Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Пан урока по английскому языку на тему “Hello” (1 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Пан урока по английскому языку на тему “Hello” (1 класс)

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

1

Unit 1. Lesson 1

Сабақтың тақырыбы: Hello!

Сабақтың мақсаты: «Шет тілі», «Ағылшын тілі» ұғымдарын қалыптастыру, атап айтқандатілдік коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: бастапқы есту және дыбыстау дағдылары мен білімдерін дамыту; Hello, Hi, a teacher лексикалық бірліктерін меңгеру; Good morning, hello, goodbye, I’m … (модельді фраза бұдан ары қарай); қолдану; we, say, and ЛБ есту арқылы қабылдау;

Тұлғалық: оқушы үшін жаңа болып табылатын білім алушы әлеуметтік рөлін түсіну. Оқушының ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын, жады мен зейінін дамыту;

Жүйелік-әрекеттік:оқулық пен дәптерді пайдаланудың бастапқы дағдылары.

Сабақты материялдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD-ойнатқыш, дүниежүзінің географиялық картасы, атаулары ағылшын тілінде жазылған заттар орамалары, Лондонның көрнекі жерлерінің суреттері фонында бейнеленген қарғаның суреті.

Оқушылар үшін:оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: музыка (We say hello! әнін орындау), география (ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдердің атаулары)

Сабақтың барысы

  1. Ұймыдастыру сәті

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

- Балалар, біз сендермен бірге жаңа «Ағылшын пәнін» оқитын боламыз. Бүгінгі сабақта ағылшын тілінде бір-бірімізбен сәледесуді үйренеміз.

3.Тірек білімдерді белсендіру

Бүгін мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына заттарға, олардың сыртында жазылған жазуларға қараңдар. Бұл жазу қай тілде жазылғанын білесіңдер ме?(Cl: ағылшын тілінде) Жарайсыңдар! Бүгін сендер үшін есте қаларлықтай күн. Біз ағылшын тілін үйрене бастайыз. Әр сабақта ағылшын тілін үйрене отырып, ағылшын тілінің сөздері, әндері және тақпақтары әлеміне қызықты саяхат жасайтын боламыз. Дүниежүзі картасына қараңдаршы. Ағылшын тілі Англия, Америка, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия тұрғындары үшін ана тілі болып табылады (мұғалім картадан ағылшын тілінде сөйлейтін елдерді көрсетеді және айтады)

- Балалар әртүрлі елдердің адамдары бірін-бірі түсіне алады ма? Ата-аналарыңмен бірге шет елде болдыңдар ма? (балалар болған елдері туралы айтады). Әртүрлі елдердің адамдары өзара қай тілде сөйлеседі? Дұрыс, ағылшын тілінде. Балалар ағылшын тілінде қандай сөздер білесіңдер?(Cl: No, Yes etc.) Осы оқу жылынан бастап ағылшын тілін оқып үйренеміз.

4.Жаңа материялмен жұмыс

Фонетикалық ойын

- Балалар, Ақылды Қарға бізге ағылшын тілін үйренуге көмек көрсетеді. Mr. Wise Crow! Ол бізге Англияның Лондон қаласынан ұшып келді. Онда оны ұзақ жасайтындығы және ақылы үшін құрет тұтады. (Лондонның қызықты жерлеріндегі қарғаның суретін көрсетеді) Mr. Wise Crow өте ақылды және күрделі ағылшын дыбыстарын меңгеруге көмек көрсетеді.

Mr. Wise Crow бізді Лондонға серуендеуге шақырады /еі/,/еі/,/еі/. Ал енді балалар сендердің кезектерің келді. Ақылды қарғаның артынан дыбыстарды қайталаңдар. Now you. Repeat after Mr. Wise Crow please:/еі/,/еі/,/еі/.Өте жақсы, балалар. Well done, children!Біздің досымыз кішкене тасты басып кетіп, аяғын ауыртып алды: /аі/,/аі/,/аі/.Repeat after Mr. Wise Crow please: /аі/,/аі/,/аі/. Well done, children! Досымызды мұқият тыңдаңдар, ол не айтып тұр? Бұл /d/ дыбысы. Repeat after Mr. Wise Crow please: /d/,/d/,/d/. Балалар бұл жай дыбыс емес. Тілдеріңді алдыңғы жоғары тістің артындағы бұдыр жерге тіреп, осы дыбысты тағы бір айтып көріңдер: /d/,/d/,/d/. Бұл дыбыс Mr. Wise Crow тұратын қаланың атауында кездеседі.Тыңдаңдар. Listen: /lndәn/,/lndәn/,/lndәn/.Енді Лондон сөзін ағылшын тілінде айтамыз. . Repeat, please: /lndәn/,/lndәn/,/lndәn/. Well done, children!

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу.Listen to your teacher and repeat.

Суретке қараңдар. 1-қыркүйекте қандай мерекені атап өтеміз? Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

Мұғалім: Good morning, I’m a teacher! – Сәлеметсіңдер ме, мен мұғаліммін!

Repeat after me: Good morning!

Әдетте таңертең ересек адамдарға «Good morning!» дейміз, бірақ бір-біріңе «Hi!» немесе «Hello!» деуге болады. Бір-біріңмен амандасыңдар.

Бала: Hello,I’m Alibek! – Cәлеметсіз бе, менің атым Әлібек!

Repeat after me: Hello,I’m Alibek!

Танысу үшін: Wһo are you? Денег сұрақты қойыңдар.Менің сұрағыма жауап берп көріңдер. Wһo are you? –I’m Anar!

Trask 1

Teacher – Good morning, I’m a teacher!

Alibek –Good morning, Alibek!

«Танысу» дидактикалық ойыны (Балалар шеңберге тұрып, сәлемдеседі: Hello,I’m... сөздерінің көмегімен өздерін таныстырады. Одан кейін: Wһo are you? сұрағын және оған беретін жауапты пысықтайды.)

2-жаттығу. Listen and sing.

Енді ән тыңдаймыз.

Trask 2

Listen and sing.

We say hello!

We say hi!

Hello and hi!

Hello and hi!

We say – Біз сөйлейміз.

Балалар, осы тақпақты аударып көрейік.Балалар мұғаліммен бірге ән айтады.

3-жаттығу. Listen and repeat.

Біздің кейіпкерлеріміздің не айтып тұрғанын тыңдайыз. Ал, енді балалар, әр сөйледі аударып, балалардың соңынан қайталаймыз.

Trask 3

- Hi! I’m a Anar. I’m a girl.

- Hi! I’m a Olga. I’m a girl.

- Hello! I’m a Alibek. I’m a boy.

- Hello! I’m a Misha. I’m a boy

- Енді кейіпкерлерге өздеріңді таныстыру кезегі келді. Берілген үлгіні пайдалана отырып, кезекпен өздерің жөнінде әңгімелеп беріңдер.

Әр балаға өзі туралы әңгімелеп беруге жағдай жасаймыз.


Сергіту сәті

- Шаршаған шығарсыңдар. Сондықтан дене шынықтыру жаттығуларын жасаймыз(жаттығулар балалар үшін көңілді және қызықты болу керек). Сөздерді сәйкес қиылдамрен және ишарамен көрсетді ұмытпаңдар.

- Қимылдарды орындап, сөздерді менің артымнан қайталаңдар.

Hands up! Hands up!

Shake! Shake!

Stand up! On the tiptoes

Turn around. Step aside,

Step left! Step right!


Дәптермен жұмыс


Жұмыс дәптерінде бекітуге арналған жаттығу жасау ұсынылады.

1-жаттығу.Finish the pictures and say: a boy, а girl, a teacher

Оқушыларға балалардың және мұғалімнің аяқталмаған суреттерін толықтырып салу міндеттеледі және оларды ағылшын тілінде атаулары керек.

2-жаттығу.Draw yourself and your name.

Оқушылар өздерінің суреттерін салып, өздерінің есімдерін айтады. Қосымша практикалық жұмыс ретінде сабақта өтілген: I’m a girl, I’m a boy сөйлеу үлгілеріне сәйкес өздері жөнінде әңгімелеп берулерін сұрау керек.

5.Сабақты қорытындылау

- Балалар, бүгін сендер қай елдерде ағылшын тілінде сөйлесетіндерін, ағылшын тілі халқаралық тіл екенін білдіңдер. Сабақта өзің үшін тағы қандай жаңалық аштың? Сабақ соңында ата-аналарыңа не айтар едіңдер?(Cl: Біз ағылшын тілінде амандасуды Hello – «Cәлеметсің бе» сөзін айтуды үйрендік.) Бүгін өткен сөздерді есімізге түсірейік.(Cl:a teacher,һello, hi,a boy, a girl .) Сонымен өз атымызды ағылшын тілінде айтып үйрендік. I’m a ... (мұғалім бірнеше баладан өз аттарын ағылшын тілінде айтуын сұрайды.)

Мұғалім:Well done, children!

- Енді біз сабақтың басында үйренген әнді қайталаймыз. Бұл адамдар бір-бірімен амандасқан кезде айтылатын сөздерді есте сақтауға көмектеседі. Менің соңымнан қайталаңдар:

We say hello!

We say hi!

Hello and hi!

Hello and hi!

Өте жақсы! Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер!Well done, children!

Ал енді қоштасамыз: Goodbye!



Общая информация

Номер материала: ДВ-430271

Похожие материалы