Паскаль тілі. Зертханалық жұмыс №1 "Сызықтық алгоритмдерді программалау

    DOCX

                                                                                                                           Паскаль тілі

Зертханалық жұмыс № 2

Сызықтық программалар

 

Мақсаты: Сызықтық программаларды ЭЕМ жадына енгізіп, редакциялауды үйрену

 

Операторлары бірінен соң бірі ретімен орындалатын программа сызықтық деп аталады.

Сызықтық программаларды жазу үшін негізінен read (оқу) – енгізу операторы, write (жазып шығару) – нәтижені экранға шығару операторлары қолданылады.

Бұл операторлардың жазу үлгілері:

read (айнымалы шамалар тізімі);

write(‘түсініктемелер’, айнымалы шама тізімі);

 

Тапсырма 1.

Екі санның көбейтіндісін есептеу программасын жазу. Ол үшін s1-ші сан, s2-шi, к- көбейтінді белгілеулерін қолданып, k=s1*s2 формуласын аламыз.

Программаны ЭЕМ жадына енгізіңіз:

Program Kobeitu;

     Var s1, s2,k: real;

Begin

Write(‘екі сан енгіз’);

readln(s1, s2);

k:=s1*s2;

Writeln(‘k=’,k:6:2);

end.

а) Программаны орындауға жіберу үшін ctrl+F9 пернелерін басыңыз. 7,2 және 4 сандарының көбейтіндісін алу үшін «екі сан енгіз» компьютер сұрағына ең бірінші 7.2 санын енгізіп, Enter  пернесін басамыз, осыдан кейін 4 санын енгізіп, Enter  пернесін басамыз. Нәтижені көру үшін alt+F5 пернесін басамыз.

ә) Басқа сандардың көбейтіндісін есептеу үшін жоғарыдағыдай тәртіппен программаны орындауға екінші рет жіберіп, кез – келген екі сан енгізіп, нәтижені көріңіз. 47,098; 894,65 сандарының көбейтіндісін тауып, жауабын дәптерге жазып алыңыз.

 

2 тапсырма

y=2x-5 функциясының мәндерін есептеу программсын ЭЕМ жадына енгізіңіз.

 

Program Func;

     Var x, y: integer;

begin

   Write(‘x-ке мән беріңіз’);

   readln (x);

   y:=2*x-5;

   writeln (‘y=’,y);

end.

а) Программаны 1-ші тапсырмадағыдай орындауға жіберіп, х-ке 2 мәнін беріп, нәтижені қараңыз.

ә) y=2x2+3x-10 функциясының мәндерін есептеу үшін Func программасына өзгерту енгізіп, орындауға жіберіңіз де, х-тің мәндері 0, 1, 2 болғандағы, у-тің мәндерін  дәптерге жазып алыңыз.

 

Өздік жұмыс

1.      Сызықтық программа дегеніміз не?

2.      Нәтижені экранға шығару үшін қандай оператор керек?

3.      Үш санның қосындысын есптеуге программа жазыңыз.

4.      Програманы орындауға жіберу үшін қандай пернелерді басу керек?

5.      Тік бұрышты үшбұрыштың ауданын есептеуге программа жазыңыз. (s:=1/2a*b)

 

Өздік жұмысты дәптерге орындау керек.

 

 

Краткое описание материала

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы

О. Жұмабеков атындағы орта мектеп

информатика пәнінің мұғалімі

                                                                                       Богенбаев Тілектес Диханбаевич

Зертханалық жұмыс. Информатика 9 сынып. Паскаль тілі. Программалау.

Мақсаты: Сызықтық программаларды ЭЕМ жадына енгізіп, редакциялауды үйрену

Операторлары бірінен соң бірі ретімен орындалатын программа сызықтық деп аталады.

Сызықтық программаларды жазу үшін негізінен read, readln (оқу) – енгізу операторы, write, writeln (жазып шығару) – нәтижені экранға шығару операторлары қолданылады.

Бұл операторлардың жазу үлгілері: read (айнымалы шамалар тізімі); write(‘түсініктемелер’, айнымалы шама тізімі);

 

Екі санның көбейтіндісін есептеу программасын жазу. Ол үшін s1-ші сан, s2-шi, к- көбейтінді белгілеулерін қолданып, k=s1*s2 формуласын аламыз.

 

 

Паскаль тілі. Зертханалық жұмыс №1 "Сызықтық алгоритмдерді программалау

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Богенбаев Тлектес Диханбаевич

учитель информатики и физики

  • На сайте: 10 лет и 5 месяцев
  • Всего просмотров: 20499
  • Подписчики: 6
  • Всего материалов: 8
  • 20499
    просмотров
  • 8
    материалов
  • 6
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Богенбаев Тлектес Диханбаевич.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: