Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / Пед кеңес баяндама тақырыбы -«ТИІМДІ САБАҚ- ОҚУШЫ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ”

Пед кеңес баяндама тақырыбы -«ТИІМДІ САБАҚ- ОҚУШЫ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ”

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:





ҚР ДС және ӘДМ Бурабай республикалық оңалту орталығының орта мектебі








«ТИІМДІ САБАҚ- ОҚУШЫ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕТІСТІККЕ

ЖЕТУ ЖОЛЫ”




Физика пәнінің мұғалімі:Каркенова Ж.Х.



2014-2015 оқу жылы






«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады»,

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай ал ұлы физик Галилео Галилей:
Адамды жаңа нәрсеге үйрету мұмкін емес, тек соны өз бойынан ашуға көмектесу керек деген.

Физика сабағында табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары.

Білім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс –тәсілдер қолданамыз. Соның ішінде оқушының белгілі бір жетістікке жету үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу.Егер оқушы өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды,онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады.Осындай жағдайда мұғалім оқушының қандайда бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса,мұғалім жұмысының жетістігін көруге болады.

  1. Мадақтау .Мұғалім сабақта оқушының өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың», «Мен сендерді мақтан тұтам», «Сен өте ақылдысың» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс.Бұл сөздер оқушының бойында мұғалімнің өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, жақсы оқуға тырысады.

  2. Бір мүмкіндік.Оқушының күтпеген жерден өзіннің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі.Мұндай жағдаятты мұғалім арнайы дайындамайды,ол осы мүмкіндікті табиғи тәрбиелеудегі дарынымен ,бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланады.

  3. Еліктеу.Кластағы немесе мектептегі үлгілі оқушылардың жетістістіктерін үлгі ете отырып оқушының бойында «Сенде неге сондай болмасқа» , «Мен саған сенемін», «Бұл сенің қолыңнан келеді» деп оқушының бойында еліктеушілікті туғызу.

  4. «Кешіктірілген баға». Оқушыға бірден төмен баға қоймай, «Сенің бағаң күндегіден төмен болып тұр.Сен үнемі сабаққа дайындалып келетіндіктен, мен саған бір мүмкіндік беремін.Келесі жолы бұданда жақсы жауап беретініңе сенемін» деп оқушыға алға қарай ұмтылуына жағдай туғызу.

  5. Алдына –ала ойластырылған қателік.Сабақта мұғалім есеп шығару барысында, теорияның тұжырымдау барысында « Мен бір жерден қателестім. Бір минут. Қазір қарайын» деп оқушылардан көмек сұрайды. Бұл оқушының алған білімін жинақтап, тиянақтау үшін және шығармашылық қабілетін арттыруға қолданылатын әдіс-тәсіл.

  6. Көкжиек сызығы. Оқушының бойындағы қабілетін арттыру үшін өте қызықты тақырыпта (мысалы: «Сүңгуір қайық», «Танк»жайлы )баяндама жасауды тапсырады, бірнеше баяндама жасағаннан соң «Сен өте қабілеттісің , біз олимпиадаға дайындалсақ қайтеді» деген ұсыныспен оқушының өз еркімен ізденуге,ғылым мен техникаға деген ынтасын оятып, адамның ақыл –ойының дамуына ықпал жасайды.


Физика сабақтарында оқыту барысында жақсартуда жеті модульді қолдану

  • 0Баяндамамның тақырыбына ұқсас "ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУ БАРЫСЫН ЖАҚСАРТУДА ЖЕТІ МОДУЛЬДІ ҚОЛДАНУ"тақырабана келетін болсам, бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған.

  • бБұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.
    Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
    Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
    Бүгінгі таңда білім беруде өмірдің өзі жаңа идеялар мен әдістерді талап етеді. Әр мұғалім білім беруде көптеген қиындықтармен кездесіп отырады. Бірақ «мұғалім» атты мәртебелі мамандық иесі бұндай қиындықтардан шығудың жолын таба білу керек. Ол үнемі өз білімі мен біліктілігін жетілдіру бағытында жұмыстанады. Мен де оқу үдерісіне өзгеріс енгізіп, шәкірттерімнің өз ойларын еркін және ашық айтып, көзқарасын білдіріп, дәлелдер келтіре отырып, практикада қолдана білуге үйреткім келеді. Кембридж университетінің «Мұғалімге арналған нұсқаулығын» негізге ала отырып, мен өз сабақтарымда жеті модульді қолданып, оқыту барысын жақсартуға тырыстым.
    Физика пәні күрделі пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну қажет! Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне, осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануы тиіс. Жаңа форматтағы оқудан кейін менің сабақ беру стилім көптеген өзгерістерге толы десем қателеспес едім. Бұған дәлел сабақтардан кейінгі оқушылардың рефлексиялары «Бүгін физика сабағы ұнады. Өзімізді еркін ұстадық», «Физика сабағының осылай өткені жақсы екен. Сурет арқылы ойымызды ортаға салдық», «Сабақ өте қызықты өтті. Өзіміз жаңа сабақты аштық», «Маған ұнағаны физикалық құбылыстарды ертегілерде, мақал - мәтелдерде қолданғанымыз».
    Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде
    «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік - сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана оқушыларды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.[1, 12 - б]
    Сабақтарымда әр түрлі Блум өлшемдеріне негізделген сұрақтар, оқушылардың біріге отырып білім алуларына ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар арқылы диалогтік оқыту әдістерін енгіздім.
    Мысалы, заттың құрылысы тақырыбында дене мен затты ажырат «аллюминий қасық ағаш үстелдің үстінде жатыр», жылу берілу түрлеріне байланысты «Қандай аяқ киімде қыста аяқ тез тонады: тарда ма, әлде кеңде ме? немесе «Көмірқышқыл газы бар ыдыс таразыда теңгерілген. Белгілі бір уақыттан соң тепе - теңдік бұзылды. Неліктен?», жылу құбылыстары бойынша бір жуан, бір жіңішке сұрақтар дайындап келу, жылу мөлшерін қорытындылау тақырыбында «Жылу құбылыстарын Шықбермес Шығайбайдың үйінен іздейік», «Мақал - мәтелдерден жылу құбылыстарына қатысты оқиғаларды тап» деген сұрақтарға оқушылар бір - бірімен жарыса отырып жауап берсе, рөлдік ойындарға аса қызығушылықпен қатысады.
    Оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.[1, 40 - б]
    Түрткі болуға арналған сұрақтар бойынша қарапайым, өткен материалға оралу, толық жауап беруге итермелеу болғандықтан мен өз сабағымда үй тапсырмасын тексеруде, бекітуде қолдандым. Мысалы: «Молекула не екенін 7 кластан білеміз. Оның қасиеттері қандай? Диффузия заттың қай күйінде болады? Мысал келтіріңіз» деген сұрақтарға оқушылар нақты, дәл, өткенді еске түсіре отырып, толық жауап беруге тырысады.
    Сынақтан өткізу сұрағы анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеясын дамытуға көмектеседі. Мұндай сұрақтарды «Жылу берілу түрлерін» өткен кезде «Үйдің подвалы неліктен салқынырақ болады», «Стаканға ыстық шай құймас бұрын қасық салынады. Неліктен?» т. б. және жуан (Неліктен сулы қара түсті киімдерді ақ түсті киімдердің қасында ұзақ уақыт ұстауға болмайды?), жіңішке (Газ бен сұйықтың қайсысында диффузия құбылысы тез жүреді?) сұрақтар дайындауда қолданылды. Қайта бағыттау сұрақтарына «Сынған карындашты біріктіре аламыз ба?» деген сұрақтарды қолдануға болады.
    Диалог арқылы оқыту оқушылар логикалық ойлай алатын, қоршаған әлемнің ғылыми бейнесін жасай алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді және оқушыға жеңілден күрделіге бағытталған сұрақ қоя отырып, оның дұрыс жауап беруіне мүмкіндік беретін болсақ, оның өзіне деген сенімі артып, алған білімін қолданып, талдай алатындығына көзім жетті.
    «Қалай оқу керектігін үйрету» модулінің атауы «өзін - өзі реттеу» үдерісіне жатады. Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсетуін Жером Брунер «орман өсіру» деп тауып айтқан, яғни мұғалім оқушыларды біртіндеп тапсырмаларды аяқтауға итермелеп, жол көрсетіп отырады. Білім алудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, себебі оқу үдерісін дамыту арқылы оның мәні де айқындала бастайды: білім алу тәуелсіз сипат алып, өздігінен реттелетін болады
    Өзін өзі реттеу әдісінің тиімділігі оқушы алдына мақсат қоя білуге үйренеді және сол мақсатқа жету үшін ізденіп, шығармашылықпен жұмыстануға дағдыланады.
    Физика сабағында оқушыларды сыни ойлауға үйрету - күрделі мәселе. Дегенмен, өткізген сабақтарымда осы әдісті қолдануға тырыстым. Мысалы, жылу құбылыстарына қатысты бейнеролик көрсетіп (жыл мезгілдерінің ауысуы, судың қайнауы, оттың жануы т. б.), Не көрдік? Не байқадық? Ондай құбылыстар неге байланысты өзгереді? «Жылу мөлшері. Жылу балансының теңдеуі» тақырыбында әр түрлі денелерді қойып, «Не сезіндің? Неге олай?» деген сұрақтар арқылы оқушыларды ойлауға, өз бетімен саралауға, өз ойларын ашық айтуға, дұрыс сөйлей білуге бағыттадым. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды.

  • Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте - бірте қадам жасала бастайды. Сыни ойлауды дамыту үшін оқушыларға ойланып - толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беріп, олардың әр түрлі идеяларын қабылдап, мадақтап, еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек.
    Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез – келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.
    Сыни ойлау арқылы оқушылар өздеріне деген сенімдері артып, өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінеді, белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болады.
    Оқушылардың сабақ соңында өз - өзін бағалау критериі бойынша бағалаулары, сабақтан соң сабақ туралы рефлексияларын жазуы олардың сыни ойлай алатындықтарын көрсетеді.
    Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
    Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады.

  • оОқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.[1, 58 - б]
    Оқушылар өздерінің қандай деңгейде отырғандығын анықтау үшін барлық сабақтарда бағалау критерилері беріледі. Ол мен үшін де қай оқушының білім алудың қай бөлігінде екенін біліп отыруым үшін маңызды. Өзін - өзі бағалаудың тиімділігі - ынталандыру, өз - өзіне сенімділігін арттыру, жасаған еңбегінің жемісін көрсетуге септігін тигізеді деп ойлаймын.
    Осындай жұмыстар жүргізу нәтижесінде оқушылар өз - өзін, бір - бірін бағалап үйренеді. Оқушылар өз - өздерін бағалау арқылы өз білімдерінің қандай деңгейде екенін біліп, түсініп отырса, бір - бірін бағалау арқылы жауапкершіліктері артып, әділдікке үйренеді.
    Сандық технологиялдар заманында ақпараттық - коммуникативтік технологиялар өмірлік қажеттілікке айналып отыр. Интерактивті тақтаның кең ауқымды мүмкіндіктерін пайдалана отырып, флипчарттар құру, бейне және аудио жазбалар енгізу, презентация құру, виртуальды зертханалар өткізу, молекулалардың қозғалысын бақылау, компьютерлік модельдеу, интернет желісінен қажетті материалдарды алу және электрондық оқулықтарды қолдану, оқушылардың білімін бағалау үшін Activote құралын, эксперимент жасағанда Регистр GLX - ті пайдалану АКТ - ның қаншалықты қажет екенін, онсыз сабақ өткізуді қазіргі таңда елестету мүмкін еместігінің дәлелі.
    Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу – оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстар мен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.[3, 49 - б]
    АКТ - ны қолданудың тиімділігі оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, топтасып жұмыстануға, шығармашылық тапсырмаларды шапшаң, әрі нақты орындай алады.
    «Жылу құбылыстарын қорытындылау» сабағында оқушылардың ауызша есептеу қабілеттерін арттыру, формулалар мен өлшем бірліктерді қайталау мақсатында интерактивті тақтаға кестелер жазып, оқушыларға толтырту арқылы «Білім - басты мұрат» атты сөзді шығару, оқушылардың сол сабақтағы негізгі мақсаты білім алу екендігін айтып, пәнге қызығушылығын арттырдым.
    Оқу үдерісінде АКТ қолдану оқытушының жеке іс - тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. АКТ оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер береді. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға жігерлендіреді.
    АКТ - ны физика сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады.
    Талантты және дарынды балалармен жұмысқа мұғалім ерекше ықыласпен қарау керек. Өйткені қазіргі «кішкентай Эйнштейндер» еліміздің дамуы мен көркеюіне өз үлестерін алған білімдерінің нәтижесінде қосатын болады. Ұлы Абай адамды қоршаған орта – табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы – туылғаннан бастап білуге, тусінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ақын адамның ойы мен санасы еңбек іс - әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Сондықтан әр мұғалім оқушыларды заман талабына сай тәрбиелеуде олардың жеке қабілеті мен бейімділіктерін, дарындылығын ескере отырып, тапсырмаларды деңгейіне сай дайындап, оқушыларды жалықтырмайтындай, қабілетін одан әрі арта түсіру бағытында жұмыстануы қажет. Мен өз сабақтарымда дарынды және талантты оқушылармен төмендегідей жұмыстар жүргіздім. «Жылу мөлшері. Жылу балансының теңдеуі» тақырыбын өткен кезде қабілетті оқушыларды бір топқа бөліп алып, «Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау» тақырыбында эксперименттік тапсырма бердім. Оқушылар қажетті құрал - жабдықтарды, жұмыстың мақсаты, барысын өздері анықтап, нәтижеге қол жеткізді. Қабілетті оқушылар бір топта отырғанда әрқайсысы пікірлерін айтып, ортақ бір қорытындыға келді. Сонымен қатар «Жылу берілу түрлері» тақырыбына презентация жасап, Power point мүмкіндіктерін шебер қолданып, физикалық тұрғыдан сауатты қорғап, өз ойларын жеткізе білді. Жалпы класта дарынды және талантты оқушылардың болғаны, әрине, жақсы. Себебі ондай оқушылар тек өздері білім алып қоймайды, нашар оқитын оқушыларды үйретіп, алға жетелейді.
    Орыстың ұлы педагогы В. А. Сухомлинский: «Мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оның толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл – тұлғаны адамзат қадір - қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз» деп көрсеткендей дарынды да, талантты оқушыларды ғылымға баулу, ғылым арқылы жас ұрпақты дарындылыққа баулу әр ұстаздың міндеті. Ендеше баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.
    Когнитивтік даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, когнитивтік даму оқуға деген қабілеттілік, сондай - ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар когнитивтік даму теориясы шеңберінде сипатталады.[1, 78 - б] Бұл орайда жас ерекшеліктеріне сай оқыту модулі туралы айтуға болады.
    Бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту модулімен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр.
    Жас ерекшеліктеріне сай оқыту модуліне байланысты мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді білім алуға қолайлы жағдай жасауы қажет. Бұл жерде мұғалім шебер көшбасшы бола білуі керек. Мен сабақтарымда әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оң нәтижеге қол жеткізуге тырысып, оқушылардың өздерінің жастарына сай білімді алып, оны практикада қолдана білуіне қолайлы жағдай жасап отырамын.
    Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш - қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып адамдарға әсер етуге болады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды және стратегиялық тұрғыдан ойлауды жетілдіре аламыз.[1, 88 - б]
    Мұғалімдер өздерінің әріптестеріне және айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.[1, 90 - б] Мен де әріптестерімнің арасында «Бағалау. Бағалау түрлері», «Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийі», «Сабақ үрдісінде оқушы белсенділігін арттыру» тақырыптарында семинарлар өткізіп, әріптестерімді қызықтыра отырып, олардың қолдауларына ие болып, көшбасшы бола білдім деп ойлаймын.
    Оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдерді мұғалім сабақтарында сапалы, тиімді қолдана білсе, онда оқушылар арасынан міндетті түрде көшбасшы шығатындығы сөзсіз. Менің оқушыларымның арасынан жарып шыққан көшбасшы оқушылар болды. Олар сабаққа белсенділікпен қатысып, топтық, жұптық жұмыстарда топ пікірін қорғап, қосымша тапсырмаларды орындап, басқа оқушыларға көмектесе білді.
    Күнделікті сабақ барысында мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, нақтылығы, оқушымен қарым – қатынасы, әдістемелік шеберлікпен жаңаша бағалау түрлерін қолдана білуі – оқушылардың танымдық, шығармашылық, қарым – қатынас құзыреттілігін арттыруға жол ашады.
    Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын...[4] Болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.
    Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз.
    Әдебиеттер тізімі:
    [1] Мұғалімге арналған Нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей// НИШ. Кембридж университеті. Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2012. 12 - бет,
    [2] ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім - Образование - 2006, №2, 15 - 18 б.
    [3] Жексенгалиева Г. Ж. Физика сабақтарында АКТ - ны қолданудың тиімділігі//Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал. Математика және физика. №2, 2007.
    [4] Мұсатаева Б. И. Кәсіби біліктілікті артыру жүйесін модернизациялауда ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі. http://www. manshuk. kz/index.(02.
    11. 2012ж.)

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 27.10.2015
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров1638
Номер материала ДВ-100569
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх