Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Озық ойлы оқушы" интелектуалдық сайыс

"Озық ойлы оқушы" интелектуалдық сайыс

Скачать материал

Тақырыбы. «Озық ойлы оқушы»  сайысы

Мақсаты: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту.Оқушылардың білімге деген қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін ашу.Өз ойын айта алатын зерделі, білімді тұлғаны қалыптастыру

 Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр оқушыға даярлаған үстел, интерактивті тақта.                                                                    

Түрі:  сайыс                                                                                                                

Қатысатын сыныбы:  4 сыныптар.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)

2. Кіріспе бөлім.                                                                                                                     

− Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!   Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастырылуымен болып жатқан «Білімді ел – мәңгілік ел» атты апталықтың бесінші күні бүгінгі біздің  4 сыныптар арасында өткізілгелі тұрған  «Озық ойлы оқушы» тақырыбында білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысты бастамас бұрын оқушылармен шаттық шеңберін құрып алайық.   

 Сайыскерлер ортаға шығып шаттық шеңберін құрады. Бір −біріне  ізгі тілектері мен ниеттерін білдіріп білім шамын табыстайды.

 

                      

Ал келіңдер, келіңдер,                                                                                                            

Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,

Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады - дей отырып, сайыскерлерімізбен танысайық.   

4 «А» сыныбынан  Абдирова Дильназ

4 «Ә» сыныбынан Ниязғалиева Рита

4 « Б» сыныбынан Жауғашаров Нұрдәулет

4 « В» сыныбынан Жұмабаева Ақтоты

4 «Г» сыныбынан» Мырзамұратов Алибек

                  

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар

Бөлімдермен таныстырып өтейін:

1 кезең -"Сұрақ бізден-жауап сізден»

2 кезең -«Сен білесің бе?» 

3 кезең -    «Полиглот» (үш тілде сөйлейміз)

4 кезең -«Жорға» ( логикалық есептер)

5 кезең -«Бәйге»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек- деп сайысымыздың 1 - бөлімін бастаймыз.

1 – кезең: «Сұрақ бізден- жауап сізден»

 

         

Біз қазақпыз!

 Ежелден - ақ қазақ болып аталған,

Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң

Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,

Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан. -дей келе келесі бөлімге кезек берсек. Бұл айналымда апталықтың  «Білімді ел − мәңгілік ел» тақырыбына сай Қазақстандағы айтулы күндерге байланысты сұрақтар қойылады. Айналымның шарты: сұрақтарға тез және дәл жауап беру керек.  Әр оқушыға 2 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауап 1ұпаймен бағаланады.

1.      Н.Ә.Назарбаев ең алғаш Қазақстан еліне президент болып сайлаған уақыт. (1991 жыл 1 желтоқсан)

2.      Қазақстан валютасы теңгеге енген жыл. (1993 жыл)

3.       «Қазақстан Республикасы тілдер туралы заңы» қашан бекітілді. (1997 жыл)

4.        Қазақстан EXPO-2017 көрмесін өткізуді қай жылы жеңіп алды. (2012 жыл)

5.      Қазақстанда  VII қысқы Азия ойындары қай жылы өтті (2011 жылы)

  1. Байқоңыр ғарыш аймағынан алғашқы ғарыш зымыранының ұшқанына 55 жыл (1957) қай жылы болды? (2012 жыл)

7.      Қазақ хандығының 555 жылдығын қай жылы атап өттік? ( 2015 жыл)

8.      Ұлы жеңістің 70 жылдығы қай жылы тойланды? (2015 жыл)

9.      Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы қай жылы болды? ( 2016 жыл)

10.  Қазақстан мектептері 12 жылдық білімге қай жылы ауысты. ( 2016жыл)

 

 

 

 

 

2 кезең «Сен білесің бе?» 

     

 

Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай.

Білімдіден шыққан кез,                                                                                              

Талаптыға болсын тез.                                                                                                    

Нұрын, сырын білуге,                                                                                                      

Көкірегінде болсын көз-дей келе келесі бөлімге кезек берсек. Шарты: Бұл айналымда сайыскерлер ұяшық таңдайды. Әр ұяшықта бейнебаянда оқушылар сұрақ қояды.

Қызыл ұяшық.  

Тыңайту дегеніміз не?

Тыңайту дегеніміз  − жапырақтың шірінділері, жануарплардың қалдықтарының топыраққа араласуы.

Сары ұяшық.

«Сапар мен парта» өлеңінде Сапарға сипаттама бер. Авторын ата.

Сапар лас, кірқожалақ, тәртіпсіз бала. Авторы:  Адырбек Сопыбеков.

Көк ұяшық.

Табиғатты зерттеу әдісі өте көп. Соның ішінде ең басты екі әдісті ата.

Бақыдау және тәжірибе әдісі.

Ақ ұяшық.

Жасыл ұяшық

Қорқыт қалай өмірден өткен? Оның мазары қайда орналасқан?

Ажал улы жыланға айналып шағып өлтіреді. Сырдария жағасы, Қармақшы маңында орналасқан.

 

3− кезең. «Полиглот» (үш тілде сөйлейміз)

        

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Тым-тырыс қарап отыру жарасама?

Туыс, дос, сыныптас, танысқа емес,

Соз қолыңды білімді жас талапқа- дей келе, келесі бөлімге көшейік.Сайысымыздың келесі айналымы   «Полиглот»  деп аталады. 15 ұяшықтан әр балаға 3 сұрақтан келеді. Шарты: Сұрақтарға дұрыс жауап беруі керек. Жұмбақ қойылады, жауабын үш тілде айтуы керек. Қазақ тілінде 5 ұпай, орыс тілінде 5 ұпай, ағылшын тілінде 5  ұпай.

Аралайсың әлемді,
Шаршамайды ол енді.

Көз – глаз − eye
Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек.

Аяқ− нога− leg

Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.

Асқабақ − тыква - pumping

Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.

Сөз- речь−word

Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.

Есік- дверь - door

Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.

Қалам -  карандаш - pencil

Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
мұғалім – учитель - teacher

Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
кітап- книга - book

Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
мектеп- школа - school

Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
нан – хлеб - beard

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
мысық – кот - cat

Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
көйлек -  рубашка – shirt

Ағайынды бәрі .

Шықса – көк,

Түссе – сары.

Жапырақтар – листья - leaves

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған.

Бор – мел−chalk

Ұшады – қанатсыз

Зырлайды – аяқсыз.

Зымыран – ракета – roket

4- кезең  «Жорға»

    

(  логикалық есептер). Шарты: Бұл айналымда сайыскерлерге логикалық сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған? Жауабы: Асхат
Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?
Жауабы: 3 күшік және 4 балапан
Үшбұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама - қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу? Жауабы: Мысықтар тең қабырғалы үшбұрыштың төбелерінде отыр. Олардың саны үшеу

Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр. Жауабы: Бұтақта қияр өспейді
 Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы да бесеуі қосылды. Бір мысық жайлап келіп 1 шымшықты ұстап алды. Сонда қанша шымшық қалды?
Жауабы: Мысық ұстап алған 1шымшық қалды. Басқа шымшықтар ұшып кетті.

үйрек 1 үйректің алдында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің артында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің ортасында келе жатыр. Барлығы неше үйрек келе жатыр? Жауабы: 5 үйрек бірінің соңынан бірі келеді.
3тиін 3 жаңғақты 3 минутта жесе, 100 тиін 100 жаңғақты неше минутта жейді? Жауабы: Әр тиін 1 жаңғақты жеуге 3 минут уақыт жұмсайды.
Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар?
Жауабы: 3 кірпі бар. 4 алма бар.
Бір жәшік алманың салмағы 25 кг. Жарты жәшік алма сатылған соң, жәшікті өлшесе 15 кг көрсетіп тұр. Ал бос жәшіктің салмағы неше кг болғаны?
Жауабы: 25 кг – 15 кг = 10 кг (алма сатылған)
10 кг х 2 = 20 кг (алма болғаны)
25 кг – 20 кг = 5 кг ( бос жәшік салмағы )
1 қатарда 8 тас, аралары 2 см - ден, 2 – ші қатарда 15 тас, аралары 1 см - ден. Қай қатар ұзынырақ?
Жауабы: бірдей
 Күшіктер мен үйректер балапандарында 7 бас пен 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?
Жауабы: 3 күшік және 4 балапан

5− кезең «Бәйге»

    

Шарты: жылдам әрі нақты жауап беру. Бұл сайыста өзі таңдаған ұяшықтан әр сайыскерге 1 минут ішінде 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.

Жасыл ұяшық.

1.Масштаб дегеніміз не? (Картада елді мекендердің жер көлемі бірнеше есе кішірейтіліп берілуін масштаб дейміз)
2.Етістік дегеніміз не? (Заттың қимылын іс−әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.)
3. «Қарабатыр авторы» кім? (Ыбырай Алтынсарин)
4. «Қауын мен қарбыз» авторы кім?(Жолтай Әлмашұлы)
5. Күздің бірінші айын ата?( Қыркүйек)

6.Жылқы иесі кім? (Қамбар ата)
7.Дауыссыз дыбыс неше бөлінеді?( үшке)

8.Жыра дегеніміз не? (Жыра судың жер бетінен жырып, тілімделуінен пайда болады.)
9.Диалог дегеніміз не? (Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог дейміз)
10. Алюминий неден алынады? (Бокситтен)

Көк ұяшық.

1.      Қазақстанның рәміздерін ата.(Гимн, Елтаңба, Ту)

2.      Монолог дегеніміз не? (Кейіпкерлердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен−өзі сөйлескен сөзін монолог дейміз.)

3.      «Шыбын мен көбелек» авторы кім? ( Сейтқұл Оспанов)

4.      Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың ішіндегі ең көп тараған не? (Тұз)

5.      Сын есім дегенміз не?

6.      Жалқы есім дегенміз не?

7.      Сиыр иесі кім? (Зеңгі баба)

8.      Алтын балық авторы кім? (Жолтай Әлмашұлы)

9.      «Балаға тарту» атты өлең кітабының авторы? ( Ілияс Жансүгіров)

10.  Қазақстан неше елмен шектеседі?

 

Сары ұяшық.

1.      3 сынып қазақ тілі оқулығының авторы кім? (Уайсова Гүлнар, Жұмабаева Әзия)

2.      Түйе иесі кім? (Ойсыл қара)

3.      .Математикада неше амал бар? (4)

4.      «Туған жердің ыстығын –ай» авторы кім? (Қали Сапарбаев)

5.      Ән ұранның авторы кімдер? (Назарбаев, Нәжімеденов)

6.      Баяндауыштың сұрақтары? (не істеді? неғылды, қайтті?)

7.      Темірқазық жұлдызы қай тұсты көрсетеді?

8.      Оқулықтарымыз қай баспадан шығады? (Алматы «Атамұра»)

9.      Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді (Қара метал және түсті метал)

10.  «Әйел−ана» авторы кім? (Ақселеу Сейдімбек?)

 

 

Қызыл ұяшық.

1.      Ән ұранның әнін жазған кім? (Шәмщі Қалдаяқов)

2.      Көк жиектің тұстарын ата? (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)

3.      Үш бақытым өлеңінің авторы кім?(М.Мақатаев)

4.      Жалпы есім дегеніміз не?

5.      «һәм» деген сөздің мағынасы

6.      «Ара мен шыбын» авторы кім? (Оспанхан  Әубәкіров)

7.      «Тұсбағдар» дегеніміз не?

8.      Логикалық екпін дегеніміз не? ( сөз ішінде белгілі бір буынның күшті, көтеріңкі айтылып, айқын естілуі.)

9.      «Балмұздақ» мәтінің авторы кім? ( Ермек Өтетілеуұлы)

10.  Қазақтың үш биін ата

 

Ақ ұяшық.

1.      Өлең жазатын адамда қалай атайды? (ақын)

2.      «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек соқпақбаев)

3.      Өкпе қай бөлікте орналасқан? (кеуде)

4.      Суда ерімейтін заттар. (құм, саз)

5.      Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

6.      Суда еритін заттарға нелер жатады? (тұз, қант)

7.      «Адам қорыған көл» авторы кім? (Нұрдәулет Ақышов)

8.      «Сұғанақ» сөзінің мағынасы (Ұры)

9.      Тас көмірдің ең сапалы түрі не деп аталады? ( Антрацит)

10.  Жазық нешеге бөлінеді? (Тегіс және төбелі)

Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
Жеңімпаздарға марапаттау

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Озық ойлы оқушы" интелектуалдық сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 767 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2017 1293
    • DOCX 20.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксылыкова Лейла Ертайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксылыкова Лейла Ертайкызы
    Жаксылыкова Лейла Ертайкызы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12109
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2676 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 478 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 198 человек

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 662 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 536 человек

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе