Инфоурок Классному руководителю КонспектыПатриоттық тәрбие бойынша топ жетекшісіне арналған әдістемелік нұсқау

Патриоттық тәрбие бойынша топ жетекшісіне арналған әдістемелік нұсқау

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ КӨП САЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ

 

 

КІРІСПЕ

 

«Бүгінгі күні Қазақстанның  қоғамдық санасы сферасында

қандай да дүниетанымдық вакуум, патриотизм сезімдері

 мен идеяларын  тәрбиелеуге, жағымды әлеуметтік маңызды құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған сапалы идеологиялық жұмыстың жетіспеушілігі байқалады»

Н.Ә. Назарбаев

 

«Ешкім де кездейсоқ түрде жақсы адам болмайды»

Платон

 

«Егер ертеңгі күніңді ойласаң – егін ек, егер 10 жылға бұрын ойласаң –  орман ек, егер де 100 жылға бұрын ойласаң –

бала тәрбиеле»

Халық даналығы

 

 

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев бүгінгі күні бізге қоғамның әлеуметтік-демократиялық, конфессиялық, әлеуметтік-саяси құрылымының өзгеру, әр түрлі бұқара топтары құндылықтары мен дүниетанымының өзгеру процестерін  терең  ұғыну керек екендігін  атап өтті. Президент бұл жұмысты  Қазақстанның ғалымдарына жүктеу керектігін айтты: «Институттар жаңа тарихты, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуын және дамуын, жаңа халықаралық рольді, біздің мемлекетіміздің мәртебесін зерделеумен және жан-жақты түсіндірумен, сондай-ақ патриотизм идеологиясын, біздің мемлекетіміздің жетістіктері үшін мақтанышты таратумен, біздің тәуелсіздігімізді насихаттаумен айналысуы тиіс… Басты назарды тарихи-мәдени мұрадан Қазақстанның қазіргі мәдениеті мен құндылықтарын  дамытуға аудару керек, онсыз қоғам жан-жақты дами алмайды, біз әр түрлі мәдениеттердің ықпалына ұшырайтын жас ұрпақтан көз жазып қаламыз».

Тәрбие мазмұнының қазақстандық компоненті 2006-2011 жылдарға арналған «ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында» нақты анықталған, онда тәрбиенің басым бағыттарының бірі қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.

Қазір қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу туралы, осы ұғымның мағынасы неде, оның басты принциптері қандай екендігі туралы көп айтады. Бірақ патриотизм ұғымының  өзінің өте терең, қиын бағаланатын мәні бар.

Патриотизм - (грек тілінен – атамекен, Отан) – Отанға деген махаббат, оның тағдыры үшін  жауапкершілік сезімі, оның мүдделеріне қызмет көрсету және ішкі өмір сферасындағы және халықаралық аренадағы оның жетістік-теріне қызмет көрсетуге әзірлік және қабілеттілік. Отан сезімі – бұл қасиетті сезім.

Қазіргі Қазақстанның көптеген  жетістіктерін Президент Н.Ә. Назарбаевтың атымен, оның саяси ерік-жігерімен, дана көрегендігімен, жоғары патриоттылық сезімімен және Қазақстанды әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елінің қатарына  кіруге қабілеті бар, экономикалық мықты, демократиялық мемлекет етуге деген орасан зор тілегімен байланыстырады. Осы міндеттерді іске асыру үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде студент жастарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы өнегесінде патриоттық тәрбиелеу моделі ендірілді, ол мемлекет басшысымен белгіленген өз елінің лайықты азаматтарын қалыптастыру міндеттерін шешуге арналған.

Азаматтарды, соның ішінде студент жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыс әрі қарай жетілдіру мен дамытуды талап етеді. Бүгінгі таңда студенттерді патриоттық тәрбиелеу патриоттық сананы, соның ішінде мемлекеттік сананы  қалыптастыру талаптарына, сондай-ақ өзінің атамекеніне  адалдық пен шынайы берілгендік сезімін тәрбиелеуге, азаматтық борышын және негізгі конституциялық міндеттерін орындауға әзірлігіне толық жауап  беруі тиіс.

Қазақстандық патриотизм – ерекше патриотизм, өйткені Қазақстанның  көп ұлтты халқының  олар үшін ортақ Отанға қатынасы туралы сөз қозғалып отыр. Қазақстандық патриотизм – бұл посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып алға шыққан және өзінің ауқымды өзгерістерімен шетелдік саясаткерлерді, мемлекет басшыларын ғана емес, сонымен бірге өзінің отандастарын да  таң қалдырып, жаңа мемлекет құрып жатқан, өзінің Отанын мақтан тұтудың орынды негізі.

Қазіргі уақытта жасына, Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне қарамастан,  әрбір азаматтың бойында  патриотизмді тәрбиелеу, жоғалтылған мемлекеттік  сана-сезімді қалпына келтіру және осы идеологияны барлық жерде ендіру  қажет. Мемлекеттік тұрғыдан ойлайтын адамның өз мемлекетінің заңдарын құрметтейтіні, оны аялайтыны және қорғайтыны белгілі. Патриоттық тәрбие моделі студент жастармен жұмыс істеудің  тұжырымдамалық  ресімделген идеяларының, түсініктерінің, көзқарастарының, нысандары мен әдістерінің жүйесі ретінде қоғамның мүдделерін, дүниетанымын және мұраттарын сипаттайды, колледждің ғана емес, сонымен бірге  еліміздің, біздің Отанымыздың, егеменді Қазақстанның дамуында маңызды анықтаушы роль атқарады.

Патриотизм немесе мемлекеттік және тарихи сана студенттердің бойында кураторлардың тәрбиелеу жұмысының шеңберінде, студенттердің тәрбие сағаттарында алатын білімдерінің негізінде қалыптасады. Колледжде білім алатын  қазіргі заманғы жастардың болашақта  қоғамның саяси,  экономикалық және ғылыми элитасын құрайтыны туралы ұмытуға болмайды. Атап айтқанда осы жастар әлеуметтік-саяси және мәдени түрлендіру процестеріне басты қатысушылар болады. Студент жастардың қалай жеке бағдарлануына, оларға білім беру жүйесінің қандай әлеуметтендіруді ұсынуына және жастардың азаматтық санасында қазақстандық мәдениеттің, тарихтың,  менталитеттің қандай құндылықтары қалыптасуына байланысты қазақстандық  қоғам дамуының табыстылығы  анықталатын болады.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Көп ұлтты жастарды өздерін Қазақстанның тарихымен, алдыңғы ұрпақтың маңызды өмірлік құндылықтарымен сәйкестендіруге үйрету керек.  Жастарға нақты өмірлік бағдарлар беріп, оларды күмәнді идеялардың ықпалынан қорғау керек».

Атап айтқанда мақсатқа бағытталған тәрбие адамды өмірдегі басты рольдің бірі – азамат роліне дайындауы тиіс, ол азаматтық міндеттерді – елдің, ата-ананың алдындағы парыз сезімін, ұлттық мақтаныш  және патриотизм сезімін, мемлекет Конституциясын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді, ел тағдыры үшін жауапкершілікті, мемлекеттің ұлттық және табиғи байлықтарына ұқыпты қатынасты көздейді.

Қазіргі Қазақстан қоғамының осы сәттегі даму жағдайы студент жастардың  белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін жақсы алғышарттар тудырады. Патриотизмді, толеранттылықты және ұлттық  келісімді қабылдау  адамгершіліктің төмендеуі, «ұрпақты жоғалту» сияқты ұғымдарға, біреудің асырауында болушылық сезіміне қарсы тұрады және әлеуметтік  парықсыздыққа, қылмыс пен нашақорлықтың өсуіне қарсы бағытталған, сондықтан  Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу негізін қазақстандық патриотизм және ұлттық келісім құрайды.

Тәрбие – қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсы. Қазақстанда  азаматтық  қоғам қалыптасуы жағдайларында тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлғаны  кәсіптік  және әлеуметтік  білікті, өзгеріп жатқан әлем  жағдайларында   шығармашылық пен өзін-өзі анықтауға қабілетті, азаматтылық пен патриотизмнің, жауапкершілік пен жаңаны құруға ұмтылыстың дамыған сезімдерін иеленген түрде қалыптастыру болады. Білім беру қызметі жүйесіндегі тәрбие міндеттерін шешудің басымдылығы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында айқын белгіленген.

Студентті шығармашылық, жан-жақты дамыған жеке тұлға, өмірлік ұстанымы белсенді  азамат және қазіргі заманғы кәсіби шебер-маман ретінде қалыптастырудың маңызды шарты негізгі түрде қосылған тәрбиелеу жұмысының жүйесі болып табылады.  Студент жастар тәрбиесі білім беру процесінің ажыратылмас бөлігі, осыдан, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес әрбір оқытушының, куратордың кәсіби міндеті болып табылады.

Берілген әдістемелік нұсқаулар академиялық студенттер топтарының кураторларына тәрбие теориясының негіздерін өз бетімен зерделеуіне;  университеттегі тәрбие жұмысының мәнімен,  мазмұнымен және құрылымымен танысуына; студенттермен тәрбие жұмысының негізгі заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен түрлерін қарастыруына  мүмкіндік береді. Берілген әдістемелік нұсқауларда академиялық топ кураторының ролі, тәрбиелеуде педагог-куратордың  әсер ету түрлерін, сондай-ақ куратордың студенттерге әсер етуінің ұсынылатын механизмдері берілген. Әдістемелік нұсқауларға берілген қосымшада студенттер топтарымен тәрбиелеу жұмысында  қолданылуы мүмкін болатын, куратор сағатының үлгілі жоспар-сценарийі және тәрбиелік іс-шараны талдау сұлбасы берілген.

Әрине, берілген әдістемелік құрал колледжда тәрбие жұмысын  ұйымдастыру  мен жүргізу әдістемесі мәселелерінің  шағын үлесін де тәмамдамайды, бірақ біз  оның  кураторларға  студенттерді тәрбиелеудің  тұтас жүйесінде  практикалық көмек көрсететініне, сондай-ақ жас педагогтардың практикалық қызметте   сәтті қолдануы мүмкін болатын, бастапқы әдістемелік құралды иеленуіне  мүмкіндік беретініне сенеміз.

 


 

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ

 

Жастарды патриоттық тәрбиелеу қазіргі заманғы адамгершілік талаптарын есепке алатын, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығы негізінде руханилықты қалыптастыру факторлары мен механизмдерін пайдалану арқылы тұтас, тәрбие  процесі ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

Педагогикалық ұғым ретінде патриоттық тәрбиелеудің мазмұнына үш елеулі белгі кіреді:

біріншісі – мақсатқа бағытталғандық, әлеуметтік-мәдени бағдар ретінде  қандай да бір үлгінің, берілген жағдайда қазіргі Қазақстанның жетістіктері мысалында студенттерді патриоттық тәрбиелеудің бар болуы, олар Тұңғыш  Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен, оның саяси ерік-жігерімен, дана көрегендігімен, Қазақстанды экономикалық мықты, демокра-тиялық мемлекет етуге деген орасан зор тілегімен тығыз байланысқан;

екіншісі – процесс барысының  адамзаттың тарихи дамуының жетістіктері ретінде әлеуметтік-мәдени құндылықтарға сәйкестігі;

үшіншісі – Колледж студенттерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы өнегесінде патриоттық тәрбиелеу Моделінің – ұйымдастырылатын  ықпалдардың белгілі жүйесінің бар болуы.

Колледжда патриоттық тәрбиелеу белгілі тәрбиелеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады, оған студенттердің жалпы азаматтық және жалпы адамзаттық  патриоттық идеяларды  меңгеру мүмкіндіктерін  есепке алу арқылы  құрылатын  мақсат-функциялар кешені; Колледждағы, колледжден тыс және қоғамдық  ұйымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы патриоттық тәрбиелеудің мазмұны мен түрлері  кіреді.

Тәрбиелеу процесінде патриоттық тәрбиелеудің келесі мақсат-функцияларын  атап көрсетеді. Білім беру мақсаты-функциясы студенттерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестендіру проблемасын шешу принцип-терін, қазақстандық патриотизмді, Отан тарихы мен мәдениетін дамытудың тарихи алғышарттарын, қоғамды қайта құру мен жаңартудың жалпы адамзаттық және жалпы азаматтық  патриоттық және саяси құнды бағдарларын ашудан тұрады. 
Студенттермен жүргізілетін патриоттық жұмыстың тәрбиелік функциясы  олардың  мықты және қолайлы қоғамдық-азаматтық қызметке қосылуына қарай айқындалады. Атап айтқанда, осында  студенттердің бойында патриотизм мен интернационализм сияқты жоғары сезімдер, сондай-ақ адамның туып-өскен жеріне жақындығы; ана тіліне деген құрметті көзқарасы; Отанның мүдделері жайындағы қамқорлық; азаматтық сезімдерді білдіру және Отанға адалдықты сақтау; оның  әлеуметтік және мәдени жетістіктері үшін  мақтаныш; оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау; Қазақстан Республикасының  өткен тарихына және одан мұраға қалған дәстүрлерге құрметті көзқарас; өзінің еңбегін, күші мен қабілеттерін атамекеннің гүлденуіне арнауға ұмтылу сияқты жоғары сезімдер қалыптасады.
Студенттермен жүргізілетін патриоттық жұмысты дамытушы  функция білім беру және тәрбие беру жұмысынан шығады. Патриоттық таным  және қызмет патриоттық ойлау, әрбір қоғамдық маңызды фактіні, оқиғаны   жаңа құрылған ой ұстанымынан ұғына білу қабілетін қалыптастырады. 

Қазіргі әлемде қоғамдық және адамдардың жеке өмірінің бүкіл  атмосфера-сы саяси ақпаратпен, қарама-қайшы нұсқаулармен, бағалармен, құнды бағдарлармен  қаныққан.  Олардың  санасында  саяси  идеология  БАҚ-тың ықпалымен түсіндіріледі. Бұл педагогтардан, колледж әкімшіліктерінен патриотизммен,  фактілер мен оқиғаларды  ұғынумен тығыз байланысқан саяси ақпаратты қабылдау ерекшеліктері білімімен қарулануды талап етеді.

 

ТОП ЖЕТЕКШІНІҢ  Тәрбиелеудегі РОЛІ.

 

Студенттермен жүргізілетін оқу-тәрбиелік жұмыстар түрінің бірі топ жетекшісі болып табылады. Біздің колледждің көп жылдар бойы еңбегі топ жетекшілер мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың алмастырылмайтын және тиімді жүйесі екенін көрсетеді. Ол көптеген міндеттерді шешуге, оның ішінде студенттерге оқуда және басқа да туындайтын мәселелерде көмек беруге, жастарға өмірлік тәжірибе, білім беру және дәстүрлерді жеткізу, олардың көзқарастары мен тәрбиелеріне белгілі бір әсер етуге мүмкіндік береді.  

Топ жетекшісі студенттермен жүргізетін оқу-тәрбиелік жұмыс жүйесінің бөлігі болып табылады, сондықтан осы жұмыстың бар міндеті бір мезгілде кураторлардың міндеттері болып табылады. Біздің ұғымымызша, колледж білімнің соңғы мақсаты барлық жаңа заманғы талаптарға жауап беретін жоғары біліктілігі бар маманды, өз елінің патриоты мен азаматын, эрудициясы мол, адамгершілігі жоғары, мәдениетті адам дайындау болып табылады.  

Тәрбиелеудегі ықпал – педагогтың функцияларын жүзеге асыру түрі,    адамның жеке тұлғасының қандай да бір ерекшеліктерінің, оның тәртібі мен санасының өзгеруіне әкелетін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің бірыңғай  процесіндегі куратордың қызметі. Куратордың жеке-өзгеше ықпалы  студенттерге олар әлі меңгермеген жеке тұлға белсенділігінің үлгілерін беруден тұрады, оларда оның жеке-психологиялық мінездемелері (мейірімділік, көпшілдік және т.б.) сипатталады. Куратордың функционалды-рольдік ықпалы – оның  ролімен берілетін мүмкін тәртібінің тәсілдерімен байланысты функцияларын және студенттермен өзара әрекеттесуін жүзеге асыру түрі, нәтижесінде олар педагогтан әлеуметтік құндылықтарға және әрекеттерге үйренеді.

Бағытталған ықпал – бұл куратордың белгілі студенттерге немесе олардың нақты жеке қасиеттеріне, әрекеттеріне бағдарланған ықпалы. Бағытталмаған ықпал – белгілі объектіні көздемейтін ықпал. Тура ықпал –  куратордың өзінің ұстанымын  және  онымен байланысты  студентке қоятын талаптарын тікелей айқындауы. Жанама ықпал – тікелей ықпал ету объектісіне емес, қоршаған ортаға бағытталған ықпал.

 

 

 СТУДЕНТТЕРДІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТҮРЛЕРІ

 

Топ жетекшісі тәрбие процесінің мазмұнын белгілі нысандар арқылы іске асырады. Нысан – бұл тәрбиелеу жұмысының сыртқы түрі, оның қабықшасы. колледж жағдайларында студенттерді тәрбиелеу жұмысының көпшілік (тақырып-тық кештер, спорттық шаралар, аумақты жақсарту бойынша шаралар), топтық (секциялар, үйірмелер, студиялар, клубтар), жеке (әңгімесулер, жеке тапсырма-лар) нысандары пайдаланылады (2-сурет). Көпшілік және топтық шаралардың жеке сипаты болады, ол әдістемелік мәдениет деңгейімен және шараларды ұйымдастырушылардың мүдделерімен анықталады.

Надпись: Брейн-ринг Надпись: Дөңгелек үстелдер Надпись: Не? Қайда? Қашан?
Надпись: Қабырға газеттері
Надпись: Қызықты, іскерлік, 
рольдік ойындар
Надпись: Конференциялар
Надпись: Олимпиадалар Надпись: Кездесулер
Надпись: Викториналар
Надпись: Фестивальдар Надпись: Тренингтер
Надпись: Көрмелер Надпись: Конкурстар Надпись: КТК және т.б.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


2-сурет – Тәрбиелеу жұмысы нысандарының алуан түрлері

 

Колледжде студенттер, әсіресе жоғары курстарда, әр түрлі шараларды  және  қызметтің алуан түрлерін ұйымдастырушылар болады: қоғамдық-саяси, көркем, еңбек, спорттық, волонтерлік, туристік, экологиялық және т.б. Қызмет түрлерінің әрқайсысының өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны бар, олар арқылы және олардың іске асыру процесінде студенттерді – қызметке қатысушыларды тәрбиелеу жүзеге асырылады. Тәрбиелеуді ұйымдастырушы-ларға істің (қызметтің) мақсатын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеудің мақсатын да ұсыну қажет, олай болмағанда қызметке қатысу не тәрбиеге қатысты бейтарап процесс болуы, не болмаса маңыздылығы күтілгеннен азырақ болуы мүмкін.

Топ сағаттарын өткізудің кейбір түрлерін қарастырамыз.

Патриоттық тәрбиелеудегі рольдік ойын – тәрбиелеу процесінің тиімді маңызды нысандарының бірі, ол практикалық тәжірибені және өмірлік құнды патриоттық мақсаттарды дамытады.

Рольдік ойын үшін тақырыпты таңдау куратор сағаттарын өткізудің осы түріне тән, екі түйінді сөзбен алдын ала анықталады: «рольдік» және «ойын».

«Рольдік» деген сөз барлық қатысушылардың ерекшеленетін құрама бөліктерге бөлінетінін және тұтастығын, атап айтқанда ерекшеленетін және  өз бетімен әрекет ететін бөліктердің өзара әрекеттесуімен қол жеткізілетін, қандай да бір құрылымды құрайтынын білдіреді. Өзара әрекеттесудің осындай типі қоғамдық процестерге тән. Сондықтан да рольдік ойын  қоғамдық проблемалар мен әрекеттерді тәрбиелік  меңгеру үшін жақсы келеді, бұл  рольдерді ойындық үлестіру түрінде оқу тобын  нақты қоғамға немесе жеке қоғамдық процеске ұқсастыруы, қоғамды немесе оның жеке процесін оқу түрінде қайталауы, көшірмелеуі, оған еліктеуі мүмкін.

Бұдан шығатын тұжырым: қоғам ойынын ойнау керек, тақырып «қоғамның өмірінен» болуы тиіс.

Мысал үшін рольдік ойындардың бірнеше тақырыбын келтіреміз

1.     Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары.

2.     Зияткерлік меншік және оны қорғау.

3.     Студенттің құқықтары мен міндеттері.

4.     Құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік шаралары.

5.     Жастардың девианттық тәртібі және оның салдары.

6.     Еңбек заңдары және жас маман.

7.     Отбасы-неке қатынастарын реттеу туралы ҚР заңдары.

8.     Дін тұту мәселелерін реттеу бойынша ҚР заңдары.

9.     Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен міндеттері.

Рольдік ойындарды өткізу тәжірибесі қатысушылардың рольді мәні бойынша, мазмұнды  әзірлеп қана қоймай, сонымен бірге олардың рольдерінің нақты кейіпкерлерін, өмірдегі нақты прототиптерін (Президентті, партиялар көшбасшыларын, атақты кәсіпорын директорын және т.с.с.) білдіреді. Оқытушы тарапынан мұнымен күресудің де, не оған көп назар аударудың да керегі жоқ. Бұл - ойынның эмоциялық құраушысы. Рольдік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі А қосымшасында берілген.

Іскерлік ойынтәрбие процесінің танымал және тиімді белсенді нысаны, ол төмендегілерді дамытады:

o біріншіден, жинақталған теориялық және қолданбалы білімді, сондай-ақ практикалық тәжірибені еркін меңгеру және тікелей құрамдастыру дағдылары;

o екіншіден, міндеттердің қойылымын түсіну және өз бетімен немесе  командада  оларды шешу жолдарын табу қабілеттілігі;

o үшіншіден, кәсіби шеберлер командасында, яғни ұжыммен жұмыс істеу  қабілеттілігі мен әдеті.

Іскерлік ойындар үшін тәрбие мәндеті түрінде баяндалған, нақты немесе арнайы құрастырылған жағдайлар келеді. Ойын ережелері мұндай міндеттер үшін нақты өмірде бар болатын шектеулер мен мүмкіндіктерді қайталайды (модельді болуы мүмкін).

Онда қатысушылар әр түрлі қоғамдық мүдделері бар қоғамдық субъектілерді білдіретін рольдік ойыннан ерекшелігінде, іскерлік ойында барлық қатысушылар бір қоғамдық мүдденің шеңберінде болады немесе олардың қоғамдық мүдделері айырмашылығының мағынасы жоқ. Олардың мүддесі – қойылған міндетті тиімдірек шешу. Іскерлік ойында – маманды ойнау керек, тақырыбы қандай да бір кәсіптік саладан болуы тиіс.

Мысал үшін іскерлік ойынның бірнеше тақырыбын келтіреміз:

1.     Қазақстан халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) және Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары бойынша Кеңестің (АӨСШК) ролі .

2.     Еуразиялық идеясы және Қазақстан. Қазақстанның Шанхай ынтымақ-тастығы ұйымына қатысуы .

3.     Қазақстан – Болон конвенциясының талаптарын іске асырудың аймақтық көшбасшысы .

4.     Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясы. Қазақстандағы адам құқықтары.

В және Г қосымшаларында сәйкесінше «Қазақстанның қазіргі кезеңдегі мәдениеті» тақырыбына  брейн-ринг және «XXI ғасыр көшбасшылары» ойынын өткізу ережелері берілген

Топ сағаттарын өткізудің мұндай нысаны оларды өткізудің ұйымдастыру-әдістемелік қатынаста тым күрделі болуына, оның тақырыптық және қисынды-ұйымдастырушылық бірлігінде белгілі мазмұнның айқындалуын талап ететініне қарамастан, студенттердің рухани сферасына бейнелі-эмоциялық ықпал етудің елеулі мүмкіндіктерін иеленеді. Бұл жан-жақты талқыланған сценарийді әзірлеуді болжайды, онда қойылған міндеттерді шешу үшін патриоттық тәрбиелеу құралдарын  пайдалану жүйелілігі  анықталуы тиіс.

 

 

 

 

 

СТУДЕНТТЕРДІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ

 

Әдістерді анықтау үшін негіз ретінде ғалым-педагогтар тәрбиелік өзара әрекеттесу тәсілдерін таңдауда топ жетекшісінің ұстанымына бағдар-ланады. Куратор мен студенттің арасында анықталатын бірқатар өзара әрекеттесуді атап көрсетуге болады: студенттің өз-өзіне, өзінің отбасына қатынастарының сипатына ықпал ету тәсілдері; оны құрдастарымен, жұмыстағы қызметкерлерімен қатынасу жүйесіне қосу; көзқарасты түзету тәсілдері, құнды мақсаттарды және тәртіп стилін өзгерту. Яғни тәрбиелеу әдістерінің бір мағыналы анықтамасы болмайды.

Сонымен бірге, студенттің қоғамға немесе өз-өзіне, қызметі тақырыбына немесе тәсіліне, басқа адамға немесе адамдардың тұтас тобына  қатынастарын өзгертуге олардың ортақ бағытталғандығы айқындалған. Бұдан тәрбиелеу әдісі адамға ықпал етудің ғана емес, сонымен бірге өзара әрекеттесу құралдарының бірі болып табылатыны шығады.

Тәрбиелеу әдісі оны құраушы элементтерге (бөліктерге, тетіктерге) ыдырайды, олар әдістемелік тәсілдер деп аталады. Әдіске қатысты тәсілдер жеке, бағынышты сипатта болады. Олардың өзіндік педагогикалық міндеттері болмайды, берілген әдіс көздейтін міндетке бағынады. Әр түрлі әдістерде сол және бір әдістемелік тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Және керісінше, әр кураторда сол және бір әдіс әр түрлі тәсілдерден құралуы мүмкін.

Тәрбиелеу әдістері және әдістемелік тәсілдер өз арасында тығыз байланысқан,  олар  өзара ауысуы, нақты педагогикалық жағдайларда бір-бірін ауыстыруы мүмкін. Бір жағдайларда әдіс – педагогикалық міндетті шешудің өзіндік жолы ретінде, басқа жағдайда жеке тағайындалған тәсіл ретінде болады. Мысалы, әңгімелесу сананы, көзқарастар мен нанымдарды қалыптастырудың негізгі  әдістерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге  ол патриоттық тәрбиелеу моделін іске асырудың әр түрлі кезеңдерінде пайдаланылатын, негізгі әдістемелік тәсілдердің бірі болуы мүмкін.

Сөйтіп, әдіске бірқатар тәсілдер кіреді, бірақ оның өзі олардың қарапайым қосындысы болып табылмайды. Сонымен бірге тәсілдер куратор жұмысы әдістерінің алуан түрлілігін анықтайды, оның педагогикалық қызметі-нің мәнеріне даралылық береді. Жоғарыдан тәрбиелеу әдістері – бұл  куратор мен студенттердің жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешу бойынша  бірлескен мақсатқа бағытталған қызметінің тәсілдері екендігі шығады.

Осы уақытқа қарай тәрбиелеу әдістерінің мәні мен жұмыс істеу заңдылық-тарын  ашатын ауқымды ғылыми қор жинақталған. Оларды жіктеу ортақты және ерекшені, елеуліні және кездейсоқты, теориялықты және практикалықты айқындауға көмектеседі, және сонымен бірге олардың мақсатқа сәйкес және аса тиімді пайдаланылуына мүмкіндік туғызады, жеке әдістерге тән белгілердің тағайындалуын түсінуге көмектеседі.

Жоғарыда айтылғаннан тәрбиелеудің жалпы әдістерінің жүйесін ұсынамыз:

• жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістерін;

• жеке тұлғаның қызметін ұйымдастыру және қоғамдық тәртібінің   тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

• жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін ынталандыру және мотивациялау әдістері;

• тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.

Колледж жағдайларындағы олардың айрықша ерекшеліктерін нақтылап, тәрбиелеу әдістерінің мысалдарын келтіреміз. Берілген жұмыста біз В.А. Сластенин ұсынған тәрбиелеудің жалпы әдістерінің жүйесін ұстанатын боламыз.

Тәрбиелеу процесінің нақты жағдайларында әдістер күрделі және қарама-қайшы бірлікте болады. Мұнда  жеке «жалғызданған» құралдар логикасының емес, ал олардың үйлесімді ұйымдастырылған жүйесінің шешуші маңызы болады. Әрине, тәрбиелеу процесінің қандай да бір кезеңінде сол немесе басқа әдіс азды-көпті оқшауланған түрде  қолданылуы мүмкін. Бірақ басқа әдістермен сәйкесінше бекітпей, олармен  өзара әрекеттестірмей ол өзінің тағайындалуын жоғалтады, тәрбиелеу процесінің көзделген мақсатқа  қозғалуын баяулатады.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.

Әңгімелесу – бұл сипаттамалық немесе әңгімелеу түрінде жүзеге асырылатын, басым көпшілігінде нақтылы материалдың жүйелі баяндалуы. Жеке тұлғаның патриоттық қасиеттерін тәрбиелеу кезінде берілген әдіс куратор сағаттарында Қазақстанның көрнекті адамдарының өмірбаяндық материалын баяндағанда, бейнелерді сипаттағанда, тарихи дәстүрлерді, ұлттық мәдениетті, қоғамдық өмір оқиғаларын және т.б. сипаттағанда кеңінен қолданылады. Әңгімелесуге тәрбиелеу қызметінің әдісі ретінде бірқатар талаптар қойылады: баяндау қисындылығы, жүйелілігі және дәлелділігі; нақтылық, бейнелілік, эмоциялылық.

Егер қандай да бір ережелердің (заңдардың, принциптердің, ережелердің, тәртіп нормаларының және т.с.с.) дұрыстығын дәлелдеу қажет болған жағдайларда әңгімелесудің көмегімен айқын және нақты түсіндіруді қамтамасыз ету мүмкін болмаса, түсіндіру әдісі қолданылады. Түсіндіруге берілген пікірдің ақиқаттылығын анықтайтын, қисынды байланысқан ой тұжырымдарын пайдалануға негізделген, баяндаудың дәлелдемелік нысаны тән. Көптеген жағдайларда түсіндіру студенттердің бақылауымен, тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының оларға және керісінше сұрақтарымен үйлеседі және әңгімеге ұласуы мүмкін.

Сұхбат – бұл тәрбиелеу процесін ұйымдастырушының  және студенттің  белсенді өзара әрекеттесуінің сұрақ-жауап әдісі. Сұхбатта негізгісі – бұл студенттерді субъектімен көзделген тәрбиелеу процесінің мақсатына біртіндеп әкелетін сұрақтардың мұқият ойластырылған жүйесі. Сұхбатқа дайындалып, ол тәртіп бойынша, негізгі, қосымша, жетекші, нақтылаушы сұрақтарды көздеуі тиіс. Эвристикалық сұхбаттасу ережелері Е қосымшасында берілген.

Дәріс, әдіс ретінде, куратор сағаттарын өткізгенде көбінесе әңгімеге жақын болуы, сонымен бірге үлкен ақпараттық-танымдық сыйымдылығымен, қисын-ды құрылымдардың, бейнелердің, дәлелдемелер мен жалпылама қорытынды-лардың күрделілігімен ерекшеленуі тиіс.

Патриоттық тақырыптама бойынша дәрістердің өзгешелігі тақырыптың сипатынан, құрылым нысанынан, ғылыми және идеологиялық ақпараттың көлемінен, студенттердің бойында Отанды қорғауға әзірлікті қалыптастыру бойынша функционалдық мүмкіндіктерден айқындалады.

Жеке тұлға түсіндіру мен сендіру құралдары ретінде сөз бен ойдың әсер етуі нәтижесінде ғана дамымайды. Басқа адамдардың тәртібі мен қызметінің жақсы үлгілері мен мысалдарының үлкен тәрбиелік мәні бар. Үлгі әдісі студенттерде биік ойлар тудыру, «өмірді кімге қарап жасау керек» деген игілікті мақсат-перспективаны  анықтау үшін пайдаланылады. Үлгіге сүйену саналы сипатты болады, студенттер өздері таңдаған тұлғаның жеке қасиеттерін, ішкі қасиеттерін, кейде сыртқы мәнерлерін пайдаланады. Ежелгі Рим философы Сенека: «Жақсылыққа адамгершілік  қағидалары арқылы жету қиын,  мысалмен жету оңай» - деп пайымдаған.

Қоғамдық пікір. Бұл - студенттер ұжымы қызметінің әдісі. Қоғамдық пікір  ұжымның дамуымен және қалыптасуымен бірге құрылады және ұжымның студенттің жеке тұлғасына әсер ету әдісі болып табылып, ұжымда жұмыс істейді. Әдетте берілген әдіс, студенттердің әдеттерін, әрекеттерін, пікірлерін анықтап, олардың тіршілік әрекетінде елеулі роль атқарады. Ол бағалау, шектеу және ынталандыру қызметтерін  орындайды.  Бірақ қоғамдық пікір кездейсоқ құрылмайды. Осы күрделі және нәзік процеске студенттер де, тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар да  қатысады.

Сендіру. Сендіру әдісінің ролі патриоттық тәрбиелеу процесінің  студент-тердің саналылығын дамытумен, олардың тәртіп ережелерін және қоршаған болмысты түрлендірудегі өзінің орнын түсінумен табиғи байланысты болуымен анықталады.

Патриоттық тәрбиелеу әдісі ретіндегі, процесі ретіндегі сендіруді және осы процестің нәтижесі ретіндегі, жеке тұлғаның тұрақты өмірлік ұстанымы ретіндегі сендіруді ерекшелеу қажет. 

Жеке тұлғаның қоғамдық патриоттық мінез-құлқының қызметін ұйымдастыру және тәжірибесін қалыптастыру әдістері.

Үйрету әдісін қолдану кейбір педагогикалық шарттардың сақталуын талап етеді. Ненің меңгерілуі тиіс екендігі туралы анық түсініксіз үйрету мүмкін емес. Студенттерге іс-қимылдардың сол немесе басқа бейнесін белгілей отырып, оны аса қысқа және айқын ережеде білдіру қажет. Әрбір берілген уақыт бөлігіне олардан  патриоттық тәртіп түрі қалыптасатын, минимум жеке іс-қимылдар ерекшеленуі тиіс. Тәрбиелеу процесін тәжірибелі ұйымдастыру-шылар  патриоттық тәртіптің  тәрбиеленетін түрінің үлгісін  көрсетуге, оған оң көзқарасты құруға үлкен мән береді. Әдетті қалыптастыру үшін  уақыт талап етіледі. Алдымен жасалатын іс-қимылдың дәлдігіне және сонан кейін ғана жылдамдығына қол жеткізу керек. Үйрету әдісі іс-қимылдың орындалуын бақылауды болжайды, ол  студенттерге мейірбанды, мүдделі  қатынасты,  пайда болатын қиындықтарды айқындау мен талдауды, әрі қарай жұмыс  істеу тәсілдерін талқылауды талап етеді. Студенттердің өзін-өзі бақылауын ұйымдастыру одан да маңызды болады.

Үйрету әдісі жаттықтыру әдісімен тығыз байланысты. Жаттығудың  механикалық дағдыландырумен және тәртіптік психология: ынта-реакция-бекіту  рухында  жаттықтырумен ортақ ештеңесі жоқ.

Әдетте тәрбиелеудегі жаттықтыру әдісі деп студенттердің дұрыс тәртібінің, міндеттерді шешудегі дербестілік тәжірибесін жинақтауына, олардың жеке қасиеттерін, сезімі мен еркін дамытуға, жақсы әдеттерді қалыптастыруға, білім, сендіру және тәртіп, сөз бен іс арасындағы бірлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, күнделікті өмірді, оқыту процесін, қызметті ұйымдастыру жүйесін түсінеді.    

Педагогикалық талап. Педагогикалық талап патриоттық тұлғаның дамуын басып озбай, сонымен қатар студенттің өз-өзіне қоятын талаптарына ауысуы тиіс. Талап оның алдында сол немесе басқа қызмет, мысалы, азаматтық парызын орындауға әзірлігі процесінде жүзеге асыруға тиесілі нақты міндет ретінде болуы мүмкін.

Кеңес беру. Бұл әдіс колледжда айтарлықтай танымал және қолдануда қарапайым. Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, оны студенттерге кеңес беру арқылы беруге талпынады. Бұдан басқа, кеңес беруді пайдаланып, оқытушы (немесе студенттер) жол-жөнекей, ығыр қылмайтындай, өзінің студенттердің қылықтарына, іс-қимылдарына, пікірлері-не өз көзқарасын жеңіл түрде білдіреді және осылайша оларды өзгертуге талпынады. Бұл кеңестердің ішкі мағынасын ұғыну және  дараландыру үшін, олардың адресатпен қабылдануы өте маңызды.

Жеке тұлғаның қызметі мен тәртібін ынталандыру және мотивациялау әдістері.

Кез келген қызмет аса тиімді өтеді, егер жеке тұлғаның  бар күшін салып белсенді әрекет ету, алға қойған мақсатқа табандылықпен жылжып,  шарасыз қиындықтарды, қолайсыз жағдайлар мен басқа жағдайларды жеңу тілегін тудыратын, күшті, айқын, терең дәлелдер бар болса, сапалы нәтижелер береді. Қызметті мотивациялаумен оны ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандыру – ойға, сезімге және іс-қимылға ояту, түрткі, күш беру. Студент тұлғасына патриоттық тәрбиелеу факторының әсерін нығайту және күшейту мақсатында ынталандырудың әр түрлі әдістерін қолданады, олардың арасында жарыс, көтермелеу, жазалау және т.б. аса кең таралған болып табылады.

Тәрбиелеу процесінде жарыс адамға салауатты бақталастыққа, басымды-лыққа, озықтыққа, өзін танытуға  ұмтылу жоғары дәрежеде тән болуының күмәнсіз әлеуметтік-психологиялық фактісі есепке алынып, тәрбиелеу процесінің субъектісімен құрылады. Студенттерді еңбекте және қоғамдық қызметте ең үздік нәтижелерге жету үшін күреске қатыстыру артта қалушыларды озықтар қатарына шығарады, белсенділік, ынталылық, жаңашылдық, жауапкершілік және ұжымшылдық сияқты патриоттық қасиеттердің дамуын ынталандырады.

Көтермелеубұл студентті дұрыс, ынталы, шығармашылық қызметке сырттай белсенді ынталандыру, ояту әдісі. Ол студенттер табыстарының қоғамдық танылуы, марапаттау, олардың рухани және материалдық қажеттіліктерін кезекпен қанағаттандыру көмегімен жүзеге асырылады. Мақтау білдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ұлы тұлғасының өнегесін қолдануға шақыру – осының барлығы тәрбиелеу процесін ұйымдастырушы пайдаланатын әр түрлі тәсілдер.

Мәжбүрлеубұл студенттерге кінәсін мойындауды және өз тәртібін түзетуді қаламауына қарамастан, өз міндеттерін орындауға түрткі болатын шараларды қолдану. Ол сендіруге және патриоттық тәрбиелеудің басқа әдістеріне сүйенген жағдайда ғана педагогикалық дұрыс қолданылады. Мәжбүрлеуді ақылмен пайдалану керек, оған қызықпау және оны асыра пайдаланбау керек.

Ынталандыру әдістері. Олар мақұлдаудан, кінәлаудан, бақылаудан, өзін-өзі бақылаудан тұратын әдістер тобын білдіреді.

Барлық төрт әдіс те студенттердің қызметін, әрекеттерін, тәртібін ынталандыру мақсатында немесе керісінше, егер олар жағымсыз сипатта болса, оларды тоқтата тұру (рестимуляция) мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Әдістер қосымша болып табылады және тәрбиелеуді ұйымдастырушылар тарапынан әдепті қатынасты талап етеді.

 Мақұлдау әдісі қызметтің, тәртіптің, студенттердің білдіретін патриоттық қасиеттері немесе қатынастарының дұрыс бағалануы туралы куәландырады, ол кураторлармен немесе студенттер ұжымымен беріледі. Әдіс студенттерде  дұрыс эмоциялардың (сенімділіктің, қанағаттанудың, мақтанудың) пайда болуына мүмкіндік туғызады, олардың таңдаған ұстанымының дұрыстығын  растайды. Ол мақтау, алғыс, грамотамен немесе құнды сыйлықпен марапаттау, газеттегі мақалалар, құрмет тақтасындағы фотосуреттер және т.б. түрінде қолданылуы мүмкін.

Кінәлау әдісі қызметті, тәртіпті, студенттердің білдіретін қасиеттері мен қатынастарын теріс бағалауды білдіреді, ол тәрбиелеуді ұйымдастырушылар-мен беріледі. Берілген әдісті қолдану студенттерде жағымсыз күйзелістер  (ұялу, күйзелу, өкіну, сенімсіздік және т.б.) тудырады. Бірақ егер студенттер оқиғалар мен өз әрекеттерін сын тұрғысынан талдаса, тәртіп пен моральдың заңды нормаларына сәйкес келмейтін сол немесе басқа қасиеттерді жеңу жолдарын белгілесе, демек, әдіс сәтті қолданылған және мақсатқа қол жеткізілген.

Басқа реакция да болуы мүмкін: студенттер лайықсыз әрекеттеріне өкінбейді, өзіне талғампаз болмайды, өзінің тәртібін қайта қарастырмайды – бұл жағдайда кінәлау әдісі сәтсіз пайдаланылған деген тұжырым жасау керек. Бәлкім, әдістің барабар емес түрі таңдалған, студенттердің іс-қимылдарының себептері ескерілмеген, не болмаса олардың адамгершілігі қорланған, не болмаса жастардың болжанбайтын реакциясының басқа себептері болған шығар. Тәрбиелеу процесін ұйымдастырушылар өздерінің іс-қимылдарын мұқият талдауы, сәтсіздік себептерін және әдісті қолданудың басқа параметрлерін анықтауы қажет.

Кінәлау әдісі ескерту, түсіндіру, қайта сендіру, талқылау, сөгіс жариялау, жоғары оқу орнынан шығару  түрлерінде  іске асырылуы мүмкін.

 Патриоттық тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.

 Патриоттық тәрбиелеу процесін басқару оның нәтижелілігін сипаттайтын кері байланыссыз мүмкін емес. Бұл функцияны орындауға тәрбиелеудегі бақылау, өзін-өзін бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері көмектеседі.

Бақылау әдісі студенттер қызметі мен іс-әрекетінің барысын немесе нәтижелерін, олардың тапсырмалар мен міндеттерді орындауын тексеру мақсатында пайдаланылады. Берілген әдіс әңгімелесу, бақылау, жиналыста есеп беру, еске салу, қызметін бағалап жазбаша бұйрық беру, тестілеу түрінде берілуі мүмкін.

 Негізгі  бақылау түрлеріне мыналар жатады: студенттерді педагогикалық бақылау; патриоттық қасиеттердің тәрбиеленгендігін айқындауға бағытталған әңгімелесу; сұрақ-жауаптар (сауалнама, ауызша және т.б.); қоғамдық пайдалы қызмет нәтижелерін талдау; тәрбиеленушілердің патриоттық тәртібін зерделеу үшін жағдайлар жасау.

Өзін-өзі бақылау әдісін студент өзінің дамуын мен тәрбиесін ынталандыру немесе тексеру үшін  өз-өзіне  қолданады. Оны білдіру түрлері: ойлау, өз-өзін бақылау, өз-өзіне бұйрық беру, рефлексия, тестілеу.

Студенттердің тәрбиеленгендігі көрсеткіштері туралы олардың қызметтің барлық негізгі түрлеріне (Республика күніне, Конституция күніне, Жеңіс күніне арналған іс-шараларды, дөңгелек үстелдерді, диспуттарды және т.б. ұйымдастыруға) қатысу дәрежесі және осы қатысудың  нәтижелілігі бойынша айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Патриоттық тәрбие бойынша топ жетекшісіне арналған әдістемелік нұсқау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 617 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 2486
    • DOCX 1.8 мбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уразбаева Айжан Карловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уразбаева Айжан Карловна
    Уразбаева Айжан Карловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 139454
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 772 человека из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 914 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 178 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 42 человека