Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Панорамалық сабақ "Поршень сақиналарының қызметі"

Панорамалық сабақ "Поршень сақиналарының қызметі"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifҚармақшы аграрлы-техникалық колледжі






Панорамалық
сабақ





Поршень сақиналарының қызметі



Изображение 007сканирование0001











Арнаулы пән оқытушысы: Н.Жайықбаев









2015-2016 оқу жылы


Білім берудің басты міндеті –оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру.Жеке тұлғаның өзбетінше жетіліп, жан-жақты дамып, кәсіби шыңдалуында арнайы пәндердің атқаратын рөлі зор.Осы арнайы пәндерді оқыту үдерісінде білім сапасын көтеру, оқушыларды шығармашылыққа баулу,олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда мұғалім әр түрлі әдістерді пайдаланады.
Арнайы пәндерден сабақ берудегі менің негізгі проблемам – сабақта ойын элеменииерін пайдалана отырып, оқушылардың арнайы пәнге деген қызығушылығын арттыру.Осы орайда мен өзім сабақ беретін «Ферма шаруашылығы» мамандығының «Тракторлардың құрылысы»пәні бойынша І курста өткізген тарауды қорытындылауға арналған ашық сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Поршень сақиналарының қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тракторлардың поршень сақиналарының қызметін

түсіндіру, білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Кәсіптік білімдерін тереңдетіп тракторлардың поршень сақиналарының қызметін түсіндіру, оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа,компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, қауіпсіздік ержесін сақтауға үйрету.

Сабақ әдісі: Түсіндіру сұрақ-жауап, тапсырмалар, әңгімелесу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, поршень,

сақиналар, мотор макеті.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушыларды түгелдеу

- сабақ мақсатымен таныстыру


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Тақырыбы поршень тобы.

«Құпия конверт»










1.Автомобильдің бензин моторларының дизель моторларынан басты айырмашылығы неде?
2.Трактордың барлық механизмдерін неше топқа бөлуге болады?
3.Іштен жанатын двигательдер жұмыс принциптеріне қарай неше түрге бөлінеді?

4.Двигательдер қолданатын энергия түріне қарай неше түрге бөлінеді?
5.Двигательді салқындату тәсіліне қарай неше топқа бөлуге болады?

6.Ж.Ө.Н және Т.Ө.Н сөзіне толық анықтама бер?

7.Такт дегеніміз?

8.Тракторларда қолданылатын дизельді двигательдер қандай бөліктермен жүйелерден құралады?

9.Иінді-шатун механизмінің бөлшектерін неше топқа жатқызуға болады.
10.Поршень тобына нелер жатады?







ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

Поршень тобына поршеннің өзі, сақиналары және саусағы жатады,Поршень аллюминий қоспасынан құйылып жасалады. Оның өзі газ қысымын қабылдау үшін, түбі жазық етіп жасалған поршень басынан және етегінен құралады.Поршень басында тығыздағыш сақиналар орналасатын кесіктер жасалған және төменгі май сыдырғыш сақиналар орналасатын кесіктерде поршеньнің өн бойынан өтіп тұратын тесіктер болады. Осыған қосымша, поршень түбі арнаулы беріктік қабырғаларымен жабдықталады.

Поршень етегінде саусақ орнатылатын қалың құйылма жасалған және саусақты жылжып кету-ден сақтайтын сақиналар тұратын кесік бар.Қызған кезде ұлғайып цилиндрге тығыздалып қалудан сақтау үшін, поршень етегіне ІІ-немесе Т-тәрізді кесіктер жасалады.Тіпті кейбір двмгательдерде оның етегінің екі жанын (Ұзындық бағытпен) кесіп алып тастайды.Цилиндрмен жақсы жанасуы үшін, оның бетіне жұқа қабатпен қалайы жағады.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Поршень сақиналарының қызметі

1.Поршень сақиналарының схемасы.

2.Поршень сақиналарының құрылысымен таныстыру.
3.Поршень сақиналарының қызметін айту.
4.Поршень сақиналарының техникалық сипаттамасы.

Изображение 007


сканирование0001







Поршеньге жоғары температура мен қысым әсер етеді, ол өте жылдам қозғалады. Жұмыс жағдайына байланысты поршень материалының механикалық қасиеті өте жоғары , әрі қажалуға төзімді, жіңіл,жылуды тез шығаратын болуы тиіс.Сондықтан да қазіргі кезде мотор поршеньдердің жіңіл, әрі біршама төзімді алюминий қорытпасынан құяды.
Поршень төңкерілген стаканға ұқсайды.Ол түбінен(А),қалпақшадан(Б) (немесе нығыздағыш бөліктен), және етегі деп аталатын бағыттауыш бөліктен (В) тұрады.Мотордың поршень түбінің ойығы бар үлгі формасында жасайды.Оның түбінің мұндай формада болуы цилиндрден келетін отынның ауамен жақсы араласуына және оның толық жануына мүмкіндік береді.

Қақпақшасының ішкі беті мен етегінде компрессиялық және май сыдырғыш сақиналарға арналған ойықтар (5 және 2) жасалған.Поршеньге орнатылатын сақиналар саны мотордың типіне және иінді біліктің айналу жиілігіне байланысты. Ойық шеңбері бойында, май сыдырғыш сақина астында тесіктер болады, ол майды мотор картеріне жіберу үшін қажет.

Поршень етегінің ішкі жағында екі құйылма-бобышкалар (Г) бар, оның саңылауларына поршень саусақтары орнатылады.

Құрастырған кезде поршень топтары гильза топтарымен бірдей болуы тиіс.Тікелей бүрку инжекторы бар мотордың жану камерасы мен поршені көрсетілген.
Бензинді моторларда түбі жалпақ немесе арнайы форсалы поршеньдер пайдалынады. Кейбір автомобиль моторларында бобышка астындағы поршень етегінің бір бөлігі алынып тасталынады.Поршендегі қалпақша астында көлденең тілік (7), ал поршень етегінде ұзынша Т тәрізді тілік болады.Тіліктер поршень етегінің серпімділігін арттырып, кептеліп қалу қаупіне сақтайды. Поршеньдерді моторға дұрыс бағыттап орналастыруға поршень етегіндегі жазу көмектеседі.






сканирование0002






Поршень сақиналары поршень мен цилиндр арасынан картерге жанған газды өткізбеу үшін және цилиндр бетінен майды сындыруға қолданылады.Компрессиялық сақина жану камерасындағы газдың картерге өтуіне мүмкіндік бермейді.Май сындырғыш сақина картердегі майдың жану камерасына енуіне бөгет жасап, цилиндр кенересіндегі артық майды жинап алады.

Цилиндрдің герметикалығын (нығыз жабылуын)қамтамасыз ету мақсатында бензинді маторларда поршеньге 2-3, ал цилиндрлеріндегі газ қысымы едәуір жоғары келетін

дизельдерде 3-4 компрессиялы сақина ортнатылады.Сақинаны қоспалы шойыннан немесе

болаттан жасайды.Сақина бөліктері кесілген болғандықтан, цилиндрге орнатқан кезде сақина серппеленіп, оның беткі жағына тығыз орналасады.

Компрессиялық сақинаның цилиндрге үйкелетін бетіне хром жалатылады.Көпшілік маторларда поршень сақиналарының қажалатын беттері ұзақ жұмыс істеуі үшін қапталады.
Комперссиялық сақинаның астына май сыдырғыш сақинасы орнатады.Олрдың комперссиялық сақиналардан айырмашылығы – тілігі болады немесе біріккен екі сақинадан тұрады.Құрастырмалы сақиналар цилиндр бетіне жақсы орналасқандықтан картер майының аз жұмсалуын қамтамасыз етеді.


Ү. Жаңа сабақты бекіту

1. Суретпен жұмыс



Изображение 007Изображение 007Изображение 007








2.Сәйкестендіру тесті

Гильза


Изображение 007





Блок

Изображение 005


Шатун

Изображение 006



3. Тірек- сызба әдісі



Кривошипті - шатунды

механизм

Блок


Гильза


Иінді білік

Шатун


Поршень







ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау

ҮІІ. Оқушыларды бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма §2.6 Поршень сақиналарының қызметі 50-бет








Арнаулы пән оқытушысы: Н.Жайықбаев





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДВ-456853
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх