1313256
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІН ДАЙЫНДАУ

ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІН ДАЙЫНДАУ

библиотека
материалов

Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы,

п.ғ.д., ҚПҒА, ХАА академигі,

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директоры,

«Білім» бейіні бойынша ОӘБ төрағасы

Искалиева Айгүл Бисенбайқызы,

«Білім» бейіні бойынша ОӘБ төрағасының орынбасары, магистрант


ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІН ДАЙЫНДАУ


Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» деген болатын, демек болашақ маманның көптілді, мәдениетті, құзыретті тұлға ретінде қалыптасқан инновациялық моделін жасақтау қажет.

100 жылдық тарихы бар Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде болашақ маманның инновациялық моделі /Ш.Х.Құрманалинаның авторлық моделі / бірнеше жылдардан бері ғылыми-эксперименттік зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылған. Қоғамдағы өзгерістерге, заман талабына сай құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған бастапқы қадамдар 2006 жылдан басталды. Колледж жанындағы оқу-әдістемелік бірлестікте 0314012 – «Бастауыш жалпы білім беру» мамандығы бойынша жасақталған жалпыға міндетті білім беру стандартында алғашқы рет білім, білік, дағдымен қатар «құзыреттілік» ұғымы енгізіліп, 2008 жылдан бері стандарт талаптарына сәйкес құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспары үлгісі жасақталып, оқу үрдісіне енгізіліп, колледж студенттері педагогикалық практика барысында эксперименттен өткізді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - «e-learning», электрондық оқыту бағдарламасын педагогикалық үрдіске енгізу үшін ақпараттық білім беру ортасы жасақталды.

Колледждің материалдық-техникалық базасы нығайтылып (Интернет желісіне қосылған компьютер класы, мультимедиялық және интерактивтік проектор, интерактивті тақта, мультимедиялық подиум, сенсорлық киоск, т.б.), программалық жабдықтар (электрондық оқулықтар; мультимедиалық программалар, бақылау және тестілеу программалары т.б.), оқу-әдістемелік кешендер толықтырылуда. Мысалы колледжде 267 компьютерден құрылған ақпараттық оқыту ортасын, барлық оқу кабинеттерінде орналасқан 2 жылжымалы және 9 компьютер класы, электрондық оқыту залы, 33 интерактивтік, мультимедиялық проекторлары, 6 ActivBoard, ProTeach Interactive board интерактивтік тақталарымен жабдықталған автоматтандырылған жұмыс орындары құрайды. Сонымен қатар физика, химия, биология пәндерінен 3D форматта жұмыс жасайтын «Eureka» интерактивтік кешенімен жабдықталған трибуна, мультимедиялық подиум, 2 сенсорлық дисплей, сенсорлық киоск қолданылуда.

Колледжішілік локальдық желі мен ID Phone Мегалайн Офис тарифімен Интернетке қол жеткізген. Оқу үрдісін тиімді басқару үшін оқу кабинеттерін бақылау және басқару, мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін RMS TektonIT и iTALC бағдарламалары, RVI IP-видеожүйесі арқылы электрондық басқару жүзеге асырылған. Колледждің www.pedcolleg.kz сайтындағы топтардың электрондық журналы арқылы оқытушылар, студенттер мен ата-аналары пән бойынша бағалармен танысады, мониторинг жүргізе алады, үш тілдегі сайт арқылы колледж мамандықтарымен таныса, сауалнамаға жауап бере, колледж директорына қалаған сауалдарын бере алады. «Кітапхана ісі» бағдарламасы арқылы электрондық кітапхана қорымен таныса және пайдалана алады. «Пифагор» және «Тамос» бағдарламалары арқылы электрондық контент жасақтау, жұмыс істеу, автоматтандырылған тестілеу бағдарламасы, чат арқылы хабар алмаса алады. English Discoveries Online/Offline мультимедиялық курсын пайдалану арқылы онлайн және оффлайн жүйесінде ағылшын тілін жетік меңгеріп отыр. Болашақ мамандардың өмір бойы оқуға, ізденуге дағдылануы, цифрлы білім беру контентімен жұмыстануы және жасақтауы, жаңа техника мен технологияларды меңгеруі, өз білімін жетілдіруі, қосымша білім алуы үшін ақпараттық құзыреттілігі болуы тиіс. Электрондық оқыту жағдайында автоматтандырылған жүйеде студент білім беру контентімен тиімді жұмыстанады, жеке портфолиосын, күнтізбелік жоспарларын, күнделігін жүргізеді.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде Oral_Pedcoll виртуалды кабинетінде онлайн сабақтар контентін басқару, конференциялар ұйымдастыру модераторлығы арқылы үшінші жыл жұмыс жасауда.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби басқаруға, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру жолында ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. 

Колледжде 2011 және 2013 жылдары Edusoft мультимедиялық бағдарламасымен оқыту оқу тренингтері ұйымдастырылды. Курстан өткен 32 колледж оқытушыларының 12 арнайы пән оқытушылары да, 20 оқытушысы ағылшын тілі пәні оқытушылары болды. Қатысушылардың барлығы да сертификат иеленіп, 11 оқытушы ғана тьютор атанды.

2011-2012 оқу жылынан бастап эксперименттік жоспарды жүзеге асыру моделі жасақталып, эксперименттік және бақылау топтары анықталды. Эксперименттік топ ретінде 0111000 “Негізгі орта білім” мамандығының 0111083 “Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі” біліктілігі бойынша 2 топ 50 студент алынып, Едусофт жүйесінде 10 деңгей бойынша оқыту жүзеге асырылды. Осы 10 деңгейді толық игеру мақсатында 1 курстан бастап оқытылатын деңгейлер бөлінді. 1 курстан бастап базалық деңгейден басталды. Осы оқу жылында Advanced 1, Advanced 2, Advanced 3 деңгейін оқып жатыр, 10-шы деңгейді аяқтайды деп жоспарлаудамыз.

Онлайн жүйесінде Интернет жылдамдығын 4мбит/сек дейін көтеруге тура келді, онда да 50 студент бір мезгілде басқа материалдарды еркін қарағанымен, видеоматериал қарауда қиындық болып, сабақ кестесін кезектестіріп қоюға тура келді. Оффлайн жүйесінде мерзімі шектелмеген 15 жұмыс орны болғандықтан топшамалар сабақтарында уақытты 40 минуттан бөліп алып пайдалануда, бірінші бөлігінде компьютер, екінші бөлігінде баспа материалымен жұмыс жасайды.

Алғашқы эксперимент жұмысының жүру барысын талдай келе, 2012-2013 оқу жылынан басталған көптілді оқытуды енгізу бойынша 7 мамандық бойынша оқу топтарында да тереңдетілген шет тілін оқытуда Edusoft бағдарламасын пайдаланыла бастады. 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі, 0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, 0111053 Өзін өзі тану мұғалімі, 0111073 Физика мұғалімі, 0111083 Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі, 0111093 Негізгі мектептің информатика мұғалімі, 0102043 Білім беру ұйымының бастаушысы біліктіліктері бойынша ағылшын тілді білім алушының таңдау пәні, факультативтік сабақ есебінен оқытыла бастады. 20 оқытушы және 175 студент Edusoft бағдарламасы онлайн режимінде оқып, оқу жылы соңында біліктілік емтиханын тапсырып, сертификат иеленеді.

Колледжде заманауи технологияларды оқу үрдісінде қолдану, оқытушылар мен студенттердің кәсіби деңгейін арттыруға жағдай жасалған. Edusoft бағдарламасын оқу үрдісінде қолдану арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл бағдарлама студенттердің сөздік қорын молайтады, тілдік жүйенің сөйлеу, тыңдау, жазу, оқу компоненттерін дамытуға жағдай жасайды. Оқытушылар мен студенттердің АКТ-құзыреттілігін арттырады. 10 деңгейді толық меңгерген студенттеріміз TOEFL, IELTS т.б. халықаралық деңгейдегі тестілерден өтіп, өз білімдерін дәлелдеуге, ең бастысы 10 сыныпқа дейінгі аралықта тиісті дәрежеде ағылшын тілін сапалы бере алады.

Барлық нәрсе мұғалімнен бастау алады! Олай болса, егер мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияға бағытталса, ақпаратпен жұмыс технологиясын жетік меңгерсе, онда ақпараттық қоғамда өмір сүріп, оның талабына сай бейімделе алатын келер ұрпақтың да іргетасы берік қаланады. Сондықтан әр оқу орнында веб-дизайн, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика, музыкалық өнер бойынша әртүрлі студенттік студиялар көбейсе, болашақ мамандардың ақпараттық-коммуникациялық және кәсіптік құзыреттілігі арта түспек.

Кәсіби құзыретті, бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар ұстап, қоғамды ақпараттандыру мәселелерін шеше алатын, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жасау мүмкіндігі деңгейі жоғары маман дайындасақ, күні ертең ұрпақ тәрбиелер ұстаз бойында ізгі мұраттарды қалыптастырсақ, нұр үстіне нұр емес пе!

Әдебиеттер тізімі:

  1. Курманалина Ш.Х. «Обновление методического обеспечивания учебного процесса в условиях информатизации образования» - г.Омск, 2002 год.

  2. Молчанов С.Г. Профессиональная компе­тентность в системе повышения квалифика­ции // Интеграция методической (научно-мето­дической) работы и системы повышения ква­лификации кадров. Челябинск, 2003.

  3. «Новые педагогические и информационные технологии в системе образования»,
    Е.С. Полат – М.: Аcademia, 2000, 171 б.

  4. «Система внедрения информационных технологии в организацию обучения школьным предметам в школе-гимназии», С.М. Иванова, Материалы 4-го международного форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ», 2006.

  5. Иванова Е.В. Формирование информационной компетентности – важнейшая задача профессиональной подготовки учителя / Конгресс конференций «Информационные технологии и образование», www.ito.su/2003/II/3/II-3-3307.html


Резюме

В статье рассматриваются теоретические и практические аспекты, пути и уровни формирования информационно-коммуникационной компетентности преподавателей колледжа в условиях информационно-обучающей среды. Проанализирован опыт по формированию профессиональных компетентностей в колледжах ЗКО.


Resume

In article theoretical and practical aspects, ways and levels of formation of information and communication competence of teachers of college in the conditions of the information training environment are considered. Experiment on formation of professional competence in WK colleges is analysed.

Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек» деген болатын, демек болашақ маманның көптілді, мәдениетті, құзыретті тұлға ретінде қалыптасқан  инновациялық моделін жасақтау қажет.

 

100 жылдық тарихы бар Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде болашақ маманның инновациялық моделі /Ш.Х.Құрманалинаның авторлық моделі / бірнеше жылдардан бері ғылыми-эксперименттік зерттеу нәтижелері негізінде құрастырылған. Қоғамдағы өзгерістерге, заман талабына сай құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған бастапқы қадамдар 2006 жылдан басталды. Колледж жанындағы оқу-әдістемелік бірлестікте 0314012 – «Бастауыш жалпы білім беру» мамандығы бойынша жасақталған жалпыға міндетті білім беру стандартында алғашқы рет білім, білік, дағдымен қатар «құзыреттілік» ұғымы енгізіліп, 2008 жылдан бері  стандарт талаптарына сәйкес құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспары үлгісі жасақталып, оқу үрдісіне енгізіліп, колледж студенттері педагогикалық практика барысында эксперименттен өткізді. 

Похожие материалы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.