Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Параллелограмның ауданы (8 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Параллелограмның ауданы (8 класс)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Параллелограмның ауданы

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, жүйелеу сабағы

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушының параллелограммның ауданы тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, бекіту.

  2. Тәрбиелік мақсаты: Өз ойын қорыта отырып, жеткізе білуге, ұқыптылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық мақсаты: есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау және логикалық ойлау, қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: қайталау, бекіту

Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны дамыту, жүйелеу сабағы.

Оқыту әдістері: репродуктивті, көрсете – суреттеу, ауызша баяндау, сұрақ-жауап алу.

Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық материалдар, бағалау фигуралары (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару; сабақтың мақсатымен таныстыру;

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.

Интерактивті тақтада «Пифагор шалбары» көрсетіліп «ой шақыру стратегясы» бойынша аудан ұғым еске түсіріліп, фигуралардың ауданын «палетка» көмегімен өлшеуді орындау.

ІІІ. Мағынаны тану.

  1. Өткен материалдар бойынша қайталау сұрақтары, тірек сызбалар слайд арқылы көрсетіледі; тіре параллелограммның анықтамасы, қасиеттеріі және олардың математикалық тілде жазылуы пысықталады, топтастырылады. Төртбұрыш түрлері, қасиеттері өлең жолдарымен өрнектеліп қорытындыланады.

Ауызша есептер шығару.

1. Параллелограмның бір бұрышы 50º тең. Параллелограмның қалған бұрыштарын тап.

2. Параллелограмның бір қабырғасы 10 см, ал оған түсірілген биіктігі 6 см. Параллелограмның ауданын тап.

3. Параллелограмның қабырғалары 4 см және 6 см, ал олардың арасындағы бұрышы 30º. Параллелограмның ауданын тап.

Алгоритмдік және практикалық мазмұнды қолданбалы есептер шығару. (жекелеген оқушылар тақтаға шығарып түсіндіреді, дәптерге жазады.

1.Параллелограмның қабырғалары 4 см және 2√3 см. Егер оның ауданы 12 см² болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын тап.

2. Параллелограмның қабырғасы 12 см және 15 см. Ұзын қабырғасына жүргізілген биіктігі 8 см. Кіші қабырғасына жүргізілген биіктігін тап.

3. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің периметрі 1224 м. Оның бір қабырғасы екіншісінен 240 м ұзын. Егер бір ағаш отырғызуға 2 м² жер керек болса, берілген жер теліміне қанша ағаш отырғызуға болады?

4. Өлшемі 6 м х 5,5 м болатын бөлменің еденін әрқайсысының өлшемі 30 см х 5 см тіктөртбұрыш пішіндес паркетпен жабу керек. Еденді жабу үшін тағы осындай қанша паркет керек?



IV. ҚОРЫТЫНДЫ

Тіктөртбұрыштар аудандарын табу формуласы не үшін қажет? (оқушы пікірін тыңдап, толықтыру)

V. Үйге тапсырма: Тақырып бойынша тест кітапшасынан 3 әртүрлі есептер шығару.

Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1234
Номер материала ДВ-285075
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх