Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Патриоттық әндер байқауы 2016
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Патриоттық әндер байқауы 2016

библиотека
материалов

«Тәуелсіздік – елімнің елдік жолы» атты патриоттық әндер байқауы

(Сахна мерекеге сай безендірілген, ән ойналып тұрады)
Мұғалім: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! «Тәуелсіздік – елімнің елдік жолы» атты әскери - патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер!
Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Бір кездері Кеңес заманында біздің ата - әжелеріміз «Партия қайда болса, Жеңіс сонда!», «Алға, комсомол!» деп екпіндете шырқады. Осы кезде патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Әскери - патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу.


1 - жүргізуші: Иә, біз бейбіт елде, байтақ жерде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бірақ бізді осы күнге жеткізу үшін кешегі ата - бабаларымыздың Ақтабан шұбырындының азабын тартқанын, ашаршылықта қынадай қырылғанын, зиялыларымыздың репрессияға жазықсыз ұшырағанын, Ұлы отан соғысында кеуделерін оққа тосқанын естен шығармауымыз керек.


2 - жүргізуші: Азаттық жолындағы еліміздің тарихы «Елім - ай», «Атамекен», «Жас қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет, егемен елдің ертеңін сеніп тапсырар намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің молая түскені аса маңызды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елімнің елдік жолы» атты патриоттық әндер байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.


1 - жүргізуші: Бұл патриоттық сайысымыз 2 бөлімнен тұрады.

І бөлім: «Мәнелеп оқу»

ІІ бөлім: «Патриоттық әндер »

Шарамызды бастамас бұрын байқауға қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.
(Үміткерлер ортаға шығады)





2 - жүргізуші: Осы байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныс болайық.

Олар: Тарих пәнінің мұғалімі – Ихсанов Мәдениет Хайырұлы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Темирова Майра Қалиқызы
1 - жүргізуші: Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін ән орындау шеберлігі және сахна мәдениетін меңгеру критерийлері бойынша бағалайды. Жоғары ұпай 10 балл.

Қазір ең алдымен мәнерлеп оқу сайысы өтеді.Содан соң патриоттық әндер бөліміне өтеміз.

Мәнерлеп оқитындар:

1.Муратов Армат – 5 сынып М.Өтемісұлы «Ау, қызғыш құс»

2.Амангелдиева Айша - 6 сынып Қадыр Мырзалиев «Мықты бол»

Айдынғалиев Дана – 6 сынып С.Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның

қасиеттері»

3.Гайнуллиева Гүлдана – 7 сынып Абай Құнанбаев «Ескендір,Ескендір»

Әмірхан Танат – 7 сынып М.Өтемісұлы «»

Хайырова Арай – 7 сынып М.Мақатаев «Қырандар қош болыңдар»

Алжекенова Жангүлім 7 – сынып Қ.Аманжолов «Өзім туралы»

4. Хамидуллина Аружан – 8 сынып М. Мақатаев «»

Қайырханов Ерасыл – 8 сынып М. Мақатеав «Мен қарапайым қарттарды сүйемін»

5. Утарова Іңкәрім – 9 сынып М. Жұмабаев «Туған жер»

6. Мақыбаева Әселхан – 10 сынып «Туған жер»
2 - жүргізуші: Мәнелеп оқу сайысы аяқталды, ендігі кезекші Бекенова Алинаның орындауындағы «Туған жер» әніне береміз.

ІІ бөлім «Патриоттық әндерге кезек берейік.


Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған
10 сынып оқушыларының орындауындағы «Қазақ жастары» әнін тамашалайық.


1 - жүргізуші: Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі
Қаһарманы заманымның бұл енді
Отан даңқы мүддесі үшін қажеттік
Сарбаздар ол елдігімнің тірегі
9 сынып оқушыларын « Жүрегім, Қазақ» әнімен қарсы алыңыздар!

2 - жүргізуші:
Қазақ деген пейілі кең бай халық
Толды арманы егеменге айналып
Бейбітшілік қорғанындай сенімді
Сарбаздары сап түзеді сайланып
8 сынып оқушысы


1 - жүргізуші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
7 сынып оқушысы Әмірхан Танаттың орындауындағы «Қағазым» әні.


2 - жүргізуші: Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында
6 сынып оқушыларын «Қазақ жастарының әнұраны» әнімен ортаға шақырамыз.


1 - жүргізуші:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.

5 сынып оқушыларының орындауындағы «Жаса, қазағым» әні


2 - жүргізуші:
«Тәуелсіз – елімнің елдік жолы» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы дайын болғанша
5 - 6 – 7 сынып ер балаларының би шашуларын қабыл алыңыздар!


1 - жүргізуші: Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізде ұялап, мәңгі қала бермек.
2 - жүргізуші: Үміткерлерімізді марапаттау үшін сөз қазылар алқасының төрағасы Ихсанов Мәдениет Хайырұлына беріледі.













Талпын жалпы орта білім беретін мектебі









Тақырыбы:









Темирова М.К







2016 – 2017 оқу жылы

Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров55
Номер материала ДБ-399121
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх