректер бойынша шамамен жасы 2000 - 5000 жыл болатын құрал?(Есепшот)


 Ойын толқын жатқандай асып – тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс  басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып – дей келе сайысымызың келесі кезеңі «Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 1минут) Топтарға 6 сұрақтан берілген.
« Компьютер » тобы
1. РЕТЬЮПОМК - компьютер
2. ВРЕДАЙР - драйвер
3. ДЕМОМ - модем
4. ЛАЙФ - файл
5. РОТИНОМ - монитор
6. АТЕКИСД - дискета
« Ақпараттар» тобы
1. НИРПЕРТ - принтер
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ТОРП - порт
Келесі бөлімді бастайық « Мақал – сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Сайысымыздың VІІІ кезеңі «Кім жылдам».
Бұл турда оқушылар берілген мәтінді 3 минуттың ішінде компьютерге жазып болуы тиіс бірінші аяқтаған командаға жоғары 10 ұпай беріледі:
«Компьютер» тобына:
Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Мұндай процесті кодтау деп аталады. Бір ғана ақпаратты әр түрлі әдістермен ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп аталады.
«Ақпараттар» тобына:
Ақпараттық процестің әр түрлі сатыларында ақпарат бірнеше рет қайта кодталады, яғни өзінің ұсыну бейнесін өзгертеді. Символдардың кодталу комбинацияларының жиынтығы кодтау кестесі деп атайды. Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодтау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді.
Көрермендермен ойын:
1. С әрпінен келетін информатикалық сөздер айту
2. 2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.
1. Сенің атың кім?
2. Жасың нешеде?
3. Ең жақсы көретін тамағың?
4. Сенің мектебің қалай аталады?
5. Таңертең не жедің?
6. Сенің фамилияң қалай?
7. Нешінші сыныпта оқисың?
8. Мектепке немен келесің?
9. Түнде аспанда не болады?
10. Қандай пәнді ұнатасың?
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
(топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).


Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.- деп
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына,- деп

«Инфобілім»  12 ұяшық беріледі. 

Әрбір ұяшықта деңгейлік тапсырамалар мен сұрақтар жасырылған, таңдаған ұяшыққа байланысты ұпай беріледі.

5 ұпай Зақымданған компьютердің жұмысы?

5 ұпай Операциялық жүйе дегеніміз не?

5 ұпай Адам өміріне қаупі бар құрылғы?

10 ұпай Информатика ғылымы қалай аталады?

10 ұпай Компьютердің атасы кім? Алғашқы бағдарламашы кім?

10 ұпай Информатика ғылымы нені зерттейді?

15 ұпай Алгоритм дегеніміз не? Мысал келтір

15 ұпай Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді, оларды ата?

15 ұпай WordPad мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз, терезе элементтерін ата?

20 ұпай Paint графикалық редакторын іске қалай қосамыз, терезе элементтерін ата?

20 ұпай Тосын сый! Командаға 20 ұпай

20 ұпай Paint графикалық редакторында суретті қалай сақтаймыз, баспаға жіберу әрекеті қалай орындалады?

«Құпия жәшік» сұрағы. Екі жәшіктің ішінде бөлек - бөлек информатика қатысты заттар тұр, бұл заттар екі топқа қойылатын сұрақтардың жауабы болып табылады, егер осы «Құпия жәшік»- тің ішінде не тұрғанын тапса онда 10 ұпаймен бағалаймыз?(2 минут уақыт беріледі)
« Компьютер» тобына
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелек орнын цилиндрді қолданғанда. Бұл құрал күрделі қосу мен алу амалдарымен қоса көбейту, бөлу амалдарын квадраттау амалдарын орындайтын болды. Осы арифмометрдің негізін ала отырып орыс өнер тапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер қандай есептеу құралын жасады? Бұл жәшіктің ішінде қандай құрал? (калькулятор)
« Ақпараттар » тобына
Мәлімет сақтайды, бұған 1, 44 Мбайт деген сан сәйкес келеді. Бұл не? Жәшікте қандай құрал бар?

(дискета)




Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден,

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген.

Информатикаға мың алғыс! –деп әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. 

 

Қорытынды. Жарыс соңында әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды. Жарысқа қатысушыларды марапаттаау.

 

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,

Ғажайып келешектің төккен үнін.

Ардақты ұстаздарға шын көңілден,

Жолдаймыз біз алғыс бүгін.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет! Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін. Алар асуларыңыз көп болсын деген ниетпен біз сайысымызды тәмәмдаймыз. Қош, сау болыңыздар





Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?



«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз





























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров130
Номер материала ДВ-483016
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх