Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Патриотизм бүгінгі жастарға қажет пе?» дөңгелек үстел

«Патриотизм бүгінгі жастарға қажет пе?» дөңгелек үстел

Скачать материал

 

 

«Сәулет» мектеп-лицейі

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Патриотизм бүгінгі жастарға қажет пе?»

                                             (дөңгелек үстел)

 

 

                                          

                                          Сынып жетекші: Мынжасова Н.С.

 

 

                                   

                                                

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

Сабақтың тақырыбы: Патриотизм бүгінгі жастарға қажет пе?

Сабақтың мақсаты: өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, туымыз бен әнұран, елтаңбамызды құрметтеу; қазақ елінің ержүрек батырлары мен елі үшін аянбай күрескен ұлттың ұлыларының ерлігін үлгі ету, оқушылардың  патриоттық сезімін қалыптастыру.

         Сабақтың әдісі: пікіралмасу

         Көрнекілік: слайд

 

Жоспар

Кіріспе:

Патриотизм туралы жалпы түсінік

Негізгі бөлім:

І.Пікіралмасу

1.Патриотизм дегенді қалай түсінеміз?

2.Екінің бірін патриот деуге бола ма?

3.Нағыз патриот деп кімдерді атаймыз?

ІІ.Патриоттық жыр шумақтар

Қорытынды:

Біз нағыз патриоттармыз

 

Барысы

Оқушы анты айтылады.

Кіріспе

         Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деген еді. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – қазақстандық патриотизм болды. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Патриотизм дегеніміз не? Бұл сұраққа лезде жауап беретіндер, өкінішке орай, бүгінгі таңда онша  көп табыла қоймайды.

         Патриотизм дегеніміз – өз еліне, туып-өскен жеріне, тіліне, дініне, мемлекетіне деген шынайы сүйіспеншілігі. Туған елін құрметтеп, қадірлеу біздің басты борышымыз, оны қорғау міндетіміз. Отан-ана деп бекер айтылмаған. Анамызды қалай құрметтесек Отанымызды да солай құрметтеп және әрдайым оны қорғауға дайын болуымыз керек. Отан бізде біреу-ақ, адам екі жерде туылуы мүмкін емес. Қазіргі жастарда патриотизм сезімі жоқ деп айтылып жатады, бірақ бұл, менің ойымша қате пікір. Әр адамның бойында бұл сезім бар, бірақ оны ояту қажет.

         Патриот болудың негізгі 4 шарты бар:

1. Отанын, жерін қорғау.

2. Өз ұлтының ана тілін ардақтау.

3. Ұлттық дәстүрді сақтау.

4. Еліміздің Әнұранын, Елтаңбасын, Туын қастерлеу.

         Осы төрт шартты орындап жүрген әр азаматты нағыз патриот деуге болады.

          «Патриотизм бүгінгі жастарға қажет пе?» пікіралмасу сағатымызда  туған жер, туған тіл, салт – дәстүр, туған тарих бүгінгі тақырыбымыздың өзегі болмақ.

          Қане, ендеше мына сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

1.Патриотизм дегенді қалай түсінеміз?

2.Екінің бірін патриот деуге бола ма?

3.Нағыз патриот деп кімдерді атаймыз?

          

         Патриот болу үшін керекті шарттың бірі – тілді қорғау. «Халық пен тіл – егіз» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Халық бар жерде тіл бар.

 

-Ана тілдің көркеюіңе қандай үлестеріңді қосып жүрсіңдер?

Оқушы:

 

         Әрбір адамның туған ел, тіл, салт-дәстүр, туған тарих сияқты төрт анасы болатынын білеміз. Осы төрт анаға арналған М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңінен үзінді тыңдап көрелік.

 

«Төрт ана»  М.Шаханов

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт – санасы, тірегі

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер.

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған,

Тамырсыздың басы қайда қалмаған?

Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын сыйламаған халықтың,

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның  тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес

Күрестердің ұлысы.

 

-Өздеріңді ұлтыңның патриотымын деп ойлайсыңдарма?

Оқушы:

 

 

         «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» қазақ халқының халық болып мәңгі жасауы – патриот, елжанды, ұлтшыл ұрпақтың көп болуынан. Әрбір азамат өзінің тілін, дінін, салт – дәстүрін, тарихын сүйе білу керек.

         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  айтқандай «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз  бабалардың игі дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономиканы меңгере алатын, өркендеу дәуірінде күллі әлемге сыйлы әрі өз елінің патриоттары болады»

 

         Біздің пікіралмасуымызға қатынасып отырған қонақтарымызға сөз кезегін береміз.

        

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Патриотизм бүгінгі жастарға қажет пе?» дөңгелек үстел"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 247 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2016 5571
    • DOCX 41.5 кбайт
    • 52 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мынжасова Налия Сулейменовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мынжасова Налия Сулейменовна
    Мынжасова Налия Сулейменовна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 24903
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов