Инфоурок / Другое / Конспекты / Педагогика пәніне сабақ жоспары
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Педагогика пәніне сабақ жоспары

библиотека
материалов

Пән Педагогика

Сабақтың тақырыбы: Сабақ-оқытуды ұйымдастыру нысаны. Сабаққа қойылатын талаптар

Сабақтың мақсаты

Балабақшадағы өткізілетін сабақ туралы түсінік беру. Сабаққа қойылатын талаптар мен мақсаттылығы туралы мағлұмат беріп, үлгілерін көрсету. Жобалау іс-әрекеті арқылы алған білімдерін жүйелеуге дағдыландыру. Танымдық белсенділіктерін, шығармашылық әрекеттерін, сын тұрғысынан ойлау, күрделі мәселелерді шешуде қажетті ақпаратты қабылдау, басқаның пікірін тыңдап талдау жасау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту. Өз білімдерін жетілдіруге, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру. Кәсіби шеберлікке, өз мамандығын сүюге, ғылыми дүниетанымын, өз көзқарастарын еркін айта білуге, белсенділікке, ізгілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі емес: журнал-сабақ «Педагогика жаршысы»

Сабақтың типі:

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: дамыта оқыту технологиясы,алдын-ала оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, жобалау технологиясы және ақпараттық коммуникациялық оқыту технологияларының элементтері, «CASE STUDY» әдісі, практикалық, сөздік әдістер

Пәнаралық байланыстар: психология, жалпы педагогика

Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта, карточкалар, слайдтар, әдістемелік нұсқаулықтар, тәжірибелі мамандардың портфолиосы.

Қолданылатың әдебиеттер: Ф. Жұмабекова, «Мектепке дейінгі білім» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал (№2,3 2014), Педагогика жаршысы» ғылыми-әдістемелік журнал №1 2015, 5,6 2014.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (11.30.-11.35)

ІІ. Жаңа білімге кіріспе 5 мин (11.35.-11.40)

ІІІ. Жаңа сабақ 15 мин (11.40.-11.55)

ІҮ. Жаңа материалды бекіту 45 мин (11.55.-12.40)

1. Білім салалары бойынша ақпарат беру 10 мин

2. Видеосабақты талдау 7 мин

3. 4 курс студентінің іс-тәжірибе бөлісу 7 мин

3. Карточкамен жұмыс 7 мин

4. «Ертөстік» ясли-бақшасының

әдіскер-тәрбиешісінің тәжірибесі 15 мин

Ү. Бағалау 3 мин (12.40.-12.43)

ҮІ. Үйге тапсырма 2 мин (12.43.-12.45)

ҮІІ. Рефлексия 5 мин (12.45.-12.50)


Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 11.30.-11.35

Сәлеметсіздер ме бүгінгі сабаққа қатысушылар? Көңіл-күйіміз қалай? Өтетін сабағымызға сәттілік тілейік!

Бүгінгі кезекті сабағымыз әдістемелік журнал-сабақ түрінде өтеді. Сабақтың міндеті журналдың жобасын құру. Ол үшін ал журналда білесіздер бірнеше парақ болады, әр парақта түрлі рубрика орналасады. Ал рубрика бойынша мақала беріледі. Сіздер сол журналда жұмыс жасайтын репортер, жас қаламгерлер яғни жинақтаушы топсыздар.


ІІ. Жаңа білімге кіріспе 5 мин (11.35.-11.40)

Ендеше бүгінгі журналдың рубрикаларымен таныс болайық. Журналдың атауы: «Педагогика жаршысы»

1 рубрика- Теория сұрақтары

2 рубрика- Педагогикалық конференция

3 рубрика- Шығармашылық лабаратория

4 рубрика - Тәжірибе алмасу

5 рубрика – Теория мен тәжірибе

6 рубрика – Жетістік формуласы

7 рубрика – Тілектер мен ұсыныстар

Ендеше шығармашылық жұмыстарыңызға, жоба құру іс-әрекеттерңізге сәттілік тілеймін. Естеріңізге сала кетейін: бүгінгі сабақ жаңа материалды меңгеру болғандықтан бағалау үрдісіне жауапкершілікті өзіме алаймын, яғни сіздердің білімдеріңізді мен бағалаймын. Және ең үздік білім көрсеткен студент-журналистке осы тақырып бойынша менің жазған әдістемелік құралымды естелікке табыс етемін.


ІІІ. Жаңа сабақ 15 мин (11.40.-11.55)

Мектепке дейінгі мекмелердегі ұйымдастырылған оқыту іс-әрекетінің негізгі нысаны – сабақ. Сабақ барлық топтар үшін міндетті, мұнда білім, білік, дағдыны игерумен қатар, балалар тобын құруға, онда өмір сүріп , іс-әрекетпен шұғылдануға, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасап, адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға үйретеді.Сабақ тәрбиеші-педагогтың басшылығымен өтеді. Ол сабақтың мақсатын, мазмұнын, міндетін, көрнекі-құраладарын белгілейді, әдіс-тәсілдерді таңдап, балалардың біліді, іскерлікті, дағдыны меңгеру әрекетін басқарады. Сабақты өткізуге ең қолайлы кезең – күннің бірінші жартысы, себебі балаларға іс-әрекетпен шұғылдану тәңертеңгі тамақтан кейін,шаршамай ойынға кіріспей тұрғанда ыңғайлы екені көптеген ғалымдар зерттеу еңбектерінде дәлелдеген. Ендеше сабақты зерттеген ғалымдарға тоқталайық.

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту үдерісін зерттеген ғалымдар:

П.Ф.Каптерев, Е.И.Тихеева, Р.С.Буре, В.Г.Нечаева, Г.Н.Година, З.И.Истомина, Н.К.Крупская, Е.А.Флерина, Т.Подъякова т.б. отандық ғалымдар: Баймұратова Б.Б, Дүкенбаева Г.Х, Әмірова Ә.С, Жусупова Р.З, т.б оқу әдістемелік еңбектер жазуға қатысқан әдіскерлер Ә.С.Анартаева К. Жұмаділова Б.Ж, М.И. т.б

Зерттеулер барысында мектепалды топтарында балаларды оқыту ерекшеліктері, оқыту мазмұны, әдістері, принцптері қарастырылып, оқытудың негізгі формасы–сабақты ұйымдастыру әдістемесіне және оқыту технологияларын қолдану жолдарына көңіл бөлінді. Аталған топтардағы оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларында баланы мектепке даярлауда: ҚР конституциясында отбасын нығайту, аналар мен балаларды қорғау және тәрбиелеуде отбасы жауапкершілігін арттыру, отбасында балаларды мектепке даярлау олардың отбасындағы өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру, әр түрлі типті отбасында балалардың жеке басын қалыптастыру, ата-ана тәрбиесі және олардың міндеттері, халық тәжірибесіндегі отбасының балаларды тәрбиелеудегі мектепке даярлаудағы орны (А.Сейсембаев, Б.Баймұратова, Д.Муталиева, М.Сәтімбекова, Дүкенбаева Г.Х т.б), отбасында мектепке даярлаудың мақсат, міндеттері, озық іс-тәжірибелермен ата-аналарға педагогикалық білімді насихаттау мәселелерімен отандық ғалымдар еңбектерінде тереңірек танысуға болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын игерту бағдарлама бойынша жүргізілетін арнайы сабақтарды ұйымдарстыру арқылы үйретіледі. Сабақтарда балаларға

білім мен дағдыны үйретудің толықтығы мен сапасына, тәрбиешінің нұсқауларын тыңдай және орындай білуге қатысты белгілі талаптар қойыла бастайды. Сабақтардағы үйрету қарапайым білім мазмұнымен қаруландырып, оқу іс–әрекетінің бастапқы элементтерін игертуде маңызды мәнге ие болады.

Оқу іс–әрекетінің элементтерін игеруге танымдық ынталарды қалыптастыру мен оқу іскерліктерін үйрену кіреді. Айналадағы дүние туралы баланың алатын сан түрлі мәліметтері–үлкендердің көрсеткендері мен әңгімелегендері, өзінің көргендері. Бұл әуестікті, барлық жаңа атулыға құмарлықты тудырады. Мектепке дейінгі шақта балалардың әуестігінің өсуі, әсіресе балалар қоятын сұрақтардың саны мен сипатының өзгеруінен байқалады. Егер үш төрт жаста сұрақтардың аз ғана бөлігі жаңа білім алуға, түсініксіз нәрсені анықтауға бағытталса, мектепке дейінгі ересек жаста балаларда мұндай сұрақтар басымырақ келеді, балалар сан түрлі құбылыстардың себептері мен олардың арасындағы байланыстарды білуге ынтығады. Жаңбыр неге жауады? Өсімдіктерді суғару үшін не керек? Жұлдыздар қайдан пайда болған? Егер кішкене үйді доңғалақтардың үстіне орнатса, оны трактор сүйреп әкете алама? Егер судың бәрі теңізге қарай ақса, кейін ол қайда кетеді?–міне алты жастағы баланың әдеттегі сұрақтарының тізімі осындай. Бірақ әуестік бұл әлі оқуға жүйелі білім алуға даярлықты қамтамасыз ете алмайды. Қандай да бір құбылысқа деген ықылас балада жылдам пайда болады да жылдам ұмытылады, басқамен алмасады

Сондықтан сабақ нәтижелі болу үшін төмендегі ережелерді сақтау керек:

  1. Өте жинақты болу керек, . Балалардың алдына қоятын мақсат, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу.

  2. Балаларды балағаттамау, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу, мейірімді болу. Егер топтың басым көпшілігі ұсынылған материалды түсінбеген болса,онда өзіңіздің дұрыс айтыпжеткізе алмаған кемшілігіңізді іздеңіз.

  3. Баланың сөзін бөлмеу, соңына дейін сөйлеуге мүмкіндік беру, дұрыс емес жауап болса ол сұрақтың нақты болмауынан болуы мүмкін.

  4. Тапсырма мен нұсқау анық, нақты бала тәрбиешінің талабын анық түсінетін болуы шарт.

  5. Сабақ барысында балалардың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса тақырыпты өзгерту немесе қосымша материалдар, көрнекіліктер пайдалану, ойын іс-әрекете аудару, балалардың ынта-ықыласын, қызығушылығын қадағалап отыру.

  6. Тыңдаушының зейінін қойғанын оның тәрбиешінің сөзіне, берілген тапсырманы мұқият зер сала қарауынан байқауға болады.

  7. Сабақты дәл уақытында бастау, уақытты үнемдей білу, ұзақ уақыт тәрбиелік айту керек емес.

  8. Балаларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асырылуы керек.

  9. Сабақтың өткізілуі қарқынды болуы, бірақ оқу-тәрбие мазмұнын балалар толық меңгеруіне жағдай жасалуы шарт.

  10. Балалардың жауабын мақұлдап, қоштап отыру қажет.

Сабақтың негізгі компоненттері:

1. Ұйымдастырушылық – сабақ бойы топты ұйымдастыру, балалардың сабаққа дайындығы, тәртіп.

2. Мақсаттылық – балалар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалдарының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңызылығын анықтау.

4. Коммуникативтілік – тәрбиеші топпен қарым-қатынас деңгейі.

5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін,  қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.

6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.

7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы баланың іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.

8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.

Міне, мектепке дейінгі мекемедегі өткізілетін сабақ туралы теориялық мәлімет алдық. Сіздердің ойларыңызша бұл мақаланы журналдың қай рубрикасына тіркеуге болады.


ІҮ. Жаңа материалды бекіту 45 мин (11.55.-12.40)

  • Өте жақсы. Теория сұрақтары рубрикасына тіркейік.

1. Білім салалары бойынша ақпарат беру 10 мин

Ал балабақшада қандай сабақтар жүргізіледі. Оны сіздерге алдын-ала оқыту технологиясы бойынша балабақшадағы білім беру салаларын анықтап, мақсаттарын, сабақ түрлерін зерттеп мағлұмат дайындау тапсырмасы берілген. Ендеше келесі «педагогикалық конференция» рубрикасы бойынша ақпарат дайындаған студенттер сөз кезегі өздеріңізде. Қалған студенттер дәптерлеріңізге жазып отыруды ұмытпайық.

5 білім саласы бойынша ақпарат тыңдалады:

Шығармашылық білім беру саласы – Ақбота

Әлеуметтік білім беру саласы – Бақыт

Қатынас білім беру саласы- Шолпан

Таным білім беру саласы – Сымбат

Денсаулық білім беру саласы – Жанна.

2. Видеосабақты талдау 7 мин

Қысқа да нұсқа ақпарат дайындапсыздар. Өте жақсы. Рахмет. Сіздердің назарларыңызға видеосабақтардан үзінділер беріледі. Бұл сабақтың қай кезеңі екенін анықтаңыздар. (мазмұндық ұйымдастырушылық) Жақсы бұл материалды қай рубрикаға тіркейсіздер? (шығармашылық лабаротория)

3. 4 курс студентінің іс-тәжірибе бөлісу 7 мин

Біз біраз теорияны алдық, өткен сабақтарға қарап қандай кезеңі екенін ажыратуды үйрендік. Енді осы материалды келешекте сіздер іс-тәжірибеде қолданасыздар. Ал 4 курс студенттері іс-тәжірибеге барып теорияларын тиімді қолданып келді. Бүгінгі біздің журналымыздың «Тәжірибе алмасу» рубрикасының қонағы 4 курс студенті Жанаргүл. Сөз кезегі өзіңізде. 2 курс студенттеріне тәжірибе бөлісіп сабақ мақсаттары туралы ақпарат беріп, сабаққа қойылатын талаптарды көрсетіп берсеңіз және тәжірибеде сол мақсат бойынша қандай сабақ өткіздіңіз.

  1. курс студент Жанаргүл:

Сабаққа қойылатын талаптар:

  •  Технологиялық талаптар: Педагог өзі сабақ беретін тобындағы тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық  қабілеттерін біліп, ескеруі қажет. Тәрбиеленуші мен педагогтың психологиялық жағдайы сабақ үрдісінде ерекше әсерін тигізеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Тәрбиеленушінің жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеру мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.

  • Гигиеналық талаптар: Топ бөлмесіндегі гигиеналық талаптардың сақталуы, қалыпты температура мен жарықтың мол түсуі – бала денсаулығының кепілі. Педагог-тәрбиеші тәрбиеленушілерге шектен тыс физикалық немесе миға, жүйкеге салмақ салатындай ауыр тапсырмаларды бермеуі керек. Ақыл-ойдың тежелуі мен зорығуы сабақтың бір сарында болуына әкеп соқтырады.

  • Сабақтың үш мақсаты:

  • Білімділік: балаларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.

  • Тәрбиелік: балалардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

  • Дамытушылық: оқыту кезінде балалардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.

  • Сұрақтарыңыз болса Жанаргүлге қойыңыздар:

  • Тәжірибе барысында қандай қиыншылықтар кездесті?

  • Тәрбиеші мамандығын таңдағаныңызға өкінген жоқсыз ба?

  • Сабақ жоспарын құрастыруда ең бірінші неден бастау керек?


3. Карточкамен жұмыс 7 мин

Енді сіздердің алдарыңызға карточкалар таратылады, бұл карточкаларда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаттары белгіленген Енді сіздер мақсатына қарай сабақтың қандай түрі белгіленген екенін анықтайсыздар.



Карточка№ 1

Бөлімдері:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Көліктердің пайдасы»

Мақсаты:Көліктердің түрлерін ажырата білу;

Білімділік:Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Көліктердің пайдасы мен зиянды жақтарымен таныстыру;

Дамытушылық:Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту,еркін сөйлеуге,әңгімелеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Абайлап жүруге тәрбиелеу.

Карточка№ 2

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Құстарбіздің досымыз».

Мақсаты:Балалардын құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту.

Білімділік: Дала құстары туралы түсінік беру, сурет бойынша сипаттай білуге үйрету;

Дамытушылық: Балалардың тілдік қорын жетілдіру,ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:Құстарға қамқор болуға оларды қорғауға тәрбиелеу;


Карточка № 3

Білім оқу салалары: «Таным»

Бөлімдері:ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Заттарды салыстыру»

Мақсаты:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,заттарды салыстыру тәсілдерін меңгерту;Білімділік:Балаларға заттардың көлемі жайлы түсінік беру . Дамытушылық: Ақыл-ойын, есте сақтау қабілетін, тілін дамыту. Тәрбиелік:Алғырлыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.


Карточка № 4

Бөлімдері: «ҚМҰҚ»
Тақырыбы
: «Бұл қандай түс?»

Мақсаты: Балалардың түстер жайында ұғымдарын қалыптастыру;

Білімділік: Балалардың түстер туралы білімдерін толықтыру, оларды ажыратып атай білуге, айналадағы заттардың түстерінің ұқсастығын салыстыра отырып ажырата білуін және ой-өрісін жетілдіру.
Дамытушылық: Балалардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, өздігімен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік:Балаларды ұқыптылыққа және бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Карточка № 5

Бөлімдері:ҚМҰҚ

Тақырыбы:2саны (сан,санау)

Мақсаты:Қоршаған орта жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарпайым дағдыларын меңгерту,игерген дағдыларын өмірде қолдануға қалыптастыру.

Білімділік: Сандар әлемімен таныстыру,сандар жайлы білімін толықтыру.Дамытушылық:Ақыл-ойын,есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Алғырлыққа,байқағыштыққатәрбиелеу.


Карточка №6

Білім беру салалары:«Қатынас»

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы:Қуыршаққа ас әзірлеу

Мақсаты:Балаларға ыдыстар жайында түсініктерін кеңейту;

білімділік:Балаларға ыдыстарды ажырата білуге үйрету.

дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.

тәрбиелік:Қайырымдылық көрсете білуге тәрбиелеу.


Карточка № 7

Білім беру салалары:Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы:«Біздің топтың ойыншықтары»

Мақсаты:Балалардың сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту;

білімділік: Ойыншықтар туралы түсінік беру, олармен таныстыру.;

дамытушылық:Сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту;

тәрбиелік:Тату ойнауға ,ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу;

Рахмет. Жанаргүлдің берген ақпаратын бекіттік. Бұл материалды қай рубрикаға белгілейміз? (теория мен тәжірибе)

4. «Ертөстік» ясли-бақшасының әдіскер-тәрбиешісінің тәжірибесі 15 мин

Біз теорияны тыңдадық, сабақ жоспарын көрдік, мақсат қоюды үйрендік. Енді осы қойылған мақсаттарға жету үшін, сабағың нәтижелі болу үшін, жалпы өз мамандығының шыңына жету үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап алу бүгінгі біздің журнал-сабағымызда қонақта «Ертөстік» ясли-балабақшасының әдіскер-тәрбиешісі Өміртаева Арайлым Амангалиқызы. Болашақ әріптестеріңізге құнды кеңестер беруіңізді сұраймыз.

  • Рахмет құнды мәлімдемеңізге. Сұрақтарыңыз болса тәжірибелі маманға.

  • Сабақтың нәтижелі болудың сіз үшін басты шарты?

  • Жұмыста жиі кездесетін қиындықтар?

Ал, менің шығармашыл тұлғаларым, бұл материалды қайда тіркейміз? Әрине «Жетістік формуласы» рубрикасына.

Ү. Бағалау 3 мин (12.40.-12.43)

Рахмет сіздерге. Бүгінгі әдістемелік журналдың материалдарын реттеуде сіздер бір шама жұмыс бітірдіңіздер. Әр біткен жұмыс бағалану керек. Ендеше сабаққа жақсы қатысқан студенттер ....бағаланады. Ал ең белсенді қатысқан ..... менің әдістемелік құралымды естелікке беремін.


ҮІ. Үйге тапсырма 1 мин (11.08.-11.09)

Үйге тапсырма: 2 сәбилер тобына Тіл дамыту сабағына технологиялық карта құрастыру.

І деңгей- сабақ мақсатын құру, әдіс-тәсілдерді белгілеу.

ІІ деңгей – толық технологиялық картаны жасау

ІІІ деңгей – жасалған технологиялық карта бойынша өткізетін дидактикалық ойынды әзірлеу.

ҮІІ. Рефлексия 5 мин (12.45.-12.50)

Сонымен біз әдістемелік журналды құрастыруда белгілі бір жүйеге келіп қалдық. Ең соңғы сіздердің тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды тіркейтін рубрика қалды.

Ендеше біз болашақ тәрбиеші-педагогтар «Бес саусақ» әдісі бойынша ойымызды қорытындылайық. Есімізге түсірейік. Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

Қазақстанның болашағы

Көңіл-күйі көтеріңкі

Жаны рухани бай

Дені сау

Қызығушылығы жоғары

Өзін-өзі бағалай білетін

Тілі өте бай

Қабілетті

Жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелейтін болашақ тәрбиеші-педагогтар сіздерге бүгінгі қызметтеріңіз үшін рахмет. Сабақ аяқталды.



Педагогика пәнінің оқытушысы А.К.Уразбаева














Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-379106

Похожие материалы