Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Педагог - психологтың жұмысы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Педагог - психологтың жұмысы.

библиотека
материалов

Психолог

Психолог-педагогтың жұмысы

Естiген нәрсенi ұмытпастыққа төрт түрлi себеп бар: әуелi — көкiрегi байлаулы берiк болмақ керек; екiншi — сол нәрсенi естiгенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңiлденiп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшiншi — сол нәрсенi iшiнен бiрнеше уақыт қайтарып ойланып, көңiлге бекiту керек; төртiншi — ой кеселi нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдерi: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкiшiлдiк, я бiр қайғыға салыну, я бiр нәрсеге құмарлық пайда болу секiлдi. Бұл төрт нәрсе — күллi ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

(Абай Құнанбаевтың отыз бiрiншi қара сөзi)

Психологиялық көмек адам өмiрiнiң барлық кезеңдерiнде қатар жүретiн уақыт жеттi. Мектепке дейiнгi мекемеде психологиялық қызмет құру қажеттiлiгi басқа түскен қиыншылықтарды кеңiнен шешуге қабiлеттiлiгi дәлелдейдi:

  • Баланың қабiлеттерiн ашуда, дамуында, бойындағы икемдiлiктерiн байқауға, баланың психологиялық және жеке тұлғалық дамуындағы болатын кемшiлiктерiнiң алдын алуда психологиялық көмектiң маңызы зор;

  • Балалардың толық құнды тұлғалық және интеллектуалды дамуына әсер етедi;

  • Әр балаға жеке көңiл бөлудi қамтамасыз етедi

  • Мектепке дейiнгi жалпы бiлiм берудiң бағдарламасымен қатар жүредi;

  • Мектепке дейiнгi мекемедегi психологиялық климаттың жайлы болуын қалыптастыруға жәрдем жасайды;

  • МДМ-нiң педагогикалық ұжымының мүшелерiне және балалардың ата-аналарына уақытында психологиялық көмек көрсетедi.

  • Балалардың мектепке дайын болуына психологиялық әсер етедi.

Педагог-психолог жұмысының негiзгi бағыттары психологиялық ағартушылық, психологиялық алдын алу, психологиялық және психо-педагогикалық диагностика, дамыту және психотүзету жұмыстары, психологиялық ақыл-кеңес беру болып табылады.

Психологиялық ағартушылықтың негiзгi мағынасы тәрбиешiлер мен ата-аналарды баланың психологиялық дамуына жайлы жағдай жасаудың негiзгi заңдылықтары мен шарттарымен таныстыруда жатыр.

Ағартушылық жұмыстың тақырыптық мазмұны ата-аналар мен тәрбиешiлердiң қалауынша болса, психологтың да қалауынша болуы мүмкiн. Психологиялық алдын алу баланың даму процессi, қандай да дағдыларының қалыптасуы, пайда болған қиыншылықтары туралы уақытында хабарлауды қарастырады.

Психологиялық диагностика — бұл балаларды МДМ болған уақыт iшiнде тереңдетiлген психолого-педагогикалық тұрғыда бақылау, олардың оқыту және тәрбиелеу үрдiсi кезiнде жеке мүмкiндiктерiн анықтау, педагогтарға ұсыныстар жасау және ата-аналарға тәрбиелеу, оқыту және дамуға байланысты сұрақтарды шешуге жәрдем көрсету. Диагностика әңгiмелесу, бақылау, сауалнама алу, баланың шығармашылығын талдау, тестiлеу түрiнде өткiзiледi.

Дамыту және психотүзету жұмыстары өз жұмысында балалармен, ата-аналармен, тәрбиешiлермен толық құнды психологиялық және тұлғалық дамуды қамтиды. Топпен, жеке, тренинг сабақтар, дарынды балалармен жұмыс, мектепте оқуға даярлау жұмыстары жүргiзiледi.

Ақыл-кеңес беру жұмысы ата-аналармен және педагогтармен ұсыныс жасау түрiнде өтедi.

3-4 жасар балалардың ерекшеліктері

Сюжеттiк-рөлдiк ойындар — 3-4 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекшi iс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тiлге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезiмталдығымен ерекшеленетiндiктен, баланың тiлiн дамытуға өте қолайлы.

Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлi сұрақтар қойып, өздерi бiлетiн ертегiлердi бар ынтасымен айтып бередi. Танымдық қызығушылығы белсендi болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ iс-әрекетке қатысушы есебiнде қабылдайды.

3-4 жасар баланың өзiн-өзi бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — бiреу оның тұлғалық қасиеттерiн дұрыс бағаламаған кездегi өз-өзiн қорғаудың «тұлғалық» механизмi болып табылады.

3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерiсiнiң — сезiну мен қабылдау түрлерi қалыптасады. Фонематикалық есту, түстi ажырату, көз қырағылығы, заттардың пiшiнiн ажырату қабiлеттерi жетiле түседi.

Балалар заттарды ұстап көрiп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшедi. Жаңа заттарды қарап, көзбен көрiп танудан сипап-сезу, есту, иiскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.

Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3-4 жастан бастап баланың есi ерiксiз сипатта болады. Бала материалды өзi iс-әрекетке тiкелей қатысу арқылы есiне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабiлетi сапалық өзгешелiгiмен ерекшеленедi. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол — өзiмшiл. Оған анимастикалық түсiнiктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрiн өзiмен салыстырады, олар да өзi сияқты ойлауға және сезiнуге қабiлеттi деп ойлайды.

Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуiр ашық бөлiгiн ажыратады.

