Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Патриоттық тәрбие" тақырыбына баяндама

"Патриоттық тәрбие" тақырыбына баяндама

Скачать материал

«Өз Отанының патриоты болу дегеніміз-

Қазақстанды жан-жүрегіңмен сүйе білу»

Н.Ә.Назарбаев.

 

І. Кіріспе.

        Патриотизм деген сөзге еліне , халқына , жеріне деген сүйіспеншілік ұғымдары сыйысып кетеді. Біздің жеріміз бай. Ал рухани бай адам – еліміздің байлығы. Патриотизмнен Отанды бөліп қарауға болмайды. Ал ер бала Отан үшін туады. Біздің тарихымыздың өзі патриотизмнен басталған тарих. Патриот адам ең алдымен өз Отанының тарихын  білуі керек.Өткенге көз жүгіртсек , Қабанбай , Бөгенбай , Наурызбай сияқты қазақ даласындағы  көптеген батыр бабаларымыз осы ұлтарақтай жер үшін жан қиюға дайын болған . Олар осы ұлан байтақ жерді ұрпақтарының алақанына салып кетті. Қазір Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғысыншы , Азияда үшінші орын алады.

     Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел атанып, рухани-мәдени дамудың жаңа сатысында саяси-әлеуметтік экономикалық және мәдени өрлеуі тұсында әлемдік қауымдастық шеңберіне енуіне ұмтылуына орай , халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған рухани мұраларын , ой санасын жаңғырту мен оларды жүйелі түрде зерттеуі – Қазақстанның мәдени дамуының алғы шарты болып отыр.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен елімізде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы қазақ халқының тағлымы мол рухани мұрасының , жаңаша тарихи  танымдық бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік берді. Кеңінен танылмаған тарихи-мәдени мұраларды этнопсихология,этнопедагогика ,этнология ғылымдары салалары тұрғысынан зерттеп , қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық  рухани мұралары зерделеніп , әлемдік руханиятпен ұштастыру осы кезеңдегі қоғамдық ғылымдардың міндетіне айналды. Қазақ халқының тарихи  даму үрдісіне зер салатын болсақ , әр дәуірдің ,  әр ғасырдың  қоғамдық – тарихи дамуына байланысты ірі қайраткерлердің болғанын білеміз.

          Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлерінің педагогикалық ақыл-ойын , тәрбиелік тәжірибесін зерделеп , заман талаптарына сай жетілдіріп , пайдаланып отырған. Сондықтан ғылыми практиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ойшылдар Әл-Фараби , Махмуд Қашқари , Жүсіп Баласағұни т.б тарихи педагогикалық  мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп , жас ұрпақты елжандылыққа , имандылыққа , патриоттық рухқа тәрбиелеуде тірек болуда.Бұл идеяларды ХІХ ғасырда Ыбырай , Шоқан , Абай сияқты ағартушылар ,кешегі кеңестік жүйенің солақай саясатының құрбандары болған А.Байтұрсынов , М.Жұмабаев , Ж.Аймауытов , М.Дулатов , С. Асфендияров , Ә.Бөкейханов сынды т.б. белгілі қоғам қайраткерлері одан әрі жалғастырды.

 

       Қазақ халқының өткен тарихында ел қорғаған батырлардың ерлігі тамырын  тереңнен алады. Ал ондай ерлер ел басына күн туғанда көрінеді емес пе ? Кешегі кеңестік дәуірде бауырлас,тағдырлас халықтардың  қаншама азаматтарының басын жұтқан аждаһа соғыс – Ұлы Отан соғысы кезінде де қазақ ерлері батырлықтың , ерен ерліктің үлгісін жасады. Солардың ішіндегі бірегейі , халқының біртуар қаһарманы – Бауыржан Момышұлының есімі тек қазақ еліне ғана емес бұрын одақ құрамына енген көптеген елдермен қата Кубаға , Герман Демократиялық республикасына , Францияға , тағы басқа Еуропа елдеріне де етене таныс.

    Жарқ етіп туған жарық жұлдыз – Бауыржан Момышұлының ешкімге ұқсамайтын дара мінезі , ерлікке толы ғұмыры – батырды көзінің тірісінде –ақ аңызға айналдырып үлгерді. Осы есім естілгенде кез келген адамның бойына қайрат  пен күштің толассыз ағыны келіп құйылғандай болады.

ІІ. Негізгі бөлім.

 Отырсам көп ойланып күнім жақын,

Әр адам біле бермес сөздің парқын

Ұрпаққа арнап істелген адал еңбек,

Ақ ниетпен ұсындым саған,халқым!

 

      Ия, Бауыржан Момышұлы еңбектерінің қайсысын алсақ та , халықтық педагогика иірімдерін , ұлттық мақтаныш пен намысты , өрлык пен ерлікті , адалдық пен әділдікті дәріптейді. «Ерлік елеусіз қалмасын, олжа-елге,атақ-ерге сауға» дегенде , Отан үшін мерт болғандардың ,адал солдаттардың алдында халықтың берер бағасындай әділеттілік қағидасын еске салады,шындық оқиғалар куәгерінің тілі болады. «Саған өмірді ешкім сыйға тарпайды,оны өзің күресіп жеңіп аласың. Абыройыңды жоғалтпа»,- дей келіп , адам бойындағы адамгершілік сезімдерді  саралап , бөліп көрсетеді.

  

 

 Бауыржан Момышұлы жастардың  қай сезімдерді дәріптеп , қай сезімдерден бойды аулақ ұстау керек екендігін түсіндіріп , патриоттыққа тәрбиелейді.Бұл ұғымдар тәрбиелеу арқылы сана-сезімге сіңіріледі де , адамның бойында саналы іс-әрекетке деген дұрыс мінез-құлық қалыптастырады.

           «Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі адамның асыл белгісі мен қасиеті».  Нағыз ұстаздықтың ұлағаты емес пе ? «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік , өзіңнің мемлекеттке тәуелді екеніңді ,мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, мемлекет деген ұғымды , оны жеке адаммен барлық жағынан , өткенімен , бүгінгі күнімен және болашағымен қарым –қатынасын біріктіреді» , - деп әрбір азаматтың Ел , Отан ер-азаматтық парызын айқын түсіндіріп береді. Парызын ұмытпаған азамат қана биік парасатымен көзге түссе керек.

       Б. Момышұлы – ұрпақ тәрбиесіне жар құлағы жастыққа тимей , қатты көңіл бөлген адам. Оның тәлім-тәрбие туралы көзқарастары – шығармаларында , мақалаларында , сөйлеген сөзінде кең орын алған. Б.Момышұлы тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін , бай тәжірибесін екі мәселеге байланыстыра баяндап отырған : бірі-отбасы тәрбиесі, екіншісі – ерлік дәстүрі , патриоттық және интернационалдық тәрбие.

        Дүниеге келген сәттен бастап өнегеге толы ұлағатты сөздер құлағына сіңіп өскен бала Бауыржан болашақта қайсар рухты батыр,ұлтжанды азамат,көркем шығарма тудырушы жазушы,ақын Бауыржан болып қалыптасты.

 Е, жараушы жасаған !                                  Үлкенінде ұлағат жоқ,

Тілегімізді қабыл ет.                                      Кішісінде инабат жоқ,

Иманымызда кәміл ет.                                  Азаматында ар-ұят жоқ,

Дозақтағы оттан сақта,                                 Көршісінде қошемет жоқ,

Қаңғыған оқтан сақта.                                 Қариясында бәтуа жоқ,

Қара жүрек батылдан сақта,                       Сөздерінде пәтуа жоқ

Ынтымақсыз туыстан сақта,                       Құр айқай шат-шәлекей даңнан сақта.

Дәйексіз тіл тақылдан сақта.                      Ағаларды райлы ғып бер.

Адалдықты арбаған ақыннан сақта.           Апаларды мейірлі ғып бер.

Ашу жеңген ақылдан сақта.                        Жезделерді зейінді ғып бер.

Адамды қадірлемес есерден сақта.             Қарындасты көрікті ғып бер.

Нанды басқан кесірден сақта.                      Інілерді бөрікті ғып бер.

Халықты зәбірлер бастықтан сақта,             Әйелді ақ некелі ғып бер.

Жақынға жала жабатын,                              Баланы қаны толық,шекелі ғып бер.

Қанқұйлы қастықтан сақта.                        Жиендерді жетелң ғып бер.

Жалқау бала намыссыз,                               Қыздарды бақытымен ,

Ожданы жоқ ұлдан сақта.                           Ұрпағы көп өрісті ғып бер.

     

      Халқымызда «Жауынменен жер көгерер , батырменен ел көгерер», - деген қасиетті сөз бар. Батыр , әрі жазушы Бауыржанның осы нақылын оқи отырып , оның жастарға , келер ұрпаққа тәрбиелік рух беріп,патриоттық сезімдерін оятатынын анық аңғарамыз.

         Б.Момышұлы – патриоттық тәрбиенің қажымас жаршысы.  «Жерге тер төгіп,халыққа қан төгіп қызмет етуге аянба», деген сөздері нағыз патриоттың талабы , өзіне де өзгеге де қазақтың қайсар ұлының байлығы мен бақытты туған халқын кімнен болса да артық сүйетіндігінде.

      Батыр Баукеңнің ерлік пен батырлыққа , ақыл мен парасаттылыққа , азаматтық пен адамгершілікке тәрбиелейтін ойшылдық өнегесі , рухани тәлімгерлігі,ұстаздық мектебі біз үшін ең бай мұра.

       «Жасынан жасыған ұрпақ жаумен жағаласа алмайды. Ұрпағың жақсы болып өссін десең , жастайынан шолжаң етпе,жасытпа. Жүгенсіз өскенді тезірек жобаға сал, ақылға келтір,балаңды жөргегінен жөндеп өсір , әйтпесе кеш қаласың,» -дейді жазушы.

    Жасқаншақ елдің отансүйгіштігінің құны көк тиын деп ұғатын батыр айбынды, батыл ұрпақ тәрбиелеуді армандады.Жауынгерлік рух отбасындағы тәрбиеден бастау алады деп есептеген Бауыржан Момышұлы. «Анадан ешкім батыр болып туылмайды Айбындылық аспаннан түспейді. Табандылықтың атасы-татымды тәрбие. Әскери тәрбиенің де тұңғыш мектебі – жанұя.Тұңғыш тәрбиеші - ана», деп ескерткенді.

           Ерлік табиғат сыйы емес,ең алдымен өзіңнің ар-намысыңды,адамның ең ұлы сезімі –азаматтық парызыңды орындау. Уақыт өтіп,заман өзгергенмен Б.Момышұлы жас ұрпаққа мұра етіп қалдырған өнегелі сөздері ,тәлімгерлік  шеберлігі жастарға үлгі.

«Ер жігіттен не пайда?

Ел күйзеліп , жер күйіп.

Отанға дұшпан тигенде,

Жауға қарсы бармасы.»

  Батыр үшін қоғамға тек жүрегі таза,ақыл-ойы ширақ жастар қажет.

«Адал ұлдан не пайда?

Ер намысын қорғауға

Ер намысын қолға алып,

Қару –жарақ тағынып,

Тәуекелге бел байлап,

Атаның жолын қумаса», - деп жазады.

Өмір үшін күресетін батыр да батыл ерлер  керек,-деп ой толғаған.

«Намысыңды нанға сатпа.»

«Ұлттық сезім-қасиетті сезім.»

«Өз ұлтын сыйламау,оны мақтаныш етпеу , сатқындықтың белгісі.»

«Ұлттық рух-ұлы адамның және тұтастай алғанда ұлттың да қасиеті.»

Өзі ұлттық рухты бойына сіңірген ұлы адам болған соң , осылай дейді.

    Батырдың келесі қанатты сөздерін қазақ мектептерінің басты ұраны етіп алса да болғандай.

     «Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті.»

     «Тәртіп – тән үшін  , ынтымақ – жан үшін. »

     «Тәртіпке бас иген - құл болмайды.»

  Оқу орындарының қабырғасына ірі әріптермен ұран етіп жазып қойса , қандай өнеге болар еді ?

   «Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы» . Борышы, міндеті деудің орнына Б.Момышұлы тәртіп ұғымын алға шығарады. Ойындағы мақсатқа жету үшін тәртіп сақтаудың өзі қару екенін түсіндергісі келген.

      «Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз. Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш ете алмайды, ол сөз жоқ-арамза  тексіз әрі қаңғыбас» ,- деп ұмытылмастай ұтымды айтылған.

 

 

 

ІІІ. Қорытынды.

 

     Патриотизм мен интернационализм адам бойында қатар тәрбиеленетін ,  егіз жүретін қасиетті  сезім. Бұл жөнінде жауынгер жазушының әр кезде басты сабақ боларлық түйінді қорытындысы мынадай : «Жастарымыз отаншыл болсын ... Ал отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде- кім ата-анасын ардақтаса , сол ата-анадан бірге туған бауырлармен тату болса , өзінің өскен ауыл , қаласын , туған ұлтын сыйлап , қадірлесе сол адам патриот , отаншыл болады.Өйткені өз әке-шешесін ардақтамаған – өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Үйде бауырмал болмаған , түзде интернационалист болмайды. Өз ұлтын жақсы көрмеген – өзге ұлттарды ұнатпайды. Мұны ұлтшылдықпен шатастырмау керек» , - деп , үйретеді.

      Халық батырының ақыл – ойынан , ақын жанды шабытынан сұрапыл жылдарда туған , қазір де халықтық мұраға айналған қанатты сөздер мол.

        Қорыта келе , патриоттық тәрбие беру барысында жастардың бойында  Отансүйгіштік және сонымен қатар тарихымыздың біртуар ұлдарының ерліктерін талдау , оған терең үңіліп , сүйсіну , талдау жасап қана қоймай , Бауыржандай өз отанының жанашыры болуға талпынуға деген құлшыныс туары хақ.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Патриоттық тәрбие" тақырыбына баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 407 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 4223
    • DOCX 39.3 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдабек Ғалымжан Төрахметұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Молдабек Ғалымжан Төрахметұлы
    Молдабек Ғалымжан Төрахметұлы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84637
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 298 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек