Инфоурок / Математика / Научные работы / "Озық ойлы оқушы" сыныптан тыс

"Озық ойлы оқушы" сыныптан тыс

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»

Сабақтың мақсаты:

Математика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру. Пәннің маңыздылығын түсіндіру.

Сабақтың міндеті:

білімділік: Оқушылардың математикалық ой – өрісін дамыту және қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтау, өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету, оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру;
дамытушылық: Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.

тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу, оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, кеспе қағаздар

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

Уа, жараңдар,жараңдар,

Мына бізге қараңдар,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз.

Кешіккендерді тоспаймыз,

Ғылымдардың ғылымы

Математика жайында ойын сайысымызды бастаймыз.

Шақырамыз келіңдер жарысуға ,

Күш,  өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық, ортамызға,

Қанеки кім шығады сайысуға.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 10- сынып оқушылары арасында өтілетін математикадан «Озық ойлы оқушы» атты білім сынағының куәгері боласыздар. Оқушылар тапқырлығымен көзге түсер деп ойлаймын. Ортаға ойынға қатысушы оқушыларды шақырамыз. Оқушылармен танстыру.

  1. Жомарт Әсет

Ұнататын сабағы тарих, ағылшын тілі, алгебра, болашақта дәрігер болғысы келеді. Бүгінгі жарыста соңғы кезеңге дейін сүрінбей өтсем дейді.

  1. Сәкенов Бекжан

Өскенде өрт сөндіру қызметкері болғысы келеді. Бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады. Еркін күреспен шұғылданады. Мақсаты бүгінгі жарыста жеңіске жету.

  1. Түгелбаева Гүлнұр

Сүйікті ойыны тоғызқұмалақ. Ұнататын пәні ағылшын тілі, математика және телеарнадан интелектуалды ойындарды үзбей көреді. Болашақта ұстаз болғысы келеді.

  1. Ержанова Ақшолпан

Бос уақытында сабағын оқып, теледидар көріп, далаға шығып достарымен көңіл көтергенді ұнатады. Сүйіп оқитын пәндері: математика, қазақ әдебиеті және биология. Мақсаты дәрігер болу.

Әділқазы, ақ қазыға біл сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл.

Ал осы сайыскерлеріміздің білімін сараптап әділ баға берушілермен таныстырып өтейін.

( Әділқазылар алқасымен таныстыру)

Құрметті жиылған қауым, мен сіздерге мына бір мақалды айтқым келіп тұр. «Жүгірген ала ма, әлде бұйырған ала ма» демекші, ойыншыларға сәттілік тілеп, ойынды бастаймыз.

Ойын 5 кезеңнен тұрады.

  • « Қас – қағым сәт»

  • « Сандар сыр шертеді»

  • « Миға шабуыл »

  • « Бой сергіту »

Әр кезеңнен кейін ұпайы төмен оқушы шығып отырады.


І кезең

«Қас - қағым сәт» кезеңі

(Әр оқушыға сұрақтар қойылады, оқушы тез жауап беруі тиіс. Әр жауап – 10 балл)

1-оқушы:
1. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
2. Аты шулы айқас сызық.

Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
4. Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады?

(екінші қосылғыш 0 болса)

5. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)

2-оқушы:
1. 90° жасап қиылысатын екі түзу ( перпендикуляр түзулер )

2. Бойы екі қарыс,

сыйып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
4. Бір ғасырда неше жыл бар? (100)

5. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

(5 бұрыш)
3-оқушы:

1. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

2. Доп емес,дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі ,

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер)

3. 2 ондықты 2 ондыққа көбейткеде неше ондық шығады? (40)

4. Дәлелдеуді қажет ететін ұйғарым ( теорема)

5. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

4-оқушы:

1. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

2. Бір шеңберді бір шеңбер,

көтеріп тұр білсеңдер. (8)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
4.
Кез келген сан қандай санға қалдықсыз бөлінеді? (1)

5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? ( 12)


ІІ кезең

« Сандар сыр шертеді» кезеңі

(Бұл кезеңде оқушылар алдымен тақырыптар таңдайды. Әр тақырыптың 10, 20, 30 ұпайлық сұрақтары бар. Оқушы ұяшықтар таңдап, таңдалған сұраққа байланысты балл жинайды)

  1. Ертедегі есептер

10 ұпай:

Баласы әкесінен: «Сіз неше жастасыз?» - деп сұрайды. Әкесі оған: «Егер менің жасыма оның жартысын және ширегін, сонан соң 1-ді қоссаң, 134 болады», - деп жауап берді. Әкесә неше жаста? (76)

20 ұпай:

Ежелгі грек математигі Пифагордан: «Сіздің неше оқушыңыз бар?» деп сұрағанда, ол:

«Менің оқушыларымның жартысы математиканы оқып үйренеді, ширегі табиғаттануды оқып үйренеді, ал hello_html_m570f2c06.gif-і уақытты үнемі ойланып отырып өткізеді, қалғаны 3 қыз» , деп жауап беріпті. Пифогордың неше оқушысы бар? ( 28 )

30 ұпай:

Он – оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: - Қанша асық ұттық, - дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді.

- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып,

- Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? (1 бала – 4, 2 бала – 18, 3 бала – 8)

  1. Логикалық есептер

10 ұпай:

Қаланың шетінен орталыққа қарай келе жатқан тролейбуста кондуктор мен шоферден басқа 23 адам болды.Көпір жанында одан 7 адам шығып , 4 адам кірді.Кинотеатр жанында 5 адам шығып, 3 адам кірді.Келесі 9 рет тоқтаған кезде 17 адам шығып ,19 адам кірді.Вокзал жанында барлық адам түгел шықты және бір адамның билетсіз мінгені анықталды.Сонда тролейбус неше рет тоқтады? (12 рет)

20 ұпай:

Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір – бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала тәрелкесімен алады)

30 ұпай:

Алдыңғы күні 13 жаста едім, келесі жылы дәл осы күні 15 - ке келемін,- деді Бекзат. Бекзат дұрыс айтқан болса, оның туған күні қашан?

( Алдыңғы күн 31 желтоқсанда әлі - 13 жаста болады. 2 қаңтар күні - 14 жасқа толады. Келесі яғни, тура бір жыл өткен соң 15 жасқа толады.)

  1. Формулалар

10 ұпай:

Жанаманың формуласы

(hello_html_5fd41094.gif)

20 ұпай:

Күрделі функцияның жалпы түрі және күрделі функцияның туындысын табу формуласы

( күрделі функцияның жалпы түрі: hello_html_2994c81f.gif

Туындысын табу формуласы hello_html_62a2fae5.gif )

30 ұпай:

Тригонометриялық және кері тригонометриялық функциялардың туындыларының формулаларын айтыңыз

hello_html_m6b253d34.gifhello_html_m623e6dac.gif

hello_html_3ef8bd6f.gifhello_html_21b8872d.gif

hello_html_5362f724.gifhello_html_1b4e42cc.gif

hello_html_3a43e8.gif. hello_html_m15c43550.gif

  1. Ғалымдар

10 ұпай:

Тік бұрышты үшбұрышқа байланысты теореманы ойлап тапқан грек математигі кім?

( Пифагор Самосский, формуласы: а, b – катеттері, с – гипотенузасы болатын тік бұрышты үшбұрыш үшін hello_html_593c5adc.gif теңдігі орындалады. )

20 ұпай:

Тікбұрышты координаталар жүйесі көбіне осы ғалымның атымен беріледі. Бұл қай ғалым?

( француз математигі Рене Декарт )

30 ұпай:

Келтірілген квадрат теңдеулердің түбірлері арасындағы байланыс туралы теорема жазған ғалым?

( Француз математигі Француа Виет, формуласы: егер келтірілген hello_html_4426de4d.gifквадрат теңдеуінің түбірлері hello_html_2fccee56.gif және hello_html_349ad616.gifболса, онда hello_html_4cd61c63.gif теңдігі орындалады. )


ІІІ кезең

«Миға шабуыл» кезеңі
Бұл кезеңде оқушылар кеспе қағаздар арқылы есеп таңдайды. Әр есеп – 20 ұпай. Егер бірден дұрыс жауап берсеңіздер өздеріңіз атаған ұпай қосылады, кері жағдайда азайтылады немесе көмек сұрауларыңызға болады. Бұл жағдайда 10 ұпай кемиді. Ал ешбір жауап болмаса сөз кезегі екінші топқа беріледі.
1 - есеп:
1 мен 10 - ның арасындағы қай санды 4 - ке бөлгендегі бөліндісі, осы санды 4 - ке кеміткенге тең болады?
Көмек:
Бұл бөлшек сан
Жауабы: hello_html_14dede00.gif

2 - есеп:
Балықшының айтуы бойынша, ол ұзындығы келесідей болатын балық ұстады: басы 60 фут, құйрығы - басының ұзындығы мен денесінің жартысы, ал денесі - балықтың басынан бастап құйрығына дейінгі ұзындықтың жартысы. Сонда балықтың ұзындығы қанша?
Көмек:
балықтың құйрығы - басының ұзындығын 3 еселегенге тең
Жауабы: 480 фут


3 - есеп:

Әсел, Самал және Гүлнар үшбұрыш, квадрат және шеңбер сызды. Әсел сызған фигура квадрат емес. Самал сызған фигура шеңбер емес. Гүлнар сызған фигура квадрат та емес, шеңбер де емес. Кім қай фигураны салған?

Көмек:

Гүлнар үшбұрыш салған.
Жауабы: Гүлнар үшбұрыш салған, Әсел шеңбер салған, Самал квадрат салған.

ІV кезең

« Бой сергіту » кезеңі

Бұл кезеңде оқушыларға бірнеше бөлікке бөлінген фигуралар беріледі. Осы фигураларды құрастырулары қажет.

Көрермендермен ойын

Көрермендерге ребус беріледі. Жауабы: «Математика – ғылымдар патшасы»

Корытындылау.

Әділқазыларға сөз беріліп, оқушылар марапатталады.


Общая информация

Номер материала: ДБ-041730

Похожие материалы