Мектепке дейiнгi кiшi жастағы балаларда кеңiстiк, уақыт, сан туралы қарапайым түсiнiктерi қалыптаса бастайды.

3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсiне бастайды. Тек қана өзi ғана емес, басқа да тiршiлiк иелерi де тағам мен судағы қажеттiлiгi бар екенiн түсiнедi. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекетi әлi де ойынмен бiрге ұштаса отырып жүргiзiледi. Әр түрлi материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттерi мен құрастырудың ерекшелiктерiн танып-бiледi.

Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегi түрлерiнiң әдiстерiн меңгередi (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектердi қолдан жасау).

Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтiнiн эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсiнгендiгi сөйлеу тiлiнде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттерi үстiнде байқалады.

Бала үшiн бейнелеу өнерi — өзi жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзi сияқты дербестiгiмен, ашықтығымен ерекшеленедi.

Мүсiндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пiшiндер тiрiлiп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пiшiндердi, түстi дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттердi бейнелей алады.

Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетiн меңгертуге өте қолайлы.

Мектепке дейiнгi кiшi жаста баланың моторлық қызметтерi қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсендiлiгi iс-әрекет дербестiгiнiң жоғары деңгейлiгiмен сипатталады.

3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы бiлiне бастайды, бұл кезеңде бала өзiндiк еркi бар жеке адам екенiн түсiне бастайды. Ми қызметi мен психикалық қызметi қарқынды дамуын жалғастырады, мiнез-құлқында өзгерiстер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабiлеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Көпшiлiкпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседi.

Үш жасар бала — қажымас қайраткер, ол желiмдеуге, мүсiндеуге, сурет салуға дайын, бiрақ ұзақ әңгiмелер мен түсiндiрулердi қабылдай алмайды.

3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистiк мазмұны өзiнiң көпқырлылығымен, әрдайым даму үстiнде және әр жас кезеңiнiң өзiндiк мазмұнының ерекшеленуiмен сипатталады.

3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистiк сипаттамасына құзыреттiлiк, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестiк жатады.

Құзыреттiлiк. Бала төрт жасында әлеуметтiк құзыреттiлiктiң белгiлi деңгейiне жетедi: басқа адамға қызығушылығын бiлдiредi, оған сенедi, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшiн қатынасудың тiлдiк және тiлдiк емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлi қылықтар мен қозғалыстар) тәсiлдерiн қолданады. Өзiнiң қай жынысқа жататынын түсiнедi («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).

Бiлiктiлiк құзыреттiлiгi баланың қоршаған әлемдi танып-бiлу мақсатында әртүрлi сұрақтар қойып, белсендi қызығушылық танытуынан көрiнедi. Ол әртүрлi тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшелiктерiне (түсi, пiшiнi, көлемi, фактурасы, құрылымы), қызметiне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемi, дөңгелек, т.б.).

Ана тiлiн меңгеру негiзгi грамматикалық санаттар мен сөйлеу тiлiн меңгеруiмен сипатталады.

Екiншi тiлдi меңгеру. Мектепке дейiнгi кiшi жастағы бала екiншi тiлдiң неге керек екендiгiн түсiнбейдi. Сондықтан оны меңгерудi алдына саналы түрде мақсат етiп қоймайды. Ол балалардың өзге тiлдi адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады.

Екiншi тiлдi меңгеру үдерiсi баланың үлкендермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын iс-әрекетi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тiлдiк ортаға тiкелей қатысуымен жүргiзiлуi керек. Бiрлескен iс-әрекет қуану, үлкендермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негiзiнде қалыптасады.

Дене қызметiн дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзiреттiлiгi олардың өмiрлiк маңызды қозғалыс түрлерiн (жүру, жүгiру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруiмен анықталады.

Эмоционалдылығы. Балада үлкендермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi жоғары болады. Өзiнiң түрлi көңiл күйi мен сезiмiн (қуаныш, ренiш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетедi.

Бастамашылық баланың тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларында: қарым-қатынаста (үлкендерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтiнiш жасау, т.б.), заттық-тәжiрибелiк әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетiнше құрастырған сюжеттi-бейнелеу ойындарында көрiнедi. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабiлетi дамиды.

Дербестiк — 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелiгi («Мен өзiм», «Қолымнан келедi»). Олар барлық iс-әрекет түрлерiнде үлкендерге елiктеп, оларды қайталайды (өзi тамақтанады, киiнедi), мақсатты бiр iс-әрекетке қызығушылықпен кiрiседi (ыдыс жуады, кiр жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).

Үлкендер баланың белсендiлiгiн қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауiпсiздiк ережелерiн сақтауы керек. Өйткенi бала айтылған ескертулердi ескере бермейдi, сондықтан үлкендер қауiптi жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтiретiн, жаралайтын, сынатын немесе кесетiн заттарды алып қою, шкафтардың есiктерiн жабу және т.с.с.).

3-4 жасар баланың психологиялық портретi

Сана-сезiм дамыту мен «Мен» деген өзiндiк ерекшелiгiн белгiлеу жеке тұлғалық дамытуды ынталандырады. Балақай өзiнiң кiм екенiн, қандай екенiн сезiне бастайды. Өзiнiң мiнез-құлқына және үлкен адамдардың әлемiне қызығушылықпен саналы түрде қарап, қоршаған ортаға байланысты баланың өзiнiң iшкi көзқарасы қалыптасады.



Автор
Дата добавления 07.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров547
Номер материала ДБ-014737
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх