Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Печатная продукция по казахскому языку

Печатная продукция по казахскому языку

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



7 сыныпқа қазақ тілі пәнінен

«Әлеуметтік – тұрмыстық аяға» арналған қосымша






hello_html_7b5a06ec.gif

hello_html_641915db.gif




hello_html_73fe3e92.gif




Авторы: №39 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Тұмарбекова Назгүл Елубайқызы




Павлодар, 2012 жыл




АЛҒЫ СӨЗ


Жаңа бағдарламаға сәйкес 7 сыныптың тақырыптары үш аяға бөлінген. Ұсынылып отырған материалдар әлеуметтік-тұрмыстық аяны қамтиды. Бұл дидактикалық материалдар осы ая арқылы оқушының тілді меңгеруіне зор септігін тигізеді. Сонымен қатар мұғалімдерге арналған көмекші құрал болып табылады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар оқу әрекетінің төрт түрін және репродуктивтік, эвристикалық және шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды, өз білімдерін тексеру тапсырмаларын, сөздіктерді аудару арқылы сөздерді есте сақтау тапсырмаларын, нәтиже сабақ тапсырмаларын, мәтінмен жұмыс істеу тапсырмаларын орындайды.



















39 Павлодар қаласының инновациялық

үлгідегі гимназиялық сыныптары бар

жалпы білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Тұмарбекова Назгүл Елубайқызының жұмысына



Рецензия


Бұл 7 сыныптарға арналған дидактикалық материалдар оқушылардың жас ерекшелігіне сай, жаңа бағдарламаға сәйкес қосымша материал ретінде жазылған. Ұсынылған материалдар оқушылардың қазақ тілінен алған білімін нығайтуға, пысықтауға арналған. Оқушылар сабақта алған білімдерін өздігінен тексеруіне болады.





ПаУ





























Қазақстан – біздің Отанымыз


hello_html_m4f59575d.png


Қазақстан Республикасы – Еуразия құрылығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең – байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.

Қазақстанның тарихы талай мыңдаған ғасырларды қамтиды, жері шежірелі. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.

Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. Біздің тәуелсіз еліміздің өз елбасымыз, Ата заңымыз, астанамыз, мемлекеттік рәміздеріміз, ұлттық валютамыз бар.

Біздің еліміздің даңқы күннен – күнге өсіп келеді.

Тапсырмалары:

1. Репродуктивтік деңгей.

1. Сөздерді жіктеңдер: азамат, патриот 10 ұпай

2. Сұрақтарға жауап беріңдер: 10 ұпай

а) Қазақстанның жері қандай?

ә) Мұнда нелер бар?

б) Елімізде нелер көптеп кездеседі?

2. Эвристикалық деңгей.

1. Жіктік жалғауларын қолданып, бірнеше сөз тіркестер құрыңдар. 20 ұпай

2. Қазақстанның табиғатын Ресей елінің табиғатымен салыстырып, ВЕНН диаграммасын жаса. 25 ұпай

3. Шығармашылық деңгей.

1. Берілген сурет бойынша шағын мәтін құрыңдар. 35 ұпай





Астана – арман қала

hello_html_516b9bf.png


Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Астана – 1997 жылдың 10 желтоқсаннан бастап біздің Республикамыздың астанасы болды. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан.

Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Астана – ірі өндіріс, мәдениет орталығы, көлік жолдарының түйіскен жері. Әсем астанада ірі ғимараттар көз тартады: Ақ орда, Парламент үйі, Бәйтерек, Хан шатыр, Конгресс – холл, түрлі ескерткіштер, танымдық мұражайлар, Қазақ елі монументі, Нұр – Астана мешіті, ірі оқу орындары т.б. көптеген көрікті жерлер көп.

Астана – арман қала.


Тапсырмалары:

1. Репродуктивтік деңгей.

1. Көп нүктенің орнына жіктік жалғауларын қойып жазыңдар:

а) Мен Астананы көрді ... .

ә) Біз мұражайды аралады ... .

б) Сіз Хан шатырда болды .... ба? 10 ұпай

2. Берілген сөйлемдердің қазақша аудармасын мәтіннен тауып оқы. 15 ұпай

а) Она расположена на берегу реки Есиль.

ә) За короткое время город очень изменился.

б) Астана – город мечты.

2. Эвристикалық деңгей.

1. Жіктік жалғауларын пайдаланып тақырып бойынша диалог құрыңдар. 20 ұпай

2. Мәтінді оқып, өзгерістер енгізіңдер. 25 ұпай

3. Шығармашылық деңгей.

1. «Астана – арман қала» тақырыбына сурет салыңдар. 30 ұпай




Біздің рәміздеріміз

hello_html_75350413.png


Қазақстан Республикасының өзіне тән мемлекеттік рәміздері бар. Олар: Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран көрінеді. Күн және қыран бейнесі алтын түсті. Тудың сол жағында ұлттық өрнек бар. Авторы: Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбамызда шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның авторлары: Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.

Мемлекетіміздің Әнұраны 2006 жылы өзгертілді. Әнұранның сөзін – Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, әнін – Шәмші Қалдаяқов жазған.

Тапсырмалары:

1. Репродуктивтік деңгей.

1. Берілген сөз тіркестерін жіктеңдер: туды құрметтеймін, елтаңбаны қадірлеймін, әнұранды айтамын. 15 ұпай

2. Сұрақтарға жауап беріңдер: 10 ұпай

а) Туда не бейнеленген?

ә) Рәміздердің авторлары кімдер?

б) Әнұран қашан өзгерді?

2. Эвристикалық деңгей.

1. Мәтін бойынша диалог құрыңдар. 20 ұпай

2. Туымызды бірнеше елдердің туларымен салыстырыңдар. 20 ұпай

3. Шығармашылық деңгей.

1. Тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастырыңдар. 35 ұпай






Баянауылдың әсем табиғаты


hello_html_339c219a.png

Баянауыл - Павлодар облысының ең әсем жері. Ол – қастерлі мекен.

Баянауылдың көгілдір таулары, мөлдір көлдері бар. Таулардың қойнауларында орман – тоғайлар: қарағай, терек, қайың, мойыл, шырша т.б. ағаштар түрлері өседі. Мұнда көлдер де аз емес. Олар: Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр. Баянауылдың орман – тоғайларында жабайы аңдар мен құстардың алуан түрлерін кездестіреміз. Бұл өңірдің байлығы ұшан – теңіз.

Баянауыл- туған халқына қызмет еткен талай атақты, ардақты азаматтардың елі. Әсем табиғаттың әсерінен көптеген белгілі ақын – жазушылар, ғалымдар шыққан.

Республика үкіметінің шешімі бойынша Баянауыл аймағы қорық болып жарияланды.

Тапсырмалары:

1. Репродуктивтік деңгей.

1. Жақша ішіндегі сөз тіркестерін аудар.

а) Баянауыл - Павлодар облысының (самое красивое место).

ә) Баянауылдың көгілдір таулары, (прозрачные озера) бар.

б) Республика үкіметінің шешімі бойынша Баянауылдың аймағы (объявлено заповедником) 10 ұпай

2. Сұрақтарға жауап беріңдер: 10 ұпай

а) Баянауыл – қайда орналасқан?

ә) Онда қандай көлдер, ағаштар бар?

б) Баянауылдың табиғаты қандай?

2. Эвристикалық деңгей.

1. Баянауылдың ақын – жазушылары туралы бірнеше сөйлемдер құрыңдар.20 ұпай

2. Түрлі салаларда қызмет еткен Баянауылдан шыққан атақты адамдарды тауып кестені толтыр. 25 ұпай

Ақындар

Жазушылар

Ғалымдар

Батырлар

Басқа салалардан






3. Шығармашылық деңгей.

1. Баянауыл туралы шағын шығарма жазыңдар. 35 ұпай





Павлодар – туған қалам


hello_html_56f4bbe4.png


Павлодар Қазақстанның солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің оң жағында орналасқан. 1720 жылы Коряковский қамалы деген атпен қаланды. Қазақтар оны Тұзкент, Тұзқала атауларымен белгілі. Павлодар 1861 жылы қала, ал 1938 жылдан бері облыс орталығына айналады.

Павлодардың жер қойнауы көмірге бай. Мұнда түсті және сирек материалдар, ас тұзы өндіріледі.

Қалада машина жасау, түсті металлургия, мұнай айыру, металл өңдеу, құрылыс материалдар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Маңызды кәсіпорындары: Павлодар трактор зауыты, Павлодар аллюминий зауыты.

Жазы ыстық, қысы ұзақ, суық және боранды.

Тапсырмалары:

1. Репродуктивтік деңгей

1. Мәтінге сөздік құрастыр. (15-20 сөз) Мысалы: солтүстік – север, жер – земля ... 10 ұпай

2. Сұрақтарға жауап беріңдер: 10 ұпай

а) Павлодар қайда орналасқан?

ә) Қашан облыс орталығы болды?

б) Павлодар қандай қала?

2. Эвристикалық деңгей

1. Мәтін бойынша жоспар құрастырып, өз сөздеріңмен айтып шығыңдар. 20 ұпай

2. Павлодар қаласы туралы мына кестені толтыр. 25 ұпай

театрлар

көшелер

жоғарғы оқу орындары

сауда үйлері

зауыт-фабрикалар






3. Шығармашылық деңгей

1. Павлодар қаласы туралы мәтінде айтылмаған тағы қандай мәліметтер білесіңдер? «Павлодар – туған қалам» атты әңгіме жазыңдар. 35 ұпай




















































Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Краткое описание документа:

Дидактикалык материал. Жаңа бағдарламаға сәйкес 7 сыныптың тақырыптары үш аяға бөлінген. Ұсынылып отырған материалдар әлеуметтік-тұрмыстық аяны қамтиды. Бұл дидактикалық материалдар осы ая арқылы оқушының тілді меңгеруіне зор септігін тигізеді. Сонымен қатар мұғалімдерге арналған көмекші құрал болып табылады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылар оқу әрекетінің төрт түрін және репродуктивтік, эвристикалық және шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды, өз білімдерін тексеру тапсырмаларын, сөздіктерді аудару арқылы сөздерді есте сақтау тапсырмаларын, нәтиже сабақ тапсырмаларын, мәтінмен жұмыс істеу тапсырмаларын орындайды. 

Автор
Дата добавления 01.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров624
Номер материала 165719
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх