Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Презентации / "Патронаттық тәрбие- жетімдіктің алдын алу"

"Патронаттық тәрбие- жетімдіктің алдын алу"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өмірде ешкімге жамандық жасама, адамдарға қамқор бол №42 орта мектебі
Өмірге адам бір -ақ рет келеді, Жастық шағың өміріңнің кемелі . Күте білсең...
Шамаң келсе,ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді
Біреуге жасаған жақсылығыңды ешқашан міндет етпе
Шын жүрегіңмен жасаған жақсылығың өзіңе қуанышпен оралсын
Нұрланып ізгі жандар тілегімен Күн күлер мейірімнің реңінен Әлемдік сыйластық...
1 из 10

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Өмірде ешкімге жамандық жасама, адамдарға қамқор бол №42 орта мектебі
Описание слайда:

Өмірде ешкімге жамандық жасама, адамдарға қамқор бол №42 орта мектебі

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 Өмірге адам бір -ақ рет келеді, Жастық шағың өміріңнің кемелі . Күте білсең
Описание слайда:

Өмірге адам бір -ақ рет келеді, Жастық шағың өміріңнің кемелі . Күте білсең саулығыңды өрелі , Табиғаттың бергеннен көп берері .

№ слайда 4 Шамаң келсе,ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді
Описание слайда:

Шамаң келсе,ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді

№ слайда 5 Біреуге жасаған жақсылығыңды ешқашан міндет етпе
Описание слайда:

Біреуге жасаған жақсылығыңды ешқашан міндет етпе

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8 Шын жүрегіңмен жасаған жақсылығың өзіңе қуанышпен оралсын
Описание слайда:

Шын жүрегіңмен жасаған жақсылығың өзіңе қуанышпен оралсын

№ слайда 9
Описание слайда:

№ слайда 10 Нұрланып ізгі жандар тілегімен Күн күлер мейірімнің реңінен Әлемдік сыйластық
Описание слайда:

Нұрланып ізгі жандар тілегімен Күн күлер мейірімнің реңінен Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі Өтеді әр адамның жүрегінен


Краткое описание документа:

Патронаттық тәрбие- жетімдіктің алдын алу

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз- белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп шығару. Бүгінгі таңда Қазақстандағы көптеген республикалардағы аса көкейкесті мәселелердің бірі – балалардың әлеуметтік жағдайы, денсаулығы, қоршаған ортаның баланың өміріне белсенді қатынасуы, өздеріне және әлеуметке оңды қатынасы және оларды құқықтық жағынан қорғау. Бұл мәселелердің оңтайлы бір шешімі жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды дамытуға, тәрбиелеуге, оқытуға байланысты.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздегі жетім, тастанды, ата-анасының қарауынан айырылған балалардың көптігіне және балалар үйлері мен интернат мекемелерінің қазіргі жай-күйніе назар аударып отыр. Бұл әлемдегі бірінші орында тұрған мәселе. Дамыған елдерде жетім балалар мәселесі қоғамдық жобалар арқылы шешіліп келеді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында баланы асырап алған адамдар немесе оған қамқорлық көрсеткен мекемелерге мемлекет және қоғам қолғабыс көрсетеді. Швецияда бала асырап алған отбасыларға қосымша қаржы беріліп, кеңес беретін психологтардың жұмысы тегін көрсетіледі. Еліміздегі мемлекеттік емес ұйым өкілдері тастанды немесе жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар үшін жастар үйлерін ашуды ұсынған болатын. Енді бірі балалар үйлерін жанұя түріндегі үйлерге ауыстыру керектігін айтады. Оның себебін балалар үйінен бала асырап алғандардың көбісінің баланы кері қайтарып жатқанымен түсіндіреді. Жетім балалар саны артқан сайын Үкімет тарапынан бөлінетін қаржы да арта түседі. Осы орайда, әлеуметтік сала бойынша жұмыс істеп жатқан үкіметтік емес ұйым мамандары ата-анасыз қалған балаларды жекелеген отбасыларына беру керек дейді

Жетім балалардың әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар әлеуметтік бейімделу деңгейлерінің, әлеуметтік белсенділіктерінің, әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуы төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар, тәрбиеші педагог қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Ол мәселелердің шешімін елі бір, руы бір адамдардың бірін-бірі «бауырым» деген сөздеріне көреміз. Сондықтан, ата-анасынан айырылған тұл жетімдерге немесе ата-анасы баласын бағып-қағуға күйі келмегенде, бір тусы болмаса екіншісі қамқоршы бола білген.

Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы қадам. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан баланың дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоцианалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.

Бұл балаға жетімдік қиянатын тарттырмаудың бір жолы. Қазіргі кезде жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата - аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі жандарға үкіметіміз қолдау көрсетуде. Мысалы, соңғы жылдары баланы жаңа отбасына бейімдеудің тағы бір түрі - патранаттық тәрбие жолға қойылды. Патронаттық тәрбиеның жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен айналасындағы адамдардың тұрақты түрде қарым - қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол. Мемлекет қарамағындағы жетім балаларға отбасылық тәрбие беру тәжірибесі жүйелі жолға қойылуда. Солардың бірі – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге алу. Бұл ретте елімізде көптеген отбасылар жетімін жылатпаған ел екенімізді дәлілдеп, мектеп-интернаттардан бауырларына бала басуға құлышынып отырғандары да баршылық.

Патронаттық тәрбие– ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға берілетін қорғаншылық және қамқоршылық тәсілдерінің бірі.

Патронат ата-ана қамқорлығына алған баласының жанының терең түкпіріне үңіле білсе, баланы тыңдай білсе, өзін де тыңдата алса, бала құқығына қол сұқпай тәрбие ісіне басшылық жасаса, дұрыс нәтижеге жетеді. Патронат ата-ананың өзінің де дүниетанымы кең болып, баланы дүниені танып білуге, байқампаз болуға, білімге қызығушылығын арттыруға күш салып, бүгінгі шешуі қиын деген мәселенің ертең түкке тұрғысыз жеңіл болып қалатынына сендіре білуі керек. Балалармен арадағы қатынас адамгершілік негіздеріне сүйенсе ғана нәтижелі болады. Бала көңілі сезгіш, оның өмір жолын таңдауға өз құқы бар. Сондықтан біз оларға үлкен өмірдің таңдауын жасарда көмек қолын созсақ, сәттілік әкеледі. Бала жаны әрқашан жылу мен мейірімді қажет ететінін естен шығаруға болмайды. Біздің өзіміздің адамгершілігіміз, өз жұмысымызға берілуіміз, баланы сыйлап қадірлеуіміз, әділ шешім шығару арқылы қатаң да дұрыс талап қоя білуіміз маңызды.

«Балалы үй- базар, баласыз үй- қумазар ». Қазақ бауыр етін қастерлеп - әлпештейтін періште жандардың қазіргі тағдыры алаңдатып барады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мәселесі – қашан және қай уақытта болмасын әрбір мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Сөз жоқ, бұл балаларға еліміздің тарапынан қаншалықты жағдай жасалып жатқанымен де, ата-ананың аялы алақаны мен мейірімі жеткіліксіз. Ата-ананың махаббатын көрмеген баладан қандай болашақ күтеміз? Сондықтан да, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алып, отбасындағы жылы қарым-қатынасты көрип, ата-ана жылуын сезінуіне көмектессек игі еді. Сондықтан жүрегі кең, тұрмысы тәуір азаматтар балалар үйінен қамқоршылыққа, патронатқа бала алып жатса, елімізде жетім балалар саны азаяр еді. «Жетім дегеніміз – балалық шағында тәрбие көрмеген адам »- деген екен бір ғұлама. Ендеше, жетім балалардың жауапкершілігі жоқ ата-ананың құрбаны екендін ұмытпайық.

№42 орта мектептің әлеуметтік педагогы

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров504
Номер материала 275661
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх