Инфоурок / Информатика / Конспекты / Паскаль программалау тілінің алфавиті

Паскаль программалау тілінің алфавиті



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінің алфавиті. Тілдің қарапайым объектілері. Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің негізгі элементтерімен таныстыру. Паскаль тілінің алфавитін, тұрақтыларды, айнымалыларды, мәлімет типтерін, стандартты функцияларды, өрнектерді жазу тәсілдерін оқып үйрену

Білімділік:

  1. Оқушыларды Паскаль тілінің алфавитімен таныстыру.

  2. Мәлімет типтерін оқып үйрену.

  3. Стандартты функциялармен танысу.

  4. Арифметикалық өрнектерді жазу тәсілдерін үйрету

Дамытушылық:

  1. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.

  2. Өз ойын білдіре алу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

  1. Жаңа бастаманы жарыққа шығару іскерлігіне тәрбиелеу.

  2. Тиімді пікірлерге іздендіру, оқып үйренген білімін қолдана білуге талаптандыру.

Сабақтың типі: Жаңа материалды оқып, үйрену.

Сабақтың түрі: Әңгіме – сабақ, жаңа материалды өз бетімен оқып үйрену, дәптерде және компьютерде практикалық жұмыс.

Оқыту әдісі: Көрнекі –түсіндірмелі, практикалық .

Оқыту үлгісі: жеке дара- ұжыммен.

Оқыту құралдары: ДК. Паскаль жүйесі. Оқыту программалары. Жаңа сабақ бойынша презентация. Дидактикалық материал.

Оқушылар білуі тиіс:

  1. Паскаль тілінің алфавитін;

  2. Негізгі мәлімет типтерін;

  3. Стандартты функцияларды;

  4. Арифметикалық өрнектерді жазу тәсілдерін;

Оқушылар үйренуі тиіс:

  1. Паскаль тілінің алфавитін қолдануды;

  2. Негізгі мәлімет типтерін түсіндіруді;

  3. Арифметикалық өрнектерді Паскаль программалау тілінде жазуды;

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Журнал толтыру.

  1. Өткен матералды қайталау

  2. Оқушылардың алдында сабақтың мақсатын қою

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Сабақты қорытындылау

  6. Үйге тапсырма

Өткен матералды қайталау сұрақтары

  • Паскаль қай жылдардан бастап қолданыла бастады?

  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?

  • F10 пернесінің қызметі қандай?

  • Ctrl +Del, Ctrl + Ins, Shift + Del, Shift + Ins пернелері қандай қызмет атқарады?

  • F5 пернесінің қызметі қандай?

  • Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?

  • Alt + F5 пернесі қандай қызмет атқарады?

  • Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?

Жаңа сабақты түсіндіру


Тілдің алфавиті

Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.

Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:

  • атаулар (идентификатор);

  • цифрлар;

  • айыру белгілері;

  • арнайы символдар.

Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әрпі мен цифрлары қолданылады.

Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.

Арифметикалық амал белгілері:

(+) – қосу; (-) –азайту; (*) – көбейту; (/) – бөлу.

DIV – санның бүтін бөлігін алу. Мысалы: 10 DIV 3 амалының нәтижесі 3;

MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1.

Логикалық амал белгілері:

ANDжәне (логикалық көбейту) операциясы;

ORнемесе (логикалық қосу) операциясы;

NOTемес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

XOR – арифметикалық немесе амалы;

SHL – биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;

SHR – биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру;

Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.

Сонымен айыру белгілері: _ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте); ; (нүктелі үтір); (апостроф); (,); [,]; {,}.

Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <> (тең емес), < (кіші), > (үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).

Программалау тілдерінде “өрнек”, “оператор”, “тіл синтаксисі” мен “семантикасы” ұғымдары кең пайдаланылады.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар,жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.

Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады. Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш хәне эллипс (кейде дөңгелек) кең пайдаланылады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтері, эллипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбалар жазылады.

Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым объектілеріне “сан”, “идентификатор”, “тұрақты”, айнымалы”, “функция” және “өрнек” ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.

  1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп жазылады. Мысалы: бүтін сандар: +4, -100, 15743,0 т.б. нақты сандар: 2,65, 0,5, -0,856, -6,0.

  2. Атау – идентификатор (identification – объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет. Идентификатор – міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Мысалы: X, X1, CYMMA, P23PH6, MT54AP т.б.

  3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға. Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік (integer, real, boolean, char, string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар – true (ақиқат) немесе false (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады. Мысалы: x=25; y=-0.5; z=4E15; g=9.8; pi=3.14 т.б.

  4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде Var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.

Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін. Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы: delta6 x6 y result.

Индексті айнымалыларға жиым (массив) элементтері жатады.

Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.

Мәлімет типтері

Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:

  • бүтін – INTEGER

  • нақты – REAL

  • логикалық – BOOLEAN

  • тіркестік – STRING

  • мәтіндік – TEXT тәрізді типтер жатады.

Құрылымдық типтерге жиымдар (массив) – ARRAY, жазбалар – RECORD, жиындар – SET, файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.


Стандартты функциялар

Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.

Математикада

жазылуы

Паскаль тілінде

жазылуы

Атқаратын қызметі

Функция типі

hello_html_567b96ac.gif

Abs(x)

Аргументтің абсолюттік шамасы

х-тің типіндей

arctg x

Arctan(x)

Аргументтің арктангенсі

нақты

cos x

Cos(x)

Аргументтің косинусы

нақты

sin x

Sin(x)

Аргументтің синусы

нақты

eX

Exp(x)

е-нің х дәрежесі

нақты

[x]

Frac(x)

х санының бөлшек бөлігі

нақты


Int(x)

х санының бүтін бөлігі

нақты (бүтін)

ln x

Ln(x)

х санының натурал логарифмі

нақты

π hello_html_m4f38e470.gif

Pi

π - дің мәні


x2

Sqr(x)

х-тің квадраты

х-тің типіндей

hello_html_69dade7d.gif

Sqrt(x)

х-тің квадрат түбірі

нақты

xn

Exp(n*ln(x))

х-тің n дәрежесі

х-тің типіндей

Өрнектер және олардың жазылуы

Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:

(5+7*x)/1.8; (sin(x)+5*cos(2+x))/ln(x); т.б.


Математикада жазылуы

Программалау тілінде жазылуы

hello_html_11e57610.gif

(a+b)/(a-b)

ab

exp(b*ln(a))

hello_html_1f95731d.gif

(a+b)/(x*y)

ex+1

exp(x+1)

hello_html_m6432184e.gif

sqrt(1+sqrt(x))

hello_html_669c6bbf.gif

exp(ln(x)/ 3)



Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Тілдің алфавиті нелерден тұрады?

  • DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?

  • Программа қандай оператормен басталады?

  • Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?

  • Идентификатор дегеніміз не?

  • Жиым (массив) дегеніміз не?

  • Мәліметтердің типі дегеніміз не?

  • Мәліметтердің типі қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?

  • Мәліметтердің қандай типтері бар?

  • Атаулардың типтері қалай сипатталады?

  • Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?

  • Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер паскаль тілінде қалай жазылады?



Үйге тапсырма: 2.2 – 2.8 тақырыптарды оқу.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-537421

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>