Паскаль тілі. 9 сынып. Зертханалық жұмыс №3 "Цикл операторлары"

Предпросмотр материала:

                                                                                                                             Программалау

 

Зертханалық жұмыс. Параметрлі цикл операторлары

Мақсаты: Циклдік программаларды ЭЕМ жадына енгізіп,

                   редакциялауды үйрену.

 

Теориялық материалдар

Көп қайталанатын бір типті есептерді, іс-әрекеттерді орындау үшін параметрлі цикл операторлары қолданылады. Параметрлі цикл операторларының қызметші сөздері: for, to, do. For-үшін, to-дейін, do-орындау деген мағыналарды береді. Бұл сөздердіің программада жазылуы:  for i=n1 to n2 do

Мұндағы: і – параметр (мәні өзгеріп отыратын айнымалы шама)

                  n1- параметрдің алғашқы мәні

                  n2- параметрдің соңғы мәні.

Мысалы: for i:=1 to15 do

           Begin

                Цикл денесі      

           end

Мұндағы: i – параметр, параметрдің алғашқы мәні 1-ге, параметрдің соңғы мәні.15-ке тең.

 

Компьютермен жұмыс:

Тапсырма 1.

y=2x-7 функциясының х-тің мәні -5-тен 5-ке, қадамы 1-ге тең болып өзгергендегі  мәндерін есептеу программсын ЭЕМ жадына енгізіңіз.

 

Program Fun;

     Var x, y: integer;

begin

   for x: = -5 to 4 do

      begin

         y: = 2*x-7;

         writeln(‘y =’, y);

      end;

end.

Програманы орындауға жіберіп, нәтижесін көріңіз.

Тапсырма 2.

1-ден 100-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу программасы.

 

Program Kosyndy;

     Var i,s: integer;

Begin

    s:=0;     

    for i: = 1 to 100 do

       begin

           s:=s+i;

           writeln(‘s=’,s);

         end;

end.

Програманы орындауға жіберіп, нәтижесін көріңіз.

 

Өздік жұмыс

1.      Циклдік программа дегеніміз не?

2.      for, to қызметші сөздерінен кейін қандай ақпарат жазылады?

3.      s:=0

            for x:=1 to 5 do

                 begin

                     s: = s+x;

                     end;

                     write (‘s=’,s);

Осы фрагмент орындалғанда нәтижесі қандай болады?

4.     у = 0,5х+2 функциясының х-тің мәні -2-ден 2-ге, қадамы 0.5-ке тең болып өзгергендегі  мәндерін есептеу программсын жазыңыз.

5.     1- программадағы у-тің 2-ші мәні нешеге тең?

 

Өздік жұмысты дәптерге орындау керек.

 

Үй тапсырмасы:

 у = 2х+2х-5 функциясының x- тің (-3, 3) аралығындағы мәндері үшін есептеу программасын жаз. 

 

 

                                                                                                                             Программалау

Зертханалық жұмыс

Цикл операторлары

 

Мақсаты: Циклдік программаларды ЭЕМ жадына енгізіп,

                   редакциялауды үйрену.

 

Теориялық материалдар

Алдын ала берілген шарт бойынша қайталау операторлары

Бір типті шешуі көп қайталанатын есептерді, іс-әрекеттерді орындау үшін цикл операторлары қолданылады. Қайталаудың саны белгісіз жағдайда алдын ала берілген шарт бойынша қайталау операторлары қолданылады.

Алдын ала берілген шарт бойынша қайталау операторларының қызметші сөздері: While (уайл) - әзір, do-орындау деген мағыналарды береді. Бұл сөздердіің программада жазылуы:  While шарт do

               Begin

                     Цикл денесі      

                    end

 

Тапсырма 1.

1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын есептеу программасы. ( і – циклдің параметрі, і:=0 –  параметрдің алғашқы мәні,  S – қосынды, S:=0 – қосындының алғашқы мәні)

 

Program Kos;

     Var i, s: integer;

begin

   s:=0; i:=0;

   While i<=100 do

    begin

           i:=i+1; s:=s+і;

      end;

      writeln (`s =`; s);

end.                                                                                                                 

Програманы орындауға жіберіп, нәтижесін көріңіз.

 

 

Келесі шарт бойынша қайталау операторы

Бұл оператор көп жағдайда қайталаудың саны белгісіз болғанда қолданылады.

    Қызметші сөздері: repeat - қайтала, until – соған дейін.

    Жазылуы:    repeat

                            Цикл денесі

                            until логикалық өрнек (шарт)

    Циклдің орындалуы логикалық өрнектің мәні ақиқат болғанша орындалады.

 

     Тапсырма 2. 2-ден 50-ге дейінгі жұп сандардың квадраттарын табатын программа (С-сан, k-санның квадраты)

Program kvadrat;

     Var С, k: integer;

begin

   C:=2;

    repeat

        k:=C*C;

        writeln (‘C=’, C:2,’K=’,K:5);

        C:=C+2;

    Until С=50;

end.

 

Програманы орындауға жіберіп, нәтижесін көріңіз.

 

Өздік жұмыс

 

1.      1-ден 50- ге дейінгі тақ сандардың кубын табу программасын құрып, тапсырманы дәптерге жазыңыз.

2.      Алдын ала берілген шарт бойынша қайталау операторларының қандай қызметші сөздері бар?

3.      While операторынан кейін не жазылады?

4.      Циклдің қайталану саны белгісіз болса қандай операторлар қолданылады?

 

                Құрметті оқушы, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!                                                      

Краткое описание материала

Паскаль тілі. 9 сынып. Зертханалық жұмыс №3 "Цикл операторлары"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Богенбаев Тлектес Диханбаевич

учитель информатики и физики

  • На сайте: 10 лет и 9 месяцев
  • Всего просмотров: 20877
  • Подписчики: 6
  • Всего материалов: 8
  • 20877
    просмотров
  • 8
    материалов
  • 6
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Богенбаев Тлектес Диханбаевич.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: