Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)

Paint графикалық редакторының құралдары (3 сынып)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары

Сынып:

Күні:
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Paint графикалық редакторының құралдарымен, міндеттерімен танысу және құралдарды тәжірибелік жұмыстарда қолдана білу
Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін арттыру
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ұлттық салт – дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі:Аралас сабақ
Қолданылатын құрал: компьютер, карточка, сөзжұмбақ, тапсырма парақтары, интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Paint қандай редактор?
2. Paint редакторын қалай іске қосамыз?
3. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін ата
4. Сурет салу кезеңдері т. б.

ІІІ Өткен сабақты қайталау.

  1. Графика дегеніміз не?

  2. Paint қандай редактор?

  3. Paint графикалық редакторын іске қосу қадамдары?

  4. Paint графикалық редакторының терезесінің элементтерін ата.


ІV. Жаңа сабақ: Paint гафикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторы өз аты айтып тұрғандай, ол сурет салуға арналған редактор. Редакторды іскеқосу: Пуск – Программы – Стандартные – Paint

Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдаланылады. Құралдарды пайдалану үшін қажетті құралдың үстінде маус нұсқағышын шертеміз, таңдалған құрал бойынша жұмыс алаңында сурет саламыз. Құрал міндетін білу: кез - келген құралдың үстіне маус нұсқағышын орналастырамыз сол кезде ішінде жазуы бар кішкене төртбұрыш пайда болады, ол жазу құралдың атқаратын қызметін білдіреді.
Paint құралдары:

  1. Ерікті аймақты белгілеу

  2. Белгілеу құралы

  3. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш

  4. Құю (Заливка)

  5. Түс таңдау

  6. Масштаб

  7. Қарындаш

  8. Қылқалам

  9. Жазу

  10. Сызық

  11. Қисық

  12. Бүріккіш

  13. Тік төртбұрыш

  14. Көпбұрыш

  15. Эллипс

  16. Бұрыштары дөңгеленген төртбұрыш

Аттары мен қызметтерін көрсете түсіндіру

V. Практикалық жұмыс.

1. Қажетті құралдарды пайдаланып, суретті сал және боя


hello_html_25ab279b.pnghello_html_m67e94eb3.pnghello_html_19ace560.pnghello_html_m570ada78.pnghello_html_m4525002.png




2- тапсырма

Тік төртбұрыш пен түзу сызық құралын пайдаланып үйдің суретін сал және оны боя.

hello_html_23594c0a.png


3 - тапсырма

Эллипс пен Қисық сызық құралдарын пайдалана отырып, төмендегі суретті салып оны боя.

hello_html_m9bf10b1.png

VІ. «Сергіту кезеңі» Көзге жаттығу жасау


4. Жұмбақтың шешуін тап және оның суретін салhello_html_335e7cb1.png

1. Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Боламдейдікүндей.
hello_html_m6ef68f98.jpg

2. Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі - сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын
hello_html_m507cc103.jpg

3. Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.


І. Сабақ бекіту:

  1. Графикалық редактордың құралдарын ата;

  2. Үйдің төбесін салу үшін қандай құрал пайдаланамыз?

  3. Шыршаны салу үшін қандай құрал пайдаландың?

  4. Төртбұрыш құралының орнына басқа құрал пайдалануға бола ма? Қандай?



V
ІІІ. Үйге тапсырма: Paint графикалық редакторының құралдары. сурет салып келу
Қорытынды: бағалау

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров213
Номер материала ДВ-087327
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх